Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы


SWOT-денсаулық сақтау жүйесін талдау



бет3/4
Дата16.04.2024
өлшемі1.01 Mb.
#498865
түріБағдарламасы
1   2   3   4
15 практика 2020-2025ж бағдарлама

SWOT-денсаулық сақтау жүйесін талдау

  • Күшті жақтары:
  • 1) халықты денсаулық сақтау қызметтерімен кеңінен қамту;
  • 2) денсаулық сақтау саласындағы шығыстарды тиімді бақылау;
  • 3) клиникалық қызметті стандарттау;
  • 4) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды бірыңғай сатып алу (ТМККК шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сатып алу құнын төмендету);
  • 5) денсаулық сақтауды цифрландыру;
  • 6) медициналық ЖОО-ларының озық шетелдік университеттермен стратегиялық әріптестігі.

Әлсіз жақтары:

  • 1) халықтың денсаулық мәселелері бойынша сауаттылығының жеткіліксіз деңгейі (мінез-құлықтық қауіп факторларының денсаулыққа әсер ету дәрежесі);
  • 2) мемлекеттік денсаулық сақтау секторындағы медицина қызметкерлерінің бәсекеге қабілетсіз жалақысы;
  • 3) медициналық ұйымдардың ескірген инфрақұрылымы және медициналық техникамен жеткіліксіз жарықтандырылуы;
  • 4) денсаулық сақтау жүйесіндегі кадрлардың теңгерімсіздігі;
  • 5) сервистің және медициналық көмек сапасының біркелкі емес деңгейі;
  • 6) ақпараттық технологиялардың жетілдірілмеуі.

Мүмкіндіктер :

  • 1)жасанды интеллектті енгізу және толық цифрландыру;
  • 2) халықты хабардар ету және өз денсаулығын сақтауға тарту үшін мобилді және веб-қосымшалар;
  • 3) «Саламатты қалалар» ДДҰ бастамасы;
  • 4) денсаулық мәселелері бойынша халықтың сауаттылық деңгейін арттыру және мінез-құлықтық қауіп факторларын төмендету;
  • 5) дербестендірілген медицинаны дамыту;
  • 6) емдеудің инновациялық әдістерін және технологияларын, оның ішінде биофармацевтика саласында енгізу;
  • 7) денсаулық сақтаудағы мемлекеттікжекешелік әріптестік;
  • 8) денсаулық сақтауды қаржыландыруды ұлғайту.

Қауіптер:

  • 1) елден жоғары білікті кадрлардың кетуі;
  • 2) ауаның, топырақтың және судың ластануы;
  • 3) инфекциялардың пандемиясы және олардың тез таралуы;
  • 4) инфекциялық емес аурулар ауыртпалығының өсуі;
  • 5) дәрілік заттардың тиімсіз пайдаланылуы, микробқа қарсы резистенттілік;
  • 6) халықты дұрыс емес көздер арқылы теріс ақпараттандырылуы, халықтың вакцинациялаудан бас тартуы;
  • 7) пациенттердің комплаенттілігінің төмендеуі (медицина қызметкерлерінің ұсынымдарын сақтамауы).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет