Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі


Византия империясындағы фармация



бет3/7
Дата24.02.2016
өлшемі0.67 Mb.
#14703
1   2   3   4   5   6   7

4.2 Византия империясындағы фармация

Визания дәуірі- грек-рим мұрагері- әлем мәдениеті тарихында атақты орын алды.

Оның тарихы, мемлекеттік дін ретінде христиан дінін енгізіп, Ұлы Рим империясының жаңа астанасын Римнен ежелгі грек қаласы, Босфордың жағасындағы Византияға көшірумен атағы шыққан император, Константин Великийдің (306-337ж.ж.) билік еткен кезеңінен бастау алады.

Болашақ астананың негізі 304 жылы қаланды. Оның құрылысына ең атақты архитекторлар шақырылды. Константин билік еткен жылдары 30 сарайлар мен храмдар, жоғары дәрежелі адамдарға 4 мыңнан астам құрылымдар, 2 театр, цирк, ипподром, 150-ден астам моншалар мен 8 акведуктар салынды. 330- жылдың мамырында, кейіннен Константинополь (қазіргі Стамбул) атанған жаңа астананың ашылуы болды.

IV ғасырдың соңында Рим империясындағы құлиеленушілік құрылымның қирауы қарбалас түрде өтіп жатты. Оның соңғы императоры Феодосий (379-395ж.) өлер алдында оны балаларына бөліп берді. Батыс Рим империясы, ішкі қайшылықтардың шиеленісуінен ұзақ өмір сүрмеді. Шығыс Рим империясы экономикасы мықты мемлекет болды. Оның басты қалалары- Констатинополь (астанасы), Александрия, Бейрут, Кесария т.б. қолөнер мен әлемдік сауданың ірі орталықтары болып саналатын.

Өзі мекендеген уақыт аралығында Шығыс Рим империясы Ромейлер империясы немесе Романия деп аталған. Византия мемлекеті немесе Византия империясы деген болмаған. Бұл атау Ромейлер империясын түріктер басып алып, жойғанда пайда болды.

Оның атауы Ромейлер астанасының алғашқы атауы «Витзантиядан» бастау алып, осы күнге дейін солай аталып кеткен.

Көне дәуір мәдениетінің мұрагері саналған Византия имперясы ұзақ уақыттар бойы Ежелгі Римнің дәстүрлерін: қала құрылысы, термдер, ғимараттар айналасындағы үлкен бақтар, спорт, театр, мемлекеттік тіл-латын тілін (V ғасырда грек тіліне алмасты) сақтап келген. Екі қабатты Валентакведугі ежелгі құрылымдардың бірі болып саналады.

Византия мәдениеті өзін мекендеген халықтардың мәдениетінің көптеген жетістіктерін біріктірді. Осындай жетістіктердің бірі IX ғасырда ағайынды Кирилл мен Мефодий ашқан славян әліппесі- кириллица.

Русьтегі христиан дінінің алғашқы өкілдері Византияның жіберген адамдары болды. Экономикалық байланыстар, мәдени-тіл жақындығы Византиядан келген. Христиан дінінің Русьте таралуына әсерін тигізді.

Византияда медицинамен қатар дәрілер туралы және оларды пайдалану нұсқаулары туралы оқу қатар жетілді. Византия императоры Юлиан Отступниктің дәрігері Орибазий (326-403ж.) IV ғасырда рим және грек медициналық әдебиеті 70 томдық «Жинақты» («Синопсис») жинады. Бұл жинаққа Геродот, Диоскорид, Гален т.б. еңбектерінен алынған үзінділермен қатар өзінің ойлары мен шешімдерін енгізген. Сонымен қатар, Орибазий: «пайдаланылатын, қол жететін және күнделікті тәжірибеге жарамды заттар туралы кітап жазған ( «Euporista»).

Аэций Амидийский 16 кітаптан тұратын, Гален, Филумена т.б. көптеген грек авторларының еңбегінен алынған үзінділері келтірілген «Memrabiblos» еңбегін жазды.

Александр Тралльский (VІ ғ.) 12 кітапты шығарма, ал Эгиналық Павел (VII ғ.) 7 томдық еңбек жазған.

Павел Эгинский 3- томында терапия мен жеке кеселге, 6 кітабында хирургияға, басқа томдарында гигиена, токсикология, жалпы кеселге, дәрілер туралы оқуға сипаттама берген.

Осы авторлардың бәрі энцтклопедист болған, ежелгі медицинаның бай мұрасын жинаумен айналысқан. Бұл олардың баға жетпес үлестері.

Византияда емхана ісінің дамуы христиан дінімен тығыз байланысты. Алғашқы емхана 370 жылы Кесарииде салынған. Онда, сол кезде қанша ауру түрлері болса, сонша ғимараттар болған. Византиядағы емхана ісінің жоғары дәрежеде ұйымдастырылғанын, Константинопольдегі емханалардың біріне берген сипаттамасы куәлайды. Онда әйелдер ауруы бөлімін қоса есептегенде, 5 бөлім, әр бөлімде, 2 дәрігерден болған. Емхананың ішінде дәрігерлік өнерден дәріс беретін медициналық мектеп болған. Медицинаны оқыту монастырьларда да пікірталас түрінде жүргізілген. Византияда өсімдіктерден, жануарлардан және минералдардан алынатын дәрілік заттарды жинақтаған дәріханаларда болған. Дәріханалардың қызметі дәрілерді дайындап, сату болған.



4.3 Араб халифаттарындағы фармация

Феодалдық мұсылман мемлекеті - Араб халифаттары да медицина мен фармацияның дамуына ықпалын тигізді. VII ғасырдың ортасынан араб аристократиясы ислам туының астында көптеген әскери қимылдар жүргізді. 640 жылға қарай арабтар Палестина мен Сирияны, 634 жылы – Египет пен Иранды, VII ғасырдың аяғында Армения мен Грузияны басып алды. VIII ғасырда арабтар Орта Азия мен Үндістанның солтүстік-батысын, Африка мен Пиреней түбегінің солтүстік жағалауын өзіне бағындырды.

Біріккен араб мемлекеті көп ұзамай, орталығы Кордова болған Батыс халифатқа және орталығы Багдад болған Шығыс халифатқа бөлініп кетті. Дегенмен, араб халифаттары біріктірген халықтардың экономикалық және мәдени қатынастары 5 жүз жылдықтар бойына сақталып келді.

Пайғамбар хадисі бойынша білім екі бөлімнен: діни білім және дене білімінен (медицина) құралғандықтан, медицинаның дамуы жоғары дәрежеде болды. Сегіз ғасыр бойына араб медицинасы Жерорта теңізі аумағында билеуші орын алып келді. Ол сол уақыттың барлық қажетті білімін сақтап және жетілдірілген түрінде Еуропаға қайтарды.

Осы уақыт аралығында медицина мен фармацияның дамуына химия зор әсерін тигізді.

VIII- IХ ғ.ғ. өздерінің есімдерін греко-латындық «химия» атауынан жаңа «алхимия» атауына өзгерткен араб химиктері пайда болған. Бұл ілімде олар металлдар туралы оқуға ерекше көңіл бөлген.

Арабтың ірі алхимігі, «70 кітап»-тың авторы Джабир ибн Хайан (721-815) металлдардың ерекше элементтері – күкірт пен сынап туралы ұғымды енгізді. Джабир (Гебер) есімімен біздің дәуірімізге латын және араб тілдеріндегі шығармалары келіп жетті. Бұл еңбектерінен оның азот және күкірт қышқылын, хлорлы сынапты, күміс нитратын алғанын, хлоридті натрий, аммоний тұзы, селитра т.б. тұздарды зерттегенін білуге болады.

Парсы ғалымы Миваффак немесе Абу Мансурдың – «фармакология негіздері туралы трактат» (Х ғ.) еңбегі де назар аударарлық. Бұл еңбегінде ол эфир майлары мен дистилденген суды, тері ауруларын емдеуге пайдаланатын киноварь мен сулеманы, көз ауруларын емдеуге мыс сульфатын, мырыш тотығы мен мырыш сульфатын, қан тоқтататын және байлаушы құрал ретінде пайдаланатын квасцыны, өсімдік күлінен алынатын кәдімгі соданы дайындаудың қарапайым жолдарын көрсеткен. Абу Мансур медицинада тростник қанты мен өсімдіктерден алынатын кейбір органикалық қышқылдардың пайдалануын сипаттаған.

Жүз жылдар бойына араб дәрігерлерінің күнделікті кітабына айналған, 10 кітаптан тұратын барлық медицина басқармасының авторы Али Ибн-ал- Абрастың да беделі жоғары болған.

Шығыс елдерінің ірі қалаларында емханалар мен дәріханалар болған. Алғашқы дәріхана 754 жылы Багдад қаласында ашылған. Араб халифаттарында дәріханалық істің дамуы, Шығыс ғалымдарының химиядағы жетістіктерімен байланысты болған. Арабтар түрлі дәрілер, шырындар, ботқалар, иісті майлар, жапсырмалар дайындаған. Емдеу мақсатында қалампырды, корицаны, мускусты, мускат жаңғағын т.б пайдаланған.

Орта ғасырдағы Шығыс дәрігерлері емдеудің тәжірибелі тексерілуіне зор көңіл бөлген. Емханадағы аурулардың ағымына тиянақты бақылау жүргізіп отырған, олардың әдебиетте дұрыс сипатталуын тексерген, дәрілердің әсерін жануарларда тексерген.

Ислам дінінің мәйітті ашуға тыйым салуы, мұсылман дәрігерлердің анатомиялық зерттеулерінің төмен дәрежеде болуына себебін тигізді. Осының салдарынан, гигиена, жұқпалы ауруларды зерттеу, дәрітану салаларына қарағанда, хирургия мен акушерлік істің дамуы әлсіздеу болды.


Шығыстың Ұлы ғалымдары – Ар-Рази, Аль-Фараби, Аль-Бируни,

Абу Али ибн Сина.
Арабтар бірқатар ғылым және білім беру орталықтарын ашқан. Олардың ішінде Багдад (VIII- Ix ғ.ғ.) пен Кордова (Х ғ.) ерекшеленіп тұрған. Батыс араб халифатының гүлдену кезеңдерінде, онда 40 кітапхана мен 10 жоғарғы мектептер болған. Батыс Еуропада ол кездері Салерно мен Парижде, екі-ақ университет болған.

Шығыс медицинасы мен фармациясының жарқын өкілдерінің ұжымы, Еуропа ғалымдарынан бұрын ежелгі дүние мұрасымен танысып, оны зерттеулерімен дамыта түсіп, осы ғылымдардың дамуына ықпалын тигізді.

Осы ғалымдардың ішінде Ар-Рази (850-923 ж.) араб әдебиетіндегі алғашқы энциклопедиялық еңбек- 25 томнан құралған «Зор көлемді кітап» құрастырған. Ол 200 еңбектің авторы. Соның ішінде «Оспа мен қызылша туралы» еңбегінің орны ерекше.

Осы еңбегінде ол осы ауру түрлерінің жұқпалы екендігін дәлелдеп, оспа мен қызылшаны бір аурудың әр түрлі формасы деп есептеп, дифференциалды диагностикасын жасаған. Трактаттың әлем тілдеріндегі аудармасы бар.

Ар-Разидың «Жалғыз дәрігер барлық ауру түрін емдей алмайды», «Жеңіл аурудың жазылуы қиын болуы мүмкін», «Дәрігері жоқтарға» деген жұмыстары да бар.

Медицинада мақтаның, жұтқыншақта тұрып қалған бөгде заттарды алу үшін пайдаланатын құралдың шығуы Ар-Рази есімімен байланысты. Ар-Рази өте жақсы педагог болған: оның емханасы өмірлік ісі «Медицинаның зор көлемді кітабын» аяқтаған шәкірттерге толы үнемі болатын.

Ар-Рази атомист болса да, Аристотельдің аппатық жағдайлар туралы оқуына сүйеніп, металлдардың транссмутацияға ұшырау мүмкіндігіне сенген. Өз шығармаларында ол кейбір алтынқұрамдас балқымаларды дайындау әдістерін сипаттаған. Ол сол кездегі белгілі заттардың сипаттамасын жасаған деген болжамдар бар. Табиғаттағы барлық заттарды ол үлкен үш топқа бөлген: жертектес (минералды), өсімдіктер және жануарлар. Бұл үш атау кейіннен «табиғаттың үш патшалығы» жүйесіне айналған. Ар-Разидің айтуы бойынша, минералды заттар көп тараған және алты бөлімнен құралған: 1) спирттер (сынап, нашатыр т.б.); 2) пайдалы қазбалар ( алтын, күміс т.б.); 3) тастар; 4) тотияйындар; 5) бура; 6) тұздар. Спирт деп Ар-Рази қыздырған кезде қалдықсыз ұшып кететін барлық заттарды атаған. Сол сияқты, Ар-Рази химиялық операцияларға қажетті приборлардың тізімін келтірген: колбалар, құмдық монша, су моншасы, шыны түтікшелер, сүзгі т.б.

Аль Фараби (870-950) – орта ғасырдағы мәдени орталықтардың бірі- Отырардын шыққан ірі ғалым-энциклопедист. Оның 160-тан астам трактаттары бар. Оларда, сол уақытқа белгілі барлық білім салалары жетілдіріле түскен. Өмірінің көп жылдарын өткізген Багдад қаласында оған «Екінші ұстаз» деген атақ берілген. «Бірінші ұстаз» деген атаққа Аристотель ие болған. Олардың ортақ қасеттері көп: ғылыми көзқарастарының әр алуандығы мен тереңдігі, адам өмірі мен оның қоғамдағы орнын философтық тұрғыда түсінуге тырысу ұмтылысы.

Медицина мен фармация мәселелеріне Аль-Фараби «Химия өнерінің қажеттілігі», «Адамның дене мүшелері туралы», «Адамның дене мүшелеріне байланысты Аристотелмен болған келіспеушілік жөнінде Галенге айтқан қарсылығы», «Асқазан-ішек аурулары және басқа аурулар туралы сөз», «Жан туралы», «Мемлекеттік қызметкердің афоризмдері» трактаттарын арнаған. Өз трактаттарында адамның жеке басының жігері мен мүмкіндіктерін жоғары бағалаған, адамдардың шынайы бақытын бағалап, оларды ізденіс пен білім арқылы өзін-өзі жетілдіріп отыруға шақырған.

Аль-Фараби әлемдік дәрежедегі адам болған. Өз творчествосында ол үнді, грек, араб, парсы және түрік мәдениетінің бағалы құндылықтарын жақындастырған.

Аль-Бируни (973-1048) астроном, географ, минералог, этнограф, тарихшы болған. Коперник пен Галилейге дейінгі 5-6 ғасыр бұрын ол әлемнің гелиоцентрлік құрылысын дәлелдеген.

Өміріндегі барлық жетістіктеріне ол өзінің үлкен мүмкіндіктері мен еңбекқорлығының арқасында, ғылыми білімге деген ұмтылыстарының арқасында жеткен. Бала кезінде ол грек тілін, кейіннен араб, сирия және санскрит тілдерін үйренген.

Қызмет орны Хорезмшахтың астанасы Кят қаласында (қазіргі Қарақалпақстандағы Бируни) болатын. Осы қалада Багдадтағы «Шешендер үйі» сияқты академия ашылған.

22 жасында өте үлкен шаршының конструкциясын жасап, эклиптиканың экваторға еңкею бұрышын, жердің радиусы мен меридиан бойынша градустық өлшемін анықтаған. Оның фундаментальді еңбектері кеңдігімен, эрудиция тереңдігімен таң қалдырады. Ондай еңбектері: «Хронология», «Минералогия», «Фармакология», «Фармакогнозия». Өз дәуірінің ұлы атанған ол атеист те, материалист те болған емес.

11 кітаптан тұратын астрономия тақырыбындағы фундаментальді еңбегін ғалым Масуд сұлтанға арнаған және ол ғылыми әдебиетте «Масуд Каноны» деген атпен белгілі. Осы арнауы үшін ризашылығын білдіру үшін сұлтан Бируниге пілдің үлкендігіндей көлемде күміс тиындарды жеткізуге бұйрық береді. Бірақ, ғалым сыйды қабыл алмайды. Ол: « Бұл ауыр жүк менің ғылыми жұмыстарыма бөгет болады. Ал данышпан адамдар күміс кетсе де ғылымның мәңгілік екеніне сенеді»,- деп жауап қайтарады.

Райхан Бирунидің «Фармакогнозия» немесе «Китаб ас- Сайдана фи- т- тибб» (медицинадағы фармакогнозия кітабы) еңбегі біздің заманымызға 1927 жылы Брус (Түркия) қаласында табылған жалғыз қолжазба түрінде жеткен.

Ғалымның жазбасында: «Фармакогнозия- қарапайым дәрілік заттарды тегіне, түріне және ең жақсы пішініне қарай тани білу. Сондай-ақ, белгілі рецепт бойынша немесе сенім ұялататын, әрі дұрыс жүргізілген зерттеулер жазбасы негізінде күрделі дәрілерді жасау»,- деп жазылған. Бирунидің түсінігі бойынша, осыдан фармакологтың негізгі міндеттері туындайды. Ол – емдік заттарды жинау, оның ең жақсы түрлеріне таңдау жасап, бар рецептер бойынша күрделі дәрілерді дайындау деген сөз.

Бируни 4500-ге жуық араб, үнді, парсы, хорезмдік, согдиялық, тюрктік т.б. өсімдіктердің, жануарлардың, минералдар мен олардан алынатын өнімнің атауларын жинап, түсініктеме берген. Бұл оның өз дәуіріндегі дәрілік терминологияны ретке келтіру ісіне енгізген баға жетпес үлесі болды.

Бирунидің «Фармакогнозиясы» медицина мен фармацияда қолданылатын емдік өсімдіктер туралы оқудың орта ғасырдағы баға жетпес ескерткіші болып табылады.

Әлемдік тарихтың аса көрнекті дәрігерлерінің бірі- Абу Али ибн Сина (980-1037). Ол өзінен кейін орасан зор творчестволық мұра қалдырған. Білім көздерінде оның 450 шығармасының атауы аталады, бізге дейін 240-қа жуығы жеткен. Оның ішінде әлемдік- философиялық көзқарас мәселелеріне 150 кітап, медицинаға 40 кітап, басқа ғылымдарға 50 кітап арналған.

Ибн Синаның көркемдік шығармалары да болған. Оның басты медициналық еңбегі-

«Дәрігерлік ғылымның каноны»- нағыз медициналық энциклопедия. Мұнда ежелгі Греция мен Шығыс халықтарының ХІ ғасырға дейін келіп жеткен медициналық мұрасы және жеке басының зерттеулері мен бақылауларының нәтижесі біртұтас болып жинақталған. «Канон» 5 кітаптан тұрады. Бірінші кітапта медицинаның анықтамасы, анатомия мен ауру түрлері туралы мәліметтер, денсаулықты сақтау және емдеу әдістері туралы айтылады. Екінші кітапта қарапайым дәрілерді тану және олардың әсері туралы жазылған. Үшінші кітап жеке патология мен терапиядан, жекелеген ауру түрлерінің сипаттамасы мен оларды емдеу әдістерінен құралған. Төртінші кітап хирургия мен лихорадка туралы жалпы ілімге арналған. Бесінші кітапта күрделі дәрілік заттар мен у және уды қайтаратын заттарға сипаттама берілген.

«Канонның» екінші кітабы 811 бөлімнен тұрады. Мұнда Ибн Сина донник, жусан, мирт, акация сияқты қарапайым дәрілік өсімдік түрлерімен таныстырады. Ибн Сина біздің назарымызды көгершіндерге (көгершіннің қаны мұрыннан кеткен қанды тоқтадады), иттерге (иттің дәретімен сүйелдерді емдейді) аударады, үйректің, шошқаның, қойдың, балықтың, майы туралы және тағы да басқа көптеген құралдар туралы жазады. Әсіресе жыланның уына қарсы заттар көп: өзен шаяны, бұрыш, жалбыз, шалқан, фисташки, сарымсақ, корица, девясил т.б.

Бесінші кітапта күрделі дәрілердің жекелеген анықтамасы териактар мен құрмалас дәрілік ботқалардан басталады. Кітапта териактың үш жазбасы бар. Олардың құрамы қиын қоспалы, негізгі қоспалардың бірі апиын болып келген, 60 қоспадан құралған.

Ибн Сина қалампырдан, яхонттан, сердоликтен, алтыннан және басқа да минералдардан дайындалатын ұйықтататын ботқалардың авторы.

Бұл дәрілік үлгілердің атаулары да ерекше болған: «Ұлы құтқарушы», «Олимп құдайларының асы», «Үлкен парсы дәрісі» т.б.

Құрғақ ұнтақ тектес дәрілер «калиха» деп аталған. Оларды әдетте, алдымен алақанға төгіп, сосын ауызға салған. Балаларға аузына құйылатын тәтті түрлері жасалған. Дәрілерді қуырып, түйгішпен түйіп, елеуіштен өткізген. Қайнатылған шырындар мен қоюлатылған шырындар пайдаланылған. Тәтті шырындарды хош иісті өсімдіктердің жемісіне сірке суы мен шарап және дәмдеуіштерді қосып дайындаған. Ұнтақтар мен дәрілік ботқалардың арасында күлшелер пайдаланған. Олар төрт жылға дейінгі мерзімге дайындалған. Камфаралық күлшелерді ыстықты түсіретін зат ретінде, жусанды күлшені тәбетті ашатын, анисті күлшені жұмсартатын зат ретінде пайдаланған.

Он бірінші бапта жапсырмалар мен таңғыштарға сипаттама берген. Жапсырмалар сорғыш және алаңдатушы құрал ретінде пайдаланылған. Жапсырмалардың бір түрі апостолдық деп аталған. Құрамы апостолдар саны жағынан 12 заттан тұрған. Осы зат христиан дінінің мұсылмандар тұрмысының әсеріне бақылау жасауға мүмкіндік берді.

Дәрілік таңғыштарды ауырып тұрған жерді таңу үшін пайдаланған. Оның құрамына болиголов, ароник т.б. өсімдіктер кірген.

«Канонның» бесінші кітабында жазылған көлем мен салмақ өлшемдері, жаңа дәуірдегі фармацияның үлкен қызығушылығын тудырды. Авиценна мөлшерге үлкен көңіл бөлген және кітаптың соңында пайдаланатындарға «канонның» араб және грек тілдеріндегі мәтініндегі көлемдер мен мөлшерлердің аудармасын келтірген.

«Канонның» бесінші кітабының екінші бөлімі фармакотерапевтік анықтама кітабы үлгісінде құрылған. Сегіз бөлімінде дене мүшелері мен органдар көрсетіліп, олардың әрқайсысының ауырған кезінде пайдаланатын дәрілерге сипаттама берілген.

Ибн Синаның «Дәрігерлік ғылымның каноны» еңбегінің «Қарапайым дәрілер туралы» екінші және «Күрделі дәрілер туралы» бесінші кітаптары зерттеушілерге дәрітану тарихынан көптеген мәліметтер береді. Бұл кітап фармацевтер үшін тек фармацияның ғана емес, сол сияқты химияның, зоологияның, ботаниканың, минералогия мен философияның да теңдесі жоқ көне жәдігері болып табылады.

«Дәрілік ғылымның каноны»- адам санасы мен тәжірибесінің теңдесі жоқ шығармасы, баға жетпес мәдени мұра.

Ибн Сина химиямен де айналысқандықтан, оның негізін қалаушылардың бірі деп есептелуі өте заңды құбылыс.

Ол минералдарды зерттеген, элементтер сапасын оқу бағытында химиялық заттар мен минералдардың сипаттамасын енгізген. Химиялық реакцияларда судың қызметіне үлкен көңіл бөлген. Ол суға «барлығын құрайтын, ерітетін, байлайтын және жоятын зат» деген анықтама берген. Минералды сулардың да маңызын жақсы түсінген. Оның оқуы бойынша, егер минералды судың құрамында тұз, алтын және күміс болса, ол адам организіміне жағымды әсер етеді. Ең жақсы су деп, кәдімгі судан алынатын, «тазартылған» суды есептеген.

Ибн Сина мөлшер жөніндегі ілімнің негізін салушы. Ол әр түрлі дәрі әр адамның ағзасына және сапасына байланысты әр түрлі әсер етуі мүмкін деп есептеген. Сол сияқты, климат жағдайларын да ескеруді талап еткен. Дәрілерді қыстың қатты аязы мен жаздың қатты ыстығында тағайындамауды ұсынады. Оның бұл тұжырымдары ұлы дәрігердің ауруды емдеуге және дәрілердің әсеріне жаңаша қарау қажеттілігін түсінгенін дәлелдейді. Ол мистика, астрология, сиқырдан гөрі өз тәжірибесі мен бақылауларына көбірек сенген. Орта ғасырдағы қалыптасқан дәстүрлерге қарсылық көрсетіп, жаңа жолға із салған.

Ибн Синаның фармациясы, Еуропа фармациясынан көп ғасырлар көш алда келеді және ол осы замандағы фармация мен фармакологияға жақын.

5. ХVІІІ-ХІХ ҒАСЫРЛАР АРАЛЫҒЫНДАҒЫ ХИМИЯ МЕН ФАРМАЦИЯНЫҢ ДАМУЫ. ХІХ ҒАСЫРДАҒЫ ҒАЛЫМДАРДЫҢ ХИМИЯ МЕН ФАРМАЦИЯНЫҢ ДАМУЫНА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ


Англиядағы өнеркәсіптік төңкеріс пен Ұлы Француз революциясы капитаизмді жалпы тарихи жобада әлеуметтік-экономикалық жүйе ретінде бекітті. Капитализмнің дамуына Батыс Еуропаның бірқатар елерінде болған 1848 жылғы көтерілістер, АҚШ-тағы 1861-1865 жылдардағы азамат соғысының соңына қарай болған буржуазиялық –демократиялық төңкеріс, жекелеген елдердегі бірқатар әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалар әсерін тигізді.

Капитаизм қоғамның дамуында прогрессивті роль атқарды. Ол ұлттық мәдениеттің қалыптасуына, діннен бөлек ғылымның негізін қалауға септігін тигізіп, өзінің дамуының ерте бастамаларында-ақ философиялық ойлардың классикалық бейнесін сомдады. Феодалдық тәртіпті жоя отырып, өзінің билігін нығайта отырып, буржуазия дамушы класс ретінде шіркеуге қарсы идеологиялар таратты, бұл істі француз материалистері: Д.Дидро, Ж.Л.Аламбер, К.А.Гельвецкий, П.А.Гольбах және т.б. ашық түрде жүргізді.

Метафизикалық және механикалық сипатына қарамастан ХVІІІ ғасырдағы француз материализмі 1789-1793 жылдары төңкеріске дайындалып, тұрақтанған буржуазияның айқын белгісі болса да, шынайы ғылымның әрі қарай дамуына әдістемелік негіз бола отырып, сол замандағы ғылыми-техникалық прогресстің дамуына әсерін тигізді.

Капитализмнің жаңа сатысы машиналы өнеркәсіпке өтумен жалғасты, капиталистік қоғамның жаңа класстары – пролетариат пен буржуазияның дамуына ықпал етті. Дәл сол кезде (ХVІІІ ғасырдың соңы мен ХІХ ғасырдың үшінші жартысыында) капитализмнің айқын динамикалық белгілері пайда болып, өнеркәсіптегі, ғылым мен техникадағы ұлы өзгерістерге қол жеткізуге жол ашылды.

Ғылым жылдам қарқынмен дамыды, ол тура және жанамалай болса да химияның, медицинаның және фармацияның дамуына әсер етті. Осылайша И.Ньютон (1643-1727) және Х.Гюгес (1629-1695) классикалық механиканың басты ережелерін жасап шығарды. Р.Гук (1635-1703) физикалық денелердің тығыздығының теориялық негізін қалады. Е.Торичелли (1608-1647) атмосфералық қысым мен вакумды ашып, сынапты барометрді ойлап тапты. Б.Паскаль (1623-1662) гидростатиканың негізгі заңын құрастырды. Б.Пален (1647-1714) клапаны бар бу пешін жасап шығарды.

Алдыңғы қатарлы дәрігерлер физиканың жетістіктерін адамдарды емдеуде қолдануға тырысты. Дене қызуын өлшеуге арналған термометр, тамыр соғысын анықтайтын құрал ойлап шығарды.

Иатромеханика өкілдері дененің түрлі қозғалысын зерттеуде экспериментальды жұмыстар жүргізді. Ғылым бүкіл әлемдік сипат алып, ғалымдар өз жаңалықтарымен алмаса бастады.

Шынайы білімнің дамуына Ф.Беконның механикалық материализм ережелері шешуші әсер берді. Ол ғылымның жаңаруына бағдарлама ұсынды, олардың жіктелуін анықтап, ғылыми танымның әдістемесін жасады. Философия мен шынайы ғылымның дамуына Р.Декарттың (1596-1650) шынайы ғылыми көзқарастары әсер етті. Ол математик әрі материяның корпускулярлы теориясын жасап шығарған адам.

Химияның дамуының негізін қалаушы ағылшын ғалымы Роберт Бойло (1627-1691) болды. Оның жаңалықтары және теорияық тұжырыдары, химияға экспериментальді әдістерді енгізуі ғылыми химияның дамуына әсер етті. Физика, математика, астрология мен оптикадағы кеңінен танымал классикалық еңбектерімен қатар И.Ньютонның (1643-1727) химия аймағындағы еңбектері қызығушыық тудырды. Химияық зертханасы болғандықтан, ол металлдарды қорыту анализімен айналысты. Ғалым бөлшектердің өзара тартылысына аса көңіл бөліп, оны химияның әсерінен болатындығымен түсіндірді

ХІХ ғасырда медицинаның дамуына ХVІІІ ғасырдың аяғы мен ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы ірі шынай ашылымдар әсер етті.

Газдардың механикасы аймағындағы жетістіктер, органикалық химияның пайда болуы, эмбриологияның, өсімдіктер мен жануарардың салыстырмалы анатомиясының дамуы табиғатта болып жатқан өзгерістермен тікелей байланысты екенін тануға зор ықпал етті. Бұл мәселе жөнінде Ф.Энгельс үш шынайы ашылымдарға ерекше назар аударды: жасаушаға, энергияның өзгеру заңына, қоршаған ортаның эволюциясы туралы ілімге. Шынайы ашылымдар табиғатқа деген метофизикалық көзқарасты өзгертуге, диалектикалық танымды қаыптастыруға әсерін тигізді. Олар органикалық және органикалық емес табиғаттың арасындағы, өсімдік пен жануарар дүниесі арасындағы тұтастықты ашып, құбылыстардың жалпы байланысын анықтап, даму туралы ілімнің төңірегіндегі шынайы білімдердің берік іргетасын қалап, медицина мен фармацияның дамуына зор әсерін тигізді.


    1. Химия мен фармацияның дамуындағы ғалмдардың үлесі

Карл Вильгельм Шееле (1742-1786) – Еуропаның ұлы фармацевті, флогистон теориясын жақтаушыардың бірі. Ол Швецияда Штральзунд қаласында, Помераниде дүниеге келген. Алты жасынан бастап жеке мектепке барып, онда 9 жыл оқыған. Балтық теңізінің жағалауында қыдырып жүріп, ол толқындармен жаға шығып қалған балдырларды жинап жүрді. Оларды үйге әкеліп ұсақтап турап, кеселерге салып су немесе спирт құйып қойды. Бірнеше күн өткен соң, оларды құтыларға құйып сөрелерге қойып қойды. Бұл оның «ғажайып дәріханасы» болды. 1757 жылы Карл Гетеборгтегі М.А.Баухтың дәріханасына шәкірт болып қабылданып, 8 жыл бойы фармация мен химияны оқып үйренді.

1765 жылы Шееле Мальмёдегі дәріханаға ауысып, о жерде дәріханашы П.М.Чельстремнің көмекшісі қызметін атқарды. 1768 жылы ол Стокгольмде Шаренбург дәріханасын басқарды. Кейіннен ол Упсалаға ауысып, ол жерде И.Г.Ганмен және Т.У.Бергманмен танысты. Химия туралы көзқарастары жағынан ол атақты академик Бергманнан да асып түсті. Упсалада ол Карл Линнеймен танысты. 1775 жылы 32 жасар Шееле Стокгольмдік ғылым академиясының мүшесі болып қабылданды. О Германия мен басқа да елдерде кафедраларды басқаруға шақыртулар алса да, Швецияда қалуды жөн көрді.

Шееле 1777 жылы Чепингте дәріхана сатып алып, ғылыми зерттеуерін жалғастыра берді. Оның өте таңқаларлық ғылыми сезімталдығы болды, бұл оған көптеген ашылымдар жсауына ықпал етті. Шарап сақтайтын бөшкелердің қабырғаларында пайда болатын қалың қызыл қабыршақтар-шарап тастар оның назарын аударды. Ол мұны зерттей бастады, егер оны күкірт қышқылымен қыздырса еритінін, ал суытқанда әдемі мөлдір кристалдар пайда болатынын аңғарған. Олардың дәмі қышқыл, суға салса еритін болған. Бұл органикалық қышқылдардың алғашқысы – шарап қышқылы болды.

Өсімдіктердің жапырақтарынан, тамырларынан, жемістерінен шырын алып, оны зерттей келе, оларда жаңа заттың бар екендігіне, оларды кристалл түрінде алуға болатындығына, олардың қышқыл дәмі бар екендігіне көз жеткізді. Ол оларды әкпен әрекеттестіріп, одан кейін минералды қышқылдармен ерітіп, қымыздық (1776), сүт (1780), сияжаңғақты (немесе галлдық) (1786) және зәр (1786) қышқылдарын алды.

Бірде өзіне қажетті жақпа дайындау үшін зәйтүн майын қорғасын қышқылымен қыздыра отырып, дайын жақпа майдың дәмі тәттірек болып шыққанын байқады. Шееле глет пен майдың (кейіннен басқа да майларды) жаңа мөлшерлерін алса да, қайтадан сарғыш түсті сұйықтық алды. Ол тәтті болатын, бірақ қантқа ұқсамайтын. Бұл сұйықтыққа ол «тәтті май» деген атау берді. Кейінен «глицерин» деп атады. Глицерин суда қант сияқты ерісе де, тіпті өте жоғары температурада қыздырғанда да күймеген, тіпті керсінше, бөлшекті түрде ыдыраған. Шееле глицеринді қантқа айналдыруға болады деп ойлаған, бірақ затқа азот қышқылының әсерінен тек қымыздық қышқылын алды. Шарапты глицериннің көмегімен тәтті ете түсу Шееленнің құрметіне шеелезирлеу деп аталып кеткен. Бірақ Шееле де, оның замандастары да глицериннің ашылу мағынасын, майлардың құрамын анықтаудың аса қажеттілігін түсінбеді. 1811 жылы М.Э.Шевлер ашқан жаңалықтар майдың құрамы мен сабынның пайда болу сұрақтарына анықтаулар енгізді.

Ғалым күкірт эфирін алудың әр түрлі әдістерін сипаттап, оның анық анықтамасын жасады: «Химияда эфир деп өте ұшқыш, өтімді, жағымды иісті, тұзсыз, суда ерімейтін майларды айтады» (1782). 1770 жылы ол азот қышқылды және тұз қышқылды этил эфирлерін сипаттаған. Шееле сіркесуды ұзақ сақтаудың әдісін көрсетті. Ол көк витрион мен қосылғанда, әдемі жасыл тұнба беретін күшән қышқылын алған. Ғалым одан кейіннен «шееле жасылы» атанған бояу дайындады. «Берлин лазурінің бояғыш материясын» зерттеген ол «берлин лазурінің ұшқыш қышқылын» алған. Кейіннен ол «синиль қышқылы» деп атады. Осы қышқылды алу әдісінен оның ұшқыш сілтілі тұздан (аммиак), «ауа қышқылынан» (көмір қышқыл газы), және флогистоннан (сутегінен) құралған деген шешім жасады. Ф.Велерге (1800-1882) дейін 40 жыл бұрын орындалған бірінші органикаық синтез болды

Ол оттегін алған бірінші ғалым боды. Онымен қатар бұл газды Д.Ж.Пристли (1733-1804) және әскери фармацевт Пьер Байен (1725-1797) де ашқан. Бірақ олар бұл жаңалықтарының ұлы мағынасын 1777 жылы А.Лавуазье оттектің жану теориясы негізін анықтағанға дейін түсінбеді.

Шееле таза күйдегі күкіртті оттегін бөліп, оның қасиетін сипаттаған. «Бесфлогистонды тұз қышқылын» зерртеген. Оны 1810 жылы Дэви хлор деп атаған плавико қышқылын алды. Ол жаңа химиялық элемент – марганецті ашты, темірдің, мыстың және сынаптың әр түрлі дәрежеі қышқылдау мүмкіндігін көрсетті. 1778 жылы ол молибденді, ал 1781 жылы – вольфрамды ашты.

Шееленің өсімдік шырындары мен басқа да заттарды зерттеуі (органикалық қышқылдарды алуы) фитохимияның дамуына жол ашса, жабық ыдыстарда дәрілерді жасау (дәрілердің сыртқы ортамен қатынасын болдырмау үшін) әдісін ашу арқылы, асептикалық жағдайда дәрілік қалыптарды дайындауды көрсеткен.

Ұйқысыз, демалыссыз өткізген үлкен еңбек, көптеген улы заттарды (фторлы тұздар, цианисті және күшәнді қоспалар) тану үшін органикалық әдісті кеңінен қодануы оның денсаулығын нашарлатты да , 1786 жылы Шееле 44 жасында қайтыс болды.

Оның ғылыми қызметі көпжақтылығымен таңдандырады. Ұлы фармацевтің қысқа ғұмырында жасап үлгергенін тек аздаған ғалымдар ғана қайталай алады. Стокгольмде Карл Шеелеге ескерткіш қойылған. Оның құрметіне арналған медальда «Ingenio stat sine morte decus» («Ғұаманы мәңгілік атағы сәнді етеді») деп жазылған.

М.В.Ломоносов (1711-1765)- ұлы орыс ғалымы, 1711 жылы 8 (19) қарашада Архангель губерниясының Мишанин селосында (басқа деректер бойынша- Денисовкада) Холмогор маңында дүниеге келген. Болашақ академиктің ата-анасы шаруалар Василий Дорофеевич пен Елена Ивановна Ломоносова боды. Василий Дорофеевич кәсіпкер адам болған, терең табиғи санасы бар, зерек, өз ісіне әрдайым ұқыпты болған. Ол өзі жетім өскендіктен, жерлестерінің айтқанындай «жетімдерге» жаны ашып тұратын. Оның сауатсыз болуы да жетімдіктің кесірі.

Михайло 10 жасынан бастап әкесіне еріп теңіздерге қауіпті саяхаттарға шыққан. Қатал мекен адамдардың бойында физикаық күш, шынығу, шыдамдыық, айлакерлік, теңіз ісін өте жақсы меңгеру қабілеттерімен қатар, ең алдымен бір-біріне деген сыйластықты, әсіресе үлкендерге, сондай-ақ жан сұлулығын, патриоттық сезімдерін қалыптастырды. Осының бәрі кейіннен азамат әрі педагог М.В.Ломоносовта айқындалды.

Ломоносов оқуды ерте үйренді. «Орыс сауатын» ол көршісі Ивана Шубный мен жергіікті Сабельниковтен ашқан. 14 жасында Михаил сауатты жазған. Ерекше есте сақтау қабілетілігімен Михайло Ломоносов кітаптарын жанынан тастамайтын, үнемі оқығандықтан жаттап алған. Үй-ішіндегі жағдайдың күрт өзгеруі, әкесі мен өгей шешесі арасындағы қатынастардың шиеленісуі, ең бастысы білімге деген құштарлығы жас Ломоносовты 1730 жылы желтоқсан айының басында туған үйін тастап, Мәскеуге жол тартуына және онда оқуға түсуіне итермеледі. 1731 жылдың 15 қаңтарына дейін Славяндық-грек-латын академиясына қабылдау туралы өтініш білдірді. Академия ректоры архимандрит Герман Копцевичпен әңгімелесу кезінде өзін холмогор дворянының баласымын деп таныстырды. Ол академияға қабылданып, бір жыл ішінде 3 классты тамамдады. Ол көне жазбаларды, діни, философиялық және математикалық кітаптарды оқыды, латын және орыс поэзиясымен айналысты.

1735 жылдың қаңтарында Ломоносов 12 үздік оқушыардың қатарында Петербор ғылым академиясына ақысыз қабылданды, ал 1739 жылы басқаармен бірге тау ісінің химиясын оқуға Фрейбургтегі берг-физик Иоганн Фридрих Генкелге жіберілді. Ломоносов университеттерде әр түрі ортадан, соның ішінде кедейлерден шыққан көптеген жастар оқитындығын атап өткен. Ол университеттің өз дәстүрінің, жеңілдіктердің, рәсімдердің боғанын жоғары бағалаған. Отанына М.В.Ломоносов 1741 жылы 8 маусымда оралды. 1742 жылдың қаңтарында ол Петербор ғылым академиясының адъюнкті, а 1745 жылы химия профессоры, академик болды.

М.В.Ломоносовтың ғылыми қызметі 25 жылға созылып, ол алуан түрлі боды. Бірақ оның басты назары химия мен физиканы оқуға бағытталды.

Фармацияның дамуына оның физикалық химия төңірегіндегі жұмыстары басты себеп болды. Германиядан оралысымен, ол ғылым академиясы жанынан химиялық зертхана ұйымдастырумен айналысты. Ол 6 жылдан кейін салынды. Оның басты бөлмесінде қыздыру, күйдіру, қайта өңдеу, балқыту жұмыстары жүргізілсе, көрші бөлмеде термометр, микроскоп, таразылар боды. Осы жерде студенттерге дәрістер оқылды. Үшінші бөлмеде материалдар мен реактивтер сақталды. Бұл студенттерге тәжірибелік оқу сабақтарын ұйымдастырған әлемдегі бірінші хмиялық үлгідегі зертхана болды.

М.В.Ломоносовтың еңбегі оның сол заманғы химиялық ғылымның жаңа физика-химиялық негізгі нақты бағдарламасын ұсынғандығында.

М.В.Ломоносовтың ірі ғылыми жетістігі- оның корпускулярлы немесе атомистикалық теориясы, ол оған химиялық және физикалық құбылыстарды түсіндіру үшін, заттың қатты күйден сұйық күйге ауысуын, сұйықтықтардың байланысу құбылысын түсіндіру үшін қажет болды. М.В.Ломоносовтың көп уақыты мен еңбегін арнаған өзекті мәселелерінің бірі- жылудың механикалық теориясы. Жылу табиғаты туралы ойары мен тұжырымдарын ол «жылу мен суықтың табиғаты туралы ойлары» еңбегінде баяндаған. Бұл теориядан жасаған тұжырымдары материалдардың атомды-молекулярлы құрылымы туралы гипотезаны қолдануға нақты дәлел болды. Оның заттар мен қозғалыстардың сақталу заңының сұрақтары бойынша корпускулярлы теория және молекулярлы-кинетикалық түсініктерімен тығыз байланысты болды.

М.В.Ломоносов химияның дамыған кезеңінде өмір сүрді. Ғылыми кадрларды дайындау М.В.Ломоносовтың әрдайым назарында болды. Бұл үшін ол 3 дәрежеден тұратын жүйені ойлап тапты: гимназия, университет, академия. Бірінші Ресей университетінің жобасын М.В.Ломоносов 1754 жылы құрды, ал 1755 жылы Мәскеу университеті ашылды. Құрылған жылы онда екі факультет болды: философиялық және заң, ал медицина факультеті өз жұмысын 1764 жылы бастады.

Осылайша, XVIII ғасырдың ортасында М.В.Ломоносов ресей ғылымының негізін қалады. Ресей ғалымдары, М.В.Ломоносовтың ізбасарлары қысқа мерзім ішінде бірнеше ғылыми жұмыстар жасады..

Фредерик Вильгельм Сертюрнер (1783-1841)- француз фармацевті, ол білімді Падеборн қаласындағы дәріханада алған (1799-1806 жж.). 1805-1806 жылдары ол «principum somniferum» - апиынның құрамындағы субстанцияны ашты. Ол туралы бірінші хабарламаны Тромсдорфтың «Journal der Pharmazie» атты журналында «Тұз қалыптастыратын қасиеті бар жаңа негізді морфин және меконды қышқыл туралы, апиынның құрамдас бөлігі ретінде» деген атпен жазды. Сертюрнер морфиннің сілтілік қасиетін және оның апиынның әсер еткіш бастамасы екенін дәлелдеді. Апиынның химиялық құрамы тақырыбында «Апиын және оның кристаллды субстанциялары» атты келесі жұмысы 1811 жылы шықты.

Атақты ғалымның ғылыми қызығушылығының кеңдігінен, хинн қабығы мен жануарлар көмірінің алколоидтарын танудан басқа, ол артиллерия оқ-дәрісін жетілдіріп, тіпті карабиннің жақсартылған түрін құрастырып шығарған. Сертюрнердің Эйнбекте, содан кейін Гаммелнде дәріханалары болды. 1817 жылы ғалым Иендегі Иоганн Вольфганг Гете басқарған Минералогиялық қоғамның құрметті мүшесі болды. Осыдан кейін көп ұзамай Иен университеті оған философия докторы атағын берді.

Екінші маңызды алкалоид хинин болды. Еуропада хинн қабығы безгекті емдеу үшін, алғаш рет 1639 жылы қолданылды. Әсері өте таң қаларлық болды.

Хинн қабығын зерттей отырып, шәкірт Лавуазье Арманд Сеген (1767-1835) қосынды дәріні бөліп алды. 1790 жылы неміс химигі Ф.Гофман хинн қышқылын бөліп алды. 1792 жылы Фуркруа хинн ағашының қабығынан шайырлы затты бөліп алды. 1811 жылы Лиссабондық дәрігер Х.Гомец хинн қабығынан кристаллды затты бөліп алып, оны цинхонин деп атады. Бірақ Францияның атақты ғалымдары Пелетье мен Кавенту 1820 жылы Гомецтің алған заты екі байланыстың қоспасы екенін дәлелдеді. Оның бірін олар «хинин», ал екіншісін «цинхонин» деп атады. Осы ашылымдары үшін ұрпақтары 1900 жылы Парижде Пелетье мен Кавентуген арнап ескерткіш орнатты.

Пьер Жозеф Пелетье (1788-1842)- фармацевт, Париж ғылым академиясының мүшесі. Ол әкесі химия профессоры Бертран Пелетьенің дәріханасында еңбек етті. Содан кейін Париждегі жоғары фармацевтік мектепті бітірді (1810). Дәрігер әрі физиолог Ф.Мажандимен (1783-1855) бірге қызмет атқара жүріп, ипекакуан тамырының басты қызмет атқарушы мүшесі- эметин мен цефалин алкалоидтарын бөліп алды (1817). 1832 жылы ол нарцеин алкалоидын бөліп алды.

Фармацевт Кавенту екуінің достығы, екуінің де фитохимияға деген қызығушылықтары оларға өсімдіктерден көптеген заттарды бөліп алуға мүмкіндік берді.

Джозеф Бениамин Кавенту (1795-1877) – әскери фармацевтің ұлы, дәріханада жұмыс істей жүріп 1815 жылы Жоғары фармацевтикалық мектепті аяқтады. Әулие Антоний госпиталінің зертханасында тәжірибеден өткеннен кейін, 1826-1859 жылдары Париждегі Жоғары фармацевтикалық мектепте сабақ берді. П.Ж.Пелетьемен бірге атқарған ғылыми қызметі көптеген жаңалықтар ашуға мүмкіндіктер берді.

Сертюрнер, Пелетье мен Кавентудің отандасы химик-органик, Париж ғылым Академиясының мүшесі Пьер Жан Робике (1780-1840). Ол аспарагинді ашқан (Воколенмен бірге 1806 жылы), 1821 жылы кофеинді ашты. Пелетье мен Кавенту бір мезгілде наркотин (1817) мен кодеинді (1832) апиыннан бөліп алды. 1826 және 1827 жылдары Ж.Коленмен бірлесе отырып, алғаш рет мареннен бояғыш заттар – ализарин мен пурпуринді бөліп шығарды.

Француз химигі Теофиль Жюль Пелуз (1807-1867) танинді зерттеп, сипаттаған. Б.Пирп 1838 жылыф ива ағашының қабығынан салицил қышқылын алса, Анри Браконно, целлюлоза гидролизінің процессін зерттеп, глюкозаны бөліп алды, ол бірінші болып аминоқышқылдарды: лейцин мен глицинді алған, М.Э.Шеврель өсімдіктерден өсімдік пигменттері: кверцетин, лютелин және моринді бөліп шығарды, Дерпт университетінің фармакологы К.Х.Гебель 1837 жылы гармарин алкалоидын ашты, неміс химигі В.К.Лоссен 1855 жылы жапырақтың әсер еткіш бастамасы кокиді алып, оны кокаин деп атады. 1862 жылы ғалым өзі алған алкалоидтің эмпирикалық формуласын ұсынды.

Неміс химигі, профессор Генрих Отто Виланд (1877-1957) Лоссеннің шәкірті болды. Ол солтүстік-американдық Zobelia inblata түрінен лобелин, лобеланин, лобинин және басқа да алкалоидтер алды.

Дәрілік өсімдіктердің химиялық анализі аймағындағы Дертск (Юрьевск) университетінің фармация профессоры Иоанн Георг Ноэльдің (Георгий Людвиговичтің) Драгендорфтың еңбектері белгілі (1836-1898). Ол Германияның Росток қаласында туған, 1853 жылы дәріханаға оқушы болып түсіп, 6 жылдан кейін дәріханашы атағын алды. 1858 жылы Гейдельберг университетіне қабылданды. 1861 жылы философия докторы дәрежесіне диссертация қорғады, тақырыбы: «Фосфордың көмір қышқылды және бор қышқылды тұздарға әсері туралы». 1862 жылы ғалымды Петербордағы фармацевтикалық қоғам журналды басқаруға шақырды. 1864 жылы Г.Л. Драгендорф Дерпт университетінде диссертация қорғады, ол саңырауқұлақтардың химиялық құрамын зерттеуге арналған диссертациясын қорғап, фармация магистрі атанды. Петербургтегі 2 жыл қызметінде ол ғылымда атқарған істері үшін Дерпт университетінің фармация кафедрасына профессор болып тағайындалды. Сол жылы Дерпт (қазіргі Тарту) қаласындағы фармацевтік институтына директор болып тағайындалды. Драгендорф еңбек еткен 30 жыл ішінде бұл мекемеде 400 ден астам ғылыми тақырыптар құрастырылды., 69 докторлық және 70 магистрлік диссертациялар қорғалды. Осы уақыт аралығында оның шәкірттері 23 алтын, 2 күміс медаль алды. Кең көзқарасты ғалым бола жүріп, ол бірінші болып Дерпт университетінде фармация тарихынан дәрістер оқи бастады. Студенттерді қызықтырғаны сонша, мұндай дәрістердің басқа медициналық факультет студенттеріне де қажеттілігі туындады.

Драгендорфтың ғылыми зетрттеулері фармакогнозия, фармацевтік және токсикологялық химияны қамтыды. 150 ғылыми мақалалар жазған. Ғалымның басты жұмыстары: «Die qualitative und guantitative Analyze von Рflanzen und Рflanzenteilen» (1881), “Die gerichtlich – chemische Ermittelunу von Giften (1888)”. Әлемдік флораның 12700 дәрілік өсімдіктері туралы көптомдық «Die Heilpflanzen der verschiedenen Volker und Zeiten, ihre Anwendung, wesentlichen Bestandteile und Geschichte» (1898) еңбегі ғылыми қызметінің нәтижесі болды. Бұл жұмысында тарихи мәліметтер, өсімдіктердің ботаникалық сипаттамасы, олардың химиялық құрамы, медицинада пайдалануы туралы жазылған.

Драгендорф жұмыстарының сараптамасы, осы ғалымның ұмтылыстарының арқасында, ХIХ жүзжылдықтың 70-ші жылдарында фармакогнозия, негізгі табиғи қосылыстардың сандық қана емес, сонымен қатар, сапалық сараптамасын жүргізуге болатын дәрежеге дейін көтерілгендігін дәлелдейді. Драгендорфтың басшылық етуімен трутовик саңырауқұлақтарының химиялық құрамы зерттелген. Ғалым тиісті гален препараттарының негізгі қызметін атқарған хроиогенді кешенін чагадан бөліп алды. Ол өз атымен аталған алкалоидтарға жаңа реактив – иодты висмут пен иодты калийдің екі еселенген тұзын жасап шығарды. Драгендорф шәй жапырақтарында, кофе дәндері мен какао бобтарында кофеин мен теоброминнің санын анықтау әдісін жасаған. Ол көміртекке қатысты қиын сұрақтардың шешімін тауып, өз уақытынан озық кеткен. Бұған оның инулин, иризин, левулин, тритицин, синистрин туралы жұмыстары дәлел. Өзінің ұсақ зерттеуін Драгендорф александрия жапырағының, крушина қабығы мен сабурдың әлсіздендіре әсер етуінің себептеріне арнады. Ол бірінші болып, бұл құбылыстың себебі күрделі эфирлер түріндегі антрахинонның өнімдері болуы мүмкін деген ойын білдірген.

Ол ежелгі арабтар пайдаланған дәрілік заттардың Түркістанда, Бұхара мен Самарқандта сақталып қалғанын дәлелдеді.

1872 жылы Мюнхен университеті Драгендорфқа құрметті медицина докторы дәрежесін берді. Ол Петербургтегі медико-хирургиялық академияның құрметті мүшесі болған. Сол сияқты, 50-ден астам ғылыми қоғамдар мен институттардың құрметті мүшесі және корреспондент-мүшесі болған, Ресей фармацевтік қоғамының құрметті мүшесі болған.

Николай Николаевич Зинин (1812-1880) - әйгілі химик-органик, өзінің әлемдік атағын анилин синтезі - өндірістің көптеген салаларында, соның ішінде, фармацияда да өндірілетін орасан зор заттарды өндірудегі бастапқы өнім үшін алған. Ол Кавказдың Шуш қаласында туған. Саратов гимназиясын аяқтағаннан кейін Қазан университетіне түседі. 1837 жылы екі жылға, өзінің білімін жетілдіру мақсатында шекараға жіберіледі. Гиссендегі Ю. Либихтің химиялық зертханасында бір жылдай жұмыс істейді. Осында жүріп, бензоинді, бензилді және олардың айналулары әдістерімен қызыға айналысты. Ресейге оралған Н.Н.Зинин 1841 жылы «Бензил қоспалары және бензол қатарына тиісті ашылған жаңа денелер туралы» тақырыбында докторлық диссертациясын өте жақсы қорғады. Қорғалғаннан кейін Қазанға оралған ол, Қазан университетінің, химиялық технологиялар кафедрасының экстраординарлы профессоры атағын алды.

Н.Н.Зининнің білімінің әрқырлылығы бәрін таңдандырған. Академик Н.А. Белоголовый ол туралы: «Онымен танысқан күні-ақ, ол мені саналуан білімімен таңдандырды. Химия, минералогия, ботаника, геология, астрономия, физиология, қайсысын алсаң да ол өзін «өз үйіндегідей» сезінетін. Осының бәрін ол жетік білген, оның үстіне мінезінің ашықтығы, құмарлығы және сөз маржаны, ең соңында оның он екі жасар гимназист секілді мүдірмей губерния қалаларын тізіп беруі, Херсаков пен Шиллерден неміс тіліндегі беттерін және Жуковскийдің аудармасынан үзінді келтіруі- ерекше есте сақтау қабілеті, мені өте таңдандырды. Мен осы уақытқа дейін мұндай дарынды адамды кездестірмеппін»,- деп жазған.

1847 жылы Николай Николаевич Петербург медико-хирургиялық академиясына шақырылып, 1868 жылға дейін химия кафедрасын меңгерген. 1858 жылы Петербург ғылым акдемиясының экстраординарлы, кейін ординарлы академигі болып аталды. Хош иісті нитробірігулер аумағындағы экспериментальді зерттеулері, оны амин және басқа хош иісті қосылыстарды алу әдісін ашуға әкелді. Бұл қосылыс- анилинді бөлу өндірісінің негізі. Анилин фенацетин, парацетамол, стрептоцид, норсульфазол, фталазол, этазол, уросульфан, карбазол, ацетанилид т.б. алудағы бастапқы өнім болды. 1852 жылы ол изотиоциан қышқылынан – «ұшқыш қыша майы» аллилді эфирді алған. Ғалымның органикалық химиядағы жұмыстары синтетикалық химияның дамуында, жаңа фармацевтикалық прператтардың синтезінде жаңа бет ашты

Әйгілі химик А.В.Гофман 1880 жылы: «Егер Зинин нитробензолдың анилинге ауысуынан басқа ештеңе істемесе де, оның есімі химия тарихында алтын әріппен жазылып қала берер еді »,- деп жазған..

Құрамында гликозид бар өсімдік шикізаттарын химиялық зерттеуді, ХХ ғасырда Францияда Дестуш бастаған. Ондай алғашқы өсімдік пурпурлы наперстянка болды. Француз ғалымдары Гомоль и Кевен наперстянкадан әсер еткіш заттарды таза күйінде бөліп алған. 1869 жылы француз Нативель алғаш рет дигиталинді таза күйінде бөліп алды.

Профессор Эмиль Буркелот (1851-1921) шәкірттерімен бірге, 200-ге жуық жүрек гликозидтерін зерттеп,олардан 56 бірігуді кристаллды түрде алды. Олардың ішінде, арбутин (алмұрт жапырағынан), самбунигрин (қара бузинадан), эритаурин мыңжапырақтан т.б. болды.

Жүрек гликозидтерін Нобель сыйлығының лауреаты Адольф Отто Рейнгольд Виндаус (1876-1959) та зерттеген. Ол титогенин мен гитогениннің құрылымының шешуін тапқан. Виндаус дәрумендерді (Д), өт қышқылы мен холестеринді зерттеген.

Берлиндегі фармацевтикалық институттың директоры, профессор Карл Ульрих Франц Манних (1877-1947) наперстянка мен строфанттан кристалл түріндегі жүрек гликозидтерін бөліп алған.

Буркелоттың энзимдермен (ферменттермен) жүргізген жұмыстарының фармация үшін маңызы зор. Ол өсімдіктің жұлып алынған бөлігінің бірден өлмейтінін байқаған. Себебі, өсімдік құрамындағы энзимдердің әсері жалғаса береді. Ол разработал энзимдерге спиртпен әсер ету арқылы, жас өсімдіктерді тұрақтандыру әдісін ойлап шығарған.

Өсімдіктік пигменттер тобын оқу ХХ ғасырдың басына сәйкес келеді. 1814 жылы Шеврель Guercus tinctoria қабығынан кристаллды зат бөліп алып, оны кверцетин деп атады. 1842 жылы В.Ф.Вайс Ruta graveolensтен рутинді бөліп алды. 1864 жылы теректен хризин алынды. Эдинбург (1887жылдан), Манчестер (1892 жылдан) және Оксфорд (1912 жылдан) университеттерінің профессоры Уильям Генри Перкин – кіші (1869-1929) кверцетин тобынан сары түсті бояғыш затты зерттеп, олардың табиғатта органикалық тұздар күйінде болатынын шешті. Бұл жаңалығымен ол флавоноидтарды химиялық зерттеуге бастау салды.

1936 жылы американдық биохимик Альберт Сент-Дьёрдон (1893-1986) лимон қабығынан алынған флавоноидтардың қосындысы Р- дәруменді белсенділік танытатынын байқады.

Дәрумендерді ашу жаңалығы Ресей ғалымы Н.И.Лунинге (1853-1937) тиесілі, бірақ «дәрумен» деген атты поляк биохимигі, әлемдегі бірінші, дәрумендерге арналған монографияның (1924) авторы К.Функ (1884-1967) ұсынған.

Қорыта келгенде, ХХ ғасырда табиғи қосылыстардың негізгі топтарының: алкалоидтар, гликозидтер, флавоноидтар, дәрумендер т.б. жүйелі зерттелуі басталды. 1972 жылы әлем әдебиетінде 4805 алкалоидтар, жүректі гликозидтері бар 45 ботаникалық тектер тіркелді, медицинада дәрумендердің, липидтердің, терпеноидтардың, фенолды байланыстардың, көмірсулардың препараттары пайдаланылды. Бұл жетістіктер Швейцария фармациясының профессоры Александру Чирхке (1856-1939) фармацияда өсімдіктерді пайдалану ғылымы, фармакогнозияның негізін салуға мүмкіндік берді. 30 шетелдік ғылыми қоғамдарының мүшесі А.Чирх ашқан «фармакогнозия» ғылымы (терминді 1815 жылы К.Зайдлер енгізген), қазіргі уақытта бес үлкен фармацевтік пәндердің бірі болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет