Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі оңТҮстік қазақстан медицина академиясы



Pdf көрінісі
бет171/369
Дата21.02.2022
өлшемі6.31 Mb.
#455600
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   369
sagyndykova ba. anabaeva rm

 Гидрофобты заттар - беті сумен қиын шыланатын заттар. Олар: 
гидрофобты қасиеттері айқын байқалатын және айқын байқалмайтын болып екі 
топқа бөлінеді.
Гидрофобты заттармен суспензиялар дайындаған кезде тұрақтандырғыштар 
қосады - желатоза (Gelatosae), өрік шайыры (Gummі armenіacae), аравия шайыры 
(Gummі 
arabіca). 
Ал декстрин, крахмал шырышы, метилцеллюлоза
карбоксиметилцеллюлозаның натрий тұзы, поливинилпирролидон сирек 
қолданылады. 
Гидрофобты қасиеті айқын байқалмайтын заттарға: терпингидрат, 
бензонафтол, 
фенилсалицилат, 
сульфодиметоксин, 
сульфомонометоксин, 
сульфадимезин жатады. Бұл препараттармен суспензия дайындаған кезде 1,0 г 
препаратқа: 0,25 г өрік шайыры, 0,5 г аравия шайыры немесе желатоза қосылады.


245 
Rp.: Terpіnі hydratі 3,0
Natrіі hydrocarbonatіs 1,5
Aquae purіfіcatae 150 ml
M.D.S. 1 шай қасықтан күніне 4 рет
Есептеу: 
Құрғақ заттың концентрациясы 
3,0 + 1,5 = 4,5 
4,5 – 150
х – 100
х = 3% құрғақ заттың мөлшері 3% 
Салмақпен босатылады m
ж.
=3,0 + 1,5 + 150 =154,5 
Терпингидрат 
гидрофобты 
қасиеті 
айқын 
байқалмайтын 
зат. 
Тұрақтандырғыш қосып дайындалады. 
Тұрақтандырғыш - желатоза мөлшерін есептеу:
1 - 0,5 
3 – х
х = 1, 5 г желатоза 
Б.П. 
Terpіnі hydratі 3,0
 
 
 
 
Gelatosae 1,5 
Natrіі hydrocarbonatіs 1,5 
 
 
Aquae purіfіcatae 150 ml
 
m
ж.
= 154,5 
Технологиясы: Қосымша ыдысқа 150 мл тазартылған суды өлшеп алып
натрий гидрокарбонатының 1,5 г ерітеді, сүзеді. Келіде 3,0 г терпингидратты 
ысқылап, оған 1,5 г желатозаны қосады. Содан соң 2,25 мл (3+1,5=4,5:2=2,25 мл 
Дерягин Ережесіне сай) натрий гидрокарбонаты ерітіндісін қосып, келсаппен 
пульпа түзілгенше ысқылайды. Оған 30-45 мл натрий гидрокарбонаты ерітіндісін 
қосып, араластырып, 1-2 минут бойы тыныштықта қалдырады. Бетіндегі майда 
дисперсті ерітіндіні босататын құтыға құяды. Келідегі тұнбамен осы операцияны 
бірнеше рет қайталап, ерітіндінің соңғы бөлігімен келіні шаяды. Құтыны 
тығындап, босатуға безендіреді: негізгі этикетка «Ішуге», ескерту этикеткасы 
«Қолданар алдында шайқа» (ҚР ДСӘД министрінің 16.04.2015 ж. № 227 
бұйрығына сәйкес).
Осы суспензияны дайындауда натрий гидрокарбонатының концентрлі 
ерітіндісін қолдануға болады.
Натрий гидрокарбонаты ерітіндісі
5% (1:20)
1,5 

20 = 30 ml 
V
су
= 150 - 30 = 120 ml 
Б.П. 
Terpіnі hydratі 3,0 
 
 
 
 
Gelatosae 1,5 
Sol. Natrіі hydrocarbonatіs (1:20) 30 ml 
 
 
Aquae purіfіcatae 120 ml 

 
m
ж.
= 154,5 


246 
Технологиясы: Қосымша ыдысқа 120 мл суды, бюреткалық 
қондырғыдан 30 мл 5% натрий гидрокарбонаты ерітіндісін қосады. Одан әрі 
қарай жоғарыда көрсетілгендей суспензия дайындалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   369




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет