Қазақстан республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі кәрібаева саягүл елтайқызы



бет4/68
Дата28.01.2024
өлшемі2.36 Mb.
#490074
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68
DOC-20231215-WA0054.

5-тапсырма. Берілген ақпаратты «санау, саналу» құрылымды конструкциясын пайдаланып, жазыңыз.

Үлгі: Психолог А.Е.Личко отбасында ата-ана мен баланың арасындағы қарым – қатынас барысында дұрыс және дұрыс емес тәрбие қалыптасып, екіге түрге бөлінеді деген пікірді айтады.


Психолог А.Е.Личко отбасында ата-ана мен баланың арасындағы қарым –қатынас барысында дұрыс және дұрыс емес тәрбие қалыптасады және оны екі түрге бөлуге болады деп санайды.

1. «Азамат қалыптастырамын десең, бесігіңді түзе» - деп, ұлы ғұлама М.Әуезов бекер айтпаған. 2. И.Г. Песталоццидің пікірінше, «Бала тәрбиесі, оның дүниеге келген күнінен басталуы керек. Баланың дүниені түсінуі отбасында басталып, мектепте әрі қарай жалғастырылуы шарт». 3. Ғалымдардың ойынша, отбасындағы жағымды қарым-қатынас балада жауапкершілік, ынтымақтастық, бірлік сияқты сапаларға негіз болса, керісінше жағдайдағы қарым-қатынас (ұрыс-керіс, қақтығысушылық) баланың көңіл-күйіне, еңбекке қабілеттілігіне үлкен зиян келтіреді. 4. "Бір бала бар әкеге жете туар, бір бала бар атадан өте туар, бір бала бар атадан кері туар" деген халқымызда дана сөз бар. 5. «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берілген білім –ол адамзаттың қас жауы, ол келешекте адам өміріне апат әкеледі» деген болатын ұлы бабамыз Әбунасыр әл-Фараби.




ОҚЫЛЫМ


6-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, сызба бойынша негізгі ақпараттарды кестеге орналастырыңыз.
Бала тәрбиесі әр отбасынан басталатыны анық. Қазіргі уақытта бала тәрбиесінің табысты болуы ата-аналарының тәжірибесіне, кәсіби шеберлігіне, ынтымақтастығына, отбасы мүшелері бір-бірін түсінушілігіне, өзара қарым-қатынасына,көзқарастарының және мақсаттарының бірлігіне байланысты. Ол үшін ата-аналар күнделікті өмірде балаларының мінез – құлқына, қажетті қасиеттердің қалыптасуына назар аударуды, тәрбие үрдісінде теріс қылықтарды болдырмауды ойластыруы шарт.Отбасында тәрбие үрдісін шебер басқару үшін ең алдымен ата-ана өз өмірін, өз ісін дұрыс ұйымдастыра білуі қажет. Баланың көпшілік уақыты сәби шағынан бастап отбасында өтеді. Оның өмірін, іс-әрекетін, демалысын бірқалыпты ұйымдастырып, реттеп отыру үшін қажетті жағдай керек. Отбасында бала әр нәрсені естиді, көреді, қалай өмір сүру, өзін-өзі қалай ұстай білу керектігін, жағымды, жағымсыз мінез құлықтарды байқайды. Кейде жағымсыз мінез-құлықтарды бойына сіңіріп, дағдыға айналдырып жатқан балаларды байқауға болады. Пайда болатын теріс қылықтардың басты себептерін талдап көрелік:
Біріншіден, отбасында баланың талап-тілегін бұлжытпай орындау, шектен тыс қамқорлық көрсету. Өз бетінше шешім қабылдауға, әрекет етуге мүмкіндік бермеу. Сондықтан бала өз орнын таба алмай, қиындыққа тап болып жатады. Қыңырлыққа,қарсыласуға үйренеді.
Екіншіден, ата-ана баласын қараусыз қалдырады. Ал кей жағдайларда, кейбір ата-ана тұрақты қатаң бақылауға алады. Оның жүріс-тұрысы, әрбір қадамын есепке алып отырады. Осының нәтижесінде бала ата-ананың торына түсіп, өз бетімен іс-әрекет жасау мүмкіндігі шектелелі.
Үшіншіден, балаға кейде сыртқы факторларда әсер етеді. Қазіргі жаһандану заманында қоғамды түрлі өрескел қылықтар орын алып жатады. Оларға еліктеудің нәтижесінде өмір нормасынан ауытқу пайда болады.
Төртіншіден, отбасындағы әке мен шешенің қарым-қатынасы, іс-әрекеттері. Отбасылық тәрбие беру – күрделі және көп қырлы жүйе. Отбасы тәрбиесінде бала ата-анасының мінез-құлқы шешуші факторлардың бірі. А.Макаренконың балалар тәрбиесі жайлы «сіз өз балаларыңыздың тәрбиесін бастамастан бұрын жеке мінез-құлқыңызды тексеріңіз, ата-аналардың өздеріне талап қойып, өз отбасын қадірлей білуі, өзінің әрбір қадамын қадағалап отыруы – тәрбиенің ең бірінші және ең басты әдісі» дегені бекерден бекер айтыла салған сөз емес.
Осы тұста қазақ зиялыларының бірі М. Жұмабаевтың мынадай бір айтқан сөзімен қорытындыласақ: «Ата-аналар баланы тәрбиелегенде дәл өзіндей етіп тәрбиелеуге тырыспау керек, олар баланы өзінен күшті етіп тәрбиелеуі тиіс. Өйткені олардың заманы ата-аналарының өмір сүріп отырған заманына қарағанда анағұрлым күрделі, талабы жоғары болатынын ұмытпаған жөн».
Ақпарат дереккөзі:
http://www.rusnauka.com/2_ANR_2016/Pedagogica/2_206691.doc.htm





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет