Дәрілік және көмекші заттардың физика-химиялық қасиеттері
Euphyllinum (эуфиллин) – ақ немесе сарғыш түсті әлсіз аммиак иісті
кристаллды ұнтақ, ауада көмір қышқыл газын сіңіреді, сондықтан ерігіштігі
төмендейді, суда ериді, сулы ерітінділері сілтілі орта.
Күшті әсер ететін зат, ернеуіне шейін толтырылған, жарықтан қорғайтын,
тарада сақталады. Спазмолитикалық құрал.
Saccharum (сахар) – ақ түсті немесе ақ майдакристаллды, иіссіз, тәтті дәмді
ұнтақ, ауада кристаллдық суын жоғалтады.
Есептеулер
БП кері беті
Эуфиллин – 0,003х30 = 0,09 > 0,05
Сахар – 0,2х30=6,0
Бір ұнтақ салмағы.
M
1
=0,003+0,2=0,203≈0,2
Есептеуді тексеру: ұнтақтардың жалпы салмағы
0,09+6,0=6,09
Бір ұнтақ салмағы.
M
1
=6,09:30=0,203≈0,2
БП беті
«К» Күні
Euphyllini 0,09
Sacchari 6,0
m
1
= 0,2 N.30
Мжалпы=6,09
Қолдар:
Дайындаған________
Тексерген_______
Босатқан________
Технологиясының ерекшілігі
Ұнтақ асептикалық жағдайда дайындалады.
Дәрілік заттар 1:66,7 қатынаста жазылған, яғни мөлшерлері әртүрлі.
Заттардың біркелкі араласуы, біркелкілігі және дәл дозалануы “аздан көпке
қарай” принципі бойынша термодинамиканың II заңына (ΔG=ΔSхσ, ΔG→0)
және Ребиндердің қатты дисперсиялар үшін ережесіне сай қамтамасыз
етіледі.
Келі саңылауын индефферентті зат – қантпен бітейді. Қантты глюкозаға
ауыстыруға болмайды, себебі эуфиллин ұнтақтарын глюкозамен ұзақ
сақтауға болмайды. Ұнтақтың көгеруі 2-6 күннен кейін басталып, сарғыш
түске боялады.
Ұнтақтау және араластыру реттілігі бақылау паспорты бойынша
жүргізіледі.
Жағар майлар. Балаларға арналған жағар майларды дайындау үшін,
егер басқа ұсыныс болмаса, 10 бөлік сусыз ланолиннен және 90 бөлік «Көз
жағар майына арналған» вазелиннен тұратын, стерильді негіз қолданылады.
Мысалы, 1 және 5% танинмен жағар май асептикалық жағдайда, танинді
стерильді судың минималды мөлшерінде ерітеді, содан соң стерильді негізбен
араластырады.
Достарыңызбен бөлісу: |