53-бап. Құпиялылықты сақтау
1. Қылмыстық сот iсiн жүргiзу барысында осы Кодексте және басқа да заңдарда көзделген мемлекеттiк құпияларды (мемлекеттiк, әскери және қызметтiк құпия, жедел-іздестіру қызметі, анықтау және алдын ала тергеу құпиясы) мен өзге де құпияларды (коммерциялық құпия, қызмет бабында пайдалануға арналған ақпарат, дәрiгерлiк, жеке құпия және құпияның кез келген басқа да түрлерi) құрайтын алынған мәлiметтердi қорғау жөнiндегi шаралар қолданылады.
2. Қылмыстық процестi жүргiзушi орган мемлекеттiк және өзге де құпияларды құрайтын мәлiметтi хабарлауды немесе берудi ұсынған тұлғалар тиiстi құжаттарды сақтаудың қажеттiгiне сiлтей отырып, көрсетiлген талапты орындаудан бас тарта алмайды, бiрақ одан қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу үшiн көрсетiлген мәлiметтердi алудың қажеттiгiн растайтын, тиiстi iс жүргiзу қызметiнiң хаттамасына енгiзуге жататын түсiндiрме алуға құқылы.
3. Процеске қатысушылардың мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтермен танысу тәртiбi заңдармен айқындалады.
3-1. Егер сот алқабилердің қатысуымен қарайтын қылмыстық істің материалдарында мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтер болса, облыстық және оған теңестірілген соттың қызметін материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган төрағалық етушінің жазбаша өкімі бойынша алқабилердің мемлекеттік құпияларға қол жеткізуіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен рұқсат етуді ресімдейді.
4. Мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтi қамтитын дәлелдер соттың жабық отырысында зерттеледi.
5. Өзге де құпияларды құрайтын мәлiметтi, сондай-ақ жеке өмiрiнiң iшкi сырын ашатын дәлелдер, аталған мәлiметтердiң жариялану қаупi төнген адамдардың сұрауы бойынша соттың жабық отырысында зерттелуi мүмкiн.
6. Жеке өмiрге қол сұғылмаушылықты бұзудың, жеке немесе отбасылық құпияны жариялаудың нәтижесiнде адамға келтiрiлген зиян заңда көзделген тәртiппен өтелуге тиiс.
7. Анықтау және алдын ала тергеу деректерiнiң құпиялығын сақтау тәртiбi осы Кодекстiң 205-бабымен белгiленедi.
8. алып тасталды
6-тарау. Iс жүргізу мерзімдері
54-бап. Мерзiмдердi есептеу
1. Осы Кодексте белгiленген мерзiмдер сағаттармен, тәулiктермен, айлармен, жылдармен есептеледi.
2. Мерзiмдердi есептеу кезiнде мерзiмнiң өтуi басталатын сағат пен тәулiк есепке алынбайды. Бұл ереженiң ұстау кезiндегi мерзiмдердi есептеуге қатысы жоқ.
3. Мерзiмдi есептеу кезiнде оған жұмыс уақыты емес уақыт та кiредi.
4. Мерзiмдi тәулiкпен есептеу кезiнде мерзiм оның ақырғы тәулiгiнiң жиырма төрт сағатында аяқталады. Мерзiмдi айлармен немесе жылдармен есептеу кезiнде мерзiм соңғы айдың тиiстi күнiнде аяқталады, ал егер бұл айдың тиiстi күнi болмаса, мерзiм осы айдың соңғы күнi аяқталады. Егер мерзiмнiң аяқталуы жұмыс күнi емес (демалыс, мереке) күнге келсе, онда ұстау, қамауға алу, үйiнде қамауда ұстау және медициналық немесе арнаулы оқу-тәрбие мекемесiнде болуы кезiндегi мерзiмдi есептеу жағдайларын қоспағанда, одан кейiнгi бiрiншi жұмыс күнi мерзiмнiң ақырғы күнi болып саналады.
5. Адамды қылмыс жасады деген күдiк бойынша ұстаған кезде мерзiм осы шара iс жүзiнде қолданылған сәттен (сағаттан) бастап есептеледi.
55-бап. Мерзiмдi сақтау
1. Егер шағым, өтiнiш немесе өзге де құжат мерзiм аяқталғанға дейiн почтаға тапсырылса, оны қабылдауға уәкiлеттi адамға берiлсе немесе мәлiмделсе, ал күзетпен ұсталушы не медициналық ұйымға орналастырылған адамдар үшiн, - егер шағым немесе өзге де құжат күзетпен ұстау орнының немесе медициналық ұйымның әкiмшiлiгiне мерзiм аяқталғанға дейiн тапсырылса, мерзiм өтiп кеткен болып саналмайды. Шағымды немесе өзге де құжатты почтаға тапсыру уақыты почта штемпелi бойынша, ал оны қабылдауға уәкiлеттi адамға немесе күзетпен ұстау орнының немесе медициналық ұйымның әкiмшiлiгiне тапсыру уақыты - бұл ұйымдар кеңсесiнiң немесе лауазымды адамдарының қойған белгiсi бойынша айқындалады.
2. Лауазымды адамдардың белгiленген мерзiмдi сақтауы iс жүргiзу құжаттарында тиiстi көрсетумен расталады. Қылмыстық сот iсiн жүргiзуге қатысушы адамдарға тапсырылуға жататын құжаттардың алынғандығы iске қоса тiгiлген олардың қолхатымен расталады.
3. Iс жүргiзу мерзiмдерi тек осы Кодексте белгiленген жағдайларда және тәртiппен ғана ұзартыла алады.
ҚР 05.05.00 ж. № 47-II Заңымен 56-бап өзгертілді
56-бап. Мерзiмдi өткiзiп алудың салдары және оны қалпына келтiру тәртiбi
1. Мерзiм аяқталғаннан кейiн процеске қатысушылармен жасалған iс жүргiзу әрекетi жарамсыз болып саналады.
2. Дәлелдi себептермен өткiзiлiп алынған мерзiм, мүдделi адамның өтiнiшi бойынша, анықтаушының, тергеушiнiң, прокурордың немесе iс жүргiзiп отырған судьяның қаулысымен қалпына келтiрiлуi мүмкiн. Бұл орайда мерзiм, егер қылмыстық процестi жүргiзушi органның тиiстi шешiмiмен өзгеше көзделмесе, басқа адамдар емес, оны өткiзiп алған адам үшiн қалпына келтiрiледi.
3. Мүдделi адамның өтiнiшi бойынша белгiленген мерзiм өткiзiлiп алып шағым жасалған шешiмдi орындау өтiп кеткен мерзiмдi қалпына келтiру туралы мәселе шешiлгенге дейiн тоқтатыла тұруы мүмкiн.
4. Мерзiмдi қалпына келтiруден бас тартуға осы Кодексте белгiленген тәртiппен шағым (наразылық) жасалуы мүмкiн.
2-бөлім. Қылмыстық процеске қатысушы
мемлекеттік органдар мен тұлғалар
7-тарау. Сот
2008.05.07. № 65-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 57-бап өзгертілді
57-бап. Сот
1. Сот, сот билiгi органы бола отырып, қылмыстық iстер бойынша сот төрелігін жүзеге асырады.
2. Кез-келген қылмыстық iс соттың заңды, тәуелсiз, құзыреттi және бейтарап құрамымен ғана қаралады, мұның өзi осы Кодексте белгiленген:
- нақты iстердiң соттылығын анықтау;
- нақты қылмыстық iстердi қарау үшiн соттың құрамын жасақтау;
- судьяларды бөлу;
- iстi шешу функциясын айыптау және қорғау функциясынан бөлектеу ережелерiн сақтаумен қамтамасыз етiледi.
3. Қазақстан Республикасында қылмыстық iстер бойынша әдiл сотты:
Жоғарғы Сот;
облыстық және оларға теңестiрiлген соттар;
аудандық және оларға теңестірілген соттар;
қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттар, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар, гарнизондардың әскери соттары жүзеге асырады.
ҚР 05.05.00 ж. № 47-II; 11.07.01 ж. № 238-II; 2006.16.01. № 122-III (бұр. ред. қара) (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2009.10.07. № 175-IV (бұр.ред.қара) Заңдарымен 58-бап өзгертілді; 2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен 58-бап жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2010.14.06. № 290-ІV ҚР Заңымен 58-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
58-бап. Соттың құрамы
1. Бірінші сатыдағы соттарда қылмыстық істерді қарауды судья жеке-дара, ал Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 165, 166, 166-1, 167, 168 (бірінші бөлігінде), 169, 233 (үшінші және төртінші бөліктерінде)-баптарында көзделген қылмыстар бойынша істерді қоспағанда, аса ауыр қылмыстар туралы істер бойынша қылмыстық істерді айыпталушының өтініші бойынша бір судьяның және он алқабидің құрамында қарайды.
2. Қылмыстық істі апелляциялық тәртіппен қарауды судья жеке-дара жүзеге асырады.
3. Кассациялық сатыда кассациялық шағымдар, наразылықтар бойынша істерді қарауды кемінде үш судья құрамындағы алқа жүзеге асырады.
4. Істі қадағалау тәртібімен қарауды құрамында кемінде үш судья болатын сот жүзеге асырады.
5. Істерді жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қараған кезде соттың құрамы осы баптың қағидаларына сәйкес айқындалады.
6. Үкімді орындау кезінде туындайтын мәселелерді және есі дұрыс емес адамдарға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы істерді қарауды тиісті соттың судьясы жеке-дара жүзеге асырады.
2008.05.07. № 65-IV ҚР Заңымен 59-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен 59-бап жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
59-бап. Соттың өкілеттігі
1. Сот билігінің органы ретіндегі соттың өкілеттігі заңда айқындалады.
2. Тек сот қана:
1) адамды қылмыстың жасалуына кінәлі деп тануға және оған жаза тағайындауға;
2) адамға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын не мәжбүрлеп тәрбиелік ықпал ету шараларын қолдануға;
3) төмен тұрған сот қабылдаған шешімнің күшін жоюға немесе оны өзгертуге;
4) тергеушінің, анықтау органының, прокурордың айыпталушыға, күдіктіге қатысты үйде қамауда ұстау, қамауға алу түріндегі таңдаған бұлтартпау шараларына санкция беруге және олардың мерзімін ұзартуға;
5) сот актілерін жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарауға;
6) күзетпен ұсталмаған адамды сот-психиатриялық сараптама жүргізу үшін медициналық ұйымға мәжбүрлеп орналастыру туралы шешім қабылдауға құқықты.
3. Сот осы Кодексте көзделген жағдайларда және тәртіппен:
1) қылмыстық қудалау органының шешімдері мен іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) жасалған шағымдарды қарайды;
2) әкімшілік жаза қолданады;
3) іс бойынша жаңадан анықталған мән-жайларға орай іс жүргізуді жаңғыртуға негіздердің болмауына байланысты қозғалған іс жүргізуді қысқарту туралы прокурордың қаулысына шағымдарды қарайды;
4) үкімнің орындалуына байланысты мәселелерді қарайды.
4. Егер істі сотта қарау кезінде қылмыс жасауға ықпал еткен мән-жайлар, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын бұзушылықтар, сондай-ақ анықтау, алдын ала тергеу барысында немесе істі төменгі тұрған сотта қарау кезінде жол берілген басқа да заң бұзушылықтар анықталса, сот жеке қаулы шығарып, онда тиісті ұйымдардың немесе тұлғалардың назарын заңды бұзудың қажетті шаралар қабылдауды талап ететін мән-жайлары мен фактілеріне аударады. Егер сот қажет деп тапса, басқа жағдайларда да жеке қаулы шығаруға құқылы.
5. Қылмыстар құрамын құрайтын әрекеттердің жасалу фактілері анықталған кезде сот заңда көзделген шараларды қабылдау үшін тиісті прокурордың атына жеке қаулы шығарады.
60-бап. Судья
1. Өз құзыретi шегiнде iстi жеке-дара қарайтын, соттың отырысын дайындау не оның үкiмiнiң немесе басқа шешiмiнiң атқарылуын қамтамасыз ету жөнiнде өкiм жасау қызметiн жүзеге асыратын, осы Кодекстiң 59-бабының үшiншi бөлiгiнде көрсетiлген өтiнiштер мен шағымдарды шешетiн судьяға соттың өкiлеттiгi тиесiлi болады.
2. Iстi судьялар алқасының құрамында қарайтын судья iстi қарауға байланысты туындайтын барлық мәселелердi шешу кезiнде төрағалық етушiмен және басқа да судьялармен тең құқықтарды пайдаланады.
61-бап. Iс бойынша төрағалық етушi
1. Судьялар алқасының құрамында қылмыстық iстi қараған кезде соттың төрағасы, сот алқасының төрағасы не оған заңмен көзделген тәртiппен уәкiлеттiк берiлген судьялардың бiреуi төрағалық етедi. Iстi жеке дара қараған судья iс бойынша төрағалық етушi болып саналады.
2. Төрағалық етушi сот отырысының барысына басшылық етедi, қылмыстық iстiң әдiл қаралуын және осы Кодекстiң басқа да талаптарының сақталуын, сондай-ақ сот отырысына қатысушы барлық адамдардың өздерiн тиiсiнше ұстауын қамтамасыз ету үшiн барлық шараларды қолданады.
3. Сот отырысына төрағалық етушiнiң өкiмдерi процеске қатысушылардың барлығы және сот залындағы өзге де адамдар үшiн мiндеттi.
8-тарау. Қылмыстық ізге түсу функциясын жүзеге
асыратын мемлекеттIк органдар мен
лауазымды адамдар
ҚР 09.08.02 ж. № 346-II Заңымен; 2009.03.12. № 213-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 62-бап өзгертілді
62-бап. Прокурор
1. Прокурор - өз құзыретi шегiнде жедел iздестiру қызметiнiң, сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізудің, анықтаудың, тергеудiң және сот шешiмдерiнiң заңдылығын қадағалауды, сондай-ақ қылмыстық процестiң барлық сатыларында қылмыстық iзге түсудi өз құзыретi шегiнде жүзеге асыратын лауазымды тұлға: Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, Бас әскери прокурор, облыстардың прокурорлары және соларға теңестiрiлген прокурорлар, аудандық, қалалық прокурорлар, әскери прокурорлар, көлiк прокурорлары мен оларға теңестiрiлген прокурорлар, олардың орынбасарлары мен көмекшiлерi, прокуратуралардың қадағалау саласы жөнiндегi прокурорлары, аға прокурорлары және прокуратура басқармалары мен бөлiмдерiнiң прокурорлары. Соттың қылмыстық iстi қарауына қатысушы прокурор айыптауды қолдау жолымен мемлекеттiң мүддесiн бiлдiредi және мемлекеттiк айыптаушы болып табылады.
2. Прокурор айыпталушыға немесе оның iс-әрекетi үшiн мүлiктiк жауаптылықта болатын тұлғаға:
1) өзiнiң дәрменсiз күйiне, айыпталушыға тәуелдi болуына немесе өзге де себептер бойынша талап қою және оны қорғау құқығын өз бетiнше пайдалануға қабiлетi жоқ жәбiрленушiнiң;
2) мемлекеттiң мүдделерiн қорғап талап қоюға құқылы.
3. Прокурордың сотқа дейiнгi iс жүргiзу және iстi соттың қарауы кезiндегi өкiлеттiгi осы Кодекстiң 190, 190-4, 192 /алтыншы және жетiншi бөлiктерiне/, 197, 289, 317, 396 /үшiншi бөлiгiне/, 458, 460-баптарына сәйкес анықталады.
4. Прокурор өзiнiң iс жүргiзушiлiк өкiлеттiгiн жүзеге асыруы кезiнде тәуелсiз болады және заңға ғана бағынады.
5. Бас Прокурор өз құзыретi шегiнде осы Кодекс нормаларының қолданылу мәселелерi бойынша анықтау және тергеу органдарының орындауы үшiн мiндеттi нормативтiк құқықтық актiлер қабылдайды.
Анықтауды және тергеудi жүзеге асыратын органдардың нормативтiк құқықтық актiлерi олардың құзыретi шегiнде, Бас Прокурормен келiсiле отырып, қабылданады.
2009.03.12. № 213-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 63-бап өзгертілді
63-бап. Тергеу бөлiмiнiң бастығы
1. Тергеу бөлiмiнiң бастығы - алдын ала тергеудi немесе сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізуді жүзеге асыратын органның тергеу бөлiмшесiнiң бастығы мен өз құзыретi шегiнде iс-әрекет жасайтын оның орынбасарлары.
2. Тергеу бөлiмiнiң бастығы тергеу iсiн жүргiзудi немесе сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізуді тергеушiге тапсырады, тергеушiлердiң жүргiзуiндегi қылмыстық iстер бойынша олардың дер кезiнде iс-әрекет жасауына, тергеушiлердiң алдын ала тергеу және күзетпен ұстау мерзiмдерiн сақтауына, прокурор нұсқауларының, осы Кодексте белгiленген жағдайларда басқа да тергеушiлер тапсырмаларының орындалуына бақылау жасауды жүзеге асырады; iстер бойынша нұсқаулар бередi; алдын ала тергеу жүргiзудi бiрнеше тергеушiге тапсырады; заңда көзделген жағдайларда тергеушiнi iс бойынша iс жүргiзуден шеттетедi; өз құзыретi шегiнде өзiне бағынысты алдын ала тергеудi жүзеге асырушы органның бiр тергеу бөлiмшесiнен қылмыстық iстi алады және алдын ала тергеудi жүзеге асырушы сол не өзге де өзiне бағынысты органның басқа тергеу бөлiмшесiне бередi; аяқталған қылмыстық iстердi прокурорға жолдайды. Тергеу бөлiмiнiң бастығы қылмыстық iс қозғауға, қылмыстық iстi өзiнiң iс жүргiзуiне алуға және бұл орайда тергеушiнiң өкiлеттiгiн пайдалана отырып, жеке-дара алдын ала тергеу жүргiзуге немесе сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізуге құқылы.
3. Тергеу бөлiмi бастығының қылмыстық iс бойынша нұсқауы тергеушiнiң дербестiгiн, осы Кодекстiң 64-бабында белгiленген оның құқықтарын шектей алмайды. Нұсқау жазбаша нысанда берiледi және атқарылуы мiндеттi, бiрақ ол жөнiнде прокурорға шағымдануға болады. Тергеушiнiң тергеу бөлiмi бастығының iс-әрекетi жөнiнде прокурорға шағымдануы, қылмыстың сипаттамасы мен айыптаудың көлемi, айыпталушыны сотқа беру үшiн iстi прокурорға жолдау туралы немесе қылмыстық iстi қысқарту туралы нұсқауларды қоспағанда, олардың атқарылуын кiдiртпейдi.
ҚР 16.03.01 ж. № 163-II Заңымен 64-бап өзгертілді; 2009.03.12. № 213-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 64-бап өзгертілді
64-бап. Тергеушi
1. Тергеушi - өз құзыретi шегiнде қылмыстық iс бойынша алдын ала тергеудi немесе сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізуді жүзеге асыруға уәкiлеттiк берiлген лауазымды адам: iшкi iстер органдарының тергеушiсi, ұлттық қауiпсiздiк органдарының тергеушiсi және қаржы полициясы органдарының тергеушiсi.
2. Тергеушi қылмыстық iс қозғауға, ол бойынша алдын ала тергеу жүргiзуге және осы Кодексте көзделген барлық тергеу қызметiн орындауға құқылы.
3. Тергеушi iстiң жағдайын жан-жақты, толық және объективтi зерттеуге барлық шараларды қолдануға, оның қылмыс жасағандығын көрсететiн жеткiлiктi дәлелдер жиналған адамдарға қатысты айыпталушы ретiнде тарту, айып тағу, осы Кодекске сәйкес оған жолын кесу шарасын таңдап алу, айыптау қорытындысын жасау жолымен қылмыстық iзге түсудi жүзеге асыруға мiндеттi.
4. Тергеушi алдын ала тергелуi мiндеттi iстер бойынша анықтау органдарының осы Кодекстiң 200-бабында көзделген кезек күттiрмейтiн тергеу әрекеттерiн орындауын күтпей-ақ iстi кез келген сәтте iс жүргiзуге қабылдауға және оны тергеуге кiрiсуге құқылы.
5. Тергеушi, заңда прокурордың санкциясын немесе соттың шешiмiн алу көзделген жағдайларды қоспағанда, тергеудiң бағыты мен тергеу iс-әрекеттерiн жүргiзу туралы барлық шешiмдi дербес қабылдайды және олардың заңды және уақтылы атқарылуы үшiн толық жауапты болады. Тергеушiнiң қызметiне заңсыз араласу қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқтырады.
6. Тергеушi тергеудегi iс бойынша прокурордың нұсқауларымен келiспеген жағдайда ол жөнiнде жоғары тұрған прокурорға шағымдануға құқылы.
7. Тергеушi өз тергеуiндегi iстер бойынша анықтау органдарының тергелiп жатқан iске қатысты жедел iздестiру материалдарымен танысуға, осы Кодексте белгіленген тәртіппен осы іске қосу үшін оларды сұратып алуға, анықтау органдарына жазбаша, атқару үшiн мiндеттi iздестiру және тергеу iс-әрекеттерiн жүргiзу туралы тапсырмалар мен нұсқаулар беруге және олардан тергеу iс-әрекеттерiн жүргiзуге жәрдемдесудi талап етуге құқығы бар.
05.05.00 ж. № 47-II; 16.03.01 ж. № 163-II; 16.07.01 ж. № 244-II; 2004.29.12 № 25-III (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.); 2007.08.01. № 210-III (бұр. ред. қара); 2009.03.12. № 213-IV (бұр.ред.қара); 2009.07.12. № 222-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 65-бап өзгертілді
65-бап. Анықтау органы
1. Қылмыстың сипатына қарай анықтау органдарына:
1) заңмен белгiленген құзыретiне сәйкес қылмыстың белгiлерi мен оларды жасаған адамдарды табу, қылмыстардың алдын алу және жолын кесу мақсатында қажеттi қылмыстық iс жүргiзу және жедел iздестiру шараларын қолдану;
2) алдын ала тергеу жүргiзу мiндеттi iстер бойынша осы Кодекстiң 200-бабында көзделген тәртiппен қылмыстық-iс жүргiзу және жедел iздестiру әрекеттерiн орындау;
3) осы Кодекстiң 37-тарауында көзделген тәртiппен алдын ала тергеу жүргiзу мiндеттi емес iстер бойынша анықтау;
4) осы Кодекстiң 288-бабының үшiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларда алдын ала тергеу жүргізу;
5) осы Кодекстің 23-1-тарауында белгіленген сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізуді жүзеге асыру жүктеледі.
2. Мыналар анықтау органдары болып табылады:
1) iшкi iстер органдары;
2) ұлттық қауiпсiздiк органдары;
3) қылмыстық жазаларды орындау және қамауда ұстау тәртібімен байланысты қылмыстар туралы істер бойынша - әділет органдары;
4) қаржы полициясы органдары;
5) контрабанда және кеден төлемдерiн төлеуден жалтару туралы iстер бойынша - кеден органдары;
6) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлерi мен әскери құрамаларында шақыру немесе келiсiм-шарт бойынша әскери қызметiн атқарып жүрген әскери қызметшiлер; әскери жиындарды өткеру кезiнде запастағы азаматтар; әскери бөлiмдердiң, құрамалардың, мекемелердiң азаматтық қызметкерлерi олардың қызметтiк мiндеттерiн атқаруына байланысты немесе осы бөлiмдердiң, құрамалардың және мекемелердiң орналасқан жерiнде жасаған барлық қылмыстары туралы iстер бойынша - әскери полиция органдары;
7) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы заңдарды бұзу туралы iстер бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының континентальдық шельфiнде жасалған қылмыстар туралы iстер бойынша шекара бөлiмдерiнiң командирлерi;
8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлерi мен әскери құрамаларында шақыру немесе келiсiм-шарт бойынша әскери қызметiн атқарып жүрген өздерiне бағынысты әскери қызметшiлер, сондай-ақ олар әскери жиындар өткеру кезiнде запастағы азаматтар жасаған барлық қылмыстар туралы iстер бойынша; әскери бөлiмдердiң, құрамалардың, мекемелердiң азаматтық қызметкерлерi олардың өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн атқаруына байланысты немесе осы бөлiмдердiң, құрамалардың және мекемелердiң орналасқан жерiнде жасаған қылмыстары туралы iстер бойынша - әскери полиция органы болмаған жағдайда әскери бөлiмдердiң, құрамалардың командирлерi, әскери мекемелер мен гарнизондардың бастықтары;
9) өздерiнiң қызметкерлерi болған елдерiнде жасаған қылмыстар туралы iстер бойынша - Қазақстан Республикасы дипломатиялық өкiлдiктерiнiң, консулдық мекемелерiнiң және өкiлеттi өкiлдiктерiнiң басшылары;
10) өртке байланысты барлық қылмыстар туралы iстер бойынша өртпен күресу қызметiнiң басқару органдары мен бөлiмшелерi.
3. Тергеуші істің мән-жайын жан-жақты, толық және объективті зерттеуге барлық шараларды қолдануға, оның қылмыс жасағандығын көрсететін, оған қатысты жеткілікті дәлелдер жиналған адамды айыпталушы ретінде тарту, айып тағу, осы Кодекске сәйкес оған жолын кесу шараларын таңдау, айыптау қорытындысын жасау жолымен оны қылмыстық қудалауды жүзеге асыруға міндетті.
Үкімді азаматтық талап қою, басқа да мүліктік жазалар немесе мүмкін болатын мүлікті тәркілеу бөлігінде орындауды қамтамасыз ету мақсатында тергеуші сезіктінің, айыпталушының немесе заң бойынша олардың әрекеті үшін материалдық жауаптылықта болатын адамдардың мүлкін анықтауға шара қолдануға міндетті. Сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша алдын ала тергеу жүргізу кезінде тергеуші қылмыстық жолмен алынған не қылмыстық жолмен алынған қаражатқа сатып алынған, басқа адамдардың меншігіне берілген мүлікті анықтауға да шара қолдануға міндетті.
ҚР 16.03.01 ж. № 163-II Заңымен 66-бап өзгертілді; 2009.03.12. № 213-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 66-бап өзгертілді
Достарыңызбен бөлісу: |