«Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы»



бет8/13
Дата14.07.2016
өлшемі0.9 Mb.
#198167
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

1. Судың құқықтық режимінің түсінігі мен жалпы сипаттамасы. Қазақстан Республикасының Су кодексі және суларды ұтымды пайдалану мен қорғауды қамтамасыз ететін басқа да заңдар.

2. Қазақстан Республикасы су қорының түсінігі мен құрамы және оның жеке бөліктерінің құқықтық режимі. Суды ұтымды пайдалануды және қорғауды камтамасыз ететін мемлекеттік-құқықтық механизмі.

3. Су қорына меншік құқығы және оны жүзеге асыру нысандары.

1. Судың құқықтық режимінің түсінігі мен жалпы сипаттамасы. Қазақстан Республикасының Су кодексі және суларды ұтымды пайдалану мен қорғауды қамтамасыз ететін басқа да заңдар.

ҚР СУ кодексі 2003 ж. 9 шілдесінде қабылданған. Онда келесі негізгі ұғымдар белгіленген.



сулар - су объектiлерiнде жинақталған барлық сулардың жиынтығы.
су режимi - су объектiлерi мен топырақ қабатындағы су деңгейiнiң, шығыстары мен көлемiнiң уақытқа қарай өзгеруi.

су пайдалану - жеке және заңды тұлғалардың өз мұқтаждарын және (немесе) коммерциялық мүдделерiн қанағаттандыру үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен су ресурстарын пайдалану.
     су пайдаланушы - өз мұқтаждарын және (немесе) коммерциялық мүдделерiн қанағаттандыру үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен су ресурстарын пайдалану құқығы берiлген жеке немесе заңды тұлға.

су тұтынушы - су объектiлерiнен су тұтынушы немесе су шаруашылығы ұйымдарының қызметтерiн пайдаланушы және сумен жабдықтау жүйелерiнен су алушы жеке немесе заңды тұлға.
      су пайдалану көзi - су пайдаланушылардың қажеттiлiктерiн қанағаттандыру үшiн пайдаланылуы мүмкiн су объектiсi.

cу объектiлерiн қорғау - су объектiлерiн сақтауға, қалпына келтiруге және ұдайы молайтуға, сондай-ақ судың зиянды әсерiне жол бермеуге бағытталған қызмет.

су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi орган - су қорын пайдалану және қорғау саласындағы басқару мен бақылау қызметiн жүзеге асыратын мемлекеттiк орган.

 Қазақстан Республикасының су заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және СУ Кодекс пен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.


       Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда осы Кодекстегiден өзгеше ережелер белгiленген болса, халықаралық шарттардың ережелерi қолданылады.

Қазақстан Республикасының су заңдары су қорын пайдалану мен қорғау, су қорын және су шаруашылығы құрылыстарын басқару саласындағы қатынастарды және өзге де су қатынастарын реттейдi.


    Су объектiлерiн пайдалану мен қорғау кезiнде туындайтын жерге, орманға, өсiмдiк пен жануарлар дүниесiне қатысты қатынастар арнайы заңдармен және Су Кодекспен реттеледi.

  Су объектiлерiнiң экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мен табиғи су экологиялық жүйелерiне шаруашылық және өзге де қызметтiң зиянды әсерiн болғызбау кезiнде туындайтын қатынастар Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы заңдарымен, сондай-ақ Су Кодекспен реттеледi.

Жep қойнауын геологиялық зерттеу, барлау және кешендi игеру, жер асты сулары мен жер асты құрылыстарын судың зиянды әсерiнен қорғау саласында туындайтын қатынастар жер қойнауы режимiне бағындырылады және, Су Кодекстiң 66-бабының 5 және 6-тармақтарын қоспағанда, жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану, өнеркәсiп қауiпсiздiгi саласындағы Қазақстан Республикасының тиiстi заңдарымен реттеледi.

Су объектiлерiндегi табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою саласында туындайтын қатынастар Қазақстан Республикасының табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы заңдарымен реттеледi.

Кеме қатынасы мен теңiзде жүзу саласында туындайтын қатынастар Қазақстан Республикасының су көлiгi саласындағы заңдарымен реттеледi.

Теңiз суларын пайдалану саласындағы қатынастар Су Кодекспен және Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттармен реттеледi.

Трансшекаралық суларды пайдалану мен қорғауға байланысты қатынастар Су Кодекспен, Қазақстан Республикасының заңдарымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттармен реттеледi.

ҚР Су кодексі 10-бөлімнен, 29-тараудан және 146-баптан тұрады.

  ҚР СУ кодексінің 2-бабында оның мақсат міндеттері көзделген.

  Қазақстан Республикасы су заңдарының мақсаттары халықтың және қоршаған ортаның тiршiлiк жағдайларын сақтау мен жақсарту үшiн су пайдалану мен су қорын қорғаудың экологиялық қауiпсiз және экономикалық оңтайлы деңгейiне қол жеткiзу және қолдау болып табылады.

Қазақстан Республикасы су заңдарының мiндеттерi:
      1) су қорын пайдалану және қорғау саласындағы мемлекеттiк саясатты жүргізу;

2) су қатынастарын реттеу;

3) тұрақты су пайдалануды және су қорын қорғауды қолдау мен дамытудың құқықтық негiздерiн қамтамасыз ету;

4) су қорын пайдаланудың және қорғаудың негiзгi принциптерi мен бағыттарын айқындау;

5) су ресурстарын зерттеу, барлау және осы ресурстар мен су шаруашылығы құрылыстарын ұтымды және кешендi пайдалану саласындағы қатынастарды басқару.

    Қазақстан Республикасының су заңдары мынадай принциптерге негiзделедi:
      1) халықтың өмiрi мен қызметiнiң негiзi болып табылатын сулардың мемлекеттiк маңызын мойындау;

2) халықты ауыз судың қажеттi мөлшерiмен және кепiлдi сапасымен бiрiншi кезекте қамтамасыз ету;

3) халықтың суға әдiл және теңдей қол жеткiзуi;

4) су алуды азайтуға және судың зиянды әсерiн кемiтуге мүмкiндiк беретiн қазiргi заманғы технологияларды игерiп, кешендi және ұтымды су пайдалану;

5) су объектiлерiн оларды қорғаумен қоса кешендi пайдалану;

6) арнайы су пайдаланудың ақылылығы;

7) Қазақстан Республикасының су заңдарын бұзудан келтiрiлген залалды өтеу;

8) Қазақстан Республикасының cу заңдарын бұзғандық үшiн жауапкершiлiктiң бұлтартпастығы;

9) су қорын пайдалану мен қорғау жөнiндегi мiндеттердi шешудегi жариялылық және оларға жұртшылықты тарту;

10) Қазақстан Республикасы су қорының жай-күйi туралы ақпараттың қолжетiмдiлiгi;

11) халықаралық нормалар мен Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттардың негiзiнде трансшекаралық суларды пайдалану.

2. Қазақстан Республикасы су қорының түсінігі мен құрамы және оның жеке бөліктерінің құқықтық режимі. Суды ұтымды пайдалануды және қорғауды камтамасыз ететін мемлекеттік-құқықтық механизмі.

Қазақстан Республикасының су қоры Қазақстан Республикасының аумағы шегiндегi мемлекеттiк су кадастрына енгiзiлген немесе енгiзiлуге тиiс барлық су объектiлерiнiң жиынтығын қамтиды.

Шекарасы, көлемi мен су режимi бар құрлық бетi бедерлерiндегi және жер қойнауындағы су шоғырланымдары Қазақстан Республикасының су объектiлерiне жатады. Олар: теңiздер, өзендер, соларға теңестiрiлген каналдар, көлдер, мұздықтар және басқа да жер үстi су объектiлерi, жер асты сулары бар жер қойнауының бөлiктерi.

 Қазақстан Республикасының су ресурстары су объектiлерiнде жиналған, пайдаланылатын немесе пайдаланылуы мүмкiн жер үстi және жер асты суларының қорлары болып табылады.

 Су қорының жерлерi

Су айдындары (өзендер және соларға теңестiрiлген каналдар, көлдер, су қоймалары, iшкi сулар, аумақтық сулар), мұздықтар, батпақтар, мемлекетаралық және республикалық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстары алып жатқан су қорының жерлерi, сондай-ақ осы құрылыстардың су қорғау белдеулерiне және ауыз сумен жабдықтаудың су тарту жүйелерiнiң санитарлық қорғау аймақтарына бөлiнген жерлер мемлекет меншiгiнде болады.

Ауданаралық (облыстық) және шаруашылықаралық (аудандық) маңызы бар су шаруашылығы құрылыстары (cyapу және сорғыту жүйелерi) орналасқан су қорының құрамындағы жер учаскелерi, сондай-ақ бiр шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң жер учаскесiне қызмет көрсететiн ирригациялық құрылғылар, аталған құрылыстар жекешелендiрiлген жағдайда, азаматтардың және Қазақстан Республикасының мемлекеттiк емес заңды тұлғаларының жеке меншiгiнде болуы мүмкiн.            Қазақстан Республикасының су қоры айрықша мемлекеттiк меншiкте болады.

Су қорын иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығын Қазақстан Республикасының Yкiметi жүзеге асырады.

Су объектiлерiне мемлекеттiк меншiк құқығын бұзған жеке және заңды тұлғалардың iс-әрекеттерiнiң күшi болмайды және ол Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауапкершiлiкке әкеп соғады.

 Су қатынастары объектiлерi

 Су объектiлерi, су шаруашылығы құрылыстары және су қорының жерлерi су қатынастарының объектiлерi болып табылады.

Су объектiлерi:

1) жер үстi су объектiлерi;

2) жер асты су объектiлерi;

3) Қазақстан Республикасының теңiз сулары;

4) трансшекаралық сулар болып бөлiнедi.

Пайдалану түрлерiне қарай су объектiлерi:

1) ортақ пайдаланудағы су объектiлерi;

2) бiрлесiп пайдаланудағы су объектiлерi;

3) оқшау пайдаланудағы су объектiлерi;

4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың су объектiлерi;

5) ерекше мемлекеттiк маңызы бар су объектiлерi болып бөлiнедi.

 Жер үстi су объектiлерi

 Жер үстi су объектiлерi:

1) су айдындары - өзендер және соларға теңестiрiлген каналдар, көлдер, су қоймалары, тоғандар және басқа iшкi су айдындары, аумақтық сулар;

2) мұздықтар, батпақтар болып бөлiнедi.

Жер үстi су объектiлерi жер үстi суларынан, олардың түбiнен және жағалауынан тұрады.

  Жер асты су объектiлерi

Жер асты су объектiлерiне мыналар жатады:

1) су тұтқыш аймақтар, тау-кен жыныстарының жиектерi мен кешендерi;

2) жер асты суларының бассейнi;

3) жер асты сулары орындары мен учаскелерi;

4) жер асты суларының құрлықта немесе су астынан табиғи шығуы;

5) жер қойнауының суландырылған учаскелерi.

 Теңiз сулары

Қазақстан Республикасының теңiз суларына, егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы шегiндегi Каспий және Арал теңiздерiнiң сулары жатады.

Трансшекаралық сулар

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын белгiлейтiн және (немесе) қиып өтетiн жер үстi және жер асты сулары трансшекаралық сулар болып табылады.

Ортақ пайдаланудағы су объектiлерi

 Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, барлық су объектiлерi ортақ пайдаланудағы объектiлер болып табылады.

Су объектiлерiнде ортақ су пайдалану осы Кодексте белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

 Бiрлесiп пайдаланудағы су объектілерi

Жеке немесе заңды тұлғаларға толық немесе iшiнара бiрлесiп пайдалануға берiлген су объектiлерi бiрлесiп пайдаланудағы су объектiлерi болып табылады.

Бiрлесiп пайдаланудағы су объектiлерiн пайдаланған кезде ағын судың төменгi жағында орналасқан су пайдаланушылардың мүдделерi бiрiншi кезекте қанағаттандырылады.

Бiрлесiп пайдаланудағы су объектiлерiн пайдаланатын су пайдаланушылар өзара мүдделерді ескеруге, су пайдалану құқығын жүзеге асыруды қиындатпауға және бiр-бiрiне зиян келтiрмеуге мiндеттi.

Бiрлесiп пайдалану үшiн су объектiлерiн облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша бередi.

Оқшау пайдаланудағы су объектiлерi

Жеке немесе заңды тұлғаларға толық немесе iшiнара оқшау пайдалануға берiлген су объектiлерi оқшау пайдаланудағы су объектiлерi болып табылады.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың су
 объектiлерi

 Ерекше қорғалатын су объектiлерiн құру тәртiбi, қорғау және пайдалану режимi, сондай-ақ оларда қызмет ету жағдайлары Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдарымен белгiленедi.



Ерекше мемлекеттiк маңызы бар су объектiлерi

Қоршаған орта мен аймақ экономикасына басым ықпал ететiн және шаруашылық қызметтi реттеудiң ерекше құқықтық режимiн талап ететiн жаратылысы табиғи су объектiлерi ерекше мемлекеттiк маңызы бар су объектiлерi деп танылады.

Ерекше мемлекеттiк маңызы бар су объектiлерiнiң тiзбесiн және олардағы шаруашылық қызметтi реттеудiң құқықтық режимiнiң ерекшелiктерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.

Су объектiлерiнiң және су қоры жерлерiнiң айналымдық қабiлетi

Су объектiлерiнiң, су қоры жерлерiнiң айналымына, сондай-ақ олар орналасқан су объектiлерi мен жерлердiң иелiктен шығарылуына әкеп соғатын немесе әкеп соғуы мүмкiн болатын сатып алуға, сатуға, кепiлге беруге және басқа да мәмiлелер жасасуға жол берiлмейдi.

Жеке және заңды тұлғаларға cу объектiлерiн пайдалану құқығын облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша табыстайды.

Жеке және заңды тұлғаларға су объектiлерi:

қысқа мерзiмдi пайдалану;

ұзақ мерзiмдi пайдалану құқығымен табысталады.

Қысқа мерзiмдi пайдалану құқығы бес жылға дейiнгi мерзiмге, ұзақ мерзiмдi пайдалану құқығы бес жылдан қырық тоғыз жылға дейiнгi мерзiмге табысталады.
       Су объектiлерi пайдалануына берiлген жеке және заңды тұлғалар су объектiлерiн пайдалану құқығына билiк ете алмайды.

Су сервитуты

  Су объектiлерiне су сервитуты қауымдық және жеке су сервитуттары нысандарында болады.

Ортақ пайдаланудағы су объектiлерiн әркiм пайдалана алады, бұл жағдайда қауымдық су сервитуты су объектiсiн пайдалану құқығының ажырамас бөлiгi болып табылады.

Ортақ пайдаланудағы су объектiсi болып табылмайтын су объектiсiне қауымдық су сервитуты Қазақстан Республикасы заңдарының, облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органы актiсiнiң немесе оны пайдалануға алған жеке немесе заңды тұлғалардың су объектісiн пайдалану тәртiбiн жариялауы негiзiнде туындауы мүмкiн.

Су объектiсiн ұзақ мерзiмдi немесе қысқа мерзiмдi пайдалану құқығы өзге де мүдделi тұлғалардың пайдасына (жеке су сервитуты) шектелуi мүмкiн.

Жеке су сервитуты қауымдық су сервитуты сияқты негіздерде белгiленедi, сондай-ақ сот шешiмiнiң негiзiнде де белгiленуi мүмкiн.

Қауымдық және жеке су сервитуттары:
      1) құрылыстарды, техникалық құралдар мен құрылғыларды қолданбай су алу;

2) суат және мал айдау;

3) су объектiлерiн сал, қайық және басқа да шағын көлемдi кемелер үшiн су жолдары ретiнде пайдалану мақсаттарында белгiленуi мүмкiн.

Су сервитуттарын жүзеге асыру үшiн арнайы су пайдалануға лицензия және рұқсат алу талап етiлмейдi.



Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттiк басқару

 Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттiк басқаруды Қазақстан Республикасының Үкiметі, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi орган, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өз құзыретi шегiнде облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдары жүзеге асырады.

Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы басқару құрылымы кешендiлiгi мен қоса бағыныстылығы ескерiле отырып, мынадай деңгейлерге бөлiнедi:
      1) мемлекетаралық;

2) мемлекеттiк;

3) бассейндiк;

4) аумақтық.

Мемлекеттiк органдар су қорын ұтымды пайдалану мен қорғау жөнiндегi шаралар бағдарламасын әзiрлеуге және жүзеге асыруға азаматтар мен қоғамдық бiрлестiктердi тартуы мүмкiн.
Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттiк басқарудың негiзгi принциптерi

  Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттiк басқару:

1) су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттiк реттеу мен бақылау;

2) тұрақты су пайдалану - суды ұқыпты, ұтымды және кешендi пайдалану мен қорғауды ұштастыру;

3) су пайдаланудың оңтайлы жағдайларын жасау, қоршаған ортаның экологиялық тұрақтылығын және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық қауiпсiздiгiн сақтау;

4) бассейндiк басқару;

5) су қорын пайдалану және қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылау мен басқару функцияларын және су ресурстарын шаруашылық пайдалану функцияларын бөлу принциптерiне негiзделедi.

   Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы


               мемлекеттiк басқарудың негiзгi мiндеттерi

Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттiк басқарудың негiзгi мiндеттерi:

1) экономика салаларын сумен қамтамасыз етудi талдау және бағалау, кемшiлiктердi анықтау және оларды жою жөнiндегi шараларды айқындау;
      2) су ресурстарының қолда бар көлемiн, олардың сапасын және оларды пайдалану құқықтарының болуын айқындау;

3) су тұтыну, су беру және су қорғау технологияларын жетiлдiрудiң негiзгi бағыттарын әзiрлеу;

4) қолда бар су ресурстарының көлемiн ұлғайту және су тапшылығын жабу үшiн оларды ұтымды қайта бөлу жөнiндегi iс-шаралардың болжамы және оларды ұйымдастыру;

5) жылдың сулылығына қарай суға қажеттiлiктi қанағаттандыру басымдығы бойынша су ресурстарын бөлiп су пайдалану құрылымын белгiлеу т.б



Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы құзыретi

  Қазақстан Республикасының Yкiметi:

1) су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлейдi;

2) республикалық меншiктегi су шаруашылығы құрылыстарын басқаруды ұйымдастырады;

3) суларды және олардың пайдаланылуын мемлекеттiк есепке алуды, мемлекеттiк су кадастры мен су объектiлерiнiң мемлекеттiк мониторингiн жүргiзу тәртiбiн белгiлейдi;

4) сумен жабдықтаудың баламасыз көздерi болып табылатын ерекше маңызды топтық сумен жабдықтау жүйесiнiң тiзбесiн бекiтедi;

5) ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiне су беру және ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздерi болып табылатын ерекше маңызды топтық сумен жабдықтау жүйелерiнен ауыз су беру жөнiндегi қызметтер құнын субсидиялау тәртiбiн бекiтедi т.б.

Су қорын пайдалану және қорғау саласындағы  уәкiлеттi органның құзыретi

Су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi орган:


     1) су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттiк саясатты әзiрлеуге және iске асыруға қатысады;

2) экономиканың су секторының даму бағдарламаларын әзiрлейдi;

3) негiзгi өзендердiң бассейндерi мен тұтас алғанда республика бойынша басқа да су объектiлерi бойынша су ресурстарын кешендi пайдалану және қорғау схемаларын әзiрлейдi;

4) экономика салаларында су тұтынудың үлестiк нормаларын келiседi;

5) ортақ су пайдаланудың үлгi ережелерiн бекiтедi;

6) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен арнайы су пайдалану жөнiндегi қызметтiң түрлерiне лицензия немесе рұқсат берудi, олардың күшiн тоқтата тұруды жүзеге асырады;

7) бассейндер және облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана) деңгейiнде су пайдалану лимиттерiн бекiтедi т.б.

Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдарының су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы құзыретi

   Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдары:

1) су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен үлгi ережелердiң негiзiнде аймақтық жағдайлардың ерекшелiктерiн ескере отырып, ортақ су пайдалану ережелерiн белгiлейдi;

2) су объектiлерiн ұтымды пайдалану мен қорғау жөнiндегi аймақтық бағдарламаларды бекiтедi және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;

3) коммуналдық меншiктегi су шаруашылығы құрылыстарын пайдалануға беру және алып қою тәртiбiн белгiлейдi;

4) жер үстi көздерiндегi су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемақы ставкаларын бекiтеді.



Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы құзыретi

      Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары:

1) коммуналдық меншiктегi су шаруашылығы құрылыстарын басқарады, оларды қорғау жөнiндегi шараларды жүзеге асырады;

2) бассейндiк су шаруашылығы басқармаларымен, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша ауыз сумен жабдықтау көздерiнiң су қорғау аймақтарын, белдеулерiн және санитарлық қорғау аймақтарын белгiлейдi;


      3) су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша су объектiлерiн оқшау және бiрлесiп пайдалануға бередi;
      4) бассейндiк кеңестердiң жұмысына және бассейндiк келiсiмге қатысады

5) су объектiлерiн ұтымды пайдалану мен қорғау жөнiндегi аймақтық бағдарламаларды әзiрлейдi, оларды iске асыруды қамтамасыз етедi т.б.


      3. Су шаруашылығы құрылыстарына меншiк құқығы

Су шаруашылығы құрылыстары мемлекеттiк не жеке меншiкте болуы мүмкiн.

Жеке меншiктегi су шаруашылығы құрылыстарын пайдалануға, иемденуге және оларға билiк етуге байланысты қатынастар, егер Су Кодексте өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарымен реттеледi.

  Ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстары

Ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстары мемлекеттiк меншiкте болады және жалға, сенiмгерлiк басқаруға берiлмейдi және жекешелендiруге жатпайды.

Ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстарының тiзбесiн Қазақстан Республикасының Президентi белгiлейдi.



Республикалық меншiктегі су шаруашылығы құрылыстар

Республикалық меншiктегi су шаруашылығы құрылыстары мемлекеттiк су шаруашылығы ұйымдарына бекiтiлiп берiледi.

Республикалық меншiктегi су шаруашылығы құрылыстарының тiзбесiн су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi органның, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегi уәкiлеттi органның ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.

Республикалық меншiктегi су шаруашылығы құрылыстары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жалға, сенiмгерлiк басқаруға берiлуi және жекешелендiрiлуi мүмкiн.



Коммуналдық меншiктегi су шаруашылығы құрылыстар

Коммуналдық меншiктегi су шаруашылығы құрылыстары мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорындарға бекiтiлiп берiледi және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстарынан басқалары, жалға, сенiмгерлiк басқаруға, өтеусiз пайдалануға берiлуi мүмкiн.

Ауыз сумен жабдықтау жүйелерiне меншiк құқығы

Ауыз сумен жабдықтау жүйелерi республикалық, коммуналдық меншiкте, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың меншiгiнде болуы мүмкiн.

Республикалық меншiктегi ауыз сумен жабдықтау жүйелерiн пайдалануды мемлекеттiк ұйымдар жүзеге асырады.

Коммуналдық меншiктегi ауыз сумен жабдықтау жүйелерiн пайдалануды мемлекеттiк және өзге де ұйымдар жүзеге асырады.

Ауыз сумен жабдықтаудың жекелеген жүйелерi тұрғын үй кондоминиумдарының құрамына кiруi мүмкiн.

Ауыл шаруашылығы су пайдаланушыларына қызмет көрсетуге арналған су шаруашылығы құрылыстары

  Ауыл шаруашылығы су пайдаланушыларына қызмет көрсетуге арналған су шаруашылығы құрылыстары мемлекеттiк немесе жеке меншiкте болуы мүмкiн.

Мемлекеттiк меншiктегi ауыл шаруашылығы су пайдаланушыларына қызмет көрсетуге арналған су шаруашылығы құрылыстары Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiп пен шарттар бойынша осы құрылыстарға қызмет көрсететiн су пайдаланушыларға немесе олардың бiрлестiктерiне жалға, сенiмгерлiк басқаруға, өтеусiз пайдалануға берiлуi, сондай-ақ сатылуы немесе өтеусiз берiлуi мүмкiн.

Су шаруашылығы құрылыстарын уақытша мемлекеттiк басқару

Ұлттық қауiпсiздiк мүдделерiне, азаматтардың өмiрi мен денсаулығына қатер төнген жағдайда және республиканың немесе аймақтың экономикасы үшiн маңызды стратегиялық мәнi бар жекелеген су шаруашылығы құрылыстарының тұрақты жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi уәкiлеттi органның ұсынысы бойынша осы құрылыстарға қатысты уақытша мемлекеттiк басқаруды енгiзуi мүмкiн.

Су шаруашылығы құрылыстарына құқықтарды және олармен мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу

 Су шаруашылығы құрылыстарына және олармен жасалатын мәмiлелерге құқықтар Қазақстан Республикасының жылжымайтын мүлiкке және олармен жасалатын мәмілелерге құқықтарды мемлекеттiк тiркеу туралы заңдарына сәйкес мiндеттi түрде мемлекеттiк тiркелуге тиiс.


   Су шаруашылығы құрылыстарына құқықтарды мемлекеттiк тiркеу құрылысқа су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген нысандағы паспорты болған жағдайда жүргiзiледi.

 Су шаруашылығы құрылыстарын меншiктенушiлердiң жауапкершiлiгi

  Су шаруашылығы құрылыстарын меншiктенушiлер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес олардың техникалық жай-күйiнiң қауiпсiздiгi үшiн жауапты болады.

Су шаруашылығы құрылыстарының қауiпсiздiгiн меншiктенушiлердiң қамтамасыз етуiн қадағалауды су қорын пайдалану және қорғау саласындағы, төтенше жағдайлар және өнеркәсiп қауiпсiздiгi жөнiндегі уәкiлеттi органдар жүзеге асырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет