Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі оңТҮстік қазақстан медицина академиясы


Суспензияларға қойылатын талаптар



Pdf көрінісі
бет168/369
Дата21.02.2022
өлшемі6.31 Mb.
#455600
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   369
sagyndykova ba. anabaeva rm

Суспензияларға қойылатын талаптар: бөлшектердің өлшемдері 50-100 
мкм болуы, суспензиялар термодинамикалық тұрақты болуы керек, ол дәрілік 
заттың жеткілікті дәл дозалауын қамтамасыз етеді. Ресуспендирлену қасиетін - 
суспензияны қатты шайқау жолымен анықтайды. 24 сағат сақталған суспензияны 
15-20 секунд шайқағаннан соң, ал 3 тәулік сақталған суспензияны 40-60 секунд 
шайқағаннан соң бөлшектері дисперстік ортада біртекті таралуын 
ресуспендирлену деп атайды. 
ҚР ДСМ 15.12.04 жылғы № 142 Дәрілік құралдарды дайындау Ережелері 
туралы» бұйрығының 1 бөлімінің 8 тармағына сәйкес суспензиялар дисперстік 


241 
фазаның концентрациясы 3% төмен және дисперстік ортаның табиғатына (сулы, 
спиртті-сулы) байланыссыз салмақ-көлемдік әдіспен дайындалады. Дисперстік 
фазаның концентрациясы 3% және одан жоғары болса, суспензиялар салмақтық 
әдіспен дайындалады. 
Суспензияларды түссіз құтыда босатады. Ескерту: «Қолданар алдында 
шайқа» этикеткасымен безендіріледі. 
Суспензиялар 
екі 
тәсілімен 
дайындалады: 
дисперсиялық, 
конденсациялық. 
Дисперсиялық тәсілдің мәні механикалық диспергирлеу, ерімейтін ірі 
заттарды сұйық ортада майдалау процесі. 
Технологиясы келесі сатылардан тұрады: дисперстік фазаны майдалау 
(дәрілік зат), дисперстік ортаға енгізу (еріткішпен араластыру), тығындау және 
безендіру. Сүзу немесе фильтрлеу сатысы жүргізілмейді. 
І-ші саты. Майдалау. Дисперсиялық тәсілде пульпа алу қажет. Ол үшін 
дәрілік затты судың аз мөлшерімен ысқылайды. Ысқылау кезінде дәрілік заттың 
бетінде микрожарықтар түзіледі, микрожарықтарға су кіреді де ажыратқыш әсер 
көрсетеді, бөлшектер майдаланады. Академик Б.В. Дерягин, сұйық ортада 1 г 
қатты затқа 0,4-0,6 мл су қосқанда, диспергирлеу эффектісі байқалатындығын 
дәлелдеді. Осы қатынас Дерягин ережесі деп аталады. 
Қосымша сұйықтықты енгізу Ребиндер эффектісіне негізделген. Зат 
бөлшектерінің жарықтары бар, оларға сұйықтық енеді. Бұл жағдайда бөлшекке 
айыру (Р
р
) және жиыстыру (Р
л
) (Лаплас бойынша) қысымдар әсер етеді. Айыру 
қысымы жиыстыру қысымнан жоғары болғанда, майдалау процесі жүреді. (сурет 
33) . 
Есептелген ерімейтін зат мөлшерін келіге салып, заттың жартысындай 
мөлшерде су қосып, келіде майдалайды. Майдалау жеке бөлшектер қарусыз көзге 
көрінбегенге дейін жүргізіледі. 
Сурет 33. Қосымша сұйықтықтың ажыратқыш әсері 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   369




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет