Қазақстан Республикасының Еңбек кодексi


беретiн жұмыс стажын есептеу



бет6/14
Дата20.07.2016
өлшемі0.74 Mb.
#210988
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

                беретжұмыс стажын есептеу

      Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына құқық беретiн жұмыс стажына:


      1) нақты жұмыс iстелген уақыт;
      2) қызметкер нақты жұмыс iстемеген, бiрақ оның жұмыс орны (лауазымы) мен жалақысы толық немесе iшiнара сақталған уақыт;
      3) қызметкер еңбекке уақытша жарамсыздығына байланысты нақты жұмыс iстемеген уақыт;
      4) қызметкер жұмысына қайта алыну алдында нақты жұмыс iстемеген уақыт қосылады.

      105-бап. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалыстарын беру


                тәртiбi

      1. Қызметкерге жұмыс iстеген бiрiншi және келесi жылдары үшiн жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы тараптардың келiсiмi бойынша жұмыс жылының кез келген уақытында берiледi.


      2. Вахталық әдiспен жұмыс iстейтiн қызметкерлерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын беру ерекшелiктерi осы Кодекстiң 213-бабында белгiленедi.
      3. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы қызметкер мен жұмыс берушiнiң арасындағы келiсiм бойынша бөлiктерге бөлiнуi мүмкiн.
      4. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы Кодекстiң 108-бабының 3-тармағындағы талаптар сақтала отырып, осы Кодекстiң 108 және 109-баптарында белгiленген жағдайларда және тәртiппен ауыстырылады, ұзартылады, үзiледi.
      5. Жыл сайынғы еңбек демалысына ақы төлеу ол басталардан үш күнтiзбелiк күннен кешiктiрiлмей жүргiзiледi.

      106-бап. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалыстарын беру


                кезеңiн айқындау

      Жұмыс жылы қызметкердiң бiрiншi жұмыс күнiнен бастап есептелген он екi айды құрайды.

      107-бап. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалыстарын беру
                кезектiлiгi

      1. Қызметкерлерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын берудiң кезектiлiгi еңбек шартында, ұжымдық шартта, жұмыс берушi қызметкерлердiң пiкiрiн ескере отырып бекiтетiн демалыс кестесiнде белгiленедi.


      2. Демалыс кестелерi өндiрiстiк қажеттiлiкке байланысты өзгертiлген жағдайда жұмыс берушi бұл туралы қызметкерге еңбек демалысы басталардан кемiнде екi апта бұрын хабарлауға мiндеттi.

      108-бап. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын ауыстырудың


                немесе ұзартудың жағдайлары мен тәртiбi

      1. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы:


      қызметкер еңбекке уақытша жарамсыз болған, жүктiлiкке және босануға байланысты демалыста болған;
      егер бұл үшiн заңда жұмыстан босату көзделсе, қызметкер жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы уақытында мемлекеттiк мiндеттер атқарған жағдайларда, толық немесе оның бiр бөлiгi ауыстырылуы немесе ұзартылуы мүмкiн.
      2. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы (оның бiр бөлiгi) қызметкердiң жазбаша келiсiмiмен немесе оның өтiнуi бойынша ғана ұзартылуы немесе ауыстырылуы мүмкiн. Ауыстырылған еңбек демалысы тараптардың келiсiмi бойынша келесi жылғы еңбек демалысына қосылуы немесе қызметкердiң өтiнiшi бойынша басқа уақытта бөлек берiлуi мүмкiн.
      3. Еңбек демалысын қатарынан екi жыл бойы бермеуге тыйым салынады.

      109-бап. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысынан шақыртып


                алу

      1. Жұмыс берушi жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын тек қызметкердiң жазбаша келiсiмiмен ғана үзуi мүмкiн. Қызметкердiң жұмыс берушiнiң ұсынысынан бас тартуы еңбек тәртiбiн бұзу болып табылмайды.


      2. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысынан шақыртып алуға байланысты пайдаланылмаған бөлiгi еңбек шарты тараптарының келiсiмi бойынша ағымдағы жыл iшiнде немесе келесi жұмыс жылында кез келген уақытта берiледi не келесi жұмыс жылындағы жыл сайынғы ақылы еңбек
демалысына қосылады.
      3. Қызметкердi жыл сайынғы ақылы еңбек демалысынан шақыртып алған кезде демалыстың пайдаланылмаған бөлiгiн басқа уақытта берудiң орнына қызметкер мен жұмыс берушiнiң арасындағы келiсiм бойынша қызметкерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының пайдаланылмаған бөлiгiнiң күндерi үшiн өтемақы төлемi жүргiзiлуi мүмкiн.
      4. Он сегiз жасқа толмаған қызметкерлердi, жүктi әйелдердi және ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды), қауiптi жұмыстарда iстейтiн қызметкерлердi жыл сайынғы ақылы еңбек демалысынан шақыртып алуға жол берiлмейдi.

      110-бап. Еңбек шарты тоқтатылған кезде пайдаланылмаған


                жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы үшiн өтемақы
                төлемi

      Еңбек шарты тоқтатылған кезде жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын (жыл сайынғы еңбек демалыстарын) пайдаланбаған немесе толық пайдаланбаған қызметкерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының (жыл сайынғы еңбек демалыстарының) пайдаланылмаған күндерi үшiн өтемақы төлемi жүргiзiледi.

      111-бап. Жалақы сақталмайтын демалыс

      1. Еңбек шарты тараптарының келiсiмi бойынша қызметкердiң өтiнiшi негiзiнде оған жалақы сақталмайтын демалыс берiлуi мүмкiн.


      2. Жалақы сақталмайтын демалыстың ұзақтығы қызметкер мен жұмыс берушiнiң арасындағы келiсiм бойынша айқындалады.
      3. Жұмыс берушi:
      1) неке тiркелген;
      2) бала туылған;
      3) жақын туыстары қайтыс болған;
      4) еңбек шартында, ұжымдық шартта көзделген өзге де жағдайлар кезiнде қызметкердiң жазбаша өтiнiшi негiзiнде күнтiзбелiк бес күнге дейiн жалақы сақталмайтын демалыс беруге мiндеттi.

      112-бап. Оқу демалысы

      1. Бiлiм беру ұйымдарында оқып жүрген қызметкерлерге сынақтар мен емтихандарға дайындалу және оларды тапсыру, зертханалық жұмыстарды орындау, дипломдық жұмысты (жобаны) дайындау мен қорғау үшiн оқу демалыстары берiледi.
      2. Оқу демалысына ақы төлеу еңбек шартында, ұжымдық шартта, оқу шартында айқындалады.

      113-бап. Баланы (балаларды) тууға, жаңа туған баланы


                (балаларды) асырап алуға байланысты демалыстар

      1. Жүктi әйелдерге, баланы (балаларды) туған әйелдерге, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған әйелдерге (еркектерге) баланың туылуына байланысты мынадай демалыстар:


      1) жүктiлiкке және босануға байланысты демалыс;
      2) жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған қызметкерлерге демалыс;
      3) бала үш жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс берiледi.
      2. Баланы (балаларды) тууға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты демалыстар беру осы Кодекстiң 192 - 195-баптарында көзделген шарттармен жүзеге асырылады.
      3. алынып тасталды
      Ескерту. 113-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2007.12.19. N 9 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      114-бап. Демалысты ресiмдеу

      Демалысты беру, ауыстыру, ұзарту не демалыстан шақырып алу жұмыс берушiнiң актiсiмен ресiмделедi.

9-тарау. ЕҢБЕКТI НОРМАЛАУ

      115-бап. Еңбектi нормалауды ұйымдастыру саласындағы


                мемлекеттiк кепiлдiктер

      Еңбектi нормалауды ұйымдастыру саласындағы мемлекеттiк кепiлдiктер:


      еңбектiң үлгiлiк нормалары мен нормативтерiн;
      мемлекеттiк органдардың еңбектiң техникалық негiзделген үлгiлiк нормалары мен нормативтерiн әзiрлеудi қамтамасыз етуiн;
      жұмыс берушiлердiң еңбек нормаларын әзiрлеудi, енгiзудi және қайта қарауды қамтамасыз етуiн бақылауды қамтиды.

      116-бап. Еңбек нормалары

      1. Еңбек (өндiрiм, уақыт, қызмет ету) нормалары еңбек шығындарының өлшемi болып табылады және тиiстi бiлiктiлiгi бар қызметкерi үшiн техниканың, технологияның, өндiрiс пен еңбектi ұйымдастырудың қол жеткiзiлген деңгейiне сәйкес белгiленедi.
      2. Он сегiз жасқа толмаған қызметкерлер үшiн өндiрiм нормалары осы Кодекстiң 182-бабына сәйкес белгiленедi.
      3. Қызметкерлердiң жекелеген санаттарының еңбегiне уақыт бойынша ақы төлеу кезiнде нормаланған тапсырмалар белгiленедi. Жұмыс берушi жекелеген функциялар мен жұмыс көлемдерiнiң орындалуы үшiн қызмет ету нормаларын немесе қызметкерлер санының нормаларын
(нормативтерiн) белгiлеуi мүмкiн.

      117-бап. Жаңа еңбек нормаларын әзiрлеу, енгiзу,


                қолданыстағы еңбек нормаларын ауыстыру және
                қайта қарау

      1. Жұмыс берушi еңбек нормаларын жаңадан енгiзудi, қолданыстағы еңбек нормаларын ауыстыруды және қайта қарауды қызметкерлер өкiлдерiмен келiсе отырып, еңбектiң үлгiлiк нормалары мен нормативтерiн ескерiп жүргiзедi.

      2. Еңбектiң үлгiлiк нормалары мен нормативтерiн тиiстi қызмет салаларындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органдар еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсе отырып, өздерi белгiлеген тәртiппен бекiтедi.

      3. Еңбектiң үлгiлiк нормалары мен нормативтерiн ауыстыруды және қайта қарауды оларды бекiткен органдар еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен жүзеге асырады.

      4. Еңбек нормалары жұмыс орындарына аттестаттау мен рационализациялау жүргiзу, еңбек өнiмдiлiгiнiң өсуiн қамтамасыз ететiн жаңа техника, технология және ұйымдық-техникалық iс-шаралар енгiзу шамасына қарай мiндеттi түрде ауыстырылуға тиiс.
      Жекелеген қызметкерлердiң өз бастамасы бойынша жаңа еңбек тәсiлдерiн қолдануы және жұмыс орындарын жетiлдiруi есебiнен өнiм шығарудың (қызметтер көрсетудiң) жоғары деңгейiне қол жеткiзу бұрын белгiленген еңбек нормаларын қайта қарауға негiз болып табылмайды.

      5. Қызметкерлер кемiнде бiр ай бұрын жұмыс берушiнiң жаңа еңбек нормаларын енгiзуi туралы хабардар етiледi.

      118-бап. Еңбек нормаларын әзiрлеуге қойылатын талаптар

      Еңбектiң нормаларын әзiрлеу кезiнде:


      1) еңбек нормаларының сапасы, оны қажеттi еңбек шығындарына оңтайлы жақындату;
      2) ұқсас ұйымдастыру-техникалық жағдайларда орындалатын бiрдей жұмыстарға бiрыңғай еңбек нормаларын белгiлеу;
      3) еңбек нормаларының ғылым және техника жетiстiктерi негiзiндегi прогрессивтiлiгi;
      4) еңбек нормалары белгiлене алатын және оны белгiлеу орынды болатын жұмыс түрлерiн еңбектi нормалаумен қамту;
      5) еңбек нормаларының техникалық (ғылыми) негiздiлiгi қамтамасыз етiлуге тиiс.

      119-бап. Еңбектi нормалауды реттеудiң ерекшелiктерi

      Қызметтер көрсетуге (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) мемлекеттiк реттеу енгiзiлетiн ұйымдарда еңбек нормаларын ұсыну, қарау және келiсу тәртiбiн еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейдi .

10-тарау. ЕҢБЕККЕ АҚЫ ТӨЛЕУ

      120-бап. Еңбекке ақы төлеу саласындағы мемлекеттiк


                кепiлдiктер

      Қызметкерлердiң еңбегiне ақы төлеу саласындағы мемлекеттiк кепiлдiктер:


      айлық жалақының ең төменгi мөлшерiн;
      осы Кодекстiң 122-бабына сәйкес айқындалатын сағаттық жалақының ең төменгi мөлшерiн;
      еңбекке ақы төлеудiң ең төменгi стандарттарын;
      үстеме жұмыс үшiн ақы төлеудi;
      мереке және демалыс күндердегi жұмыс үшiн ақы төлеудi;
      түнгi уақыттағы жұмыс үшiн ақы төлеудi;
      жұмыскердiң жалақысынан ұстап қалулардың мөлшерiн шектеудi;
      жалақының толық және уақтылы төленуiн және еңбекке ақы төлеу саласындағы мемлекеттiк кепiлдiктердiң iске асырылуын мемлекеттiк бақылауды;
      жалақы төлеудiң тәртiбi мен мерзiмдерiн қамтиды.

      121-бап. Жалақының мөлшерi

      1. Қызметкердiң айлық жалақысының мөлшерi қызметкердiң бiлiктiлiгiне, орындалатын жұмыстың күрделiлiгiне, санына және сапасына, сондай-ақ еңбек жағдайларына қарай сараланып белгiленедi.
      2. Осы кезеңге белгiленген жұмыс уақытының нормасын толық атқарған және еңбек нормаларын (еңбек мiндеттерiн) орындаған қызметкердiң айлық жалақысының мөлшерi Қазақстан Республикасының заңында белгiленген айлық жалақының ең төменгi мөлшерiнен кем
болмауға тиiс.

      122-бап. Жалақының ең төменгi мөлшерiн белгiлеу

      1. Тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңымен жыл сайын белгiленетiн айлық жалақының ең төменгi мөлшерi ең төмен күнкөрiс деңгейiнен кем болмауға тиiс және ол қосымша ақылар мен үстеме ақыларды, өтемақы төлемдерi мен әлеуметтiк төлемдердi, сыйлықақылар мен басқа да ынталандыратын төлемдердi қамтымайды және жұмыс iстелген уақытқа барабар төленедi.
      2. Еңбекке ақы төлеудiң ең төменгi стандарты тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңында белгiленген айлық жалақының ең төменгi мөлшерiн және салалық келiсiмдерде анықталып, Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн салалық арттырушы коэффиценттердi есептеуден айқындалады.
      3. Өз еңбек мiндеттерiн (еңбек нормаларын) орындаған қызметкердiң сағаттық жалақысының ең төменгi мөлшерi тиiстi күнтiзбелiк жылдағы жұмыс уақыты балансына сәйкес орташа айлық жұмыс сағатының санына бөлiнген айлық жалақының ең төменгi мөлшерiнен кем болмауға тиiс.
      4. Бiрiншi разрядты қызметкердiң еңбек шартының, ұжымдық шарттың талаптарында және (немесе) жұмыс берушiнiң актiлерiнде көзделген айлық жалақысының ең төменгi мөлшерi немесе айлық тарифтiк ставкасының мөлшерi тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңында белгiленген айлық жалақының ең төменгi мөлшерiнен кем болмауға, ал ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды), қауiптi жұмыстарда iстейтiн қызметкерлер үшiн - еңбекке ақы төлеудiң ең төменгi стандартынан кем болмауға тиiс.
      Ескерту. Осы Кодекстiң 122-бабы 2-тармағы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.

      123-бап. Еңбекке сағаттық ақы төлеу

      Жұмыс күнi толық болмаған немесе ол толық жүктелмеген кезде нақты орындалған жұмыстар үшiн, сондай-ақ уақытша немесе бiржолғы сипаттағы жұмыстарға ақы төлеу үшiн еңбек шартының, ұжымдық шарттың талаптарымен және (немесе) жұмыс берушiнiң актiсiмен еңбекке сағаттық ақы төлеудi белгiлеуге болады.

      124-бап. Жалақыны индекстеу

      Жалақыны көбейту жұмыс берушiнiң Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнде тиiстi кезеңге белгiленген инфляция деңгейiн негiзге ала отырып, келiсiмдерде, ұжымдық шартта немесе жұмыс берушiнiң актiсiнде белгiленген тәртiппен жүргiзетiн жалақыны индекстеуiн қамтиды.

      125-бап. Еңбекке ақы төлеудi ұйымдастыру

      1. Қызметкерлерге қойылатын бiлiктiлiк талаптары мен белгiлi бiр жұмыс түрлерiнiң күрделiлiгi Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсiптерiнiң бiрыңғай тарифтiк-бiлiктiлiк анықтамалығы, жұмысшы кәсiптерiнiң тарифтiк-бiлiктiлiк сипаттамалары, Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшiлер лауазымдарының бiлiктiлiк анықтамалығы, сондай-ақ ұйымдар басшыларының, мамандарының және басқа да қызметшiлерi лауазымдарының үлгiлiк бiлiктiлiк сипаттамалары негiзiнде белгiленедi. P030012
      2. Орындалатын жұмыстарды белгiлi бiр күрделiлiкке жатқызу және қызметкерлерге бiлiктiлiк разрядтары мен санаттарын беру Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсiптерiнiң бiрыңғай тарифтiк-бiлiктiлiк анықтамалығына және Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшiлер лауазымдарының бiлiктiлiк анықтамалығына, жұмысшы кәсiптерiнiң тарифтiк-бiлiктiлiк сипаттамаларына және ұйымдар басшыларының, мамандардың және басқа да қызметшiлер лауазымдарының үлгiлiк бiлiктiлiк сипаттамаларына сәйкес жүргiзiледi.
      3. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген анықтамалықтарды, жұмысшы кәсiптерiнiң тарифтiк-бiлiктiлiк сипаттамаларын әзiрлеудi, қайта қарауды, байқап көрудi, бекiтудi және қолдану тәртiбiн еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган айқындайды. Әр түрлi экономикалық қызмет ұйымдары басшыларының, мамандарының және басқа да қызметшiлерi лауазымдарының үлгiлiк бiлiктiлiк сипаттамаларын тиiстi қызмет саласының уәкiлеттi мемлекеттiк органдары еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсе отырып әзiрлейдi және бекiтедi.

      126-бап. Еңбекке ақы төлеу жүйелерi

      1. Қызметкерлердiң еңбегiне уақыт бойынша, кесiмдi немесе өзге де еңбекке ақы төлеу жүйелерi бойынша ақы төленедi. Ақы төлеу жеке және (немесе) ұжымдық еңбек нәтижелерi үшiн жүргiзiлуi мүмкiн.
      Еңбекке ақы төлеу жүйесi тарифтiк, тарифсiз немесе аралас жүйелер негiзiнде қалыптастырылуы мүмкiн.
      Еңбекке ақы төлеудiң тарифтiк жүйесi: тарифтiк ставкаларды (айлықақыларды), тарифтiк торды, тарифтiк коэффициенттердi қамтиды.
      Еңбекке ақы төлеудiң тарифсiз жүйесi еңбекке ақы төлеуге арналған қаражатты қызметкерлердiң кәсiби қабiлеттерiн бағалаудың өлшемдерi мен принциптерiне және олардың түпкi нәтижеге қосқан үлестерiне қарай үлестiк бөлуге негiзделедi.
      Еңбекке ақы төлеудiң аралас жүйесiнде еңбекке ақы төлеудiң тарифтiк және тарифсiз жүйелерiнiң элементтерi қамтылуы мүмкiн.
      2. Жұмыс берушi қызметкерлердiң өндiрiс тиiмдiлiгi мен орындалатын жұмыстың сапасын арттыруға мүдделiлiгiн күшейту үшiн сыйлықақы беру жүйесiн және еңбекке ынталандырудың басқа да нысандарын енгiзе алады.
      3. Қызметкерлердiң еңбегiне ақы төлеу және еңбекке ынталандыру жүйелерi ұжымдық шарттың, еңбек шартының талаптарында және (немесе) жұмыс берушiнiң актiлерiнде айқындалады.
      4. Еңбекке ақы төлеу жүйесi бiржолғы ынталандырушы төлемдердi есепке алмағанда, қызметкерлердiң орташа айлық жалақысының кемiнде 75 процентi болатын негiзгi жалақы үлесiн (жалақының негiзгi бөлiгiне қатысты) қамтамасыз етуге тиiс.
      5. Мемлекеттiк бюджет және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң сметасы (бюджетi) есебiнен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу жүйесi Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленедi.
      6. Акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесiлi ұлттық компаниялар мен акционерлiк қоғамдар басшыларының еңбегiне ақы төлеу және оларға сыйлықақы беру шарттары Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен Үлгiлiк ереженiң негiзiнде айқындалады.
      7. Қызметтер көрсетуге (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) мемлекеттiк реттеу енгiзiлетiн ұйымдар қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу жүйесiн қараудың және келiсудiң тәртiбiн еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейдi .
      8. Еңбек шартында, ұжымдық шартта, келiсiмдерде, жұмыс берушiнiң актiлерiнде айқындалған еңбекке ақы төлеу талаптары осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген талаптармен салыстырғанда нашар бола алмайды.

      127-бап. Үстеме жұмысқа ақы төлеу

      Еңбекке уақыт бойынша ақы төлеу кезiнде үстеме уақыттағы жұмысқа кемiнде бiржарым есе мөлшерде ақы төлеу жүргiзiледi. Еңбекке кесiмдi ақы төлеу кезiнде үстеме уақыттағы жұмысқа қызметкердiң белгiленген тарифтiк ставкасының (лауазымдық айлықақысының) кемiнде елу процентi мөлшерiнде қосымша ақы төленедi.

      128-бап. Мереке және демалыс күндерiндегi жұмысқа ақы


                төлеу

      Мереке және демалыс күндерiндегi жұмысқа қызметкердiң күндiк (сағаттық) ставкасы негiзге алына отырып, кемiнде екi есе мөлшерде ақы төлеу жүргiзiледi.

      129-бап. Түнгi уақыттағы еңбекке ақы төлеу

      Түнгi уақыттағы жұмыстың әр сағатына қызметкердiң күндiк (сағаттық) ставкасы негiзге алына отырып, кемiнде бiр жарым есе мөлшерде ақы төленедi.

      130-бап. Әр түрлi бiлiктiлiк жұмыстарын орындаған кезде
                еңбекке ақы төлеу

      Қызметкер әр түрлi бiлiктiлiк жұмыстарын орындаған кезде оның еңбегiне неғұрлым жоғары бiлiктiлiк жұмысы бойынша ақы төленедi.


      Жоғары бiлiктiлiк қызметкерiне өндiрiс сипатын ескере отырып оған тағайындалған разрядтан төмен тарифтелетiн жұмысты орындау тапсырылған жағдайда, еңбекке ақы төлеу оған тағайындалған бiлiктiлiк (разряд) бойынша жүргiзiледi.

      131-бап. Лауазымдарды қоса атқару (қызмет ету аймағының


                кеңеюi) және уақытша болмаған қызметкердiң
                мiндеттерiн орындау кезiнде еңбекке ақы төлеу

      1. Бiр ұйымда, өзiнiң еңбек шартында қарастырылған негiзгi жұмысымен қатар басқа лауазым бойынша қосымша жұмыс орындайтын немесе уақытша болмаған қызметкердiң мiндеттерiн өзiнiң негiзгi жұмысынан босатылмай орындайтын қызметкерлерге қосымша ақы


төленедi.
      2. Жұмыс берушi лауазымдарды қоса атқарғаны (қызмет ету аймағының кеңеюi) және уақытша болмаған қызметкердiң мiндеттерiн орындағаны үшiн берiлетiн қосымша ақылар мөлшерлерiн қызметкермен келiсе отырып белгiлейдi.

      132-бап. Жаңа өндiрiстердi (өнiмдердi) игеру кезiнде


                еңбекке ақы төлеу

      Ұжымдық шартта және (немесе) еңбек шартында жаңа өндiрiстердi (өнiмдердi) игеру кезеңiнде қызметкердiң бұрынғы жалақысының сақталуы көзделуi мүмкiн.

      133-бап. Бос тұрып қалу уақытына ақы төлеу

      1. Жұмыс берушiнiң кiнәсiнен жұмыстың бос тұрып қалу уақытына ақы төлеудiң тәртiбi мен талаптары еңбек шартында, ұжымдық шартта айқындалады және қызметкердiң орташа жалақысының елу процентiнен кем емес мөлшерде белгiленедi.


      2. Қызметкердiң кiнәсiнен бос тұрып қалған уақытқа ақы төленбеуге тиiс.

      134-бап. Жалақы төлеудiң тәртiбi мен мерзiмдерi

      1. Жалақы Қазақстан Республикасының ұлттық валютасындағы ақшалай нысанда айына кемiнде бiр рет, келесi айдың бiрiншi онкүндiгiнен кешiктiрiлмей төленедi. Жалақы төленетiн күн еңбек шартында, ұжымдық шартта көзделедi.
      2. Жалақы төлеу кезiнде жұмыс берушi әрбiр қызметкерге тиiстi кезеңдегi тиесiлi жалақының құрамдас бөлiктерi, жүргiзiлген ұстап қалулардың мөлшерлерi мен негiздерi туралы, оның iшiнде ұстап қалынған және аударылған мiндеттi зейнетақы жарналары туралы, сондай-ақ төленуге тиiстi жалпы ақша сомасы туралы мәлiметтердi жазбаша түрде ай сайын хабарлауға мiндеттi.
      3. Жалақы төлеу күнi демалыс немесе мереке күндерiне тура келген кезде төлем олардың қарсаңында жүргiзiледi.
      4. Жалақыны және қызметкермен еңбек шартын бұзуға байланысты өзге де төлемдердi төлеу жұмыс берушiнiң кiнәсiнен кешiктiрiлген кезде, жұмыс берушi қызметкерге берешек пен өсiмақыны төлейдi. Өсiмақы мөлшерi жалақы төлеу жөнiндегi мiндеттемелердi орындау күнiне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қайта қаржыландыру ставкасын негiзге ала отырып есептеледi және төлем жүргiзiлуге тиiстi күннен кейiнгi күннен бастап әрбiр кешiктiрiлген күнтiзбелiк күн үшiн есептеледi және төлем жасалған күнмен аяқталады.
      5. Еңбек шарты тоқтатылған кезде жұмыс берушiден қызметкерге тиесiлi барлық сомаларды төлеу шарт аяқталған күннен кейiнгi үш жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей жүргiзiледi.

      135-бап. Жалақы төленетiн орын

      Қызметкерлерге жалақы төлеу, егер еңбек шартының, ұжымдық шарттың талаптарында өзгеше көзделмесе, олардың жұмыс iстейтiн орнында жүргiзiлуге тиiс.

      136-бап. Қызметкердiң орташа айлық жалақысын есептеу

      1. Бес күндiк, сондай-ақ алты күндiк жұмыс аптасында орташа айлық жалақыны есептеу белгiленген қосымша ақылар мен үстеме ақылар, сыйлықақылар және еңбекке ақы төлеу жүйесiнде көзделген тұрақты сипаттағы басқа да ынталандыру төлемдерi ескерiле отырып, тиiстi кезеңдегi орташа күндiк (сағаттық) жалақының есебiнен нақты жұмыс iстелген уақыт үшiн жүргiзiледi.
      2. Осы Кодекске сәйкес тиiстi ақы (төлем) төлеуге байланысты оқиғаның алдындағы он екi күнтiзбелiк ай орташа жалақыны есептеу үшiн есептiк кезең болып табылады. Күнтiзбелiк он екi айдан аз жұмыс iстеген қызметкерлер үшiн орташа айлық жалақы нақты жұмыс iстелген уақыт бойынша айқындалады.
      3. Орташа айлық жалақыны айқындаудың осы Кодексте көзделген барлық жағдайлары үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi оны есептеудiң бiрыңғай тәртiбiн белгiлейдi .
      4. Егер бұл қызметкердiң жағдайын нашарлатпайтын болса, ұжымдық шартта орташа жалақыны есептеудiң өзге кезеңдерi көзделуi мүмкiн.

      137-бап. Жалақыдан ұстап қалу

      1. Қызметкердiң жалақысынан ұстап қалу сот шешiмi бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда жүргiзiледi.
      2. Қызметкердiң өзi жұмыс iстейтiн ұйымға берешегiн өтеу үшiн оның жалақысынан ұстап қалу қызметкердiң жазбаша келiсiмi бар болған кезде жұмыс берушiнiң актiсi негiзiнде жүргiзiлуi мүмкiн.
      3. Ай сайынғы ұстап қалудың жалпы мөлшерi қызметкерге тиесiлi жалақының елу процентiнен аспауға тиiс.

      138-бап. Қызметкердiң қайтыс болуына байланысты



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет