Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі оңТҮстік қазақстан медицина академиясы



Pdf көрінісі
бет300/369
Дата21.02.2022
өлшемі6.31 Mb.
#455600
1   ...   296   297   298   299   300   301   302   303   ...   369
sagyndykova ba. anabaeva rm

Технологиясы: Барлық жұмыс ережелерін сақтай отырып, дәрі 
дайындайтын стерильді ыдысқа 133 мл шаншуға арналған суды өлшеп, 
қыздырып, онда 88,8 глюкозаны ерітеді, 10 мл Вейбель тұрақтандырғышын 
қосып алраластырады, ерітіндіні салқындатады. Босатылатын құтыға 
фильтрлеп, химиялық талдауға жібереді. Тығындап, механикалық қоспалардан 


402 
тазалығын тексеріп, пергамент қағазбен жауып жіппен байлайды, маркалап 
қажетті жазылымдар: ерітіндінің атауы, концентрациясы, дайындалған күні, 
фармацевтің қолы қойылады.
Глюкоза микроорганизмдердің көбеюіне қолайлы орта болғандықтан, 
дайындалған ерітіндіні сол мезетте 120 
0
С температурада 15 минут бойы 
стерильдейді. Стерильдеп болған соң мөлдірлігін, түстілігін, механикалық 
қоспалардан тазалығын тексереді. Көк түсті этикеткамен безендіріп, онда 
рецепті және қолдану тәсілін жазады. 
1) Жоғары концентрациялы новокаин ерітінділерін тұрақтандыру. 
Новокаиннің 5 және 10% ерітінділерін тұрақтандыру үшін ерітінді 0,1 
моль/л хлорсутек қышқылымен рН мәнін 3,8 - 4,5 дейін жеткізу жеткіліксіз, 
себебі стерильдеу кезінде новокаиннің интенсивті тотығу процесі жүреді. 
Сондықтан антиоксиданттар қолданылады. Мысалы, оториноларингологиялық 
іс-тәжірибеде қолданылатын 10% новокаиннің ерітінділері келесі құрам 
бойынша дайындалады: 
Новокаин 50 г, 100 г 
Натрий метабисульфит немесе калий метабисульфит 3 г 
Лимон қышқылы 0,2 г 
Хлорсутек қышқылы 0,1 моль/л ерітіндісі - 10 мл 
Шаншуға арналған су 1 л дейін
Ерітіндінің рН мәні 3,8 - 4,5 
Ерітінді 120+2 

С температурада 8-15 минут стерильденеді. 
Жұлын-ми ішілік анестезияға арналған 5% новокаин ерітіндісі 
асептикалық жағдайда тұрақтандырусыз дайындалады. Ол үшін новокаин 
ұнтағын 120


0
С температурада 2 сағат стерильдейді. Ерітіндінің рН мәні 5,0-
5,3 тең. 5% новокаин ерітіндісіне қышқыл қосқан кезде оның анестезирлеуші 
қасиеті төмендейді. 
Сонымен, жеңіл тотығатын заттардың тұрақтылығы көп факторларға
байланысты, ал оларды тұрақтандыру әр түрлі технологиялық тәсілдердің 
көмегімен жүргізіледі. Тотығудың тізбекті реакцияларын тоқтататын және 
оттегімен байланысатын антиоксидантар енгізу, ауыр металл иондарын 
байланыстыратын комплексондар енгізу, оптималды рН шекараларын орнату, 
еріткіштегі және ерітінді үстіндегі оттегі мөлшерін төмендету, тотығу 
реакцияларын төмендететін жоғары молекулалы қосылыстар енгізу арқылы 
жүргізіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   296   297   298   299   300   301   302   303   ...   369




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет