Қазақстан Республикасының Еңбек кодексi


тергеп-тексерiлуi мен есепке алынуын бақылау



бет14/14
Дата20.07.2016
өлшемі0.74 Mb.
#210988
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

                тергеп-тексерiлуi мен есепке алынуын бақылау

      Жазатайым оқиғалардың дұрыс, уақтылы тергеп-тексерiлуi мен есепке алынуын, сондай-ақ мұндай оқиғаларды туындатқан себептердi жою жөнiндегi iс-шаралардың орындалуын бақылауды мемлекеттiк еңбек инспекторлары өз құзыреттерi шегiнде тексерулер жүргiзу, азаматтардың шағымдарын, арыздары мен өтiнiштерiн қарау және ұйымдарды тексеру арқылы жүзеге асырады. Өндiрiстегi жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру, сондай-ақ мұндай оқиғаларды туындатқан себептердi жою жөнiндегi iс-шаралардың орындалуын бақылау аясында мемлекеттiк еңбек инспекторлары жүргiзетiн тексерулер Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құқықтық статистика мен арнайы есепке алу туралы заңнамасына сәйкес тiркеуге және есепке алынбайды.



6-БӨЛIМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫНЫҢ САҚТАЛУЫН
БАҚЫЛАУ

38-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК БАҚЫЛАУ

      328-бап. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы


               саласындағы мемлекеттiк бақылау

      1. Ұйымдарда Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттiк бақылауды мемлекеттiк еңбек инспекторлары жүзеге асырады.


      2. Мемлекеттiк еңбек инспекторларына:
      1) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттiк еңбек инспекторы - Қазақстан Республикасының еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органының мемлекеттiк еңбек инспекциясының басшысы;
      2) мемлекеттiк еңбек инспекциясының бас мемлекеттiк еңбек инспекторлары - еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның мемлекеттiк еңбек инспекциясының лауазымды адамдары;
      3) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың бас мемлекеттiк еңбек инспекторы - еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның мемлекеттiк еңбек инспекциясының облыстық, республикалық маңызы бар қаладағы аумақтық бөлiмшесiнiң басшысы;
      4) мемлекеттiк еңбек инспекторлары - мемлекеттiк еңбек инспекциясы органының облыстық, республикалық маңызы бар қаладағы аумақтық бөлiмшесiнiң лауазымды адамдары жатады.
      3. Мемлекеттiк еңбек инспекторлары қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде заңмен қорғалады және Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiн басшылыққа алады.
      4. Мемлекеттiк еңбек инспекторына қызметтiк мiндеттерiн орындауға кедергi келтiрген тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
      5. Өңiрлiк қаржы орталығы қатысушыларының Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасын сақтауына мемлекеттiк бақылауды Алматы қаласы өңiрлiк қаржы орталығының қызметiн реттеу жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган жүзеге асырады.
      Алматы қаласы өңiрлiк қаржы орталығының қызметiн реттеу жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган:
      1) еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органды Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының бұзылу фактiлерi туралы өз құзыретi шегiнде хабардар етуге;
      2) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасы талаптарының орындалу жай-күйi туралы ақпаратты еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген нысанға сәйкес еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органға тоқсан сайын берiп отыруға мiндеттi.
      6. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы саласындағы мемлекеттiк бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
      Тексеру "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттiк бақылаудың өзге де нысандары осы Кодекске сәйкес жүзеге асырылады.
      Ескерту. 328-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2007.12.19. N 9 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2009.07.17. N 188-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      329-бап. Мемлекеттiк еңбек инспекциясы қызметiнiң


                принциптерi мен негiзгi мiндеттерi

      Мемлекеттiк еңбек инспекциясының қызметi қызметкерлердiң құқықтары мен бостандықтарын сыйлау, сақтау және қорғау, заңдылық, әдiлдiк, тәуелсiздiк және жариялылық принциптерi негiзiнде жүзеге асырылады.


      Мемлекеттiк еңбек инспекциясының негiзгi мiндеттерi:
      ұйымдарда Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттiк бақылауды қамтамасыз ету;
      қауiпсiз еңбек жағдайларына құқықты қоса алғанда, қызметкерлердiң құқықтары мен бостандықтарын сақтауды және қорғауды қамтамасыз ету;
      Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының мәселелерi бойынша қызметкерлер мен жұмыс берушiлердiң өтiнiштерiн, арыздарын және шағымдарын қарау болып табылады.

      330-бап. Мемлекеттiк еңбек инспекторларының құқықтары

      Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру кезiнде мемлекеттiк еңбек инспекторларының:
      1) еңбек заңнамасының сақталуына тексеру жүргiзу мақсатында ұйымдар мен кәсiпорындарда кедергiсiз болуға;
      2) жұмыс берушiлерден өздерiне жүктелген функцияларды орындауға қажеттi құжаттарды, түсiнiктемелердi, ақпаратты сұратуға және алуға;
      3) жұмыс берушiлер орындауға мiндеттi нұсқамалар, қорытындылар беруге, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар мен қаулылар толтыруға, әкiмшiлiк жазалар қолдануға;
      4) өз құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша түсiнiктемелер беруге;
      5) ұйымдардың, жекелеген өндiрiстердiң, цехтардың, учаскелердiң, жұмыс орындарының қызметi және жабдықтардың, тетiктердiң пайдаланылуы еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптарына сай келмейтiнi анықталған жағдайда, оларды үш күннен аспайтын мерзiмге, көрсетiлген мерзiм iшiнде мiндеттi түрде сотқа талап-арыз бере отырып, тоқтата тұруға (тыйым салуға);
      6) жұмыс орындарында белгiленген талаптарға сай келмейтiн арнаулы киiмнiң, арнаулы аяқ киiмнiң және басқа да жеке және ұжымдық қорғану құралдарының берiлуi мен пайдаланылуына тыйым салуға;
      7) жұмыс берушiге (оның өкiлiне) хабарлай отырып және тиiстi акт жасау арқылы арнаулы киiм үлгiлерiн, пайдаланылатын немесе өңделетiн материалдар мен заттарды талдау жасау үшiн алуға;
      8) өндiрiстегi жазатайым оқиғаларды белгiленген тәртiппен тергеп-тексеруге;
      9) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелерi бойынша оқудан, нұсқау беруден, бiлiмiн тексеруден өтпеген қызметкерлердi жұмыстан шеттету үшiн жұмыс берушiлер орындауға мiндеттi нұсқамалар беруге;
      10) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын бұзу, мемлекеттiк еңбек инспекторларының актiлерiн жұмыс берушiлердiң орындамауы фактiлерi бойынша тиiстi құқық қорғау органдарына және соттарға ақпарат, талап қою және өзге де материалдар жiберуге;
      11) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi бiлiмдi тексеруге қатысуға;
      12) шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат беру кезiнде белгiленетiн айрықша талаптардың орындалуына тексеру жүргiзуге;
      13) жұмыс берушiнiң еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау бойынша iшкi бақылау жүргiзуiнiң толықтығы мен дәйектiлiгiн бақылауды жүзеге асыруға;
      14) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
      Ескерту. 330-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      331-бап. Мемлекеттiк еңбек инспекторларының мiндеттерi

      Мемлекеттiк еңбек инспекторлары:
      1) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыруға;
      2) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының орындалуын тексерудi уақтылы және сапалы жүргiзуге;
      3) анықталған еңбек заңнамасын бұзушылықтарды жою жөнiндегi шараларды қабылдау мақсатында осындай бұзушылықтар туралы жұмыс берушiлердi (олардың өкiлдерiн) хабардар етуге, кiнәлi тұлғаларды жауапқа тарту жөнiнде ұсынулар енгiзуге;
      4) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану мәселелерi бойынша қызметкерлер мен жұмыс берушiлердiң өтiнiштерiн уақтылы қарауға;
      5) еңбек заңнамасының бұзылуына әкеп соғатын себептер мен мән-жайларды анықтауға, оларды жою және бұзылған еңбек құқықтарын қалпына келтiру жөнiнде ұсынымдар беруге;
      6) өндiрiстегi жазатайым оқиғаларды және кәсiптiк ауруларды тергеп-тексеруге қатысуға;
      7) еңбек заңнамасының бұзылу себептерiн жинауды, талдауды, қорытуды жүзеге асыруға, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы бұзылуының алдын алу жөнiндегi жұмысты күшейтуге бағытталған iс-шараларды әзiрлеу мен қабылдауға қатысуға;
      8) мемлекеттiк құпияны, еңбек мiндеттерiн орындауға байланысты өзiне мәлiм болған қызметтiк, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi жария етпеуге;
      9) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану мәселелерi бойынша түсiндiру жұмысын жүргiзуге;
      10) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы бақылауды жүзеге асыру кезiнде азаматтармен және қызметкерлердiң өкiлдерiмен өзара iс-қимыл жасасуға мiндеттi.

      332-бап. Жұмыс берушiнiң мемлекеттiк еңбек инспекторы


                бақылау жүргiзген кездегi құқықтары мен
                мiндеттерi

      1. Жұмыс берушi Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттiк бақылауды жүргiзу кезiнде:


      1) жүргiзiлген тексеру актiлерi бойынша мемлекеттiк еңбек инспекторына түсiнiктемелер беруге;
      2) егер жүргiзiлетiн тексеру нысанасына қатысы болмаса, мәлiметтер мен құжаттарды бермеуге;
      3) тексеру нәтижелерi туралы актiге және мемлекеттiк еңбек инспекторының iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен шағымдануға құқылы.
      2. Жұмыс берушi Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттiк бақылауды жүргiзу кезiнде:
      1) мемлекеттiк еңбек инспекторының тексерiлетiн объект аумағына және үй-жайларына кедергiсiз кiруiн (болуын) қамтамасыз етуге;
      2) тексеру жүргiзетiн мемлекеттiк еңбек инспекторына және ұйым қызметкерлерiнiң өкiлдерiне тексеру нәтижелерi туралы актiге қоса тiркеу үшiн қағаздағы және электрондық тасығыштардағы құжаттарды (мәлiметтердi) не олардың көшiрмелерiн беруге, сондай-ақ тексерудiң мiндеттерi мен нысанасына сәйкес автоматтандырылған деректер базасына (ақпараттық жүйелерге) қол жеткiзуiне мүмкiндiк жасауға;
      3) мемлекеттiк еңбек инспекторының актiлерiн орындау үшiн қабылдауға және актiнiң екiншi данасына оны алғаны туралы тиiстi белгi жасауға;
      4) тиiстi мерзiмдерде мемлекеттiк еңбек инспекторының актiлерiн орындау жөнiнде ақпарат беруге мiндеттi.

      333-бап. Мемлекеттiк еңбек инспекторының актiлерi

      1. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасын бұзушылықтардың анықталуына қарай мемлекеттiк еңбек инспекторы мынадай актiлер:
      1) нұсқама:
      Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы;
      жарақаттану қаупi бар және авариялық жағдайлардың туындауын болғызбау үшiн өндiрiстiк объектiлер мен жабдықтардағы, сондай-ақ өндiрiстiк процестердегi еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi алдын алу жұмыстарын жүргiзу туралы;
      жекелеген өндiрiстердiң, цехтардың, учаскелердiң, жұмыс орындары мен жабдықтардың пайдаланылуына және тұтас алғанда ұйым қызметiне тыйым салу (оны тоқтата тұру) туралы нұсқама шығарады (жасайды). Бұл ретте ұйым қызметiне тыйым салу (оны тоқтата тұру) туралы акт сот шешiмi шығарылғанға дейiн қолданылады;
      2) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама;
      3) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша iс жүргiзудi тоқтату туралы қаулы;
      4) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулы шығарады.
      2. Мемлекеттiк еңбек инспекторының актiлерi жұмыс берушiлер мен лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының талаптарын бұзушылықтарына ықпал етудiң құқықтық шаралары болып табылады. Актiлер екi дана етiп жасалады, оның бiреуi қолы қойғызылып, жұмыс берушiге тапсырылады.
      3. Лауазымды адамдар, жеке және заңды тұлғалар мемлекеттiк еңбек инспекторының актiлерiн орындауға мiндеттi.
      4. Мемлекеттiк еңбек инспекторы актiлерiнiң нысанын еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiтедi.
       Ескерту. 333-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2009.07.17. N 188-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      334-бап. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының


                сақталуын тексеру, олардың түрлерi,
                нысандары мен мерзiмдерi

       Ескерту. 334-бап алып тасталды - ҚР 2009.07.17. N 188-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      335-бап. Мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын
                мемлекеттiк еңбек инспекторының шешiмдерiне,
                әрекеттерiне (әрекетсiздiктерiне) шағымдану
                тәртiбi

      1. Мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру кезiнде жұмыс берушiнiң құқықтары мен заңды мүдделерi бұзылған жағдайда, жұмыс берушi мемлекеттiк еңбек инспекторының әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен еңбек


жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органға, жоғары тұрған мемлекеттiк инспекторға және (немесе) сотқа шағымдануға құқылы.
      2. Шағымдану мемлекеттiк еңбек инспекторлары берген актiлердiң орындалуын тоқтатпайды.

      336-бап. Мемлекеттiк еңбек инспекциясының басқа


                мемлекеттiк органдармен және ұйымдармен өзара
                iс-қимыл жасасуы

      1. Мемлекеттiк еңбек инспекциясы өз қызметiн басқа мемлекеттiк қадағалау және бақылау органдарымен, қызметкерлердiң өкiлдерiмен, қоғамдық бiрлестiктермен, басқа да ұйымдармен өзара iс-қимыл жасаса отырып жүзеге асырады.


      2. Мемлекеттiк органдар мемлекеттiк еңбек инспекторына Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының орындалуын бақылауды жүзеге асыру жөнiндегi мiндеттерiн атқаруына жәрдемдесуге мiндеттi.

      337-бап. Мемлекеттiк еңбек инспекторының мемлекеттiк


                бақылауды жүзеге асыру кезiндегi жауапкершiлiгi

      Мемлекеттiк еңбек инспекторы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру кезiнде өз қызметтiк мiндеттерiн орындамаған немесе тиiсiнше орындамаған, сондай-ақ өзге де заңға қайшы әрекеттер (әрекетсiздiктер) жасаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.



39-тарау. ЕҢБЕК ҚАУIПСIЗДIГI ЖӘНЕ ЕҢБЕКТI ҚОРҒАУ ЖӨНIНДЕГI
IШКI БАҚЫЛАУ

      338-бап. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау


                жөнiндегi iшкi бақылау

      1. Iшкi бақылау еңбек жағдайларының жай-күйiн қадағалауды ұйымдастыруды, өндiрiстiк бақылаудың деректерiне жедел талдау жүргiзудi, тәуекелдердi бағалауды және еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi анықталған сәйкессiздiктердi жою жөнiнде шаралар қабылдауды қамтиды.


      2. Жұмыс берушi жұмыс орындарында еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi белгiленген талаптарды сақтау және анықталған бұзушылықтарды жою бойынша жедел шаралар қабылдау мақсатында еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi iшкi бақылауды жүзеге асырады.

      339-бап. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау


                жөнiндегi iшкi бақылауды жүзеге асыру тетiгi

      1. Қызметкерлерiнiң саны 50-ден асатын өндiрiстiк ұйымдарда еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау талаптарын сақтау үшiн iшкi бақылауды жүзеге асыру мақсатында жұмыс берушi еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау қызметiн құрады. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау қызметi өз мәртебесi бойынша негiзгi өндiрiстiк қызметтерге теңестiрiледi.


      2. Алынып тасталды - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен. 
      3. Қызметкерлерiнiң саны 50-ге жетпейтiн жұмыс берушi қызмет ерекшелiгiн ескере отырып, еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi мамандық лауазымын енгiзедi не еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi мiндеттi басқа маманға жүктейдi.
      4. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi қызметтiң немесе еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi маманның еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау талаптарын орындау жөнiндегi нұсқауларын ұйымның барлық қызметкерлерi орындауға мiндеттi.
      Ескерту. 339-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

40-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫНЫҢ
САҚТАЛУЫН ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ

      340-бап. Ұйымда еңбек заңнамасының сақталуын қоғамдық


                бақылау

      1. Ұйымда еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы қоғамдық бақылауды ұйымның кәсiподақ комитетi, ал кәсiподақ болмаған кезде қызметкерлердiң жалпы жиналысы (конференциясы) сайлайтын еңбектi қорғау жөнiндегi қоғамдық инспектор жүзеге асырады.


      2. Қызметкерлердiң республикалық, салалық, өңiрлiк бiрлестiктерi ұйымдарда еңбек заңнамасының сақталуын қоғамдық бақылауды мұндай құқық келiсiмдерде және ұжымдық шарттарда бекiтiлген жағдайда жүзеге асырады.

      341-бап. Еңбектi қорғау жөнiндегi қоғамдық


                инспекторлардың құқықтары

      Еңбектi қорғау жөнiндегi қоғамдық инспектордың:


      1) жұмыс берушiлердiң еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердi, жұмыс берушiнiң ұйымдардағы жұмыс орындарында қалыпты еңбек жағдайлары мен қауiпсiздiк техникасын жасау жөнiндегi келiсiмдердi, ұжымдық шарттарды сақтауын қоғамдық бақылау арқылы жұмыс берушiлер алдында қызметкерлердiң еңбектi қорғау құқықтарының қорғалуын жүзеге асыруға;
      2) өндiрiстегi жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруге және мемлекеттiк еңбек инспекторлары жүргiзетiн еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғаудың жай-күйiн кешендi тексерулерге қатысуға;
      3) жұмыс берушiлерден және ұйымдардың өзге де лауазымды адамдарынан өз функцияларын атқару үшiн қажеттi, оның iшiнде жазбаша түрде ақпарат пен түсiнiктемелер алуға;
      4) жұмыс берушiлердiң келiсiмдерде, ұжымдық шарттарда еңбектi қорғау бөлiгiнде көзделген мiндеттемелердi орындауын тексерулердi жүзеге асыруға және тексеру қорытындылары бойынша лауазымды адамдардың атына анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыныстар енгiзуге;
      5) өндiрiстiк объектiлер мен өндiрiс құралдарын сынақтан өткiзу және пайдалануға қабылдау жөнiндегi комиссиялардың жұмысына қатысуға;
      6) еңбектi қорғау туралы нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеуге қатысуға, оларға өз ұсыныстарын енгiзуге;
      7) Қазақстан Республикасының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы заңнамасының, еңбектi қорғау бөлiгiнде келiсiмдер мен ұжымдық шарттар ережелерiнiң бұзылуына, өндiрiстегi жазатайым оқиғалар мен кәсiптiк ауруларды жасыруға кiнәлi жұмыс берушiлердi және ұйымдардың өзге де лауазымды адамдарын жауапқа тарту туралы талаптармен тиiстi мемлекеттiк органдарға жүгiнуге;
      8) еңбек жағдайларының өзгеруiне, Қазақстан Республикасының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi заңнамасының бұзылуына, келiсiмдерде және ұжымдық шарттарда, сондай-ақ еңбек шарттарында көзделген мiндеттемелердiң еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау бөлiгiнде орындалмауына байланысты еңбек дауларын қарауға қатысуға;
      9) қызметкерлердiң еңбек мiндеттерiн орындауға байланысты жарақат алуы немесе денсаулығының өзге де зақымдануы салдарынан келтiрiлген зиянды өтету құқықтарын қорғау үшiн әрi қызметкерлердiң еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау құқықтарына қысым жасалған басқа да жағдайларда қызметкердiң өтiнiшi бойынша талап қойып соттарға жүгiнуге құқығы бар.

      Қазақстан Республикасы


      Президентi

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет