Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы


Инфекциялық емес аурулардың қауіп факторлары Қазақстанда дұрыс тамақтанбау өлім себептерінің құрылымында қауіптің ең үлкен факторы болып табылады



бет2/4
Дата16.04.2024
өлшемі1.01 Mb.
#498865
түріБағдарламасы
1   2   3   4
15 практика 2020-2025ж бағдарлама

Инфекциялық емес аурулардың қауіп факторлары Қазақстанда дұрыс тамақтанбау өлім себептерінің құрылымында қауіптің ең үлкен факторы болып табылады.

  • Инфекциялық емес аурулардың қауіп факторлары Қазақстанда дұрыс тамақтанбау өлім себептерінің құрылымында қауіптің ең үлкен факторы болып табылады.
  • ДДҰ деректері бойынша, ересек халықтың жартысы артық салмақпен немесе семіздікпен ауырады.
  • Қазақстандық жасөспірімдер арасында (10 жастан бастап 19 жасқа дейінгі балалар) 5% семіздік бар және 20% балалардың артық салмағы бар.
  • Қазақстанда тұзды тұтыну ДДҰның ұсынылған көрсеткішінен, кейбір деректер бойынша төрт есе артық.

Қазақстанда темекі шегудің таралуы ерлер арасында 42,4%-ды және әйелдер арасында 4,5%-ды құрайды.

  • Қазақстанда темекі шегудің таралуы ерлер арасында 42,4%-ды және әйелдер арасында 4,5%-ды құрайды.
  • ДДҰ болжамы бойынша, 2032 жылға қарай темекі шегудің таралуы темекіге арналған акцизді 75%-ға дейін көтеру сияқты шаралар оны төмендетуге мүмкіндік береді, бұл темекі шегудің таралуын 27%- ға төмендетеді;
  • темекі шегуге тыйым салу туралы (темекі шегуге арналған бөлмесіз)
  • негізделген заңдардың сақталу қамтамасыз ету бойынша шараларды күшейту,
  • бұл 6%-ға төмендетуге;
  • сату орындарында темекі бұйымдарын орналастыруға
  • тыйым салу туралы заңдарды қабылдау және іске асыру - 7%-ға төмендеуге мүмкіндік береді.

Алкоголді тұтыну Қазақстандағы аурулардың жалпы ауыртпалығындағы қауіп негізгі факторларының бірі болып қалады.

  • Алкоголді тұтыну Қазақстандағы аурулардың жалпы ауыртпалығындағы қауіп негізгі факторларының бірі болып қалады.
  • 2016 жылы ерлер өлімінің 74%- ға жуығы бауыр циррозынан болған өлім және 34% жарақаттанудан болған өлім ішімдік ішумен байланысты болды,
  • әйелдер үшін бұл көрсеткіштер тиісінше 45% және 31%-ды құрады.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек

  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімімен бекітілген Қазақстан Республикасында медициналық-санитариялық алғашқы көмекті дамыту жөніндегі 2019-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары іске асырылуда.
  • МСАК деңгейінде негізгі инфекциялық емес аурулардың скринингтік бағдарламасы сәтті енгізілді. Жалпы практика дәрігерлерін ынталандыру және бекітілген халықтың санын бір дәрігерге шаққанда 1 700 адамға дейін төмендету бойынша шаралар қабылдануда.
  • МСАК қызметтерін көрсетуге бизнестің қызығушылығы өсіп келеді. 2019 жылы МСАК қызметтерінінің жеке жеткізушілерінің үлесі барлық жеткізушілердің 36,2%-ын құрайды.
  • Үш ауру: артериялық гипертензия, созылмалы жүрек функциясының жеткіліксіздігі, қант диабеті бойынша ауруларды басқару бағдарламалары (бұдан әрі – АББ) енгізілуде.
  • АББ адамдардың өз денсаулығына деген ортақ жауапкершілігін қалыптастыруға және асқынулардың және негізсіз емдеуге жатқызу профилактикасы мақсатында ауруды басқаруға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет