Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі «Қазақстандық индустрияны дамыту институты»



бет6/8
Дата20.06.2016
өлшемі0.88 Mb.
#149361
1   2   3   4   5   6   7   8











5.3: «Даму» Қорының кәсіпкерлікті қаржылай қолдау бағдарламасы

5.3.1-құрал:





Өтініш беруге уәкілетті/ Кім қолдауға қол жеткізе алады?


Бағдарлама қатысушылары «Жеке кәсіпкерлік туралы» ҚР Заңына сәйкес шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері бола алады.

Түрі:

Екінші деңгейдегі банктер арқылы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу.

Шарттары:

  • Соңғы қарыз алушы үшін жылдық сыйақы мөлшерлемесі:

- 1-транш – Серіктес банк өзі белгілейді;

- 2-3 транштар, «Даму-Аймақтар» - жылдығы 12,5% көп емес;



  • Кредиттеу мерзімі – 84 айға дейін;

  • Бір қарыз алушыны қаржыландыру лимиті:

- 1-транш - 120 000 АЕК дейін;

- 2-транш - 300 000 АЕК дейін, өндірістік жобалар бойынша – 500 000 АЕК дейін;

- 3-транш – 750 млн. теңгеге дейін;

- «Даму-Аймақтар» - 500 000 АЕК дейін.



  • Қарыз валютасы – теңге;

  • Теріс кредиттік тарихы бар ШОКС қаржыландыруға тыйым салынады.




Байланыс:

«Даму» КДҚ» АҚ Бағдарламалық қарыздар департаменті, Алматы қ., Гоголь көшесі, 111. Тел.: 7 (727) 244-5566

e-mail: info@fund.kz сайт: www.fund.kz.
















5.3.2-құрал: «Даму-Аймақтар» бағдарламасы





Өтініш беруге уәкілетті/ Кім қолдауға қол жеткізе алады?

Бағдарлама қатысушылары «Жеке кәсіпкерлік туралы» ҚР Заңына сәйкес шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері бола алады.

Түрі:

Екінші деңгейдегі банктер арқылы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу.


Шарттары:

  • Қаражатты мақсатты пайдалану: қолданыстағы кредитті қайта қаржыландыру, инвестициялық мақсат, айналым қаражатын толықтыру;

  • Соңғы қарыз алушы үшін жылдық сыйақы мөлшерлемесі: жылдығы 12,5 пайыздан көп емес. Жылдық тиімді мөлшерлеме: жылдығы 14,0 % көп емес.

  • Қарыз бойынша кредиттеу мерзімі: 84 айға дейін;

  • Қарыз валютасы: теңге;

  • Бір қарыз алушыға берілетін қаржыландыру лимиті: 500 000 айлық есепті көрсеткішке дейін;

  • Жобаларды салалық бағыттылығына қарай қаржыландыруға шектеу (ЖАО шарттарымен белгіленген жағдайдан бөлек) жоқ;

  • Айналым қаражатын толықтыруға берілетін Қарыз бойынша негізгі борышты өтеуге берілетін жеңілдік мерзімі: 12 айға дейін;

  • Өзге талаптарды Әріптес банктердің өздері белгілейді.




Байланыс:

«Даму» КДҚ» АҚ Бағдарламалық қарыздар департаменті, Алматы қ., Гоголь көшесі, 111. Тел.: 7 (727) 244-5566

e-mail: info@fund.kz сайт: www.fund.kz.





5.3.3-құрал: Қазақстан Республикасындағы микрокредиттік ұйымдарды дамыту жөніндегі 2008 – 2012 жж. арналған шаралар бағдарламасы


Өтініш беруге уәкілетті/ Кім қолдауға қол жеткізе алады?

Бағдарлама қатысушылары микрокредиттік ұйымдар бола алады.

Түрі:

Екінші дейгейдегі банктер арқылы микрокредиттік ұйымдарды кредиттеу.

Шарттары:

  • Қаражатты мақсатты пайдалану: микрокредиттер беру үшін МКҰ айналым қаражатын толықтыру;

  • Жылдық тиімді мөлшерлеме: жылдығы 14,0% көп емес;

  • Қарыз бойынша кредиттеу мерзімі: 60 айға дейін;

  • Қарыз валютасы: теңге;

  • Қаржыландыру лимиті: 750 млн. теңгеге дейін, бұл ретте сұралатын кредит сомасы ағымдағы күндегі белсенді кредит портфелінің көлемінен аспауы тиіс. Егер МКҰ белсенді ссудалық портфелі кемінде 120 000 АЕК құрайтын болса, онда ағымдағы күндегі белсенді кредит портфелі көлеміне қатысты сұралатын қарыз сомасы 3:1 арасалмағынан аспауы тиіс;

  • Жобаларды салалық бағыттылығына қарай қаржыландыруға шектеу қойылмайды;

  • Айналым қаражатын толықтыруа берілетін Қарыздар бойынша негізгі борышты өтеудің жеңілдік кезеңі: 12 айға дейін;

  • МКҰ Бағдарлама қаражаты есебінен әртүрлі банктерден, қаржы ұйымдарынан бір уақытта Қарыз ала алмайды;

  • МКҰ белсенді қызмет ету мерзімі кемінде бір жыл болуы тиіс;

  • Бір қарыз алушының МКҰ несие портфеліндегі тәуекелдік коэффициенті 0,25-тен аспауы тиіс;

  • Өзге талаптарды Әріптес банктердің өздері белгілейді.

Байланыс:

«Даму» КДҚ» АҚ Бағдарламалық қарыздар департаменті, Алматы қ., Гоголь көшесі, 111. Тел.: 7 (727) 244-5566

e-mail: info@fund.kz сайт: www.fund.kz.






5.3.4-құрал: «Даму-Өндіріс» бағдарламасы


Өтініш беруге уәкілетті/ Кім қолдауға қол жеткізе алады?

Бағдарлама қатысушылары Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеушісіне (ҚР МЖ 03-2007) сәйкес өңдеуші өнеркәсіпте жұмыс істеп жүрген жеке кәсіпкерлік субъектілері бола алады.


Түрі:

Қарыздарды 8% мөлшерлемеде қайта қаржыландыру.


Шарттары:

  • Өңдеуші өнеркәсіпте жұмыс істеп жүрген ЖКС жобаларын қайта қаржыландыру;

  • Қарыз бойынша жылдық сыйақы мөлшерлемесі - 8,0%-дан аспайды;

  • Кредиттеу мерзімі – 84 айға дейін;

  • Бір ЖКС-ін қаржыландырудың ең жоғарғы лимиті – 750 млн. теңгеден көп емес;

  • Негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдік мерзімі - 24 айға дейін.




Байланыс:

«Даму» КДҚ» АҚ Демеу қаржы беру және кепілдендіру департаменті, Алматы қ., Гоголь көшесі, 111. Тел.: 7 (727) 244-5566 e-mail: info@fund.kz

сайт: www.fund.kz.








Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет