Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі


Математикалық апталықтың міндеті, принциптері, нәтижелері



Pdf көрінісі
бет8/15
Дата13.12.2023
өлшемі0.63 Mb.
#486526
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15
Қуанышева А курстық жұмыс 3 курст

2.2 Математикалық апталықтың міндеті, принциптері, нәтижелері 
мен кезеңдері. 
Математика апталықтың міндеттері:
-оқушылардың математикалық деңгейін арттыру; 
-ой-өрісін кеңейту; 
-оқушылардың математикаға деген қызығушылығын дамыту; 


-оқушылардың математикадан алынған ақпаратты күнделікті өмірде пайдалану 
туралы түсінігін кеңейту; 
-кәсіби іс-әрекетте математикалық білімінің құндылығын көрсету; 
-ойлау дербестігін, ерік-жігерін, мақсатқа жетудегі табандылығын, ұжым 
алдындағы өз жұмысына жауапкершілік сезіміне тәрбиелену; 
 Пәндік апталық принциптері: 
-Сыныптан тыс жұмыстарды дайындау, ұйымдастыру, өткізу кезінде 
мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыру. 
-Оқушыларды өз бетінше шығармашылық әрекетке баулу. 
Күтілетін нәтижелер: 
-табыс атмосферасын құру. 
-әр балалардың өз күштеріне деген сенімділігін нығайту. 
-білім алудың саналы және сапалы мотивтерін дамыту. 
-оқушыларды белсенді танымдық әрекеттерге баулу. 
Апталықтың принциптері: 
-Әрбір мектеп оқушылары апталықтың белсенді қатысушысы. 
-Кез келген бала іс-шаралар қатыса алады. 
-Математикалық апталық байланысты өз идеаларын айта алады. 
Математика апталығының кезеңдері: 
Дайындық кезеңі. 
1. Мәжілісте пәндік аптаның жоспарын бекіту 
2. Негізгі қызметтерін, мазмұн нысандарын анықтау. 
3. Мұғалімдер арасында міндеттерді бөлу 
Іс-шаралар жоспарын құру кезінде балалардың жас және даму 
ерекшіліктеріне назар аудару.Мысал келтірсек. 
Математикалық апталықтың жоспары 
Дүйсенбі 
1. Математика апталығының ашылуы 
2. «Ұлы математиктер» дәрісі 5-7 сынып 
Сейсенбі 
1. Математика байланысты қабырға газеттер ілу 
Сәрсенбі 
1. «Математик және бизнесмен» ойыны 7 сынып 
Бейсенбі 
1. «Поле чудес» ойыны 7-9 сынып 
Жұма 
1. Досыңа математика тілімен хат 
Сенбі 
1. КВН математика тақырыбында 
2. «Кім? Қайда? Не?» ойыны 
3. Республикалық олипиада математика пәнінен 
Негізгі кезең. 
Математикалық апталықты аптаның басталуымен хабар етті,Ондағы 
болатын іс-шаралар, кезекті ойындар, жоспарлар, белсене қатысқандарға 
жүлделер мен мараппаттарды көрсетті.Апталықтың ережелері: 
1. Әрдайым көтеріңкі көңіл-күймен, ізденпаз, тапқыр болу. 
2. Жеңіс үшін барынды салу. 
3. Әр сұрақтың жауабын іздеу. 


4. Сабырлы болуға тырысу. 
Осылайша ережелермен танысқан соң, жарыс күндері болды. 
Дүйсенбі 
Ұлы тұлғалардың математика жайлы нақыл сөздермен 
плакат ілу, оның ішінде рубус, красворд, сөзжұмбақ, 
қызықты есептерді де жазуға болады. 
Сейсенбі
Оқушылар газетке логикалық есептер, ребус, 
сөзжұмбақтар, тапқырлық ойындарын жүктейді. 
Апта соңына дейін ілулі тұрады, балалар соны шешіп, 
жауабын тауып отырады. 
Сәрсенбі 
7-сынып арасында «Математик және бизнесмен» 
ойынына қатысушылар таңдап алынады. 
Балалар математикалық дене шынықтыруға қатысты 
есептерді 
шығарады. 
Жауаптарын 
тауып, 
өз 
нұсқаларын айтады. Сынып жетекшінің жетекшілік 
етуімен болады.
Бейсенбі 
7-9 сынып оқушылары қатысушылар іріктеп алынады, 
дөңгелек стөлге айнала отырады. «Поле чудес» 
ойынын ойнайды. 
Жұма 
Ойын барысында әр баланың ойлау қабілеті 
шоғырланып, 
өз 
бетінше 
ізденіп, 
танымдық 
қабілеттері қалыптасып, математикалық есептерді 
шығаруға деген қызығушылығы артты.Осыған орай әр 
оқушы досына апта қорытындысы ретінде өз 
әсерлерімен математикалық түрде хат жазады. 
Сенбі 
КВН математика тақырыбында, «Кім? Қайда? Не?» 
ойыны, Республикалық олипиада математика пәнінен 
өткізіледі. Апта қорытындысы бойынша белсене 
қатысқан әр сыныпқа марапаттау қағаздары 
берілді.Өзін ерекше қырларымен көзге түскен 
оқушыларға жүлделі марапат сыйлықтары тарту 
етілді. 
Байқауға қатысушылардың көптігінен балаларға қызық болғандығын 
немесе қызығушылық танытпағанын байқауға болады. Математика деген 
оқушылардың қызығушылыұтары өте жоғары, жылдамдыққа, байқағыштық, 
тапқырлық сезімдерінің одан әрі өсуіне алып келеді.Тіпті нашар оқитын 
оқушыларға өзін көрсетуге мүмкіндік береді. Математиканы ғылымдар 
патшайымы деп бекер айтпаған, себебі ол өзінің сұлулығымен
үйлесімділігімен, әсемділігімен ерекшеленіп тұрады. Барлық жоспарланған іс-
шаралар жақсы қарқынмен, белгіленген мерзіммен, сайыстың қызықты өтуі, 
жетекшілердің дұрыс бақылауында болған соң тәртіп сақталды. Бұл пән 
апталығы тек балалардың математикалық тұсына ғана емес, жеке қаситтерін 
оятуға, белсендіруге де ықпал етті. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет