Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі



бет1/7
Дата24.02.2016
өлшемі0.67 Mb.
#14703
  1   2   3   4   5   6   7


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

Н.Ф.Сайфулина, Н.М.Танабаева

ФАРМАЦИЯ ТАРИХЫ
Оқу құралы

қарағанды 2009

ӘОЖ 615 (09)

КБЖ 63.3 + 52.82 я 7

С 12

ПІКІР БЕРУШІЛЕР:



Д.М.Джангозина - «Болашақ» ҚУ фарамцевтикалық институтының фармацевтикалық пәндер кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.к., профессор
С.К.Жаугашева – ҚММУ клиникалық фармакология және фармакотерапия курсымен жалпы фармакология кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д., профессор
О.К.Никитина– ҚММУ Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының меңгерушісі
С 12 Сайфулина Н.Ф., Танабаева Н.М. Фармация тарихы: Оқу құралы. – Қарағанды, 2009. – 140б.

КБЖ 63.3 + 52.82 я 7


Оқу құралында ерте заманнан бастап Қазақстанда ХІХ-ХХ ғасырларда дәріханалық істің дамуы мен нарықтық экономика жағдайына дейінгі фармацияның даму барысы баяндалған

24 сәуір 2008 ж. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің білім, ғылым және кадр ресурстары Департаменті бекіткен фармация тарихы бойынша Типтік бағдарламаға сәйкес дайындалды.

Оқу құралы фармацевтикалық жоғары оқу орындары мен медициналық жоғары оқу орындарының фармацевтикалық факультеттерінің студенттері мен оқытушыларына, дәріхана қызметкерлеірне, өз мамандығының тарихына қызығушылық танытатындарға арналған.

Әдістемелік құрал ҚММА Әдістемелік кеңесінің отырысында талқыланып, мақұлданды. Хаттама № 8 08.04.2009

ҚММА Әдістемелік кеңесімен бекітіліп, басылып шығарылуға рұқсат етілді. Хаттама № 8 30. 04. 2009
© Н.Ф.Сайфулина, Н.М. Танабаева, 2009

МАЗМҰНЫ






КІРІСПЕ……………………………………………………………………

4

1

ФАРМАЦИЯ ТАРИХЫ ҒЫЛЫМ РЕТІНДЕ. ДӘРІТАНУДЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ .............................................................

5





1.1 Ағашқы қоғамдағы дәрітану ................................................................

6

2

ЕЖЕЛГІ ШЫҒЫС ЕЛДЕРІНДЕГІ ФАРМАЦИЯНЫҢ ДАМУЫ ..........

12




2.1 Ежелгі Мысырдағы дәрітану ..............................................................

13




2.2 Месопотамиядағы дәрітану ...............................................................

16




2.3 Ежелгі Үндістандағы дәрітану ..............................................................

20




2.4 Ежелгі Қытайдағы фармацияның дамуы...............................................

23

3

ЕЖЕЛГІ ГРЕЦИЯ МЕН ЕЖЕЛГІ РИМДЕГІ ФАРМАЦИЯНЫҢ ДАМУЫ.........................................................................................................

30





3.1 Ежелгі Грециядағы фармация ...............................................................

30




3.2 Ежелгі Римдегі фармация .....................................................................

42

4

ОРТА ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ФАРМАЦИЯ.....................................................

51




4.1 Батыс Еуропадағы фармация .............................................................

51




4.2 Византия империясындағы фармация ..............................................

57




4.3 Араб халифатындағы фармация .........................................................

59

5

ХVІІІ-ХІХ ҒАСЫРЛАР АРАЛЫҒЫНДАҒЫ ФАРМАЦИЯНЫҢ ДАМУЫ. ХІХ ҒАСЫРДАҒЫ ҒАЛЫМДАРДЫҢ ХИМИЯ МЕН ФАРМАЦИЯНЫҢ ДАМУЫНА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ....................................

68





5.1 Ғалымдардың химия мен фармацияға қосқан үлесі ........………..…..

70

6

І ПЕТР РЕФОРМАСЫ КЕЗЕҢІНДЕГІ РЕСЕЙДЕГІ ФАРМАЦИЯ ........

83

7

ХІХ-ХХ ҒҒ. РЕСЕЙ МЕН ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДӘРІХАНАЛЫҚ ІС....

101




7.1 ХІХ ғасырдағы Ресейдегі дәріханалық іс.............................................

101




7.2 Кеңестік билік кезеңіндегі дәріханалық істің дамуы..........................

104




7.3 ХІХ ғасырдағы Қазақстандағы дәріханалық іс ................................

108




7.4 ХХ жүзжылдықта Қазақстандағы дәріханалық істің дамуы.............

112

8

НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ОТАНДЫҚ ФАРМАЦИЯНЫҢ ДАМУЫ ......................................................................

117





Білім деңгейін тексеруге арналған тест сұрақтары....................................

130




Әдебиеттер тізімі ...........................................................................................

138


КІРІСПЕ

Өткенді оқып-үйрену бізге бүгінгімізді жақсы түсінуімізге септігін тигізеді. Кез келген құбылыстардың даму заңдылықтарын тану оның болашақтағы дамуын жақсы түсінуге көмектеседі.

Кез келген басқа да білім саласы тәрізді, фармация нақты шынайылылықтардың қосылыстарын емес, ұзақ та күрделі даму процессінің қорытындысын ұсынады. Сондықтан да, фармацияны оның тарихи дамуынан бастап оқып-үйрену қажет. Фармацияны оқу, басқа да білім салаларындағыдай, оның тарихымен танысу міндетін қарастырып қана қоймай, сондай-ақ, ғылыми көзқарасты қалыптастыруға, алғашқы тарихи мәліметтермен жұмыс жасай білуге тәрбиелеп, жалпы мәдени танымды кеңейтуге септігін тигізеді.

Әрбір фармацевтикалық пәндерді оқу оның тарихи даму жолына сараптама жасаудан басталады. Фармацевтикалық ғылым мен тәжірибенің жекелеген бағыттарының тарихымен жүйелі түрде танысу, студенттің материалды жақсы меңгеруіне және мамандардың кәсіби және шығармашылық мүмкіндіктерін жүзеге асыруына мүмкіндік береді.




  1. ФАРМАЦИЯ ТАРИХЫ ҒЫЛЫМ РЕТІНДЕ.

ДӘРІТАНУДІҢ ПАЙДА БОЛУЫ

Өткенді оқып–үйрену бізге бүгінімізді жақсы түсініп, болашақтағыны жорамалдауға көмектеседі. Біз өмір сүріп жатқан уақыт білімнің бүкіл саласы бойынша, соның ішінде фармацияда да жедел дамуда. Сонымен қатар, біздің уақытта дайын материалдарды оқып-үйрену ғана емес, әрбір маманның өзіндік ғылыи жұмыстарының да, соның ішінде фармацевтердің де ролі өсіп келе жатыр. Осымен байланысты қазіргі ғылымды жетілдіре меңгеру үшін бұрынғы заманғы тарихтық қазыналардың да үлесі көп. Тек сонда ғана тарихи білімді және тарихи ойлай алатын маман болашақта оған кездесетін фармациядағы ауқымды өзгерістерге дайын бола алады. Фармация тарихы- халықтың жалпы тарихи мәдениетімен, бұқаралық- экономикалық дамуы және ауысуымен байланысты фармацевтикалық қызымет пен фармацевтикалық білімнің дамуын оқып зерттейтін ғылым. Фармация тарихының мағынасы әйгілі ғалымдардың фармацевтикалық ғылымды дамытудағы жетістіктері мен ролінің әлемдік прогресстегі деңгейін көрсетеді. Және де бір маңызды мәселе, өз мамандығының тарихын білу қазіргі уақытта оның жақсы дамуының бірден- бір белгісі және оның бәрі адамның өз қолында. Денсаулыққа әсер ететін қоршаған ортаны қорғау, бұқаралық- экономикалық, әлеуметтік және мәдени шарттарын зерттеудің нәтижесінде фармация ғылымы мен пәні дамыды. Әрбір фармацевтикалық пәнді оқып - үйрену, оның дамуының тарихи сараптамасынан бастау алады. Фармацевтикалық ғылым мен тәжірибенің жеке бағытындағы тарихпен бөлшектеп және нақты танысу – зерттелген материалды толық игеруге, жас маманның және студенттің шығармашылық мүмкіндігін жандандыруға ықпал етеді.

Фармация тарихын оқи отырып, біз оны бұқаралық – экономикалық құрылымдар бойынша адамзаттың жалпы қадамына жауапты дәуірлерге бөлеміз. Бұл құрылымдар мыналар: алғашқы-қауымдық, құл иеленушілік, феодалдық, капиталистік, әлеуметтік. Әрбір осы құрылымда фармацияның өзіндік ерекше әлпеті болды. Бірақ, әр құрылымның шегінде медициналық тәжірибе мен ғылым сол заманғы экономиканың, ғылымның, техниканың өзгеруіне қарай ауысып отырды. Фармация тарихы бізге қоғамдағы өзгерістермен байланысты фармацияда болып жатқан тамырлық өзгерулер мен қадамдарды көрсетеді.


    1. Ағашқы қоғамдағы дәрітану

Алғашқы қоғам тарихы өзінің ұзақтығымен барлық адамзат тарихының 99% құрайды. Алғашқы қауымдық құрылысты жер жүзінің әр қоғамы басынан өткерді, сондықтан да, адамзаттың болашақ қадамын түсіну үшін адамзат дамуының бастапқы кезеңдерін жете білу керек.


Алғашқы қоғамның қалыптасуы және дәрітанудың пайда болуы

/2 млн. жыл бұрын – шамамен 40 мың жыл бұрын/
Адамның жақын туыстастығының (австраопитектердің) гоминидтерге ауысуы үштік және төрттік кезеңде жүзеге асты. Ч. Дарвиннің адамдардың адам тәрізді маймылдардан жаралды деген гипотезасы «Түрлердің табиғи сұрыпталу жолымен дамуы немесе өмір үшін күресте жіктеліп қалған тұқымдардың сақталуы» (1859) атты еңбегінде келтірілген. Ч.Дарвиннің айтуы бойынша, адамның пайда болған жері Африка континенті, онда адамға жақын антропоидтар – шимпанзе мен горилла бар. Бұдан да басқа көзқарастар бар. Бұл сұрақтың соңғы шешімін болашақтағы ғылыми зерттеулер нәтижесі ғана бере алады.

Ежелгі адамдар қауымына ағашқы адамдар тобыры бастау болды. Ежелгі адамдар (архантроптар) тік жүретін болған, көшпелі және жартылай көшпелі өмір салтын жүргізген. Архантроптардың еңбекке қабілеттілігі олардың тілінің дамуына, сөйлеу, ойлау, сезінудің дамуына бастау болды. Адамның палеопсихологиясы алғашқы адамдардың сана-сезімінің үш саласын анықтайды: 1) эмпирикалық қабілет; 2) эмпирикалық қабілеттің ара- қатынасының нәтижесі; 3) абстракты ақыл-ес. Бірінші және екінші сала хронологиялық бөлінбеген және ол архантроптарда алғашқы ойлау, сөйлеу қабілеті және тідің дамуымен қатар жүрді. Естің үшінші саласы- абстрактты ойлану- архантроптарда әлі толық дамымаған, сондықтан да, оларда өлікті жерлеу, нанымдық сенімдер, салт-дәстүрлік, сиқырлы әрекеттер, ағашқы өнерге тән тасқа сурет салу сияқты әрекеттер болған жоқ.

Ежелгі адамдар (палеонтроптар) – қазіргі заманғы адамның ата- тегі – тас индустриясын ойлап тапты, балықшылықпен, құрылыспен, аңшылықпен айналысты және от тұтатты, жануарлардың терісін киім ретінде, баспаналарын жылыту үшін пайдаланды. Палеонтроптардың сөйлеу қабілеті қазіргі заманғы адамдарға ұқсай бастады. Ең бірінші өлгендерді жереуді неандертальдықтар бастады / Франция шекарасындағы Ла Ферраси, Ле Мустье үңгірі; Қырымдағы Киік - Қобада және т.б./, бұл олардың абстракты ойлауының пайда бола бастағанын көрсетеді.

Ежелгі адамдар пайдалыны пайдасыздан, емдік өсімдікті улыдан ажырата отырып, эмпирикалық жолмен өсімдіктер арасынан қайсысы қоректік, улы, емдік екенін ажырата білуге мүмкіндік ады. Олар мыналар: пасленді (дурман, белладонна, скополия), наркотикалық (қалампыр, темекі, үнділік конопля), асқорыту жүйесіне тітіркендіргіш әсер беретін өсімдіктер (жусан), сондай-ақ, салқындатқыш әсер беретін өсімдіктер (женьшень, лимон).


Алғашқы қоғамның гүлдену кезеңіндегі дәрітану

/шамамен 40 мың жыл бұрын- б.э.д. Х- У мың жылдық/
Жоғарғы палеолиттің басталуына қарай антропогенез бен қазіргі түрдегі адамдардың – Homo sapiens даму процесі аяқтала бастады. Осыдан нақты гоминидті үштік қалыптасты. Ойкумен әжептеуір кеңейді. Қоршаған ортаның шарттарына бейімделумен қатарлас қазіргі заманғы нәсілдердің (негроидты, европеоидты, моңғолоидты, австралоидты) құрылуы жүрді.

Қауымның, қару - жарақтың, садақ пен жебенің дамуы өндіргіш күштердің өркендеуіне әкелді, аңшылардың туыстық қоғамдары, құрылысшылардың, балықшылардың жиыны пайда болды.Кейін жер өңдеушілер мен мал бағушылардың тобы құрылды.

Аңшылық шаруашылыққа өту кезеңінде адамдардың көзқарастары да өзгере бастады. Алғашқы аңшы жануарларды тіршілік көзі ретінде ұға бастады. Көптеген тобырлар қандай да бір жануарды өздерінің топ басшсыы ретінде қабылдады, олар өздерінің топтарының белгілі бір жануар түрімен туыстық қатынасы бар екендігіне сенді. Осыдан барып олар жануарларға сыйынуды бастаған. Солтүстік Африкада сыйынатын жануар буйвол болса, Сібірде- аюға, Үндістанда – сиырға, Грецияда – ешкіге сыйынған. Кейбір топтардың аңшылары тастан, сүйектен және ағаштан өздерінің сыйынатын жануарларының бейнесі тәрізді тұмарлар жасап алып, оларды қатерден қорғап, денсаулықтарын сақтау үшін өздерімен бірге алып жүрген.

Алғашқы аңшылар мен балық аулаушылар ұжымынан – адамзат қоғамы қалыптасты. Алғашқы ұжымдастыру кезінде - әйелдер қоғамның тұрақты бөлігі болды. Олар балаларға қарап, шаруашылықты жүргізді. Осыдан аналар шаңырақтың шырағын жағып, қорғайтын жан деп саналды. Бірақ рулық қауымда төменгі кәсіби еңбекте әйелдер мен ерлердің атқаратын қызметі бірдей болды, ал рудың көсемі сол руда дүниеге келген қыз немесе ұл бала болды.

Ертедегі тайпалардың жандүниелік мәдениеті рационалды және иррационалды ұсыныстардан қалыптасты. Рационалды дүние танудың нәтижесі - білім мен дәрігерлік емдеуді қабылдау болып табылды. Австралияның аборигендері тас дәуірінде өмір сүрген. Олар асқазан ауруларын емдеп, қан кетуді -күлмен, өрмекші өрнегімен тоқтатып, ал тері ауруларын зәрмен жуып, топырақ басқан; сынықтарға шиналар қойып; өсімдіктерден, жануарлардан, минералдық заттардан дәрілік заттарды жасап, қолдана білген.

Сүндетке отырғызу мен кесар тілігін жасауды білген. Бірінші хирургиялық құралдар ретінде тас пен сүйіктен жасалған пышақтар мен балық қабыршағымен тікенектерін қолданған.

Ал Америкалық аборигендер эмпириялық жолмен жансыздандыру мақсатында есірткі заттарды қолданған. Кактустың шырындары мен тұнбалары бірнеше күнге дейін жансыздандыру заттары сияқты әсер еткен.

Алғашқы адамдардың құрылыстық өмірінің күрделенуі олардың санасын дамытты: санады үйрене бастады, діни сенімдері күрделене түсті. Ауруды – ауырып өлген ата-бабаларының аруағы сау адамдарға келіп енеді де, ауру пайда болады деп түсіндірді. Сондықтан емшілердің бірінші мақсаты- науқастың денесіне енген аруақты шығару болды. Науқастың денесінен аруақты қуудан басқа бас қаңқасына трепанация операциясын да жасаған. Бірінші трепанация жасаған адамның бас қаңқасы біздің планетамызда Латын Америкасының Куско (Перу) қаласында 1865 жылы табылды. Алғашқы адамның трепанация жасалған бас қаңқасының сараптамасы трепанацияның сәтті өткендігін көрсетеді, оны бас сүйегіндегі біріккен қаңқалары куәландырды.

Қарағанды облысы Қарабие ауылында еуропейдке жататын ер адамның бас сүйегі табылған (б.э.д. V-ІV ғ.). Бас сүйекке бір-біріне жақын өте өткір қашаумен ойып тескен бес ойық бар.

Қазіргі нейрохирургтерді таң қалдырған VІ ғасырда трепанация жасалған түрік жауынгерінің бас сүйегі. Бас сүйек Оңтүстік Қазақстан облысында табылды. Мамандардың болжамы бойынша жауынгер осыдан кейін бірнеше жыл өмір сүрген.

Алғашқы қоғам адамдары - бас сүйегі тесігінен ауру шығады деп сенген. ХІХ ғ. ортасына дейін Тынық мұхитының Увей аралында аурулардың алдын алу мақсатында нәрестелердің бас сүйегіне жүз пайыз трепанация жасалған.

Осылардың ішінде бұрынғы адамдар пайдаланған тәсілдер қазір де қолданылады: эфедра емдік өсімдік ретінде Қытайда 5 мың жыл бұрын пайдаланылған. Хин ағашының емдік қасиетін инктер ашқан. Көктемгі тау гүлімен қызылша мен ентікпені емдеген. Арнайы білімдер де қалыптаса бастады, кейін олар халық медицинасында қолданыла бастады. Лалагүлдің, оймақшөп жапырақтарының әлсіреткіш әсері; сүлік, оңқалар, минералды сулар біздің ата - бабаларымыздың халық медицинасынан қалған емдері. Фармакопеяға енген көптеген дәрі-дәрмектер мен емдік заттар осы халық медицинасының жемісі.

Адамзаттың дамыған қауымдық қоғамдағы әлеуметтік және экономикалық дамуы жеке меншік пен алғашқы қауымдық құрлыстың туындауына әкелді.

Алғашқы қоғамның ыдырауы кезеңіндегі дәрітану

(б.э.д.Х-Ү мың жылдық)
Алғашқы қоғамның ыдырауы екі түрде жүрді: патриархатты кейіннен матриархатты. Олар қатарласа дамыды.

Патриархат кең таралды. Мұнда басты рольді ер адамдар алды.

Матриархат – қауымдық қатарда сирек таралған, басты экономикалық рольді - әйел адамдар басқарған. Біздің планетамызда ежелгі матриархат саясатымен өмір сүретін тайпалар бар (ирокездер, минангкабау және т.б.).

Алғашқы қоғамның ыдырауы экономикасы жақсы аудандарда б.э.д. ІІІ-ІІ мыңжылдықта аяқталды. (Месопотамия, Египет, Инда бассейні). Қолайсыз аудандарда, Австралия, Африка елдерінде қазірге дейін жалғасып келеді.

Бұл кезеңнің маңызды жаңалығы б.э.д. ІҮ ғасырда иероглификалық жазуларды ойлап шығарулары: бірінші египеттіктер, кейіннен - қытайлықтар.

Емдеу барысында дағдылар дамып, дәрілік заттарды дайындау шеңбері кеңейіп, темірлерден медициналық құралдар жасалып, аяқ-қолға ампутациялар жасала бастады.

Тайпалық ұжымдардың күшеюі діни түсініктердің дамуына септігін тигізді- кейіннен кәсіби діни қызметкерлер пайда болды. Олардың негізгі айналысатын кәсібі – емдеу сабағы еді. Қазіргі уақытқа дейін кейбір Азия, Африка елдерінде халық емшілері – тәуіптер сақталған. Тәуіптер - бұлар жоғары кәсіби деңгейде дайындалған адамдар. Болашақ тәуіпті ерлік пен шыдамдылыққа тәрбиелеуге көп көңіл бөлген. Африкада тәуіптердің шәкірттеріне арнайы жертөледе есінен танғанша түтінмен дем алдырған, одан кейін көптеген тістегіш құмырсқалармен сынаған. Ал Үндістанда шәкірттеріне бала кезінен дәрі жасауды, қолдануды және дұғалауды үйреткен. Алғашқы қоғамда тәуіптер әр түрлі ауруларға қандай дәріні қанша мөлшерде, қандай уақытта, қалай дайындап беретінін жақсы білген. Кейбіреулері емдеу үшін «сиқырлы әсері» бар тұмарларды қолданған. Сарымсақтан жасалған бойтұмарларды скарлатина және күл ауруы сияқты дерттерге қолданған. Сонымен алғашқы қоғамның құрылуы мен дамуы – барлық кезеңдегі алғашқы адамдардың қызметтерінің нәтижесі. Емдеу және дәрілік заттарды қолдану ертеден басталатын қоғамның эволюциясымен бірге өрбіп дамыды.

Халықтың көпжылдық тәжірибелері алғашқы қоғам адамдарына табиғаттың емдік заттарын қалай жинауды, дайындауды және қолдануды үйретті. Бұл халық медицинасының негізін қалады.

Дүниежүзілік тарихи процесстердің кезеңдері сияқты алғашқы қоғамның соңы жаңа құлдық қоғамның басталуымен шектеседі. Бірақ алғашқы қоғамның құрылымының қалдықтарының ыдырауы осы күнге дейін жалғасуда.


ЕЖЕЛГІ ШЫҒЫС ЕЛДЕРІНДЕГІ ФАРМАЦИЯНЫҢ ДАМУЫ
Ежелгі Шығыс адамзат мәдениеттің бесігі болған. Мұнда басқа елдерге қарағанда алғашқы қауымдық құрылыстың құл иеленушілік құрылысқа алмасуы ерте жүрді. Ежелгі Шығыста алғашқы мемлекеттер б.э.д IV-II мыңжылдықтарда Ніл, Тигр, Ефрат, Инд, Ганг өзендерінің өңірлерінде пайда болды. Құлиеленушілік Египетте және Месопотамияда (б.э. д. IV-III мыңжылдықта), Үндістанда (б.э.д. III мыңжылдықтың ортасында), Қытайда (б.э.д. II мыңжылдықта), Закавказьеде (Урарту мемлекеті, б.э.д. I мыңжылдықта) үстемдік етті.

Ежелгі Шығыс елдеріндегі медицина мен фармацияның дамуын сазбалшықтан жасалған тақтайшалардағы және жартастарда ойып жазылған жазбалар, саркофактарда, папирустардағы жазбалар, ежелгі медициналық кітаптар, діни шығармалар, «Махабхарата», «Рамаяна» (Үндістан) этикалық шығармалары, «Хамурапи патшаның Заңдары» (Ассиро-Вавилония) дәлелдей түседі. Археологтар хирургиялық жабдықтар, саитарлық-гигиеналық құрлыстар (моншалар, хауыздар), өсімдіктер мен майлар қалдықтары бар түтікшелер тауып алды.

Ұрпақтан ұрпаққа білімдерін ауызша түрде тарату арқылы эмпирикалық медицина дами түсті. Бүл білімдер жөнінде ешқандай жазбалар қалмады, тек папирустарда ғана жекелеген ауру түрлерін емдеу әдістері мен емдік дәрілерінің жазбалары сақталып қалған. Діни ұғымдардың пайда болуы мен дамуының нәтижесінде ауруды тәңірдің берген жазасы деп қабылдады. Бақсылық және шіркеулік медицина дамыды. Бақсылар білімді адамдар болған, олар жазудың пайда болуынан бастап халық медицинасының әдістерін жаза бастаған.

Ежелгі Шығыстағы құлиеленуші қоғамда жіктеу ерекшелігі орын алды: дәрігер құлды сәтсіз емдеген жағдайда шығынын басқа құлмен өтеген, құлиеленушіні сәтсіз емдеген жағдайда емдеушінің саусақтарын кейде тіпті қолын шапқан.

Храмдарда емдеу ісін үйретуге арналған медициналық мектептер ашылған, сондай-ақ медициналық білімдер отбасында да берілген.

Кейін медицинамен айналысу жеке кәсіпке айналған, кәсіпқой-дәрігерлер пайда болған. Дәрігердің қызметі орындауға міндетті болған қатаң ережелермен реттеліп отырған. Ауру түрлері және оларды емдеуге арналған дәрілерді дайындау әдістері жазылған медициналық әдебиеттер пайда бола бастады.


2.1 Ежелгі Мысырдағы дәрітану
Құнарлы Ніл өзенінің төменгі жағалауы дамыған Мысырдың ежелгі ошағы болған. Б.э.д. VI мыңжылдықта алғашқы тұрақтар пайда болған, кейін олар үлкен қалаларға - мемлекетке айналған. Б.э.д. 3200 жылы ол жеке мемлекет болып құрылды. Тұрғындардың тұрмыс жағдайларының жоғары деңгейде болуының арқасында ежелгі әлемдегі химия, медицина және фармация саласындағы әйгілі білімдер осы жерде шоғырланды.

Жалпы ежелгімысыр мәдениеті тәрізді, Мысырда фармация туралы мәліметтер көзі - саркофактарда, пирамидаларда және басқа да құрлыстарда жазылған көптеген иероглификалық жазбалар, соның ішінде бастысы- папирустар (Мысырда жазба хаттарды жазуға қолданылатын Ніл кеңістігінде кең тараған папирус өсімдігінен дайындалған орамдар). Папирустарды орыс египтологтары оқып, зерттеген. Ежелгі мысырлықтар математика, астрономия, географияны меңгеріп қана қоймай, медицина және фармация аймағындағы ілімдерді де кеңінен меңгерген. Олар 4 негізгі элементтерге (ауа, су, жер және от) сүйене отырып, адам ағзасын құрайтын және оның саулығы мен сырқатына негіз болатын негізгі 4 шырын туралы ілімді ойлап тапты. Сонымен қатар пневма туралы ілім пайда болды, оған сүйене отырып адам тыныс алған кезде ауада көрінбейтін заттар оның өкпесі мен жүрегіне еніп, ара қарай барлық денесіне тарайды деген. Адамның денсаулығы оның қаны мен пневмасының қалыпты жағдайымен анықталған, қалыпты жағдайдың бұзылуы оның ауруына әкеп соқтырған. Осыдан барып емдеу іріңді заттарды алып тастау, жаман қанды соруға бағытталған. Құсық туғызатын, ішекті тазалайтын, тер шығаратын дәрілер тағайындалған.

Анатомия ілімін жақсы меңгергендіктен мәйітті бальзамдау, мумиялау оларға жеңіл түсті. Ежелгі Мысырда қолданылған бірқатар анатомиялық терминдер адамның көптеген мүшелері, оның ішінде жүрек-қантамыр, бауыр, ми туралы мәліметтерді кеңінен білгендіктерін аңғартады. Мысырлықтар жүректен шығатын «22 қан тамырға» аса көңіл бөлді.

Тыныс алу жолдарының ауруы, тері ауруы, ішек ауруы, қан кету, көз ауруы (кең тараған) туралы кеңінен жазылған мысырлық кітаптар табылды. Б.э.д. Vғ. Мысырға саяхат жасаған гректің тарихшысы Геродот «мысырлықтарда ерте кезден бастап әрбір дене мүшесін білетін дәрігер болған» деген. Бұл Ежелгі Мысырда дәрігерлер арасында жеке мамандар болғандығын куәландырады. Кеңінен дамыған косметологияның отаны – Мысыр деп саналады. Медицинаның бұл саласын мысырлықтардың ақсүйектері ғана пайдаланды. Емдік медицинаның бірқатар саласы бай адамдырдың ғана сұранысын қанағаттандыруға бағытталды- бұл уқалау, сумен емдеу, құрамы күрделі қымбат дәрі-дәрмектерді қолдану.

Әскери дәрігерлер – мысыр әскерлерімен жорықта қатарласа жүріп, сынықты, жарақатты және жараны емдеу туралы мәліметтерді көп жинады. Ежелгі хан қабірлерінде аяқ-қолдарға жасалған операциялар бейнесі сақталған.

Сақталған медициналық папирустардың ішінде ең әйгілілері: әйелдер ауруларына арналған Кахунадан шыққан папирус, оның бір тарауы әйелдерді қалай босандыруға бағытталған - шамамен б.э.д. 2000 ж, хирургия іліміне арналған зерттеушісі есімімен аталған Смит папирусы - б.э.д. 1500 ж., қомақты медициналық Эберес папирусы (б.э.д. ІІ ғ. ортасы), балалар ауруына емдеуге арналған Бругш папирусы (б.э.д. 1450-1350 жж.). Эберс папирусында өсімдіктерден әр түрлі шырындар мен бал алу жолдары көрсетілген 800 рецептен тұратын «Дененің барлық мүшелеріне арналған дәрілерді жасау кітабы» деген бөлімі бар.

Ежелгі Мысыр құрт аурулары ошағы болды. Сондықтан мысырлықтар гигиенаны сақтауға аса назар аударды, суды мыс ыдыстардан ғана ішіп, күндіз екі рет және түнде де екі рет жуынған.

Месопотамиядағы сияқты Мысырда да кейбір шіркеулерде жүйке жүйелерінде ауытқулары бар ауруларға арналған арнайы жатақ орындар болған. Бұл жатақ орындар кейіннен емханаларға айнала бастады.

Мысырда тұндыру, сүзу, сығу, фильтрден өткізу әдістері белгілі болған. Б.э.д. V ғасырда Мысырда үгіту, сырлау, парфюмериялық және жуғыш құралдарды дайындау технологиясы жақсы дамыған. Ежелде теория дамымағандықтан, барлық осы «химик-технологтер» өз тәжірибелеріне ғана сүйенген.

Мысырда науқастарды емдеу үшін жақпалар, судағы ерітінділер, жуу, шашырату, клизма, компрестер, қыша қағаздар, жапсырмалар, тұнбалар, қайнатпалар және дәрілер пайдаланылған.

Минералды заттардан селитра, мыс тотығы, квас, ас тұзы және мемфисс тасы қолданылды. Жануарлардың майлары, өті, миы, бауыры, қаны, балы, ешкінің сүті кеңінен пайдаланылды.

Мысырда тері ауруларына қарсы дәрі-дәрмектер кеңінен тараған, сондықтан көптеген тарихшылар бұл елді дерматология отаны деп санайды. Мысырлықтардың дәрі жасау үлгісі осы заманғы үлгіге өте ұқсас: әдетте дәрінің құрамы негізгі, көмекші және қалпына келтіруші заттардан құралады.

Фармаки немесе Фармаци (аудармасы «қорғаушы, құтқарушы, сауықтырушы» дегенді білдіреді) деп аталып кеткен дәрігерлік өнердің құдайы Тотты мысырлықтар емдеу ісінің жарылқаушысы деп есептеген. Сондықтан да болар, түбірі «фарма» болып келетін – фармация, фармацевт, фармакопея сөздері осы заманға дейін келіп жеткен.

Гигиенаға аса көңіл бөлінген. Ақсүйектер тұратын аудандарда су құбырлары орнатылып, канализациялар тартылған. Әр бір үйде хауыз болған. Шекті тазартуға, тамақты шектеуге кеңес берілген. Қоғамдық және жеке бас гигиенасын реттеп отыратын заңдар болған.

Ежелгі Мысырда дәрітану және емдеу жүргізу кәсіби дәрігерлердің еншісінде болған, бірақ осы кездің өзінде кейбір бақсылық ұйымдар терең химиялық білімдерінің арқасында фармацияның дамуына айрықша үлес қосқан. Тіпті «химия» терминінің өзі Мысырда пайда болған. Мүмкін оның сыры түбірі «Мысыр» дегенді білдіретін «хеми» сөзінде жатса керек.

Мысырлық медицина мен фармацияның мұрасы Ежелгі Шығыс, Ежелгі Греция, Рим және әлемдік медицина мен фармацияның дамуына үлкен әсерін тигізген.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет