Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі


Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды; 2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен



бет15/32
Дата09.07.2016
өлшемі1.63 Mb.
#186525
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   32
Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды; 2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен 1-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1-1. Осы баптың 1-тармағында аталған лауазымды адамдарды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган тағайындайды.

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның мемлекеттiк экологиялық бақылау бөлiмшелерi мемлекеттiк қызметшiлерiнiң санаттарын осы баптың 1-тармағында көрсетілген лауазымды адамдарға жатқызу тәртібін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

2011.06.01. № 379-IV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



2. Мемлекеттік экологиялық инспекторлар белгiленген тәртiппен нысанды киіммен (погонсыз), қызметтiк куәлiктермен, омырау белгiлерiмен және белгiленген үлгiдегi мөрлермен және пломбирлермен қамтамасыз етiледi.

Нысанды киім (погонсыз) киiп жүру құқығы бар лауазымды адамдар лауазымдарының тiзбесiн, нысанды киім (погонсыз) үлгілерін, оны киіп жүру тәртібін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган айқындайды.



3. Мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамның қызметіне араласуға жол берілмейді.

4. Мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыруға кедергі келтіретін, мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға қатысты күш көрсету немесе зорлық іс-әрекет жасау арқылы қатер төндіретін адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.

2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

5. Мемлекеттік экологиялық инспекторлардың өз өкілеттігі шегінде қабылдаған шешімдерін барлық жеке және заңды тұлғалар орындауға міндетті және солар бойынша мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын жоғары тұрған мемлекеттік органның лауазымды адамына немесе сотқа шағым жасауға болады.

2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды

6. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік экологиялық инспекторында, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бас мемлекеттік экологиялық инспекторларында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және өз атауы жазылған құжаттардың бланкілері болады.

 

117-бап. Мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың құқықтары



1. Мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар:

1) табиғат пайдаланушылармен, жеке тұлғалармен және қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасасуға;

2) тексерілетін объектілерде, оның ішінде әскери және қорғаныс объектілерінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен кедергісіз болуға;

3) жеке және заңды тұлғалардың аумақтарына сынамалар алуға арналған өлшеу аспаптары мен жабдықтарды алып кіруге, қажет болғанда мамандарды және жұртшылық өкілдерін тарта отырып, қажетті өлшеу жұмыстарын жүргізуге, сынамалар (оның ішінде тауарлар мен материалдардың үлгілерін) алуға және оларға талдау жасауға;

4) мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыруға қажетті құжаттаманы, талдаулар нәтижелерін және өзге де материалдарды сұратуға және алуға;

2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5) тармақша жаңа редакцияда



5) қоршаған ортаға және (немесе) халықтың денсаулығына аса ірі залал келтiруге әкеп соққан, табиғат пайдаланушы экологиялық нормалар мен талаптарды, экологиялық рұқсатта көзделген табиғат пайдалану шарттарын бұзған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен лицензияны тоқтата тұру немесе одан айыру және (немесе) табиғи ресурстарды пайдалану және алу шартын (келiсiмшартты) бұзу жөнінде, табиғат пайдалануға экологиялық және өзге де рұқсаттарды тоқтата тұру немесе одан айыру жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;

6) жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар шығаруға;

7) соттарға Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып жүзеге асырылатын шаруашылық және өзге де қызметті шектеу, тоқтата тұру және тыйым салу туралы талап-арыздар ұсынуға;

8) қоршаған ортаны қорғау саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға, тұлғаларды әкімшілік немесе қылмыстық жауапқа тарту туралы материалдарды тиісті органдарға жіберуге;

9) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзу салдарынан қоршаған ортаға келтірілген залал мөлшерін айқындауға немесе анықтауға қатысуға, залалды өтеу туралы нұсқама шығаруға және сотқа талап-арыз ұсынуға;

10) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзушылардың іс-әрекеттерін болғызбау немесе олардың жолын кесу үшін жәрдемдесуін сұрап, прокуратураға және құқық қорғау органдарына жүгінуге;

11) мердігер барлау, өндіру, бірлескен барлау мен өндіру жүргізуді не барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жер асты құрылыстарын салуды және (немесе) пайдалануды тоқтата тұру туралы шешім қабылдауға әкеп соққан себептерді жоюдан бас тартқан жағдайда не осы себептерді жою үшін жеткілікті мерзім ішінде оларды жоймаса; жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында көзделген шараларды қолданбаған кезде; жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды тоқтата тұруға әкеп соққан себептерді жою мүмкін болмағанда; мердігер келісімшартта не бағдарламалық жұмыстарда белгіленген міндеттерді елеулі түрде бұзған кезде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге арналған келісімшарттың қолданылуын тоқтату туралы өз құзыреті шегінде құзыретті органға ұсыныс енгізуге құқылы.

2. Мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда арнаулы құралдарды (арнайы байланыс құралдарын, фото-бейне аппаратураларды, өлшеу құралдарын) сақтауға, алып жүруге және қолдануға құқығы бар.

 

118-бап. Мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың міндеттерi



Мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар:

1) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасы талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыруға;

2) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауға;

3) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзудың қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері бар фактілері туралы құқық қорғау органдарына хабарлауға;

4) Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету мәселелері бойынша басқа да мемлекеттік органдармен, сондай-ақ жеке және (немесе) заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасауға;

5) инспекторлық ақпарат құпиялылығын сақтауға;

6) қызметтік әдеп ережелерін сақтауға міндетті.

 

 

13-тарау. Инспекторлық экологиялық тексерулер



 

2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 119-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



119-бап. Инспекторлық экологиялық тексерулер

1. Инспекторлық экологиялық тексеру - мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар табиғат пайдаланушылардың Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын сақтауы туралы ақпаратты жинау мен талдау арқылы жүргізетін іс-шаралар кешені.

2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды



1-1. Инспекторлық экологиялық тексерулерді жүргізуге мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар ғана жіберіледі.

2. Инспекторлық экологиялық тексеруді жүргізу, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, табиғат пайдаланушының қызметін тоқтата тұруға тиіс емес.

2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.

Тексеру «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Кодекске сәйкес жүзеге асырылады.

 

120-бап. 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)



 

121-бап. 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)



 

122-бап. 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)



 

123-бап. 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)



 

124-бап. 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)



 

2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 125-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



125-бап. Мемлекеттік экологиялық бақылаудың өзге де нысандары

1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның құрамына кіретін зертхана бақылауды қамтамасыз ету мақсатында тікелей табиғи объектілерде және ластау көздерінде талдамалық бақылауды жүзеге асырады.

2. Талдамалық бақылауды табиғат пайдалану объектісінің санитариялық-қорғаныш аймағынан тыс жерлерде жүзеге асыру үшін сынамаларды іріктеп алу кез келген уақытта тіркеусіз жүзеге асырылады.

3. Талдамалық бақылаудың нәтижелері табиғат пайдаланушылардың қоршаған орта сапасының нормативтерін сақтауын айқындайды және Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының сақталмауын негіздеу үшін пайдаланылады және қоршаған орта сапасының нормативтері шегінен асып кету фактілері бойынша тексеруді тағайындау туралы актіні ресімдеуге негіз болып табылады.

4. Камералдық бақылау қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның тікелей орналасқан жері бойынша табиғат пайдаланушы табыс еткен есептілікті және басқа да құжаттарды зерделеу мен талдау негізінде жүзеге асырылады.

5. Табиғат пайдаланушының есептілігінде және басқа да құжаттарында қамтылған мәліметтер арасында қателіктер мен қайшылықтардың анықталуы тексеруді тағайындау туралы актіні ресімдеуге негіз болып табылады.

 

 



126-бап. Мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың әрекеттеріне  (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібi

Мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген тәртіппен жоғары тұрған мемлекеттік органға және (немесе) лауазымды адамға немесе сотқа шағым жасалуы мүмкін.

 

127-бап. Инспекторлық экологиялық тексеруді жүргізу кезінде ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету



1. Табиғат пайдаланушыға қатысты құпия ақпарат табиғат пайдаланушының жазбаша рұқсатынсыз басқа тұлғаға берілмейді. Ақпараттың құпиялылығы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде және халықаралық шарттарда айқындалады.

2. Мемлекеттік экологиялық инспектор мемлекеттік құпияларды, коммерциялық және өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық  актілерінде көзделген құпия ақпарат беруді қоспағанда, экологиялық тексеру барысында алынған құпия ақпаратты жария етпеуге міндетті.

 

 

14-тарау. Өндірістік экологиялық бақылау



 

128-бап. Өндірістік экологиялық бақылауды тағайындау және оның мақсаттары

1. Арнайы табиғат пайдалануды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар өндірістік экологиялық бақылауды жүзеге асыруға міндетті.

2. Өндірістік экологиялық бақылаудың мақсаттары:

1) табиғат пайдаланушының экологиялық саясатына, қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштеріне және қоршаған ортаға ықпалды әсер ететін өндірістік процестерді реттеу аспаптарына қатысты шешімдер қабылдау үшін ақпарат алу;

2) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету;

3) табиғат пайдаланушының өндірістік процестерінің қоршаған ортаға және адам денсаулығына әсер етуін мейлінше азайту;

4) табиғи және энергетикалық ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру;

5) тосын жағдайларға жедел кідіріссіз ден қою;

6) табиғат пайдаланушылардың басшылары мен қызметкерлерінің неғұрлым жоғары деңгейде экологиялық хабардар болуы мен жауапкершілігін қалыптастыру;

7) кәсіпорындардың экологиялық қызметі және халықтың денсаулығы үшін қатер туралы жұртшылықты хабардар ету;

8) экологиялық талаптарға сәйкестіктің деңгейін арттыру;

9) қоршаған ортаны қорғауды басқару жүйесінің өндірістік және экологиялық тиімділігін арттыру;

10) инвестициялау және кредит беру кезінде экологиялық тәуекелдерді есепке алу болып табылады.

 

129-бап. Өндірістік экологиялық бақылауды жүргізу тәртібi

2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Өндірістік экологиялық бақылауды табиғат пайдаланушы әзірлеген өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасы негізінде табиғат пайдаланушы жүзеге асырады.

2. Өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасында өндірістік экологиялық бақылау процесінде қадағаланып отыратын міндетті параметрлер тізбесі, оның мерзімділігін, ұзақтығы мен өлшемдер жиілігін айқындау критерийлері, пайдаланылатын аспаптық немесе есептік әдістер белгіленеді.

3. Өндірістік экологиялық бақылау шеңберінде өндірістік процестің тиімділігін экологиялық бағалау қоршаған ортаға эмиссиялар, зиянды өндірістік факторлар деңгейін, сондай-ақ табиғи, энергетикалық және өзге де ресурстарды тұтынудың нақты көлемін өлшеу негізінде және (немесе) есептеу негізінде жүзеге асырылады.

 

130-бап. Табиғат пайдаланушының өндірістік экологиялық бақылау жүргізу кезіндегі құқықтары мен міндеттерi



1. Өндірістік экологиялық бақылау жүргізу кезінде табиғат пайдаланушының:

1) Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының сақталуын қадағалап отыру үшін ең аз қажетті көлемде өндірістік экологиялық бақылауды жүзеге асыруға;

2) өзінің техникалық және қаржылық мүмкіндіктерін ескере отырып, қабылданған талаптарға сәйкес өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасын әзірлеуге;

3) өндірістік экологиялық бақылау қызметінің ұйымдық құрылымын және персоналдың оны жүргізу үшін жауапкершілігін дербес айқындауға;

4) кеңейтілген өндірістік экологиялық бақылауды ерікті негізде жүргізуге құқығы бар.

2. Өндірістік экологиялық бақылау жүргізу кезінде табиғат пайдаланушы:

2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



1) өндiрiстiк экологиялық бақылау бағдарламасын әзiрлеуге және оны қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алу шеңберінде қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беретін органға ұсынуға;

2) өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасының талаптарын іске асыруға және нәтижелерін құжаттауға;

3) рәсімдік талаптарды ұстануға және алынған деректердің сапасын қамтамасыз етуге;

4) өндірістік экологиялық бақылаудың нәтижелерін жүйелі түрде бағалауға және Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарына анықталған сәйкессіздіктерді жою жөнінде қажетті шаралар қолдануға;

5) өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері жөніндегі есептілікті қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға белгіленген тәртіппен ұсынуға;

6) өндірістік экологиялық бақылау процесінде анықталған, Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзу фактілері туралы қоршаған ортаны қорғау жөніндегі уәкілетті органға дереу хабарлауға;

7) қауіпсіздік техникасын сақтауға;

8) жүзеге асырылатын өндірістік экологиялық бақылаудың сапасы мен объективтілігін растау үшін мемлекеттік экологиялық инспекторлардың бастапқы ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз етуге;

9) жұртшылықтың өндірістік экологиялық бақылау бағдарламаларына және өндірістік экологиялық бақылау жөніндегі есептік деректерге қол жеткізуін қамтамасыз етуге;

10) мемлекеттік экологиялық инспекторлардың талап етуі бойынша мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті өндірістік экологиялық бақылаудың құжаттарын, талдаулардың нәтижелерін және өзге де материалдарын ұсынуға міндетті.

 

131-бап. Өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасын әзірлеуге қойылатын талаптар



1. Өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасын табиғат пайдаланушы әзірлейді.

2. Өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасында мынадай ақпарат:

1) өндірістік мониторинг процесінде қадағаланып отыратын міндетті параметрлер тізбесі;

2) өндірістік мониторинг пен өлшеулерді жүзеге асыру кезеңі, ұзақтығы және жиілігі;

3) өндірістік мониторингті жүргізуде пайдаланылатын әдістер туралы мәліметтер;

4) сынамаларды іріктеп алу нүктесі және өлшеулер жүргізу орны;

5) деректерді есепке алуды жүргізудің, талдаудың және хабарлаудың әдістері мен жиілігі;

6) ішкі тексерулердің жоспар-кестесі және олардың сақталмауына ден қоюдың ішкі аспаптарын қоса алғанда, Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзушылықтарды жою рәсімі;

7) аспаптық өлшеулердің сапасын қамтамасыз ету тетіктері;

8) тосын жағдайлардағы іс-қимыл хаттамасы;

9) өндірістік экологиялық бақылауды жүргізу үшін қызметкерлердің ішкі жауапкершілігінің ұйымдастырушылық және функционалдық құрылымы;

10) өндірістік экологиялық бақылауды ұйымдастыру мен жүргізу мәселелері көрініс табатын өзге де мәліметтер қамтылуға тиіс.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет