Қазақстан республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі 2011. 11. 01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен



бет14/35
Дата16.06.2016
өлшемі2.3 Mb.
#139603
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   35

192-бап. Тергелу ретi

1. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 156-163, 165-174, 233, 233-1, 233-2, 233-3, 236, 238-240, 243, 244, 247-249-баптарында, 255-бабында (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде жаппай қырып-жоятын қаруды, сол сияқты жаппай қырып-жоятын қару жасау кезінде пайдаланылуы мүмкін материалдарды немесе жабдықтарды ұрлауға не қорқытып алуға қатысты), 306-бабында, 317-1-бабында, 317-2-бабында, 318-бабында, 330-бабында (екiншi бөлiгiнде), 331-бабында (екiншi бөлiгiнде), 367-бабында (үшінші, 3-1 және бесінші бөліктерінде), 368-бабында (үшінші және төртінші бөліктерінде), 369-бабында (үшінші және төртінші бөліктерінде), 372-бабында (екінші және үшінші бөліктерінде), 373-бабында (үшінші және төртінші бөліктерінде), 374-бабында (үшінші және төртінші бөліктерінде), 375, 376 баптарында, 381-бабында (үшінші бөлігінде), 382-бабында (екінші бөлігінде), 383-386 баптарында көзделген қылмыстар туралы қылмыстық iстер бойынша, алдын-ала тергеудi Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң тергеушiлерi жүргiзедi.



2. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 96-103-баптарында, 107-бабында (екiншi бөлiгiнде), 112, 113,114-баптарында, 116-бабында (үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 117-бабында (үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 120-122, 124, 125-баптарында, 126-бабында (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 127-бабында, 128-бабында (екiншi, үшiншi және төртінші бөлiктерiнде), 131-бабында, 132-бабында (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 132-1, 133, 138-баптарында, 141-бабында (екiншi бөлiгiнде), 142 (екiншi бөлiгiнде), 143 баптарында, 145-бабында (үшiншi бөлiгiнде), 146-153, 155-баптарында, 175-бабында (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 178-бабында (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 179, 181-бабында (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 183-бабында (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 183-1-бабында, 185-бабында (екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 186-бабында (екiншi бөлiгiнде), 187-бабында (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 227-1, 229, 230-баптарында (екiншi бөлiгiнде), 234, 237, 241, 242, 245, 245-1, 246-баптарында, 251-бабында (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 252-бабында (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 254-бабында (екiншi бөлiгiнде), 255-бабында (бiрiншi, үшінші және төртінші бөліктерінде), 256-бабында (екiншi бөлiгiнде), 257-бабында (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 259-бабында (1-1 және екінші бөліктерінде), 260-бабында, 261-бабында (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 263-бабында(үшінші және төртінші бөліктерінде), 264-бабында (екiншi бөлiгiнде), 267-269-баптарында, 271-бабында (екiншi бөлiгiнде), 273-1-бабында, 275-бабында (екiншi бөлiгiнде), 275-1-бабында (екінші бөлігінде), 277-286-баптарында, 287-бабында (екiншi бөлiгiнде), 288-бабында (екiншi бөлiгiнде), 289-бабында, 292-бабында (екiншi бөлiгiнде), 294-бабында, 295-бабында, 298-бабында (үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 299-бабында (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 300-бабында (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 301-бабында, 302-бабында (екiншi бөлiгiнде), 303-305-баптарында, 319, 320 (екiншi бөлiгiнде), 321, 322-баптарында, 327-бабында (үшiншi бөлiгiнде), 330-2 (екінші бөлігінде), 335-338, 340, 358-бабында (екiншi бөлiгiнде), 361-бабында, 367-бабында (төртінші бөлігінде), 368-бабында (екiншi бөлігінде), 369-бабында (екiншi бөлiгiнде), 370-бабында (үшiншi бөлiгiнде), 360-бабында (үшінші бөлігінде), 373-бабында (екiншi бөлiгiнде), 374-бабында (екінші бөлігінде), 377-бабында (екiншi бөлiгiнде), 382-бабында (бірінші бөлiгiнде), 390-бабында (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 391-бабында (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 392, 393-баптарында көзделген қылмыстар туралы қылмыстық iстер бойынша, алдын ала тергеудi iшкi iстер органдарының тергеушiлерi жүргiзедi.

3. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 176-бабында (үшiншi бөліктің г) тармағында), 177-бабында (үшінші бөліктің г) тармағында), 189-бабында, 190-бабында (екінші бөлігінде), 191, 192, 192-1, 193 – 197, 199-205, 207-баптарында, 209-бабында (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 221-бабында (екінші бөлігінде), 222-бабында (екінші және үшінші бөліктерінде), 222-1, 223-бабында (екінші бөлiгiнде), 224-бабында, 225-бабында, 226-бабында (екiншi бөлігінде), 226-1, 231, 232-баптарында, 307-бабында (бірінші және екінші бөліктерінде), 308-бабында (бірінші және екінші бөліктерінде), 310, 311-баптарында (бiрiншi және екінші бөлiктерiнде), 312-315-баптарында көзделген қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша алдын ала тергеуді салық полициясының тергеушілері жүргізеді. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 183-бабында (екінші және үшінші бөлігінде), 229-бабында көзделген қылмыстар туралы істер бойынша, егер олардың тергеуі қаржы полициясы органдарының тергеушілері тергейтін қылмыстарды тергеуге тікелей байланысты болса және қылмыстық істі жеке іс жүргізуге бөлу мүмкін болмаса, алдын ала тергеуді салық полициясы органдарының тергеушілері жүргізуі мүмкін.

4. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 176-бабында (екiншi бөлiгiнде, үшiншi бөлiктiң а), б), в) тармақтарында), 177-бабында (екінші және үшінші бөліктерінде), 180-бабында, 182-бабында (екінші және үшінші бөліктерінде), 184, 184-1, 206, 228, 235, 309, 316, 339 (екіншi және үшіншi бөлiктерiнде), 341, 343-357, 363-365-баптарында көзделген қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша алдын-ала тергеуді қылмыстық іс қозғаған ішкі істер органы немесе қаржы полициясы жүргізеді.

4-1. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 164-бабында, 250-бабында (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде),  259-бабында (2-1, үшінші және төртінші бөліктерінде), 337-1-бабында,  347-1-бабында, 381-бабында (екінші бөлігінде) көзделген қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша алдын ала тергеуді қылмыстық іс қозғалған ішкі істер немесе ұлттық қауіпсіздік органдары жүргізеді.

4-2. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 307-бабында (үшінші және төртінші бөліктерінде), 308-бабында (үшінші және төртінші бөліктерінде), 311-бабында (үшінші, төртінші және бесінші бөлік­терінде) көзделген қылмыстар туралы қылмыстық істep бойынша алдын ала тергеудi қылмыстық істi қозғаған ұлттық қауiпсiздiк немесе қаржы полициясы органы жүргiзедi.

4-3. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 227, 380-баптарында көзделген қылмыстар туралы қылмыстық iстер бойынша алдын ала тергеудi қылмыстық iсті қозғаған ішкi iстер, ұлттық қауіпсiздiк немесе қаржы полициясы органдары жүргізедi.

5. 2004.31.12 № 27-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

6. Белгiлi бiр iстiң өз тергеуiне жатпайтынын анықтағанда тергеушi кейiнге қалдыруға болмайтын тергеу iс-әрекетiн жүргiзуге, содан кейiн iстi тергелу ретi бойынша жiберуi үшiн прокурорға тапсыруға мiндеттi.

7. Бiр немесе бiрнеше адамды әртүрлi алдын ала тергеу органдарының тергеуiне жататын қылмыстар жасағаны үшiн айыптау бойынша iстердi бiр iс жүргiзуге бiрiктiрген кезде тергеу ретiн прокурор белгiлейдi.

193-бап. Алдын ала тергеу жүргiзiлетiн жер

1. Алдын ала тергеу қылмыс жасалған ауданда (облыста) жүргiзiледi.

2. Алдын ала тергеу жедел және толық болуы мақсатында қылмыс анықталған орын бойынша, сондай-ақ сезiктi, айыпталушы адам немесе куәлардың көпшiлiгi тұрған жерде жүргiзiлуi мүмкiн.

3. Тергеу iс-әрекеттерiнiң басқа ауданда (облыста) жүргiзу қажет болған жағдайда тергеушi оны тiкелей өзi жүргiзуге не бұл iс-әрекеттердi жүргiзудi сол ауданның (облыстың) тергеушiсiне немесе анықтау органына тапсыруға құқылы. Тергеушi iздестiру әрекеттерiн немесе жедел iздестiру шараларын жүргiзудi алдын ала тергеу жүргiзiлетiн жердегi немесе iс жүргiзiлетiн жердегi анықтау органына тапсыра алады. Тергеушiнiң тапсырмасы он тәулiктен аспайтын мерзiмде орындалуға тиiс.

194-бап. Алдын ала тергеу жүргiзудiң басталуы

1. Алдын ала тергеу қылмыстық iс қозғау туралы қаулы шығарылғаннан кейiн ғана жүргiзiледi.

2. Тергеушi өзi қозғаған немесе өзiне тапсырылған iс бойынша тергеуге дереу кiрiсуге мiндеттi. Iстi өзiнiң iс жүргiзуiне қабылдағаны туралы тергеушi қаулы шығарады. Егер қылмыстық iстi тергеушi қозғаса және өзiнiң iс жүргiзуiне қабылдаса, онда қылмыстық iстi қозғау және оны өзiнiң iс жүргiзуiне қабылдау туралы бiрыңғай қаулы жасалады. Жоғарыда аталған қаулылардың көшiрмелерiн тергеушi жиырма төрт сағаттан кешiктiрмей прокурорға жiбередi.

195-бап. Алдын ала тергеудiң аяқталуы

Алдын ала тергеу айыптау қорытындысын жасау не қылмыстық iстi медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану үшiн сотқа жiберу туралы қаулы, не қылмыстық iстi қысқарту туралы қаулы шығарумен аяқталады.

2009.03.12. № 213-IV ҚР Заңымен  (бұр.ред.қара) 196-бап өзгертілді

196-бап. Алдын ала тергеу мерзiмi

1. Қылмыстық істер бойынша алдын ала тергеу – қылмыстық іс қозғалған күннен бастап, ал осы Кодекстің 190-4-бабының 2) тармағында, 303-1-бабында көзделген жағдайларда сотқа дейінгі жеңіл­детілген іс жүргізудің хаттамасы жасалған күннен бастап екі ай мерзімнен кешіктіріл­мей аяқталуға тиіс.

2. Алдын ала тергеу мерзiмiне iс қозғалған күннен бастап iстi айыптау қорытындысымен немесе медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы мәселенi қарау үшiн iстi сотқа беру туралы қаулымен бiрге прокурорға жiберген күнге дейiнгi не iс бойынша iс жүргiзудi қысқарту туралы қаулы шығарылған күнге дейiнгi уақыт енгiзiледi.

3. Алдын ала тергеу мерзiмiне осы Кодексте көзделген негiздер бойынша алдын ала тергеу тоқтатыла тұрған уақыт, айыпталушы мен оның қорғаушысын қылмыстық iс материалдарымен таныстыру уақыты, сондай-ақ айыпталушының шағымы бойынша талап етiлген қылмыстық iстiң сотта және прокуратурада жатқан уақыты енгiзiлмейдi.

4. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде белгiленген алдын ала тергеу мерзiмiн тергеушiнiң дәлелдi қаулысы бойынша:

- iстiң күрделiлiгiне байланысты аудандық және оған теңестiрiлген прокурор - үш айға дейiн;

- iстiң аса күрделi болуына байланысты облыс прокуроры және оған теңестiрiлген прокурор мен олардың орынбасарлары - алты айға дейiн ұзартуы мүмкiн.

5. Алдын ала тергеу мерзiмiн одан әрi ұзартуға тек айрықша жағдайларда iстiң күрделiлiгi ескерiле отырып жол берiледi және Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, оның орынбасарлары, Бас әскери прокурор жүзеге асыра алады.

6. Алдын ала тергеудiң мерзiмiн ұзарту туралы қаулыны тергеушi ауданның, облыстың прокурорына және оларға теңестiрiлген прокурорларға тергеу мерзiмi өтпестен бұрын - бес тәулiктен кешiктiрмей, Бас Прокурорға, оның орынбасарларына, Бас әскери прокурорға он тәулiктен кешiктiрмей ұсынуға мiндеттi.

7. Iс қосымша тергеу жүргiзу үшiн қайтарылған кезде, сондай-ақ уақытша тоқтатыла тұрған немесе қысқартылған iс қайта қозғалған кезде қосымша тергеудi iс тергеушiге түскен кезден бастап бiр айдан аспайтын мерзiмде жүргiзiлуi мүмкiн. Мерзiмдi одан әрi ұзарту осы бапта көзделген тәртiппен жалпы негiздерде жүргiзiледi.

8. Қылмыстық заңмен тыйым салынған iс-әрекеттi жасаған адам анықталмаған iс бойынша iс жүргiзу мерзiмдерi қылмыстық жауаптылыққа тартудың ескiру мерзiмiмен шектеледi.

ҚР 16.03.01 ж. № 163-II Заңымен ; 2008.05.07. № 65-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.17.07. № 187-IV ҚР Заңымен  (бұр.ред.қара)  197-бап өзгертілді

197-бап. Прокурордың алдын ала тергеу барысындағы

өкiлеттiктерi

1. Қылмыстық iзге түсу мен қылмыстық iстердi тергеу кезiнде заңдылықты қадағалауды жүзеге асыра отырып, прокурор:

1) оқиға болған жердi қарауға қатысуға, сараптама тағайындауға, сондай-ақ қылмыстық iс қозғау туралы мәселенi шешуге қажеттi басқа да iс-әрекеттердi жүзеге асыруға құқылы;

2) қылмыстық iс қозғайды немесе оны қозғаудан бас тартады, тергеу iс-әрекеттерiн жүргiзу туралы, сондай-ақ жедел-іздестіру қызметінің материалдарын қылмыстық іске қосу туралы жазбаша нұсқаулар бередi;

3) өзi қозғаған қылмыстық iстi алдын ала тергеу жүргiзу үшiн бередi;

4) заңдарда көзделген жағдайларда алдын ала тергеу жүргiзетiн лауазымды адамдардың iс-әрекеттерiне санкция бередi;

5) жекелеген тергеу iс-әрекеттерiн жүргiзуге қатысады;

6) қылмыстық iзге түсуден иммунитетi бар адамды қылмыстық жауаптылыққа тартуға келiсiм алу үшiн ұйғарым шығарады.;

7) алдын ала тергеу органдарынан келiп түскен қылмыстық iстi сотқа жiбере отырып, iстi мәнiсi бойынша қарау үшiн айыпталушыны сотқа тапсырады;

8) қылмыстық iзге түсу органдарынан тексеру үшiн қылмыстық iстердi, құжаттарды, материалдарды және жасалған қылмыстар туралы, жедел iздестiру қызметi, анықтау мен тергеу барысы туралы өзге де мәлiметтердi алады;

9) жасалған немесе дайындалып жатқан қылмыстар туралы арыздар мен хабарларды қабылдау, тiркеу, шешу кезiнде заңның сақталуын тексередi;

10) анықтаушы мен тергеушiнiң, сондай-ақ анықтау органы мен тергеу бөлiмi бастықтарының заңсыз қаулыларының күшiн жояды;

11) тергеу мен анықтау толық болмаған, сондай-ақ тергеу және анықтау барысында заң бұзушылыққа жол берiлгені анықталған жағдайда қылмыстық iстi қосымша тергеуге жiбередi не оны толық көлемiнде немесе белгiлi бiр адамдарға қатысты қысқартады;



12) анықтау органынан қылмыстық істі алып қояды және алдын ала тергеу органына береді; айрықша жағдайларда тергеудің толық және объективті болуын қамтамасыз ету мақсатында алдын ала тергеу органының жазбаша тініші бойынша не өз бастамашылығымен істі алдын ала тергеудің бір органынан екінші органына береді не өзінің іс жүргізуіне қабылдайды және осы Кодексте белгіленген тергеуде болу ретіне қарамастан, оған тергеу жүргізеді;

13) анықтаушы мен тергеушiнiң, анықтау және тергеу органдары басшыларының iс-әрекеттерi мен шешiмдерiне жасалған шағымдарды қарайды;

14) алдын ала тергеу, анықтау iсiн жүргiзуде заң бұзушылықты анықтаған кезде тергеушiнi, анықтаушыны қылмыстық iстi одан әрi тергеуден шеттетедi;

15) осы Кодексте көзделген жағдайлар мен тәртiпте алдын ала тергеудiң мерзiмдерiн ұзартады;

16) бұлтартпау шарасы ретiнде қамауға алу қолданылған адамдарды күзетпен ұстаудың заңдарда белгiленген тәртiбi мен шарттарының сақталуын тексередi;

17) заңдарда көзделген өзге өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

2. Прокурордың тергеушiге, тергеу бөлiмiнiң бастығына, анықтау органына, анықтау органының бастығына және анықтаушыға осы Кодексте көзделген тәртiппен берген нұсқаулары мiндеттi болып табылады, бiрақ жоғары тұрған прокурорға шағым жасалуы мүмкiн. Жоғары тұрған прокурорға алынған нұсқауларға шағымдану олардың орындалуын тоқтатпайды.

ҚР 16.03.01 ж. № 163-II Заңымен 198-бап өзгертілді; 2009.03.12. № 213-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 198-бап өзгертілді



198-бап. Алдын ала тергеудi тергеушiлер тобының жүргiзуi

1. Қылмыстық iс бойынша алдын ала тергеу ол күрделi немесе оның көлемi үлкен болған жағдайда тергеушiлер тобына (тергеу тобына) тапсырылуы мүмкiн, бұл туралы қылмыстық iс қозғау туралы қаулыда көрсетiледi немесе жеке қаулы шығарылады. Бұл туралы шешiмдi тергеу бөлiмiнiң бастығы қабылдауға құқылы. Қаулыда тергеу жүргiзу тапсырылған барлық тергеушiлер, оның iшiнде топ жетекшiсi - тергеушi көрсетiлуге тиiс. Сезiктi, айыпталушы, жәбiрленушi, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер мен олардың өкiлдерi iстi тергеушiлер тобының тергейтiнi туралы қаулымен таныстырылуға тиiс және оларға тергеу тобының жетекшісінен, сондай-ақ топ құрамындағы кез келген тергеушiден бас тарту құқығы түсiндiрiледi.

2. Тергеу тобына алдын ала тергеу жүргiзетiн бiрнеше органның тергеушiлерi енгiзiлуi мүмкiн. Мұндай топты құру туралы шешiм прокурордың нұсқауы бойынша да, осы органдардың тергеу бөлiмдерi бастықтарының бастамашылығы бойынша да қабылдануы мүмкiн. Шешiм тергеу бөлiмдерi бастықтарының бiрлескен қаулысымен ресiмделедi, ол осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген талаптарды сақтай отырып шығарылады.

3. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры ерекше жағдайларда тергеудің толық және объективті еместігі фактілері анықталған, іс күрделі және маңызды болған кезде, алдын ала тергеуді жүзеге асырушы бірнеше органның тергеушілері арасынан тергеу тобын құра алады, бұл орайда прокурорды осы топтың жетекшісі етіп тағайындап, бұл шешімді өз қаулысымен ресімдейді. Мұндай тергеу тобы жүзеге асыратын тергеудің заңдылығын қадағалау Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына не оның тапсырмасы бойынша орынбаса­рына, сондай-ақ облыс прокурорларына жүктеледі.

ҚР 16.03.01 ж. № 163-II Заңымен 199-бап өзгертілді

199-бап. Тергеу тобы жетекшiсiнiң өкiлеттiктерi

1. Тергеу тобының жетекшiсi қылмыстық iстi өзiнiң iс жүргiзуiне қабылдайды, тергеу тобының жұмысын ұйымдастырады, басқа тергеушiлердiң iс-әрекеттерiне басшылық жасайды.

2. Iстердi бiрiктiру және бөлу, қылмыстық iстi толығымен немесе оның бiр бөлiгiн тоқтату, iс бойынша iс жүргiзудi тоқтата тұру немесе қайта жаңғырту туралы, сондай-ақ тергеу мерзiмiн ұзарту туралы өтiнiмдердi қозғау, бұлтартпау шарасы ретiнде қамауға алуды, үйде қамап ұстауды қолдану және оларды ұзарту туралы шешiмдердi тергеу тобының жетекшiсi ғана қабылдайды.

3. Айыптау қорытындысын және медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы мәселенi қарау үшiн iстi сотқа жiберу туралы қаулыны тергеу тобының жетекшiсi жасайды және оған қол қояды.

4. Тергеу тобының жетекшiсi басқа тергеушiлер жүргiзетiн тергеу iс-әрекеттерiне қатысуға, тергеу iс-әрекеттерiн жеке өзi жүргiзуге құқылы.

200-бап. Анықтау органдарының алдын ала тергеу жүргiзу

мiндеттi болып табылатын iстер бойынша қызметi

1. Алдын ала тергеу жүргiзу мiндеттi болып табылатын қылмыс белгiлерi болған кезде анықтау органы қылмыстық iс қозғауға және қылмыстың iзiн анықтау мен бекiту жөнiндегi кейiнге қалдыруға болмайтын тергеу iс-әрекеттерiн: қарауды, тiнтудi, алуды, куәландыруды, сезiктiлердi ұстау мен олардан жауап алуды, жәбiрленушiлер мен куәлардан жауап алуды жүргiзуге құқылы. Анықтау органы байқалған қылмыс пен қылмыстық iс қозғалғаны туралы прокурорға дереу хабарлайды.

2. Кейiнге қалдыруға болмайтын тергеу iс-әрекеттерiн орындағаннан кейiн, бiрақ iс қозғалған күннен бастап бес тәулiктен кешiктiрмей анықтау органы iстi тергеушiге беруге, бұл туралы жиырма төрт сағаттың iшiнде прокурорға жазбаша хабарлауға мiндеттi.

3. Iстi тергеушiге бергеннен кейiн анықтау органы ол бойынша тергеу iс-әрекеттерiн және жедел iздестiру шараларын тек тергеушiнiң тапсырмасы бойынша ғана жүргiзе алады. Қылмыс жасаған адамды анықтау мүмкiн болмаған iстi тергеушiге берген жағдайда анықтау органы қылмыс жасаған адамды анықтау үшiн iздестiру шараларын жүргiзуге, тергеушiге нәтижелер туралы хабарлауға мiндеттi.

201-бап. Тергеу iс-әрекеттерiн жүргiзудiң жалпы ережелерi

1. Тергеушi тергеу iс-әрекеттерiне қатысуға заңдарда белгiленген адамдарды тарта отырып, олардың жеке басын анықтайды, оларға құқықтары мен мiндеттерiн, сондай-ақ тергеу iс-әрекеттерiн жүргiзудiң тәртiбiн түсiндiредi.

2. Кейiнге қалдыруға болмайтын жағдайларды қоспағанда, тергеу iсiн түнгi уақытта жүргiзуге жол берiлмейдi.

3. Тергеу iс-әрекетiн жүргiзу кезiнде техникалық құралдар қолданылуы және қылмыс iздерi мен заттай дәлелдердi анықтаудың, бекiту мен алудың ғылыми негiзделген әдiстерi қолданылуы мүмкiн.

4. Тергеу iс-әрекетiн жүргiзу кезiнде күш қолдануға, қорқытуға және өзге де заңсыз шараларды қолдануға, сонымен қатар оған қатысушы адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауiп туғызуға жол берiлмейдi.

5. Тергеушi тергеу iс-әрекеттерiне қатысуға анықтау органының қызметкерiн тартуға құқылы.

202-бап. Алдын ала тергеу барысында шығарылатын қаулылар

Алдын ала тергеу процесiнде осы Кодекске сәйкес қандай да бiр iс жүргiзу шешiмiн қабылдау кезiнде тергеушi қаулы шығарады, онда оның жасалған орны мен уақыты, тергеушiнiң аты-жөнi мен лауазымы, қабылданатын шешiмнiң мәнiсi мен негiздерi, қаулының осы Кодекстiң қай бабына негiзделiп шығарылатыны көрсетiледi. Қаулыға тергеушi қол қояды.

ҚР 16.03.01 ж. № 163-II Заңымен 203-бап өзгертілді

203-бап. Тергеу iс-әрекетiнiң хаттамасы

1. Тергеу iс-әрекетiнiң хаттамасы тергеу iс-әрекетiн жүргiзу барысында немесе ол аяқталғаннан кейiн бiрден жасалады.

2. Хаттама қолмен жазылуы, машинка жазбасы не компьютер арқылы жасалуы мүмкiн. Хаттаманың толық болуын қамтамасыз ету үшiн стенографиялау, киноға түсiру, дыбыс және бейнежазба қолданылуы мүмкiн. Стенографиялық жазба, дыбыс және бейнежазба материалдары iспен бiрге сақталады.

3. Хаттамада: тергеу iс-әрекетiн жүргiзу орны мен күнi; оның басталу және аяқталу уақыты минутына дейiн дәл; тергеушiнiң лауазымы мен аты-жөнi; тергеу iс-әрекетiне қатысқан әрбiр адамның тегi, аты, әкесiнiң аты, ал қажет болған жағдайда оның мекен-жайы көрсетiледi. Хаттамада iс жүргiзу әрекеттерi олардың болған ретiмен, оларды жүргiзу барысында iс үшiн мәнi бар анықталған жағдайлар, сондай-ақ тергеу iс-әрекетiн жүргiзуге қатысқан адамдардың мәлiмдемелерi жазылады.

4. Егер тергеу iс-әрекетiн жүргiзу кезiнде фотосуретке түсiру, киноға түсiру, дыбыс және бейнежазба қолданылса не iздiң көшiрме бедерi мен таңбасы жасалса, сызбалар, схемалар, жоспарлар жасалса, онда хаттамада оны жүргiзу барысында қолданылған ғылыми-техникалық құралдар, оларды пайдалану жағдайлары мен тәртiбi, бұл құралдар қолданылған объектiлер және алынған нәтижелер көрсетiлуге тиiс. Хаттамада бұған қоса ғылыми-техникалық құралдарды қолданудың алдында бұл туралы тергеу iс-әрекетiн жүргiзуге қатысқан адамдардың хабардар етiлгенi көрсетiлуге тиiс.

5. Танысу үшiн хаттама тергеу iс-әрекетiн жүргiзуге қатысқан барлық адамдарға ұсынылады. Оларға хаттамаға енгiзiлуге тиiс ескертпе жасау құқығы түсiндiрiледi. Хаттамаға енгiзiлген барлық ескертпелер, толықтырулар, түзетулер көрсетiлуге және олар осы адамдардың қол қоюымен куәландырылуға тиiс.

6. Хаттамаға тергеушi, жауап алынған адам, аудармашы, маман, куәгерлер және тергеу iс-әрекетiн жүргiзуге қатысқан барлық адамдар қол қояды. Тергеу iс-әрекетiнiң хаттамасына қол қоюдан бас тартылған немесе қол қою мүмкiн болмаған жағдайда бұл фактiнi куәландыру осы Кодекстiң 126-бабының сегiзiншi және оныншы бөлiктерiне сәйкес жүргiзiледi.

7. Хаттамаға тергеу iс-әрекетiн жүргiзу кезiнде орындалған фотографиялық негативтер мен суреттер, кинотаспалар, диапозитивтер, фонограммалар, бейнежазба кассеталары, сызбалар, жоспарлар, схемалар, iздiң көшiрме бедерлерi мен таңбалары қоса тiркеледi.

8. Егер тергеу iс-әрекетiн жүргiзу барысында маман зерттеу нәтижелерi бойынша ресми құжат жасаса, онда бұл құжат хаттамаға қоса тiркеледi, ол туралы хаттамаға тиiстi жазу жазылады.

9. Жәбiрленушiнiң, оның өкiлiнiң, куәнiң және олардың жақындарының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету қажет деп санауға негiздер болған кезде тергеушi аталған адамдар қатысып отырған тергеу iс-әрекетi хаттамасында олардың жеке басы туралы деректердi жазбауға құқылы. Бұл жағдайда тергеушi жеке басы туралы деректердi құпия сақтау туралы қабылданған шешiмнiң себептерi жазылған, олардың бүркеншiк аттары көрсетiлген және ол қатысқан тергеу iс-әрекетiнiң хаттамаларында ол қолданатын қол қоюдың үлгiлерi келтiрiлген қаулыны шығаруға мiндеттi. Қаулы бұдан әрі қылмыстық істі тергеген органда сақталатын конвертке салынып, желiмделедi, оның iшiндегiлермен тергеушiден басқа прокурор және сот таныса алады.

204-бап. Қылмыс жасауға және басқа да заң бұзушылықтарға

ықпал еткен жағдайларды жою жөнiндегi ұйғарым

1. Қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу кезiнде қылмыс жасауға ықпал еткен мән-жайларды анықтаған тергеушi тиiстi мемлекеттiк органдарға, ұйымдарға немесе оларда басқару қызметiн атқаратын адамдарға осы мән-жайларды немесе басқа заң бұзушылықтарды жою жөнiнде шаралар қолдану туралы ұйғарым ұсынуға құқылы.

2. Ұйғарым қабылданған шаралар туралы бiр ай мерзiм iшiнде мiндеттi түрде хабарлай отырып қаралуға тиiс.

205-бап. Алдын ала тергеу мен анықтау деректерiн жария

етуге жол бермеу

1. Алдын ала тергеу деректерi жария етiлмеуге тиiс. Олар, егер бұл тергеу мүдделерiне қайшы келмесе және басқа адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзумен байланысты болмаса, онда тек тергеушiнiң, анықтаушының, прокурордың рұқсатымен қандай көлемде жария ету мүмкiн деп танылса, сондай көлемде жария етiлуi мүмкiн.

2. Тергеушi қорғаушыға, куәларға, жәбiрленушiге, азаматтық талапкерге, азаматтық жауапкерге немесе олардың өкiлдерiне, сарапшыға, маманға, аудармашыға, куәгерлерге және тергеу iс-әрекеттерiн жүргiзу кезiнде қатысқан басқа адамдарға өзiнiң рұқсатынсыз iстегi мәлiметтердi жария етуге жол берiлмейтiнi туралы ескертедi, бұл туралы аталған адамдардан олардың жауапкершiлiгiн ескерте отырып, қолхат алынады.

25-тарау. Айыпталушы ретінде жауапқа тарту



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет