Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі


Замануи технологиялар қолдану



Pdf көрінісі
бет7/15
Дата13.12.2023
өлшемі0.63 Mb.
#486526
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15
Қуанышева А курстық жұмыс 3 курст

Замануи технологиялар қолдану. 
Пән апталығын өткізуде әдеттегі дәстүрлі өткізуден ерекшеленіп замануи 
технологияларды қолдануға болады. STREAM - жобасы нағыз пән апталығын 
ерекшелендіріп тұратын жоба.
Stream дегеніміз не? 
S-ғылым жаратылыстану; 
T-технология; 
RЕ-оқу+жазу инженериясы; 
A-өнер; 
M-математика; 
Бірлескен жобаларды жоспарлау кезінде алған білімдерін іс-жүзінде 
көрсету керек. Өз жоюаларын таныстыру кезінде мектеп оқушылары 


коммуникациялық құзыреттіліктерді, топтық жұмыстарды, рөлдерді бөлу 
қүзыреттілігін дамытады. 


II. МЕКТЕПТЕГІ МАТЕМАТИКАЛЫҚ АПТАЛЫҚ 
2.1 Мектепте математиканы оқыту процесінде тарихи материалдарды 
пайдалану ерекшеліктері. 
Математикада сандар, өлшемдер, кеңістік формасы және т.б. ұғымдардың 
маңызы бар, олар оқушылар үшін шындыққа жанаспайтын, өмірден іс жүзінде 
ажырап қалған. Сол себепті мектеп мұғалімдері үшін математиканы оқытуды 
өмірмен қалай болсын байланыстыру, математикалық ұғымдардың пайда болуы 
баланың практикалық іс-әрекеттерімен тығыз байланыста екенін және 
шындықты жалпылаудың нәтижесі екенін көрсету керек. 
Күнделікті өмірмен байланыс – оқытудың дидактикалық принциптерің 
бірі. Барлық мектеп курсында балаларға өмірде қажет болатын материалдар 
ұсынылады. Бірақ, өмірлік материалдардың кеңінен қолданғанына қарамастан 
мектеп оқушыларына белгілі бір математикалық ақиқаттардың жүзеге асуын 
қадағалауға мүмкіндіктер аз жасалады. 
Математиканы оқытуда тарихи ақпартты жүйелі, мақсатты түрде 
пайдалану оқудың әрқырынан тануға мүмкіндік береді.Ғылыми ұғымдарды 
тереңірек және толық меңгерудің арқасында ғылымның даму заңдылықтары 
туралы түсініктерді дұрыс қалыптастыруға және оқушыларды эмоцианальды 
жағымды қабылдауына жағдай береді. Сондай-ақ бұл мектеп жасындағы 
оқушылардың ғылым ретінде математикаға ынтасын арттыруға, оқу шеңберін 
толық түсінуге, математикалық ұғымдар мән-мағынасын ашуға, тереңнен 
есептерді шығара алуға жағдай жасайды. 
Айта кететіндей, тарихи сандық материалдар дәл жүз процентке тең емес. 
Мәселен, егер адамның бойын айтсақ, олар оның 2 аршыннан қанша вершоктан 
асатынын ғана көрсетеді. Яғни, бойы 12 дюйм болатын кісінің шын мәнінде 
бойы 196 сантиметр. Қашықтық қадамдармен өлшеніп, белегілі бір орташа 
өлшемге келді.Бірақ үлкен қашықтыұтарды қадаммен өлшеп бітпейсің, сол 
себепті Ежелгі Римде мың қос қадамға тең миль пайда болды. Сондай-ақ қазіргі 
уақыт бұрынғы уақыттардан ерекшеленеді. Мысалы, 1 славян сағаты 1,5 
сағатқа тең, ал 5 минут 8 славян бөлігіне тең. 
Мектеп оқушылары үшін математика сабағында тарихи материалдар 
пайдаланудың маңызы зор.Бұны тарихи-әдістемелік сабақ деп атайды.Негізгі 
ерекшіліктері болып оқу материалдарының ерекшілігі, материалдарды 
құрылымдау, көп таңдаулы тапсырмалар жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет