242
бөлінеді: ірі дисперсті және майда дисперсті. Ірі,
жеткіліксіз диспергирленген
бөлшектер тез тұнады, ал майда бөлшектер қалқыған күйінде қалады.
Суспензияның сұйық майда дисперсті қабатын босататын құтыға құяды,
қалған тұнбаны қайтадан осындай көлемдегі сұйықтықпен ысқылайды.
Тұндырады. Тағыда беткі қабатын құтыға бөліп алады. Осындай операция тұнба
түгелімен лайлы күйге өткенше жүргізіледі.
ІІІ-ші сатысы. Орамдау және безендіру. Суспензияларды орамдау және
безендіру ингридиенттердің физика-химиялық
қасиеттеріне байланысты
жүргізіледі. Суспензиялар сыйымдылығы сұйықтықтың көлеміне сай келетін
түссіз құтыда босатылады. Құтыны полиэтилен тығынымен және бұралып
жабылатын қақпақпен жабдықтайды. Құты негізгі «Ішуге» немесе «Сырт тәнге»
және ескерту «Қолданар алдында шайқа», «Салқын жерде сақта»
деген
этикеткаларымен безендіріледі (ҚР ДСӘД министрінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі
№ 227 «Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және
медициналық техниканы таңбалау қағидаларын бекіту» бұйрығы талаптарына
сәйкес).
Дерягин ережесін және лайлау тәсілін осы дәрілік түрдің технологиясында
қолдану, жұқа дисперсті суспензия алуға мүмкіндік береді. Сонда: суспензияның
тұрақтылығы артады, дәл
дозалануы қамтамасыз етіледі, дәрілердің ағзаға
сіңірілуі және терапевтік әсері артады
Суспензия технологиясында қолданылатын дәрілік заттар гидрофобты және
гидрофильді болып бөлінеді (сурет 34).
Сурет 34. С
успензия түзетін дәрілік заттардың суға қатысына
байланысты жіктелуі
Дәрілік заттар
Гидрофильді: висмуттың
негізгі нитраты,
мырыш
тотығы, магний негізгі
карбонаты,
крахмал,
тальк, магний тотығы
және т.б.
Гидрофобты
Қасиеті айқын байқалмай-
тын:
фенилсалицилат,
сульфодиметоксин,
сульфомонометоксин,
бензонафтол,
терпингидрат
Гидрофобты
қасиеті
айқын
байқалатын:
ментол,
камфора,
тимол, күкірт
243
Гидрофильді заттар гидрофильді-ісінбейтін
және гидрофильді-ісінетін
болып бөлінеді.
Гидрофильді-ісінбейтін заттарға: висмуттың негізгі нитраты, ақ балшық,
тальк,
мырыш тотығы, магний тотығы, крахмал, кальций карбонаты,
кальций
глицерофосфаты жатады.
Бұл заттар суда ерімейді, бірақ сумен жеңіл шыланады. Сондықтан осы
препараттармен
суспензия
дайындау
кезінде
тұрақтандырғыштар
қолданылмайды. Мысалы:
Rp.: Magnesіі oxydі
3,0
Sіrupі sіmplіcіs
20 ml
Aquae purіfіcatae 180 ml
M.D.S. 1 десерт қасықпен күніне 4 рет
V
ж
= 20 мл + 180 мл = 200 мл
Құрғақ заттардың мөлшерін анықтау
Есептеу:
3,0 - 200 мл
х - 100 мл
х = 1,5%
Құрғақ заттардың мөлшері 3% төмен,
суспензия салмақ-көлемдік
концентрацияда босатылады.
Б.П.
Magnesіі oxydі 3,0
Aquae purіfіcatae 180 ml
Sіrupі sіmplіcіs 20 ml
V
ж.
= 200 ml
Достарыңызбен бөлісу: