Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі «Қазақстандық индустрияны дамыту институты»



бет7/8
Дата20.06.2016
өлшемі0.88 Mb.
#149361
1   2   3   4   5   6   7   8






















5.3.5-құрал: Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту бағдарламасы





Өтініш беруге уәкілетті/ Кім қолдауға қол жеткізе алады?

Бағдарлама қатысушылары жеке кәсіпкер әйелдер бола алады.

Түрі:

Екінші деңгейдегі банктер арқылы кредиттеу

Шарттары:

  • Осы Бағдарлама бойынша әйелдер кәсіпкерлігінің бір субъектісіне берілетін кредит / лимиттің ең жоғарғы сомасы – 3 000 000 теңге;

  • Қолданыстағы кредиттерді қайта қаржыландыру кезінде – қайта қаржыландырылатын ссудалық борыштың қалдық сомасы қайта қаржыландыру күнінде 3 000 000 теңгеден аспауы тиіс;

  • Кредиттеу мерзімі:

- айналым қаражатын толықтыруға – 36 айға дейін;

- негізгі қаражатты сатып алуға және жаңалауға – 60 айға дейін;



  • Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі – жылдығы 14 пайыздан көп емес;

  • Серіктес банктерге:

1. салық бойынша берешегі бар және өтінімді қарастыру сәтінде мемлекеттік бюджетке 10 АЕК асатын міндетті өзге төлемдері бар әйелдер кәсіпкерлігі субъектісінің қарыздарын қайта қаржыландыруға / қаржыландыруға;

2. Қордың өзі тікелей қаржыландырған әйелдер кәсіркерлігі субъектілері жобаларынан бөлек, Қордың қаражаты есебінен алынан қарыздары бар әйелдер кәсіпкерлігі субъектілерін қайта қаржыландыруға / қаржыландыруға тыйым салынады.




Байланыс:

«Даму» КДҚ» АҚ Бағдарламалық қарыздар департаменті, Алматы қ., Гоголь көшесі, 111. Тел.: 7 (727) 244-5566 e-mail: info@fund.kz сайт: www.fund.kz.



5.3.6-құрал: Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласындағы ШКС жобаларын қаржыландыру бағдарламасы


Өтініш беруге уәкілетті/ Кім қолдауға қол жеткізе алады?

Бағдарлама қатысушылары ҚР Үкіметінің 19.09.2008 ж. № 865 қаулысына сәйкес Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласындағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері бола алады.


Түрі:

Екінші деңгейдегі банктер арқылы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу.


Шарттары:

  • Қаражатты мақсатты пайдалану: қолданыстағы кредитті қайта қаржыландыру, инвестициялық мақсаттар, айналым қаражатын толықтыру;

  • Соңғы қарыз алушы үшін жылдық тиіді сыйақы мөлшерлемесі: жылдығы 12,5 пайыздан көп емес.

  • Қарыз бойынша кредиттеу мерзімі: 84 айға дейін;

  • Қарыз валютасы: теңге;

  • Бір қарыз алушыға берілетін қаржыландыру лимиті: 60 000 айлық есепті көрсеткішке дейін;

  • Жобаларды салалық бағыттылығына қарай қаржыландыруға шектеу қойылмайды;

  • Негізгі борышты өтеуге берілетін жеңілдік кезеңі: 12 айға дейін;

  • ШКС Бағдарлама қаражаты есебінен әртүрлі банктерден, қаржы ұйымдарынан бір уақытта Қарыз ала алмайды;

  • Қарыз алушы Қарызды Банктік қарыз шартын/Кредит желісін ашу туралы келісім жасасқан күннен бастап, 2 ай ішінде игеруді бастауға міндетті;

  • Өзге талаптарды Әріптес банктердің өздері белгілейді.




Байланыс:

«Даму» КДҚ» АҚ Бағдарламалық қарыздар департаменті, Алматы қ., Гоголь көшесі, 111. Тел.: 7 (727) 244-5566 e-mail: info@fund.kz сайт: www.fund.kz.



5.3.7-құрал: Екінші деңгейдегі банктер және Лизинг компаниялары арқылы өңдеуші өнеркәсіп саласында жұмыс істеп жүрген ШОКС лизингтік мәмілелерін қаржыландыру бағдарламасы


Өтініш беруге уәкілетті/ Кім қолдауға қол жеткізе алады?

Бағдарлама қатысушылары ҚР Үкіметінің 09.10.2009 ж. № 1553 қаулысына сәйкес өңдеуші өнеркәсіпте қызметті жүзеге асыратын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері бола алады.


Түрі:

Лизинг компаниялары арқылы ШОКС лизингтік мәмілелерін қаржыландыру

Шарттары:

  • Тек ШОКС жаңа жобаларын (лизингтік мәмілелерін) ғана қаржыландыруды жүзеге асырады;

  • Лизинг мерзімі: 84 айға дейін;

  • Сыйақының соңғы мөлшерлемесі: жылдығы 8,0% көп емес;

  • Мәміле валютасы: теңге;

  • Негізгі борышты өтеудің жеңілдік кезеңі (лизинг пәнінің құны): 24 айға дейін;

  • Қаржы лизингі шарттары бойынша ШОК субъектілерінің өз қаражаты есебінен аванстық төлем енгізуіне жол беріледі;

  • Бір ШОК субъектісін Бағдарлама қаражаты есебінен қаржыландырудың ең жоғарғы лимиті 60 000 еселік айлық есептік көрсеткіштен (бұдан әрі – АЕК) аспауы тиіс. Бұл ретте ШОК субъектісінің аванстық төлемі есебінен қаржы лизингі шартының жалпы сомасы 60 000 есе АЕК мөлшерінен асуы мүмкін;

  • Лизинг мәмілелерінің өзге талаптарын Әріптес банктер / Лизинг компаниялары өздері белгілейді.




Байланыс:

«Даму» КДҚ» АҚ Бағдарламалық қарыздар департаменті, Алматы қ, Гоголь көшесі, 111. Тел.: 7 (727) 244-5566 e-mail: info@fund.kz сайт: www.fund.kz.


5.4. «Даму» Қорының кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау байдарламасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет