Алға қойылған мақсатты шешу үшін мына міндеттерді шешу көзделеді: - 1-міндет. Халықтың саламатты өмір салтын ұстануын қалыптастыру.
- 2-міндет. Медициналық көмектің сапасын арттыру әне қоғамдық денсаулық қызметін дамыту.
- 3-міндет. Денсаулық сақтау жүйесін орнықты дамытуы.
- Осы бағдарламаның негізгі бағыттары:
- 1) адамдардың денсаулықты таңдауы;
- 2) қазіргі заманғы қоғамдық денсаулық қызметі;
- 3) МСАК деңгейінде денсаулықты жан-жақты қолдау;
- 4) адами капиталды дамыту;
- 5) медициналық көмек көрсетуді жетілдіру;
- 6) денсаулық сақтаудың бірыңғай цифрлық кеңістігін құру;
- 7) денсаулық сақтау қызметтерімен жалпыға бірдей қамтуға қол жеткізу үшін МӘлМС-ті іске асыру және ерікті медициналық сақтандыруды қолдау;
- 8) медицина саласындағы инвестициялық ахуалды жақсарту;
- 9) денсаулық сақтаудағы тиімді басқару.
Жаңа бағдарламаны жүзеге асырудан күтілетін нәтижелер - Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру нәтижесінде 1 адамның денсаулығына шаққанда шығындар 279 мың теңгені құрайды.
- Негізгі созылмалы аурулардан ерте өлім-жітім деңгейі 15,56%-ға, аналар өлімі 16,7%-ға, нәрестелер өлім-жітімі 19,4%-ға төмендейді. Тұрғындардың өмір сүру ұзақтығы 2025 жылы 75 жасқа жетеді.
- Мемлекеттік бағдарлама жобасы тұрғындармен, мемлекеттік емес және халықаралық ұйымдармен, барлық мемлекеттік органдармен, Президент Әкімшілігімен келісілген.
Достарыңызбен бөлісу: |