«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасына салыстырмалы кестесі



бет4/17
Дата12.06.2016
өлшемі1.51 Mb.
#129920
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

Осы Заңның 60, 61 және 87-баптарына сәйкес азаматтық әуе кемесінің пайдаланушысы, атап айтқанда қызметкерді еңбек (қызметтік) мiндеттерiн атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан және тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруды жүзеге асыруы тиіс.


Мемлекеттік авиация инспекторлары ұшуда авиациялық инспекцияларды жүзеге асыру және авиациялық техниканы пайдалана отырып біліктілік деңгейін ұстау кезінде «жолаушы» немесе «пайдаланушының қызметкері» санаттарына жатқызылмайды және тиісінше оларды сақтандыру пайдаланушының міндетіне кірмейді.

Алайда сақтандырусыз мемлекеттік авиация инспекторлары ұшуда авиациялық инспекцияларды жүзеге асыра алмайды және авиациялық техниканы пайдалана отырып өздерінің біліктілік деңгейін ұстай алмайды.

Осыған байланысты сақтандыру тетіктерін айқындай отырып ұшуда авиациялық инспекцияларды жүзеге асыру және авиациялық техниканы пайдалана отырып біліктілік деңгейін ұстау кезінде мемлекеттік авиация инспекторларын сақтандыруға қатысты заңнамада ерекшеліктер қарастыру қажет.


6. «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы



кіріспе

Осы Заң Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалануға және авиация қызметіне байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді, әуе кеңістігі мен авиация қызметін адамның өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаны, мемлекет мүдделерін қорғау, әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының экономикасы мен азаматтардың авиациялық қызмет көрсетуге қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында пайдалану тәртібін айқындайды.

Осы Заң Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалануға және авиация қызметіне байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді, әуе кеңістігі мен авиация қызметін адамның өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаны, мемлекет мүдделерін қорғау, әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының экономикасының, жеке және заңды тұлғалардың авиациялық қызмет көрсетуге қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында пайдалану тәртібін айқындайды.

Заңның кіріспесінде құқықтық реттеудің нысаны тар баяндалған, соған сәйкес осы Заңды қабылдаудың мақсаттары авиация қызметiн адамның өмiрi мен денсаулығын, қоршаған ортаны, мемлекет мүдделерiн қорғау, әуе кемелерiнiң ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының экономикасы мен азаматтардың авиациялық қызмет көрсетуге қажеттiлiктерiн қанағаттандыру болып аталған. Мұнда жөнелтушілері және алушылары көбінесе заңды тұлғалар және дара кәсіпкерлер болып табылатын жүктерді тасымалдау азаматтық авиация қызметі бағыттарының бір болып табылатындығы ескерілмеген.



1-баптың

6) тармақшасы



 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

 

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:



.............

6) авиациялық қауіпсіздік – авиацияның қызметіне заңсыз араласу әрекеттерінің алдын алу және оларды болғызбау арқылы қамтамасыз етілетін оның қауіпсіз қызметі;

..............


 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

 

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:



.............

6) Авиациялық қауіпсіздік – азаматтық авиацияны заңсыз араласу актілерінен кешенді іс-шараларды іске асыру мен адами және материалдық ресурстарды тарту арқылы қол жеткізілетін қорғау;

..............



Халықаралық азаматтық авиация туралы Конвенцияның 17-қосымшасына және Авиациялық қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулыққа (DOC 8973/8) сәйкестікке келтіру мақсатында




1-баптың

6-1) тармақшасы (Жаңа тармақша)



1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

 

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:



.............
Жоқ
..............

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

 

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:



.............

6-1) авиациялық қауіпсіздік жағдайына шолу - заңсыз араласу актiлерiн жасау үшін қолданылуы мүмкін осал тұстарды анықтауды қамтитын қауіпсіздік саласындағы қажеттіліктерді бағалау және түзету әрекеттеріне қатысты ұсынымдар жасау;

..............



Халықаралық азаматтық авиация туралы Конвенцияның 17-қосымшасына және Авиациялық қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулыққа (DOC 8973/8) сәйкестікке келтіру мақсатында




1-баптың

9) тармақшасы



1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

 

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:



.............

9) авиация қызметіне заңсыз араласу – авиацияның қауiпсiз қызметiне қол сұғатын, адамдардың бақытсыз жағдайға ұшырауына, материалдық зиян шегуге, әуе кемесiн басып алуға немесе айдап әкетуге әкеп соққан немесе осындай салдардың туындау қатерін төндiрген құқыққа қарсы әрекет;

..............



1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

 

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:



.............

9) авиация қызметіне заңсыз араласу актілері – бұл азаматтық авиация қауіпсіздігіне қатер төндіретін актілер немесе актлерді жасауға оқталу және осы актiлермен шектеліп қалмай:

ұшақты заңсыз басып алуды;

пайдаланаланылудағы әуе кемесін бүлдіруді;

әуе кемесінің бортында немесе аэродромда адамдарды кепілге алуды;

әуе кемесінің бортына, әуежайға немесе аэронавигациялық құрал немесе қызметтер орналасқан жерге күштеп енуді;

әуе кемесінің бортында немесе әуежайда қылмыстық мақсаттарға арналған қару, қауіпті құрылғыны немесе материалды орналастыруды;

өлім, ауыр жарақат, мүлікке немесе қоршаған ортаға елеулі зиянды келтіру мақсатында пайдаланаланудағы әуе кемесін қолдануды;

ұшудағы немесе жердегі әуе кемесінің қауіпсіздігін қауіп-қатерге қоятын өтірік ақпарат хабарламасын қамтиды;

..............

Халықаралық азаматтық авиация туралы Конвенцияның 17-қосымшасына және Авиациялық қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулыққа (DOC 8973/8) сәйкестікке келтіру мақсатында




1-баптың

14) тармақшасы



1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

 

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:



.............

14) авиация персоналы - арнайы және (немесе) кәсіптік даярлығы бар, әуе кемелерінің ұшуын, әуе тасымалдары мен авиациялық жұмыстарды орындау және қамтамасыз ету, әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету, әуе қозғалысын ұйымдастыру және оған қызмет көрсету, әуе қозғалысын басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке адамдар;

...........


1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

 

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:



.............

14) авиация персоналы - арнайы және (немесе) кәсіптік даярлығы бар, әуе кемелерінің ұшуын, әуе тасымалдарын орындау және қамтамасыз ету, әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету, әуе қозғалысын ұйымдастыру және оған қызмет көрсету, әуе қозғалысын басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке адамдар;

...........


Редакциялық айқындау



1-баптың

17) тармақшасы



 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

 

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:



.............

17) азаматтық авиация саласындағы халықаралық ұйымның авиациялық стандарты – азаматтық авиация саласындағы халықаралық ұйым қабылдаған, азаматтық авиация қызметінің жекелеген аспектілерін ұйымдастыруды және жүзеге асыруды регламенттейтін талап;

..............


1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

 

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:



.............

17) азаматтық авиация саласындағы халықаралық ұйымның авиациялық қағидалары – азаматтық авиация саласындағы халықаралық ұйым қабылдаған, азаматтық авиация қызметінің жекелеген аспектілерін ұйымдастыруды және жүзеге асыруды регламенттейтін талап;

..............

Редакциялық айқындау





1-баптың

28-1) тармақшасы



 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

 

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:



.............

28-1) аэронавигациялық қызмет көрсету – әуе қозғалысына қызмет көрсетуге, радиотехникалық жабдықты және байланыс құралдарын пайдалануға, ұшуларды метеорологиялық және іздестіру-құтқарумен қамтамасыз етуге, аэронавигациялық ақпарат беруге байланысты кешенді қызмет көрсету;

................


 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

 

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:



.............

28-1) аэронавигациялық қызмет көрсету – әуе қозғалысын ұйымдастыруды, байланыс жүйесін ұсынуды, навигацияны және бақылауды, ұшуларды метеорологиялық және іздестіру-құтқарумен қамтамасыз етуді, аэронавигациялық ақпарат беруді қамтитын қызмет көрсетудің түрлері. Бұл қызмет көрсетулердің түрлері ұшудың барлық кезеңіндегі (қонуға жақындағанда, әуеайлақ ауданында және маршрутта) әуе қозғалысына ұсынылады;

..............


«Аэронавигациялық қызмет көрсетудің экономикалық аспектері жөніндегі нұсқаулуығы» ИКАО DOC 9161 құжатының ережелерімен сәйкестікке келтіру мақсатында.





1-баптың

29) тармақшасы



 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

 

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:



.............

29) аэронавигациялық ұйым – әуе қозғалысына қызмет көрсетуді және әуе кемесінің бортына қажетті метеорологиялық ақпарат беруді, әуе кеңістігін пайдаланушыларды аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз етуді және радиотехникалық жабдық пен байланыс құралдарын пайдалануды жүзеге асыратын азаматтық авиация ұйымы;

................


 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

 

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:



.............

29) аэронавигациялық қызмет көрсетудің жеткізушісі аэронавигациялық қызмет көрсетуді ұсыну мақсатында құрылған ұйым;

..............


«Аэронавигациялық қызмет көрсетудің экономикалық аспектері жөніндегі нұсқаулуығы» ИКАО DOC 9161 құжатының ережелерімен сәйкестікке келтіру мақсатында.





1-баптың

29-1) тармақшасы



 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

 

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:



.............

29-1) аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органының және (немесе) радиотехникалық жабдығын пайдалану және байланыс қызметінің сертификаты – аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органының және (немесе) радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс қызметінің сертификаттық талаптарға сәйкестігін куәландыратын белгіленген үлгідегі құжат;

................


 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

 

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:



.............

29-1) аэронавигациялық қызмет көрсетудің жеткізушісінің сертификаты – аэронавигациялық қызмет көрсетудің жеткізушісінің сертификаттық талаптарға сәйкестігін куәландыратын белгіленген үлгідегі құжат;

..............


«Аэронавигациялық қызмет көрсетудің экономикалық аспектері жөніндегі нұсқаулуығы» ИКАО DOC 9161 құжатының ережелерімен сәйкестікке келтіру мақсатында.





1-баптың

39) тармақшасы



1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

 

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:



.............

39) әуежайдың бақыланатын аймағы – оларға кіруді авиациялық қауіпсіздік қызметі бақылайтын әуежайдың, әуеайлақтың, ұшуды аэронавигациялық қамтамасыз ету объектілерінің жұмыс алаңы және оларға іргелес жатқан аумақ, қызметтік ғимараттар, құрылыстар, қоймалар;

..............


1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

 

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:



.............

39) әуежайдың бақыланатын аймағы – оларға кіруі бақыланатын әуежайдың (әуеайлақтың) жұмыс алаңы, оларға іргелес жатқан аумақ және жақын орналасқан ғимарат немесе олардың бөлігі;

..............


Халықаралық азаматтық авиация туралы Конвенцияның 17-қосымшасына және Авиациялық қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулыққа (DOC 8973/8) сәйкестікке келтіру мақсатында




1-баптың

51-1) тармақшасы (Жаңа тармақша)



 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

 

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:



.............

Жоқ
..................

 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

 

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:



.............

51-1) әуе қозғалысын ұйымдастыру – ұшудың барлық кезеңдерінде әуе кемелерінің қауіпсіз және тиімді қозғалысын қамтамасыз ету үшін қажетті борттық және жердегі функциялар (әуе қозғалысын қызмет көрсету, әуе қозғалысын ұйымдастыру және әуе қозғалысы ағынын ұйымдастыру) кешені;

..................



«Аэронавигациялық қызмет көрсетудің экономикалық аспектері жөніндегі нұсқаулуығы» ИКАО DOC 9161 құжатының ережелерімен сәйкестікке келтіру мақсатында.







1-баптың

51-2) тармақшасы (Жаңа тармақша)



 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

 

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:



.............

Жоқ
..................

 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

 

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:



.............

51-2) әуе қозғалысын ұйымдастырудың функциональдық жүйесі - әуе қозғалысын ұйымдастыру жүйесінде функцияларды орындау үшін ұйымдастырылған жүйелердің, рәсімдер мен адам ресурстарының байланысы;

..................



Еуропа Одағының озық тәжірибесін енгізу мақсатында (аэронавигациялық қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге қойылатын талаптар туралы Еуропалық комиссияның 2011 жылғы 17 қазандағы № 1035/2011 резолюциясы)





1-баптың

53) тармақшасы



 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

 

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:



.............

53) әуе трассасы – әуе кемелерiнiң ұшуына арналған және аэронавигациялық қондырғылармен жабдықталған дәлiз түрiндегi әуе кеңiстiгi;

..................


 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

 

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:



.............

53) әуе трассасы – дәліз түрiндегi бақылаудағы әуе кеңiстiгi (немесе оның бөлігі);

..................


Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға 11-Қосымшасының «Әуе кеңістігіне қызмет көрсету» ережелеріне сәйкестікке келтіру мақсатында



1-баптың

56-1) тармақшасы



1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

 

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:



.............
Жоқ

..................



1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

 

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:



.............

56-1) кіруге шектелген қорғалатын аймақ - әуежайдың бақылау аймақтарының ең жоғары тәуекел аймағы ретінде белгіленген телімдері және онда өткізу бақылауына қосымша қауіпсіздік мақсатында бақылаудың басқа да шаралары қолданалады.  Әдетте, басқалардың бәрін қоспағанда, мұндай аймақтар, қарау пункттінен әуе кемесіне дейінгі коммерциялық авиацияның жолаушыларына арналған барлық аймақтар, сондай-ақ перрон, қараудан өткен багаж бен жүктер бар әуе кемелеріне қызмет көрсету аймақтарды қоса алғанда багажды сорттау аймақтары, жүк қоймалары, пошта сорттау орталықтары, бақыланатын аймақта орналасқан борт тағамдары мен ұшақтарды тазалау қызметтерінің үй-жайы болып табылады;

..................



Халықаралық азаматтық авиация туралы Конвенцияның 17-қосымшасына және Авиациялық қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулыққа (DOC 8973/8) сәйкестікке келтіру мақсатында




1-баптың

58) тармақшасы



 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

 

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:



.............

58) Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмi – Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерiн, оларға құқықтарды және олармен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу жүргiзiлетiн құжат;

..................


 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

 

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:



.............

58) Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмi – Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерiн, оларға құқықтарды мемлекеттiк тiркеу жүргiзiлетiн құжат;

..................



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет