Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі оңТҮстік қазақстан медицина академиясы


Балалардың жасына байланысты шектеу қойылатын дәрілік



Pdf көрінісі
бет345/369
Дата21.02.2022
өлшемі6.31 Mb.
#455600
1   ...   341   342   343   344   345   346   347   348   ...   369
sagyndykova ba. anabaeva rm

Балалардың жасына байланысты шектеу қойылатын дәрілік 
препараттар 
Атаулары 
Балаларға тағайындамайды 


Адиурекрин 
3 жасқа дейін 
Амифурин 
5 жасқа дейін 
Анастман (таблеткалары) 
2 жасқа дейін 
Бактрим (бисептол) 
Шала туған және нәресте 
Бероксан 
5 жасқа дейін 
Букарбан 
Балалық және жасөспірімдік шақта 
Бутамид 
Балалық және жасөспірімдік шақта 
Бромгексин 
3 жасқа дейін 
Вольтарен (диклофенак) 
6 жасқа дейін 
Гибенкламид (манинил) 
Балалық және жасөспірімдік шақта 
Глюкобай 
18 жасқа дейін 
Дикаин 
10 жасқа дейін 
Диоксициллин 
гидрохлориді 
(вибрамицин) 
8 жасқа дейін 
Дитилин 
Емшектегі балаға 
Индометацин (метиндол) 
14 жасқа дейін 
Имодиум 
1 жасқа дейін 
Йодтың спиртті ерітіндісі (ішуге) 
5 жасқа дейін 
Калий арсенаты ерітіндісі
2 жасқа дейін 
Кальций глюконаты 
Бұлшықетке 
Каметон 
5 жасқа дейін 
Камфомен 
5 жасқа дейін 
Канамицин 
Шала туған және нәрестеге өмірлік 
көрсеткіш бойынша 
Налидикс қышқылы (невиграмон) 
2 жасқа дейін 
Оксолин қышқылы (гримурин) 
2 жасқа дейін 
Кодеин 
2 жасқа дейін 
Кодеин фосфаты 
6 айға дейін 
Рауғаш тамыры (ұнтақ) 
1 жасқа дейін 
Кофеин 
2 жасқа дейін 
Кромолин-натрий (интал) 
5 жасқа дейін 
Леводопа 
12 жасқа дейін 
Мадопар 
12 жасқа дейін 
Мазиндол (теренак) 
12 жасқа дейін 
«Дермазин» жағармайы 
Шала туған және нәрестеге 
Ментол мұрын тамшысында 
Жас шақта 
Морфин гидрохлориді 
2 жасқа дейін 


472 
Мышьяк препараттары 
2 жасқа дейін 
Наком 
12 жасқа дейін 
Напросин (напроксен) 
16 жасқа дейін 
Нафтизин 
Емшек жасында 
Омнопон 
2 жасқа дейін 
Пирроксан 
6 айға дейін 
Пирацетам (түйіршіктер) 
1 жасқа дейін 
Потесептил 
Шала туған және нәрестеге 
Празозин 
12 жасқа дейін 
Промедол 
2 жасқа дейін 
Псоберан 
5 жасқа дейін 
Псорален 
5 жасқа дейін 
Ранисан (ранитидин) 
14 жасқа дейін 
Реопирин 
7 жасқа дейін 
Рифампицин (бенемицин) 
Емшек жасында 
Стрихнин нитраты 
2 жасқа дейін 
Сульфатон 
Шала туған және нәрестеге 
Таривид 
Скелеті өсіп жетілмеген балаларға 
және жасөспірімдерге 
Теофедрин таблеткалары 
2 жасқа дейін 
Теофиллин 
2 жасқа дейін 
Тетрациклиндер 
8 жасқа дейін 
Тимол 
2 жасқа дейін 
Үшэтилперазин (торекан) 
15 жасқа дейін 
Фенолфталеин 
3 жасқа дейін 
Цефазолин (кефзол) 
Шала туған және нәрестеге 
Циметидин (цинамет) 
7 жасқа дейін 
Члибуха тұндырмасы 
2 жасқа дейін 
Эметин гидрохлориді 
6 айға дейін 
Эстоцин 
2 жасқа дейін 
Этакрин қышқылы (урегит) 
2 жасқа дейін 
Этилморфин гидрохлориді
2 жасқа дейін 
Кесте 29
Сақтықпен қолданылатын балаларға арналған дәрілік құралдар
Атауы 
Ескерту 
Бактрим 
Жас шақтағы балаларға арналған 
Блеомицин 
Баланың дене салмағына сәйкес 
дозаны есептейді 
Дигоксин 
Дозаны қатаң индивидуалды таңдау
Клоназепам (антэлепсин) 
Дозаны қатаң индивидуалды таңдау 
Левомицетин 
Жас шақтағы балаларға арналған 
Метоклопрамид (церукал) 
14 жасқа дейін жанама құбылыстар 
болуы мүмкін 


473 
Пирогенал 
Аз дозада белгілеу, әсіресе жас 
шақтағы балаларға 
Пропанидин (сомбревин) 

жасқа 
дейін 
дозаны 
қатаң 
индивидуалды 
және 
сақтықпен 
таңдау 
Сизомицин сульфаты 
Жас шақтағы балаларға өмірлік 
көрсеткіш бойынша 
Циметидин (цинамет) 
7 жасқтан кейін аз дозада сақтықпен 
Ципрогептадин (церитол) 
6 айдан 2 жасқа дейін 
Эметин гидрохлориді 
Дозаны асыруға болмайды 
Өз бетімен өмір сүруге бейімделуі едәуір созылатын, шала туылған 
балаларға дәрілік құралдарды қолдануға ерекше көңіл аудару керек. Емшек 
жасындағы балалар тез өсуімен, салмақ қосуымен, сонымен қатар су алмасуы 
интенсивті жүруімен сипатталады. 3 айлық балаларға дәрілік препараттарды 
аса сақтықпен қолдану керек. Дозаны дұрыс анықтау маңызды. Дәрілік 
құралдарды минималды және орташа терапевтикалық доза диапазонында 
және қысқа курспен қолданған мақсатты. З айлық жастағы балаларға дәрілік 
құралдардың дозасы 3 айлық жастан үлкен балаларға арналған дозаның 1/3 
немесе ½ бөлігін құрауы тиіс. Дозаны қатаң индивидуалды таңдайды. 
Мектепке дейінгі және мектеп жастағы балалар үшін дәрілік форманы енгізу 
тәсілін және баланың салмағын, жасын, аурудың ерекшілігін және дәрілік 
заттардың физикалық-химиялық қасиетін ескеріп таңдаған маңызды.
Балаларға, артықшылықтарын – терапевтік тиімділігінің тез әсерін, 
дәрілік заттардың сіңірілу толықтығын, қан айналымында дәрілік заттың 
құрамын реттеу мүмкіншілігін ескеріп, дәрілік препараттарды инъекция 
түрінде жиі қолданады. Бірақ, бұл әдістің маңызды кемшіліктері бар: 
зақымдалу (ауырсыну) факторы, бұлшықет жүйке аппаратының зақымдалуы, 
препаратты тез енгізген кезде интоксикация шақыратын қабілеттілігі бар, 
дәрілік құралдардың жоғары концентрациясы. Сондықтан дәріні пероралды 
қабылдау, баланың лезде құсуынан және аппетиттің жоқ болуынан басқа 
уақытта, қолайлы деп есептелінеді. 5 жасқа дейінгі балаларға сұйық дәрілік 
формаларды қолданған дұрыс. Пероралды қабылдауда дәрілік препараттың 
дәмі және иісі маңызды. Дәрілік құралдардың терапевтикалық әсерін бірден 
төмендететін, ащы, қышқыл, тұзды, дәрінің жағымсыз түрі және иісі 
балаларда теріс эмоция шақырады. Сондықтан балаларға арналған дәрілік 
түрлердің дәмін және иісін жақсарту (корригенттер қосу) қажет. Аса және 
талғамсыз корригенттерді қосу балаларға арналған дәрілік препараттардың 
терапевтикалық белсенділігінің төмендеуіне әкеліп соғатынын есте сақтау 
керек, әсіресе сульфаниламидтермен және антибиотиктермен емдегенде 
қауіпті. 
Соңғы жылдары, дәмі және иісі мәселесін шешетін, сонымен бірге 
жанама әсерлердің және әсіресе аллергиялық реакциялардың төмендеуіне 
ықпал ететін, ректалды белгіленетін дәрілік препараттар кеңінен қолдануда.


474 
Дәрілік препараттарды ректалды енгізудің алдында тазартатын клизма 
жүргізу ұсынылады.
Дәрілік құралдарды балаларға белгілеген кезде келесі ұсыныстарды 
сақтау керек: 
1. Алдымен, белгіленген дәрілік құралға, жоғары сезімталдығын немесе 
төзуге болмайтындығын анықтау мақсатында, анамнездік немесе, қажет 
болған жағдайда, балаға және анаға арнайы тексеру жүргізіледі. 
2. Дәрілік заттардың биотрансформациясында үлкен маңызы бар өмірлік 
маңызды органдар мен жүйелердің (бауыр, бүйрек, асқазан ішек 
трактісі) функцияларының қалпы және өзгеруі міндетті түрде ескерілуі 
тиіс. 
3. Жиі жанама әсер шақыратын, антибактериалды құралдарды, әсіресе 
антибиотиктер мен сульфаниламидтерді, аурудың этиологиясын, 
микроорганизмдердің түрін және қасиетін, сонымен бірге олардың 
дәрілік құралдарға сезімталдығын ескеріп белгілеу қажет. 
4. Инъекциялық енгізу тәсілінен басқа тәсілмен, дәрілік құралдардың 
оптималды дозасын белгілеу. 
5. Аурудың жеңіл түрлерінде күшейтілген дәрілік терапияны қолдануға 
тыйым салу, мүмкіндігінше дәрілік препараттарды қысқа курспен 
қолдану. 
6. Бір мезетте әсер ету механизмі бірдей бірнеше заттарды қолданбау. 
7. Дәрілік құралдардың жанама әсерін басқа дәрілік заттармен «тасалау» 
әдісін қолдану, мысалы: кандидоздың алдын-алу үшін леворин мен 
нистатинді қолдану. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   341   342   343   344   345   346   347   348   ...   369




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет