12-тапсырма. «Әке, бір сағат уақытыңызды сатып алайыншы!» бейнесюжетін https://youtu.be/7bjQCQQaLPM сілтемесі бойынша қарап, кестені толтырыңыз.
Бейне-сюжет атауы
|
Бейне- сюжеттің идеясы
|
Бейнесюжеттің басталуы
|
Кульминация (оқиғаның шарықтауы)
|
Бейне-сюжеттің
аяқталуы
|
Түйін (бейнесюжет сізге қандай ой салды?)
|
|
|
|
|
|
|
Рефлексия
Мен үшін сабақта маңызды болғаны:__________________________________ __________________________________________________________________
Сабақ мені ________________________________________________________ ________________________________________________туралы ойландырды.
Мен ______________________________________________________________
_________________________________________________________ үйрендім.
Менің жетістіктерім: _____________________________________________
ОТБАСЫ - ШАҒЫН МЕМЛЕКЕТ
Т
АҚЫРЫП: 2.1 ҰЛТТЫҚ ТАНЫМДАҒЫ ҚАРА ШАҢЫРАҚ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
ГРАММАТИКА: Қыстырма сөздер
АЙТЫЛЫМ
1-тапсырма. Сәйкестендіріңіз. Төмендегі сөздердің анықтамасын табыңыз.
1.Ұлттық таным -
|
А) киіз үйдің қақ төбесіндегі ең қасиетті, киелі бөлігі.
|
2. Шаңырақ -
|
Ә) атадан қалған ұяның жылылығын және отбасының ынтымағын сақтауға мүдделі отбасындағы ер балалардың бірі, көп жағдайда үйдің кенжесі болады.
|
3. Қара шаңырақ -
|
Б) отау болып, үй тігу дегенді білдіреді.
|
4. Қара шаңырақ иесі -
|
В) ұлттық код, әр халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық құндылықтары: тілі, діні, ділі, мәдениеті, салт-дәстүрі, наным-сенімі.
|
5. Шаңырақ көтеру -
|
Г) мұрагерлік жолмен ұрпақтан-ұрпаққа көшкен бір әулеттің арғы аталарының түтін түтеткен үйі.
|
ОҚЫЛЫМ
2-тапсырма. Сөйлем бөліктерін қосыңыз, асты сызылған сөздерді мағыналас сөздермен алмастырыңыз.
Сөйлемнің бірінші бөлігі
|
Сөйлемнің екінші бөлігі
|
Сөйлем
|
Мағыналас сөз
|
1.Қара шаңырақ, үлкен үй дегеніміз -
|
А.төрден орын алып, айналасындағы аксақалдардың өзі «қарағым, сен қасиетті қара шаңырақтың иесісің, жасың кіші болса да жолың үлкен, асқа батаны сен жаса» деп кішілік танытып жатады.
|
1-Д
|
Әулет – отбасы, түтін түтеткен – өз алдына бөлек отбасын құру.
|
2.Қазақ дәстүрі бойынша бір әкеден туған ағайындылар ержетіп, бастарын құраған соң,
|
Ә.оң тізесін бүгіп, сәлем береді.
|
|
|
3.Қара шаңырақ иесіне құрметпен қарап, жиын тойда, сый дастарқан басында қара шаңырақ иесі жасы кіші болса да,
|
Б.қыста соғым сойғаннан кейін «үлкен үй» немесе қара шаңыраққа сыбаға апарады.
|
|
|
4.Қара шаңырақты қастерлеудің тағы бір үлгісі –
|
В.қара шаңыраққа деген сый құрмет, кішілік, инабаттылық.
|
|
|
5.Келін үлкен үйдің босағасын аттағанда,
|
Г.сонау сақ, үйсін, ғұндар заманынан бастау алады.
|
|
|
6.Жаңа түскен келін сәлем еткен соң,
|
Ғ.өз алдарына отау тігіп, бөлек үй болады да, бірі ғана сол шаңырақта әке-шешесінің қолында қалып, қара шаңырақ иесі атанады.
|
|
|
7.Осының бәрі –
|
Д.мұрагерлік жолмен ұрпақтан-ұрпаққа көшкен бір әулеттің арғы аталарының түтін түтеткен үйі.
|
|
|
8.Қара шаңырақтың кенже ұлға мұрагерлікке қалдырылу салты
|
Ж.отқа май құяды.
|
|
|
АЙТЫЛЫМ
3-тапсырма. Жоғарыда берілген ақпаратты негізге алып, сұрақтарға жауап беріңіз.
Мағыналық бөліктер
|
Тілдік құрылымдар
|
Мәтіннің мағыналық бөліктерінің тақырыбы
|
Мәтін қалай аталады?
Мәтін неге арналады?
|
Мәтінде көтерілген мәселе
|
Мәтіннің мағыналық бөліктерінде
Не туралы айтылады?
Не қарастырылады?
|
Негізгі мазмұнының құрылымы
|
Кіріспесінде не туралы айтылады?
Келесі бөліктерінде не қарастырылады?
сипатталады?
|
Негізгі көтерілген мәселе
|
Мәтінде ненің маңыздылығы туралы айтылған? Неге аса назар аударылған?
|
Қорытынды жасау
|
Мәтінде көтерілген мәселенің өзектілігі, оны шешу жолдары.
|
ЖАЗЫЛЫМ
4-тапсырма. Диалог мазмұны негізінде мазмұндама жазыңыз.
Сіздің әрекетіңіз:
Сара: – Сәлем,Асыланбек. Қал-жағдайың қалай?
Асыланбек: – Сәлем, Сара. Жаман емес, өзіңде ше?
С: – Жақсы.Үй іші қалай?Олармен көріспегелі көп болды.
А: – Бәрі аман-есен.Олар да сені сағынып жүр.
С:– Сәті түскенде барып қайтармын.
А: – Сара,бір сұрақ қойсам бола ма?
С: – Әрине. Бірақ,сабаққа қатысты болса...
А: – Жоға,мүлде ол туралы емес. Менің екі ағамның да өз отбасылары бар және олар ата-анамыздан бөлек тұрады.Әпкем жақында тұрмысқа шығады.Ең кішісі менің де өз шаңырағымды құруым керек... Сонда анам мен әкемнің қасында кім қалмақ?Біз оларды жалғыз тастап кепеуіміз керек қой...
С: – Әрине,сен қара шаңырақта қаласың.Өйткені,сен отбасыларыңдағы кенжесісің.
А: – Неге кенжесі қалуы керек?
С: – Қазақ отбасында кенже ұл – қара шаңырақ иесі.Ал,қара шаңырақ деген ата-анаң құрған шаңырақ. Қазақта кенже ұл ерекше мейіріммен өседі. Атадан қалған ұяның жылылығын ұстау шаңырақ иесі – кенже балаға жүктелер міндет.Осыны есіңде ұста.
А: – Түсіндім.Қара шаңыраққа ие болудан қашқаным емес...Жәй ғана мені мен де ағаларым секілді бөлек кетсем,ата-анамның қасында кім қалмақ деген ойлар мазалаған еді.Жауабың үшін көп рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |