Қазақстан республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі кәрібаева саягүл елтайқызы



бет5/68
Дата28.01.2024
өлшемі2.36 Mb.
#490074
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68
DOC-20231215-WA0054.

Мағыналық бөліктері

Тілдік құрылымдар

Мәтіннің тақырыбы (мәтін деп аталады, ... тақырыбына арналады..)




Мәтінде көтерілген мәселелер (талданады, қарастырылады...)




Баланың тәрбиесіне әсер етуші факторлар




Отбасындағы теріс қылықтардан туындайтын мәселелер




Отбасындағы қарым-қатынасқа сіздің көзқарасыңыз қандай?





НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!!!


ОҚЫЛЫМ


7- тапсырма. Оқыңыз, жаттығыңыз.



Әрекеттің жасалуға бейімділігі

Әрекеттің басталуы

Әрекеттің созылуы

Әрекеттің жүзеге асуы

Бала ата-анадан жүрек жылуын, мейірімділікті қажет етпек және ата-анасын өмірдің тірегі деп санамақ.



Бала ата-анадан жүрек жылуын, мейірімділікті қажет ете және ата-анасын өмірдің тірегі деп санай бастайды.

Бала ата-анадан жүрек жылуын, мейірімділікті қажет етіп және ата-анасын өмірдің тірегі деп санап жүр.

Бала ата-анадан жүрек жылуын, мейірімділікті қажет етті және ата-анасын өмірдің тірегі деп санады.



ЖАЗЫЛЫМ


8-тапсырма. Жоғарыдағы кестені негізге алып, грамматикалық құрылымдарды пайдаланып, кестені толтырыңыз.

Әрекеттің жасалуға бейімділігі

Әрекеттің басталуы

Әрекеттің созылуы

Әрекеттің жүзеге асуы















СӨЙЛЕСІМ


9-тапсырма. Топтық жұмыс
Сіздердің әрекеттеріңіз:

  1. 3 топшаға бөліну;

  2. Топшаңызға берілген сұрақты топшада талқылап, жауапты сурет арқылы жеткізу;

  3. Сурет мазмұнын қорғау.

А. Отбасының сыйластығына қалай қол жеткізуге болады?


Ә. Отбасының татулығы қандай табыстарға жеткізеді?
Б. Отбасы жарастығы дегенді қалай түсінесіздер?
1.2. ӘКЕНІҢ ОТБАСЫНДАҒЫ РӨЛІ
ОҚЫЛЫМ-ЖАЗЫЛЫМ


10-тапсырма. Мәтін мазмұны бойынша жұпта диалог құрастырыңыз.



Дескриптор парағы

0-40

Мәтін мазмұнын түсінуі

10

Мәтін бойынша жұбына 3 сұрақ қоюы

10

Сұрақтарға толық сөйлеммен жауап беруі, жауап беруде мәтін ақпараттарын қолдануы

10

Грамматикалық, стилистикалық қателердің болмауы, туынды зат есімдерді, .. болып келеді, ... болып саналады құрылымдарын дұрыс қолдануы

5

Сұхбаттасуда ұсынылған клишелердің қолданылуы: сіз қалай ойлайсыз; сіздің пікіріңізше,...; мен сіздің пікіріңізбен толықтай келісемін; кешіріңіз, бірақ мен басқаша ойлаймын; сіздің осы туралы ойыңызды білсем деп едім; өте құнды пікір айттыңыз

5



Отбасылық қатынастардағы әкенің рөлі
Бүгінгі күні отбасы жайлы мәселелер көптеген ғылым салаларының зерттеу нысаны ретінде қарастырылып келеді. Бұл ғылыми зерттеулерде отбасы ұғымының мазмұны ашылып, оның құрылымы, функциясы, ондағы мүшелердің өзара қарым–қатынасы және оған қатысты мәселелерді шешуде көптеген тұжырымдамалар ұсынылды. Бұл ғылыми тұжырымдамалар қазіргі кезде ғылым саласында өз орнын тауып, практикаға енгізілуде. Тұлғаның дамуында отбасы мәселесіндегі қарым-қатынас ерекше рөл атқарады. Осы отбасылық қарым-қатынастың нәтижесінде тұлғааралық байланыс орнығып, өзара мәміле қалыптаса отырып, тұлғалық үйлесімді дамытуда жетекші факторлардың бірі болады.
Отбасындағы ата-ана мен баланың қарым-қатынасы мен сезімдер сипатына ешкімнің шүбәсі болмауы тиіс. Отбасылық қарым-қатынаста оның әрбір мүшесінің рөлі ерекше болып табылады. Отбасында ана баланы өмірге әкеледі, оны ақ сүтімен тамақтандырып, әлдилейді және мәпелеп өсіреді. Анадан бала эмоциялық жылулық пен махаббат сезімін сезінсе, ал, әке мен бала арасындағы қарым-қатынасқа әртүрлі көзқарастар мен тұжырымдар бар. Бір көзқарастарда, әкесі әйелі арқылы баламен байланысады десе, екіншілері әке мен баланың байланысы тек экономикалық және эмоциялық қолдау деп есептесе, үшіншілері әкенің баласына деген ниеті, жасаған жақсылығы - олардың анасын сүюі деген тұжырымдарды ұсынады. Қазіргі таңда әкенің рөлі қалай болса да ананың рөлінен кем болмауы керек. Бұл жағдай тек әр адамның жауапкершілік сезіміне тәуелді болып келеді. Себебі, қазіргі таңдағы жаһандану жағдайында, әсіресе еуропалану уақытында ұлттық құндылықтарымыз арқылы баланы тәрбиелеу басты мәселелердің бірі болып отырғаны белгілі. Отбасылық дағдарыстардың белең алуы көп жағдайда еліктеушілік қасиетімізге байланысты екені ешкімге күмән туғызбас. Сондықтан бала тәрбиесіндегі мәселелер, әсіресе отбасылық өмірге тұлғаның дайындығы ғылыми тұрғыда негізделуі керек. Бұл жағдайлар жоспарланбаған сәбилердің дүниеге келуінен, жас отбасылардың дағдарыс жағдайларының, жауапсыздық сезімдердің алдын алуға мүмкіндік беруі тиіс.
Отбасы мүшелелері бір-бірімен тығыз байланыста, ерекше жанашырлық, сүйіспеншілік сезімде болады. Олар бір-бірінің өміріне, тағдырына елеулі ат салыса алады.
Ғалым-педагогтар мен психологтардың ойынша балаға әке-шешесінің қарым-қатынасы мен олардың берген тәрбиесіне жететін өмір жоқ. Балалардың дұрыс қалыптасуы олардың отбасындағы сүйіспеншілік, кішіпейілділік, сыйластық, жауапкершілік, қайырымдылық, сезімталдық, т.б. адамгершілік қасиеттерінің даму негізіне байланысты болады.
Әр отбасы – жеке мемлекет. Бұл мемлекеттің іргетасын қалаушы, оны басқарушы, отағасы – әке. Отбасының рухани, материалдық жағынан құлдырамай, мықты болуы әкеге байланысты. Ұлы күш пен сабырлықтың иесі болып табылатын – әке. Әке өсиеті мен тәлім-тәрбиесінің маңызы ерекше. Қанша дегенмен, жүрегі жұмсақ аналарымыз кейде тым еркелетіп жібергенде, әкенің салмақты сөзі ауадай қажет болып жатады.
Әке – әулет басшысы, отбасы мүшелерінің тірегі, асырап сақтаушысы, қамқоршысы. Отбасындағы бала тәрбиесінде әкенің орны ерекше. Әке үйі барлық балалары үшін «үлкен үй», «қара шаңырақ» деген киелі ұғымдармен сыйлы да құрметті. Әке тәрбиесі арқылы, ұл мен қыз балалардың өздеріне тән мінез-құлықтарын ерекше сергектікпен қалыптастыратындығы да анық. Әсіресе, ұл бала үйдегі де, сырттағы да ер адамға қажет тағылымдарды, көбінесе әкесінен үйренуге ұмтылады. Сондықтан да, әке тәрбиесі дұрыс та, мейірімді болу керек. «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер», – деп бекер айтпаса керек.
Әкенің мінез-құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы, өнер-білімі ұл баланың көз алдындағы үлгі-өнеге алатын, соған қарап өсетін нысанасы. Қазақта біреудің баласы жақсы, өнегелі азамат болса: «Оның әкесі немесе атасы жақсы кісі еді, көргенді бала екен, өнегелі жерден шыққан ғой», – деп мадақтайды. Отбасында ұлдар әкелері немесе аталарының бойындағы қасиет пен өнерін үйреніп өскен. Шығармашылықта, ақындықта танылған жас баланың тәрбиесіне аса назар аударылған. Ата өнерін ұрпағының қууы, оны мирас етуі қазақ отбасыларында жиі кездесетін дәстүр.
«Әкесінің баласына қалдырған ең үлкен мұрасы – оны жақсы тәрбиелеуі» дей отырып, баласын оқытып, күнін көре алатындай мамандық иесі етіп қалдыру, балаларды жақсы көріп, оларға көңіл бөлу, үйленер жасқа келгенде баласын үйлендіру, баласына ат қою, баласын сау етіп өсіру – бұлар әкенің басты міндеттерінің бірі.
Ақпарат дереккөзі: https://www.tarbie.kz//
ЖАЗЫЛЫМ



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет