85
Сондықтан, ол
жағар майларды, көз тамшыларын және суппозиторийлерді
консервілеу үшін қолданылмайды.
Бензой қышқылы (Acіdum benzoіcum) –
фармацевтік технологияда
консервант ретінде кеңінен қолданылатын органикалық қышқыл. Ақ түсті,
өзіне тән әлсіз иісі бар кристалды зат. 1 г қышқыл 350 мл суда немесе 3 мл
этанолда, немесе 8 мл хлороформда ериді. Көбінесе суда жақсы еритін (1 г 1
мл суда) натрий тұзы түрінде қолданылады. Бензой қышқылы және оның
тұздары ашытқы саңырауқұлақтарына, әсіресе, қышқыл ортада күшті әсер
етеді. Бензой қышқылы және оның тұздары қант және дәрілік шырындарды,
вазелин
майының
эмульсиясын,
құрамында
антибиотиктері
бар
суспензияларды және ішуге арналған басқа да
препараттарды консервілеу
үшін қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: