244
лайлау әдісі қолданылмайды. Себебі тұтқыр еріткіш бөлшектердің
седиментациялық тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
Rp.: Bolі albae 5,0
Mucіlagіnіs Amylі 100,0
M.D.S. Ішуге
Крахмал ерітіндісінің концентрациясы көрсетілмегендіктен МФ VІІІ
басылымы бойынша 2% ерітінді дайындалады, салмақпен босатылады.
m
ж
= 5,0 + 100,0 = 105,0
Б.П.
Bolі albae 5,0
Amylі 2,0
Aquae purіfіcatae frіgіdae 8 ml
Aquae purіfіcatae calіdae 90 ml
m
ж.
= 105,0
Технологиясы: Алдымен крахмал шырышы дайындалады.
Термиялық
тұрақты колбаға 90 мл су алып, қайнағанша қыздырады. Қайнаған суға
крахмалдың
суық сумен қоспасын енгізіп, 1-2 минут бойы қайнатады. Дайын
ерітіндіні 2 қабат дәке арқылы босататын құтыға сүзеді, тарирлейді,
салмағын
100,0 г дейін сумен жеткізеді.
Келіге 5,0 г ақ балшықты салып, 2,5 г крахмал шырышымен (Дерягин
ережесіне сәйкес) ысқылайды, содан соң бөлшектеп шырыштың қалған мөлшерін
қосады. Дайын суспензияны босататын тарирленген құтыға құйып, салмағын
105,0 г дейін сумен жеткізеді. Тығындап, босатуға безендіреді.
Негізгі этикетка
«Ішуге», ескерту этикеткасы «Қолданар алдында шайқа» (ҚР ДСӘД министрінің
2015 жылғы 16 сәуірдегі № 227 «Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы
бұйымдарды және медициналық техниканы таңбалау қағидаларын бекіту»
бұйрығы талаптарына сәйкес).
Достарыңызбен бөлісу: