Қазақстан республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі 2011. 11. 01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен



бет5/35
Дата16.06.2016
өлшемі2.3 Mb.
#139603
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35

66-бап. Анықтау органының бастығы

1. Осы Кодекстiң 190-1 және 285-баптарында көзделген қылмыстар туралы iстер бойынша сотқа дейiнгi iс жүргiзу барысында анықтау органы бастығының өкiлеттiгiне өз құзыретiнiң шегiнде Бас басқарманың (Департаменттiң), басқарманың, бөлiмнiң, бөлiмшенiң және анықтау органының өзге де бөлiмшелерiнiң бастықтары ие болады.

2. Анықтау органының бастығы қылмыстың белгiлерi мен оны жасаған адамдарды анықтау, қылмыстарды болдырмау және жолын кесу мақсатында қажеттi қылмыстық iс жүргiзу және жедел iздестiру шараларын қолдануды ұйымдастырады. Жедел-іздестіру қызметінің қылмыстық істі дұрыс шешу үшін маңызы болатын, нақты деректері бар нәтижелерін қылмыстық іске қосу үшін қылмыстық іс жүргізуші органның талап етуі бойынша не өз бастамасымен осы Кодекстің 130-бабында белгіленген тәртіппен жібереді.

3. Анықтау органының бастығы алдын ала тергеу органдары тергейтiн қылмыстар туралы iстер бойынша:

1) кезек күттiрмейтiн тергеу әрекеттерiн жүргiзудi қамтамасыз етедi;

2) прокурордың, тергеушiнiң тапсырмаларын, оның iшiнде жекелеген тергеу және өзге де әрекеттер жүргiзу туралы және жәбiрленушiлердi, куәларды, қылмыстық сот iсiн жүргiзуге қатысушы басқа да адамдарды қорғау шараларын қолдану туралы тапсырмаларын орындауды ұйымдастырады;

3) соттың тапсырмаларын орындауды ұйымдастырады.

4. Сотқа дейiнгi iс жүргiзудi анықтау органдары жүзеге асыратын қылмыстар туралы iстер бойынша анықтау органының бастығы анықтаушылардың iс-әрекеттерiнiң уақтылылығына және заңдылығына бақылау жасайды және:

1) олардың iс жүргiзуiндегi iстердi тексеруге;

2) жекелеген тергеу және өзге де iс жүргiзу әрекеттерiн жүргiзу, айыпталушы ретiнде тарту, қылмысты саралау және айыптаудың көлемi туралы, iстердi (материалдарды) бiр анықтаушыдан екiншiсiне беру туралы нұсқау беруге;

3) анықтауды бiрнеше анықтаушыға тапсыруға;

4) қылмыстық iс қозғауға және iстi өзiнiң жүргiзуiне қабылдап не жекелеген iс жүргiзу әрекеттерiн орындай отырып анықтауды жеке-дара жүргiзуге құқылы.

5. Анықтау органының бастығы қылмыстық iс қозғау немесе оны қозғаудан бас тарту, тiнту жүргiзу және мүлiкке тыйым салу туралы, айыпталушыны қызметiнен шеттету, айыпталушыға (сезiктiге) қатысты қамауға алу түрiндегi бұлтартпау шараларын таңдау, өзгерту немесе тоқтату туралы, iс бойынша iс жүргiзудi қысқарту, тоқтата тұру, жаңғырту қамауға алынбаған айыпталушыны (сезiктiнi) стационарлық сот-медициналық немесе сот-психиатриялық сараптамалар жүргiзу үшiн медициналық ұйымға жiберу, айыпталушыны (сезiктiнi) қамауда ұстау мерзiмiн ұзарту туралы, айыпталушыны этаппен жөнелту, оған iздеу жариялау туралы қаулыларды бекiтедi; қылмыс жасады деп күмән келтiрiлген адамдарды ұстау туралы хаттаманы, сот­қа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізу хат­тама­с­ын, айыптау хаттамасын бекiтедi; қылмыс жасауға жағдай туғызатын жағдаяттарды жою жөнiнде шаралар қолдануды қамтамасыз етедi; прокурорға сот­қа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізу хат­тама­сымен, айыптау хаттамасымен бiрге қылмыстық iстi жолдайды.

6. Анықтау органы бастығының қылмыстық iстер жөнiндегi нұсқауы анықтаушының дербестiгiн, оның осы Кодекстiң 67-бабында белгiленген құқықтарын шектей алмайды. Нұсқау жазбаша нысанда берiледi және атқарылуға мiндеттi, бiрақ ол жөнiнде прокурорға шағым жасалуы мүмкiн. Анықтаушының прокурорға анықтау органы бастығының iс-әрекетiне шағымдануы олардың атқарылуын тоқтатпайды.

ҚР 05.05.00 ж. № 47-II Заңымен 67-бап өзгертілді; 2009.03.12. № 213-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.07.12. № 222-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара)  67-бап өзгертілді

67-бап. Анықтаушы

1. Анықтаушы - өз құзыретiнiң шегiнде қылмыстық iс бойынша сотқа дейiнгi iс жүргiзудi жүзеге асыруға уәкiлеттi мемлекеттiк лауазымды адам.

2. Анықтаушы осы Кодексте айқындалған нысандарда сотқа дейiнгi iс жүргiзудiң басталуы және жүзеге асырылуы туралы шешiм қабылдауға, заңда оларды анықтау органы бастығының бекiтуi, прокурордың санкциясы немесе соттың шешiмi көзделген жағдайларды қоспағанда, дербес шешiмдер қабылдауға және тергеу мен басқа да iс жүргiзу әрекеттерiн жүргiзуге құқылы.

3. Алдын ала тергеу жүргiзу мiндеттi емес қылмыстық iстер бойынша сотқа дейiнгi iс жүргiзу кезiнде анықтаушы осы Кодекстiң 23-1 және 37-тарау­ларында көзделген алынып тасталатындарды қоспағанда, алдын ала тергеу жүргiзу үшiн осы Кодексте көзделген ережелердi басшылыққа алады.

4. Анықтаушы, алдын ала тергеу жүргiзiлуi мiндеттi қылмыстық iстер бойынша кiдiртуге болмайтын жағдайларда анықтау органы бастығының тапсырмасы бойынша қылмыстық iс қозғауға, сондай-ақ шұғыл тергеу әрекеттерi мен жедел iздестiру шараларын жүргiзуге, ол туралы жиырма төрт сағаттан кешiктiрмей прокурор мен алдын ала тергеу органын хабардар етуге мiндеттi.

5. Анықтаушы соттың, прокурордың, алдын ала тергеу органының және анықтау органының жекелеген тергеу әрекеттерін жүргізу туралы, қылмыстық про­цеске қатысушы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын қолдану туралы тапсырмаларын орындауға міндетті.



Үкімді азаматтық талап қою, басқа да мүліктік жа­залар немесе мүмкін болатын мүлікті тәркілеу бөлігінде орындауды қамтамасыз ету мақсатында анықтаушы сезіктінің, айыпталушының немесе заң бойынша олар­дың әрекеті үшін материалдық жауаптылықта болатын адамдардың мүлкін анықтауға шара қолдануға міндетті.

6. Анықтау органы бастығының нұсқаулары анықтаушы үшiн мiндеттi. Анықтау органы бастығының қылмыстық iстер жөнiндегi нұсқауына прокурорға шағым жасалуы мүмкiн. Нұсқауларға шағым жасалуы, қылмыстың саралануы мен айыптаудың көлемi, айыпталушыны сотқа беру үшiн iстi прокурорға жолдау туралы немесе қылмыстық iстi қысқарту туралы нұсқауларды қоспағанда, олардың атқарылуын тоқтатпайды.

9-тарау. Өз құқықтары мен мүдделерін немесе

өздері білдіретін құқықтар мен мүдделерді

қорғап процеске қатысушылар

 

ҚР 21.12.02 ж. № 363-II Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.07.04. № 149-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 68-бап өзгертілді



68-бап. Сезiктi

1. Тергеушi, анықтаушы қылмыс жасады деп күмән келтiрiлгендiгiн хабарлап, соған байланысты осы Кодексте белгiленген негiздерде және тәртiппен өзiне қатысты қылмыстық iс қозғалған, не ұстау жүзеге асырылған, не айып тағылғанға дейiн жолын кесу шарасы қолданылған адам сезiктi болып танылады.

2. Сезiктi ұсталған немесе оған айып тағылғанға дейiн бұлтартпау шаралары қолданылған жағдайда ұсталған немесе бұлтартпау шаралары қолданылған кезден бастап жиырма төрт сағаттан кешiктiрiлмей, өзi таңдаған немесе тағайындалған қорғаушымен алғашқы жауап алуға дейiн оңаша және құпия жолығу құқығы қамтамасыз етiле отырып, одан жауап алынуы тиiс. Ұсталған сезiктi телефон арқылы немесе өзге де тәсiлмен дереу өзiнiң тұрған жерiне немесе жұмыс орнына өзiнiң ұсталғандығы және ұсталып отырған жерi туралы хабарлауға құқылы.

3. Қылмыстық iзге түсу органының:

1) ұсталған адамды - жетпiс екi сағаттан артық;

2) жолын кесу шарасы қолданылған адамды - сезiктiге бұлтартпау шарасын таңдау туралы қаулы жарияланған сәттен бастап он тәулiктен артық сезiктi адам жағдайында ұстауға құқығы жоқ.

4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде белгiленген мерзiмдер аяқталған сәтте қылмыстық iзге түсу органы сезiктiнi қамаудан босатуға, оған қатысты таңдалған бұлтартпау шарасының күшiн жоюға не оны айыпталушы ретiнде тарту туралы қаулы шығаруға мiндеттi.

5. Күдiк жеткiлiктi негiзделмеген деп тапқан қылмыстық iзге түсу органы осы баптың үшiншi бөлiгiнде белгiленген мерзiмдер аяқталғанға дейiн сезiктiнi қамаудан босатуға, оған қатысты таңдалған бұлтартпау шарасының күшiн жоюға мiндеттi.

6. Адам оны қамаудан босатқан, не оған қатысты таңдалған бұлтартпау шарасының күшi жойылған сәттен бастап не оған қатысты қылмыстық iзге түсу тоқтатылған, не қылмыстық iзге түсу органы оны айыпталушы ретiнде тарту туралы қаулы шығарған сәттен бастап сезiктi жағдайында болуын тоқтатады.

2009.11.12. № 230-IV ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



7. Күдікті:

1) ұстауды жүзеге асырған адамнан өзіне тиесілі құқықтар туралы дереу түсіндірме алуға;

2) өзіне не үшін күдік келтірілгенін білуге;

3) өз бетінше немесе өзінің туысқандары немесе сенім білдірген адамдары арқылы қорғаушы шақыруға құқылы, егер күдікті, оның туысқандары немесе сенім білдірген адамдары қорғаушыны шақырмаған жағдайда тергеуші, анықтаушы осы Кодекстің 71-бабының үшінші бөлігінде көзделген тәртіппен оның қатысуын қамтамасыз етуге міндетті;

4) таңдаған немесе тағайындалған қорғаушысымен жауап алу басталғанға дейін оңаша және құпия жолығуға;

5) күдікті одан бас тартқан жағдайларды қос­пағанда, қорғаушысы қатысып отырған кезде ғана түсінік­теме мен айғақ беруге;

6) өзіне қарсы қылмыстық іс қозғалғандығы туралы қаулының, ұстау хаттамасының және бұлтартпау шарасын қолдану туралы қаулының көшірмелерін алуға;

7) түсініктеме мен айғақ беруден бас тартуға;

8) дәлелдер ұсынуға;

9) өтінішті, оның ішінде қауіпсіздік шараларын қолдану туралы өтінішті және қарсылықты мәлімдеуге;

10) ана тілінде немесе өзі білетін тілде айғақ пен түсініктеме беруге;

11) аудармашының тегін көмегін пайдалануға;

12) тергеушінің немесе анықтаушының рұқсаты­мен өзінің өтініші бойынша немесе қорғаушысының не заңды өкілінің өтініші бойынша жүргізілетін тергеу әрекеттеріне қатысуға;

13) өзінің қатысуымен жүргізілген тергеу әрекет­те­рінің хаттамаларымен танысуға және хаттамаларға ескертпелер беруге;

14) тергеушінің, анықтаушының, прокурордың және соттың әрекеттері (әрекетсіздігі) мен шешімдеріне шағым беруге;

15) өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін заңға қайшы келмейтін өзге де тәсілдермен қорғауға құқылы.

8. Сезiктiнiң қорғаушысының немесе заңды өкiлiнiң болуы сезiктiнiң қандай да болсын құқығын жою немесе шектеу үшiн негiз бола алмайды.

ҚР 21.12.02 ж. № 363-II Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.07.04. № 149-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.03.12. № 213-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен  (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 69-бап өзгертілді

69-бап. Айыпталушы

1. Өзiне қатысты айыпталушы ретiнде жауапқа тарту туралы қаулы шыққан адам, сондай-ақ оған қатысты анықтау органының бастығы айыптау хаттамасын немесе сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізу хаттамасын жасаған және бекіткен не тергеуші сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізу хаттамасын жасаған адам айыпталушы болып танылады. Сотқа берілген, ал жеке айыптау істері бойынша өзіне қатысты шағымды сот өзінің іс жүргізуіне қабылдаған айыпталушы, - сотталушы, өзiне қатысты айыптау үкiмi шығарылған айыпталушы, сотталған адам, өзiне қатысты ақтау үкiмi шығарылған айыпталушы, ақталушы деп аталады.



2009.11.12. № 230-IV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Айыпталушы:

1) заңға қайшы келмейтін құралдармен және тәсілдермен өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға және қорғануға дайындалу үшін жеткілікті уақыты мен мүмкіндігінің болуына;

2) өзінің не үшін айыпталғандығын білуге және қыл­мыс­тық іс қозғалғандығы туралы, өзінің айыпталу­шы ретін­де тартылғаны туралы қаулылардың көшірме­лерін алуға;

3) қылмыстық қудалау органынан өзіне тиесілі құқықтар туралы дереу түсіндірме алуға;

4) қылмыстық процесті жүргізуші органның өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын іс жүргізу шешімдерін қабылданғаны туралы хабардар етуіне;

5) бұлтартпау шараларын қолдану туралы қаулының көшірмесін алуға;

6) өзіне тағылған айып бойынша түсініктеме мен айғақ беруге;

7) айғақ беруден бас тартуға;

8) дәлелдер ұсынуға;

9) өтінішті, оның ішінде қауіпсіздік шараларын қолдану туралы өтінішті және қарсылықты мәлімдеуге;

10) ана тілінде немесе өзі білетін тілде айғақ беруге және түсінісуге;

11) аудармашының тегін көмегін пайдалануға;

12) қорғаушысының болуына;

13) осы Кодексте көзделген жағдайларда және тәртіппен өзінен алғашқы жауап алудың алдындағы кезден бастап қорғаушысымен оңаша және құпия жолығуға;

14) тергеушінің немесе анықтаушының рұқсаты­мен өзі­нің өтініші немесе өзінің қорғау­шысының не заңды өкілінің өтініші бойынша жүргізілетін тергеу әрекеттеріне қатысуға;

15) өзінің өтініші немесе өзінің қорғау­шысының не заңды өкілінің өтініші бойынша жүргізілетін тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен танысуға және оларға ескертулер беруге;

16) сараптама тағайындалған, жүргізілген кезде, сондай-ақ оған сарапшының қорытындысы ұсынылған кезде осы Кодекстің 244, 254, 354 және 355-баптарын­да көзделген әрекеттерді жүзеге асыруға;

17) тергеу аяқталғаннан кейін істің барлық материалдарымен танысуға және одан кез келген мәліметті кез келген көлемде көшіріп алуға;

18) айыптау тізімін қоспағанда, айыптау қорытын­ды­сы­ның және оның қосымшаларының көшірмелерін алуға;

19) тергеушінің, анықтаушының, прокурордың және соттың әрекеттері (әрекетсіздігі) мен шешім­деріне шағым беруге;

20) ақтамайтын негіздер бойынша істі қысқартуға қарсы­лық білдіруге;

21) жария сот талқылауын талап етуге құқылы.

2009.11.12. № 230-IV ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды



2-1. Сотталушының:

1) бірінші және апелляциялық сатыдағы соттарда істі соттың қарауына қатысуға;

2) қорғау тарапының барлық құқықтарын, сондай-ақ ақырғы сөз құқығын пайдалануға құқығы бар.

2009.11.12. № 230-IV ҚР Заңымен 2-2-тармақпен толықтырылды



2-2. Сотталған адамның немесе ақталған адамның:

1) сот отырысының хаттамасымен танысуға және оған ескертпелер беруге;

2) соттың үкіміне, қаулысына, судьялардың қаулы­ларына шағым жасауға және шағымдалған шешімдердің көшірмелерін алуға;

3) іс бойынша келтірілген шағымдар мен наразы­лық­тар туралы білуге және оларға қарсылықтар беруге;

4) келтірілген шағымдар мен наразылықтардың сотта қаралуына қатысуға құқығы бар.

3. Iске айыпталушының қорғаушысының немесе заңды өкiлiнiң қатысуы айыпталушының қандай да болмасын құқығын жою немесе шектеу үшiн негiз бола алмайды.

2005.30.12  № 111-III ҚР Заңымен 70-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)  (қолданысқа енетін мерзімін қара); 2009.11.12. № 230-IV ҚР Заңымен 70-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

70-бап. Қорғаушы

1. Қорғаушы - заңда белгiленген тәртiппен сезiктiлер мен айыпталушылардың құқықтары мен мүдделерiн қорғауды жүзеге асыратын және оларға заң көмегiн көрсететiн адам.

2. Қорғаушы ретінде адвокат қатысады. Қорғаушы ретінде қылмыстық процеске адвокаттың қатысуы кезінде күдіктіні, айыпталушыны, сотталушыны, сотталған адамды, ақталған адамды қорғауды одан басқа оның жұбайы (зайыбы) немесе жақын туысы не қамқор­шысы, қорғаншысы не күдіктіні, айыпталушыны, сотта­лушыны, сотталған адамды, ақталған адамды қорған­шылыққа немесе асырауына алған ұйымның өкілі жүзеге асыра алады. Шетелдік адвокаттардың іске қорғаушылар ретінде қатысуына, егер бұл Қазақстан Республикасының тиісті мемлекетпен жасасқан халықаралық шартында өзара негізде көзделсе, заңнамада белгіленген тәртіппен жол беріледі.

3. Қорғаушы айып тағылған не адам осы Кодекстiң 68-бабының бiрiншi бөлiгiне сәйкес сезiктi деп танылған кезден бастап, сондай-ақ қылмыстық іс жүргізудің кез келген келесі сәтінде iске қатысуға жiберiледi.

4. Бiр адам, егер сезiктiнiң, айыпталушының бiреуiнiң мүддесi екiншiсiнiң мүддесiне қайшы келетiн болса, олардың екеуiне бiрдей қорғаушы бола алмайды.

5. Адвокаттың өзiне қабылдаған сезiктiнi немесе айыпталушыны қорғаудан бас тартуға құқы жоқ.

ҚР 16.03.01 ж. № 163-II Заңымен  ; 2005.30.12  № 111-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен  (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2009.11.12. № 230-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 71-бап өзгертілді

71-бап. Қорғаушының мiндеттi қатысуы

1. Қорғаушының қылмыстық iс бойынша iс жүргiзуге қатысуы, егер:

1) ол туралы күдікті, айыпталушы , сотталушы, сотталған адам, ақталған адам өтiнiш жасаса;

2) күдікті, айыпталушы, сотталушы, сотталған адам, ақталған адам кәмелетке толмаса;

3) күдікті, айыпталушы, сотталушы, сотталған адам, ақталған адам  дене немесе психикалық кемiстiгiнен өзiнiң қорғану құқығын өз бетiнше жүзеге асыра алмаса;

4) күдікті, айыпталушы, сотталушы, сотталған адам, ақталған адам сот iсi жүргiзiлетiн тiлдi бiлмесе;

5) адам жазалау шарасы ретiнде он жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айырылу, өмiр бойы бас бостандығынан айырылу не өлiм жазасы тағайындалуы мүмкiн болатын қылмысты жасағаны үшiн айыпталса;

6) айыпталушыға, сотталушыға, соттал­ған адамға, ақталған адамға бұлтартпау шарасы ретiнде қамауға алу қолданылса немесе ол мәжбүр етiлiп стационарлық сот-психиатриялық сараптамаға жiберiлсе;



7) күдіктілердің, айыпталушылардың, сотталушылардың, сотталған адам­дардың, ақталған адамдардың мүдделерi арасында қайшылық болып, олардың бiреуiнiң қорғаушысы болса;

8) қылмыстық iс бойынша iс жүргiзуге жәбiрленушiнiң (жеке айыпталушының) немесе азаматтық талапкердiң өкiлi қатысса;

9) iс сотта қаралған кезде прокурор (мемлекеттік айыптаушы) қатысса;

10) айыпталушы, сотталушы, сотталған адам, ақталған адам Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде болса және алдын ала тергеу органдарына келуден жалтарса міндетті.

2. Қорғаушының қатысуы осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 1-6, 10-тармақтарында көзделген жағдайларда адам күдікті, айыпталушы, сотталушы, сотталған адам, ақталған адам болып танылған кезден бастап, 7-тармағында көзделген жағдайларда - күдіктілердің, айыпталушылардың, сотталушылардың, сотталған адам­дардың, ақталған адамдардың мүдделерiнiң арасындағы қайшылық анықталған кезден бастап, 8-9-тармақтарда көзделген жағдайларда - айыпталушыны сотқа берген сәттен бастап қамтамасыз етiледi.

3. Егер осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген мән-жайлар болған кезде қорғаушыны күдіктінің, айыпталушының, сотталушының, сотталған адамның, ақталған адамның өзi, олардың заңды өкiлдерi, сондай-ақ олардың тапсыруы бойынша басқа да адамдар шақырмаса, қылмыстық процестi жүргiзушi орган процестiң тиiстi сатысында қорғаушының қатысуын қамтамасыз етуге мiндеттi, орган ол туралы адвокаттардың кәсiптiк ұйымы үшiн мiндеттi қаулы шығарады.

 2005.30.12  № 111-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.11.12. № 230-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 72-бап өзгертілді



72-бап. Қорғаушыны шақыру, тағайындау, ауыстыру, оның еңбегiне ақы төлеу

1. Қорғаушыны күдікті, айыпталушы, сотталушы, сотталған адам, ақтал­ған адам олардың заңды өкiлдерi, сондай-ақ күдіктінің, айыпталушының, сотталушының, сотталған адамның, ақталған адамның тапсырмасы бойынша немесе келiсiмiмен басқа да адамдар шақырады. Күдікті, айыпталушы немесе сотталушы, сот­талған адам, ақталған адам қорғану үшiн бiрнеше қорғаушыларды шақыруға құқылы.

2. Күдіктінің, айыпталушының, сотталушының, сотталған адамның, ақталған адамның сұрауы бойынша қорғаушының қатысуын қылмыстық процестi жүргiзушi орган қамтамасыз етедi.

3. Таңдалып алынған немесе тағайындалған қорғаушының ұзақ мерзiм (кемiнде бес тәулiк) iшiнде қатысуы мүмкiн болмайтын жағдайларда қылмыстық процестi жүргiзушi орган күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға, сотталған адамға, ақталған адамға басқа қорғаушы шақыруды ұсынуға немесе адвокаттардың кәсiптiк ұйымы немесе оның құрылымдық бөлiмшелерi арқылы қорғаушы тағайындауға шаралар қолдануға құқылы. Қылмыстық процестi жүргiзушi органның қорғаушы ретiнде белгiлi бiр адамды шақыруға ұсыныс жасауға құқығы жоқ.

4. Ұстау немесе күзетпен ұстау жағдайында, егер күдікті, айыпталушы, сотталушы, сотталған адам, ақталған адам таңдаған қорғаушының келуi жиырма төрт сағаттың iшiнде мүмкiн болмаса, қылмыстық iзге түсудi жүзеге асырушы орган күдіктіге, айыпталушыға немесе сотталушыға, сотталған адамға, ақталған адамға басқа қорғаушы шақыруды ұсынады, ал одан бас тартылған жағдайда қорғаушыны адвокаттардың кәсiптiк ұйымы немесе оның құрылымдық бөлiмшелерi арқылы тағайындауға шаралар қолданады.

5. Адвокаттың еңбегiне ақы төлеу қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жүргiзiледi. Қылмыстық процестi жүргiзушi орган оған негiз болған кезде күдіктіні, айыпталушыны, сотталушыны, сот­талған адамды, ақталған адамды заңгерлiк көмекке ақы төлеуден толық немесе iшiнара босатуға құқылы. Бұл жағдайда еңбекке ақы төлеу мемлекеттiң есебiнен жүргiзiледi.

6. Адвокат анықтау, алдын ала тергеу жүргiзуде немесе сотта осы Кодекстiң 71-бабының үшiншi бөлiгiнде көзделген, клиентпен келiсiм жасаспастан тағайындау бойынша қатысқан жағдайда да адвокаттардың еңбегiне ақы төлеу жөнiндегi шығындар мемлекеттiң есебiнен жатқызылуы мүмкiн.

7. Егер қылмыстық iс бойынша iс жүргiзуге бiрнеше қорғаушы қатысқан жағдайда қорғаушының қатысуы қажеттi iс жүргiзу әрекетi тиiстi  күдіктінің, айыпталушының, сотталушының, сотталған адамның, ақталған адамның қорғаушыларының түгел қатыспауынан заңсыз деп таныла алмайды.

2009.11.12. № 230-IV ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

8. Адвокат қорғаушы ретінде адвокаттың куәлігін және нақты істі жүргізуге оның өкілеттігін куәлан­дыратын ордерді көрсетуі бойынша қылмыстық іске қатысуға жіберіледі. Осы Кодекстің 70-бабының екінші бөлігінде аталған басқа адамдар қорғаушы ретінде қылмыстық іске қатысуға олардың құқығын растайтын құжаттарды (неке туралы куәлігін, күдіктімен, айып­талу­шымен, сотталушы­мен, сотталған адаммен, ақтал­ған адаммен туыстық қатынастарын растайтын құжат­ты, қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдардың шешім­дерін) тапсырады.

 

 



05.05.00 ж. № 47-II; 2006.16.01. № 122-III (бұр. ред. қара) (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2009.10.07. № 175 IV (бұр.ред.қара); 2009.11.12. № 230-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 73-бап өзгертілді



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет