Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі


 Оқу әдістемесі, пәні мен міндеттері



Pdf көрінісі
бет5/15
Дата13.12.2023
өлшемі0.63 Mb.
#486526
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Қуанышева А курстық жұмыс 3 курст

1.3 Оқу әдістемесі, пәні мен міндеттері. 
 
Әдістеме оқу – тәрбие процесінің тиімділіктерін зерттеу үшін 
қолданылып, бастауыш сыныптарында оқитын оқушылардың мектепке 
дайындықтарын анықтау үшін, мектепке бейімделу динамикасын бағалауда 
оқытудың тиімді жағын таңдауда қолданылады. 
Керек болған жағдайда бала суреттерін немесе тек анкетаны қолдануға 
болады. 
Бастауыш сыныпта оқитын оқушылардың мектеп мотивациясының 
деңгейін анықтау тәсілі рационализаторлық ұсыныс ретінде бала және 
жасөспірім гигиенасын техникалық кеңесімен бекітілген. (Н.Г.Луксанова, 
рац.предложение №138 от, 07.06.1985г.) 
Мысалы: Балалардың «Маған мектепте не ұнайды?» тақырыбында 
суретін бағалау схемасын көрсетсек болады. 
1. 
Тақырыпқа сай келмеу мыналарды көрсетеді: 
А) Мектеп мотивациясының болмауы және басқа мотивтердің басым 
болуы, көбіне ойын мотиві болады. 
Бұл жағдайда балалар ойыншық, машина, әскери әрекеттерді және 
т.б. салады. Оқушының мотивациясының дұрыс жетілмегендігін білдіреді. 
Б) Бала негативизмі. Бұл жағдайда оқушы мектепке арналған 
тақырыпта сурет салудан бас тартып, өзінің жанына жақын немесе өзінің икемі 
келетін суретін салады. Мұндай мінез –құлық жоғары деңгейде қарама – 
қайшылықты және нақты мектеп талаптарын орындау кезіндегі қиындықтарды 
көрсетеді. 
В) Қойылған тапсырманы қате қабылдау немесе қабылдамау. 
Мұндай балалар ештеңе қабылдамайды немесе берілген тақырыпқа қатысы 
жоқты басқа оқушылардан көшіріп ала салады. Көбінесе бұл психикалық 
тежелісі бар оқушыларға қатысты. 
Егер де сурет берілген тақырып аясында болмаса, онда сандық есептеу 
бойынша 0 деген балл қойылады. 
2. 
Тақырыпқа сәйкес келу мектепке жақсы қарым-қатынасты 
көрсетеді, онымен қоса суреттің сюжеті қаралады, яғни нақты суретте не 
бейнелегендігі қарастырылады. 
А) Ұстаз бағалаумен, партада отырған оқушылар, тақтада жазылып 
тұрған тапсырмалар және т.б. Бұл баланың мектепке деген ынтасының жоғары 
болуын және оқу белсенділіктері, танымдық оқу мотивациясының жоғары 
болуын көрсетеді. 30 ұпай 
Б) Оқуға тән емес жағдай – мектеп ғимараты, балалар үзілісте, 
оқушылар мектеп сөмкесімен және т.б. Мектепке қарым – қатынасы жақсы, 
дегенімен мектептің ішкі атрибуттарына көбірек бағытталған. 20 ұпай 
В) Ойын жағдайы – мектеп ауласындағы сырғанақтар, ойын бөлмесі, 
сыныпта тұрған өзгеде заттар (бөлме гүлдері, суреттер және т.б.) мектепке 
қатынасы жақсы бірақ ойын мотивтері шашыраңқы. 10 ұпай 
Оқушылардың мектепке деген ынтасын, махаббатын зерттегенде мектеп 
тақырыбына арналған суреттерді балаларға әртүрлі нұсқада жыл сайын ұсынуға 


болады. Зерттеу барысында оқушылардың суреттеріне қарап нені салды, не 
себепті салғанын сұрап алған жөн. Кейде баланың салған суретіне қарап 
мектепке деген ынтасын ғана емес, мектепті қалай қабылдайтындығын және 
қалай көргісі келетіндігін байқауымызға болады. Мысалы, психомоторлық 
тежелуі бар, жоғары белсеністегі балалар дене шынықтыру сабағын, 
қоңыраудағы у-шу жүгірістерін немесе асты – үстіне шығып жатқан сыныпты 
салады. 
Ал сезімтал, сентиментальды балалар міндетті түрде суретке әсемдік 
декоротивті элементтерді қосады. 
Әдістеме ғылым және оқу пәні ретінде оқытылатын пәнмен және 
дидактикаменн тығыз байланыс орнатады. 
«Педагогиканы оқытудың әдістемесі» әлі тұтастай жүйе ретінде берілмей 
отыр, өйткені әдістеме жүйесін қалыптастырудың барысы педагогиканы пән 
ретінде оқытумен бірге жүріп отырады. Педагогика бойынша оқулықтар мен 
оқу құралдары педагогиканы пән ретінде оқытуға өз септігін тигізе алады, 
себебі іргелі пәндердің негіздерін, оқыту мен тәрбие әдістері және формаларын, 
педаогогикалық процесті басқарудың принциптерін меңгерген соң, 
педагогикалық тәжірибеде қолдана алады.[2] 
Қазіргі кезеңнен ауқымды проблемалар ұшталуы, адам проблемасын 
тарих, әлеуметтік шығармашылық жағынан көрініс алып отыр. 
Пән апталығын өткізу кезінде әдістеме түрлері арқылы өткізуге болады. 
Ол үшін балалардың жас ерекшіліктерін, қабілетін ескеруіміз қажет. Осы 
ұйымдастыру арқылы сабақты қызықты әрі тартымды тұрде өткізуге өте 
қолайлы.
Әдіскер тәрбиешілерге арнап әдістемелік көмектердің бірқатар түрін 
ұйымдастырады. Мәселен ретінде кеңестер, тақырыпты әңгімелесу, семинар 
сабақтар, іскерлік ойын жатады. Қазіргі кезде әрбір педагогтың кәсіби 
шеберлігін 
арттыруға, жеке 
тұлға 
болып 
өсуіне, шығармашылық 
мүмкіндіктерінің ашылуына негіз болатын модель төмендегі топтардан тұрады: 
1) Әдістемелік кеңес; 
2) Педагогтың шығармашылық тобы; 
3) Тәлімгер педаогог тобы; 
4) Ақпаратты қолдау; 
Әдістемелік жұмысты ұйымдастыру түрлері 
ұжымдық 
топтық 
жекеше 


Осындай модельдер арқасында, келесі нәтижелерге қол жеткізуге болады:
- Мектептегі білім берудің мазмұнын жаңарту және оның сапасын 
жаңарту; 
- Әдістемелік жұмысты ұйымдастыру түрлерін жетілдіру; 
- Педагогтың кәсіптік және әдістемелік құзыреттілігінің артуы, оның 
иновациялық тұрғыда дайындығының өсуі; 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет