«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасына салыстырмалы кестесі



бет7/17
Дата12.06.2016
өлшемі1.51 Mb.
#129920
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17

«Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» Заңының 18-бабынан туындайтыны әуе кеңiстігін күзету болып табылады, сондықтанда мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органның құзыретін ӘКП тәртібін бұзушылықты есепке алу бойынша, оларды аладын алу жөніндегі шаралардың кешенін әзірлеу үшін мақсатқа сай.




16-бап (Жаңа редакция)


16-бап. Азаматтық авиация саласындағы сертификаттау
1. Азаматтық авиация саласындағы сертификаттау кезінде осы Заңда көзделген әуе кемелерінің, әуеайлақтардың және көрсетілетін авиациялық қызметтердің Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі расталады.

2. Сертификаттаудың мақсаты адамның өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаны, мемлекет мүдделерін қорғау, әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігін және авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, экономиканың және азаматтардың сапалы авиациялық қызметтерге деген қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады.

3. Осы Заңда белгіленген жағдайларда, сертификаттауды азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.

Азаматтық авиация саласындағы сертификаттау үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексінде (Салық кодексі) айқындалатын тәртіппен және мөлшерде алым алынады. Азаматтық авиация саласындағы сертификаттау көрсетілген алымды мемлекеттік бюджетке төлегеннен кейін жүзеге асырылады.

Беру кезінде сертификат (авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлік) өтініш берушінің сертификаттық талаптарға сәйкестігін растайды және оған қызметтің рұқсат етілген түрлерін жүзеге асыруға арналған құқық береді.

4. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекітетін сертификаттық талаптарға сәйкес болған кезде өтініш берушіге сертификат (авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлік) береді.

Азаматтық авиация пайдаланушыларын немесе ұйымдарын сертификаттау процесі олардың белгіленген сертификаттау талаптарына сәйкестігін сертификаттық тексеруді, оның ішінде ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін олардың қаржы-экономикалық жағдайын бағалауды көздейді.

Сертификаттық тексеру шеңберінде өтініш беруші қызметтің сұратылып отырған түрлеріне байланысты функцияларды орындау үшін қажетті қабілеті мен құралдарын көрсетуге міндетті.

5. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган сертификаттау кезінде мыналарға:

1) сертификатты (авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлік) берер алдында, сертификаттау рәсімдеріне жататын азаматтық авиация ұйымдарына қолданылатын сертификаттау талаптарына сәйкестігіне;

2) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы заңнамасына сәйкес, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекіткен түзету іс-қимылдарының жоспарын орындауға (қолдануға) сертификаттық тексеруді жүзеге асырады.

6. Осы баптың 5-тармағында көзделген сертификаттық тексеру:

1) сертификаттық тексеру жүргізу жөніндегі мемлекеттік авиация инспекторлары үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган әзірлеген нұсқамалық материал пайдаланыла отырып жүзеге асырылуы;

2) тексерілетін жеке және заңды тұлғаларға сертификаттық тексерудің тиісті нәтижелері ұсынылуы тиіс.



16-бап. Азаматтық авиация саласындағы сертификаттау
1. Азаматтық авиация саласындағы сертификаттау кезінде осы Заңда көзделген азаматтық авиация пайдаланушылары мен ұйымдарының, әуе кемелерінің, әуеайлақтардың және көрсетілетін авиациялық қызметтердің Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі расталады.

2. Сертификаттаудың мақсаты адамның өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаны, мемлекет мүдделерін қорғау, әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігін және авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, экономиканың, жеке және заңды тұлғалардың сапалы авиациялық қызметтерге деген қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады.

3. Осы Заңда белгіленген жағдайларда, сертификаттауды азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.

Азаматтық авиация саласындағы сертификаттау үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексінде (Салық кодексі) айқындалатын тәртіппен және мөлшерде алым алынады. Азаматтық авиация саласындағы сертификаттау көрсетілген алымды мемлекеттік бюджетке төлегеннен кейін жүзеге асырылады.



4.Азаматтық авиация пайдаланушылары мен ұйымдарына қолданылатын сертификаттық талаптарға сәйкестігіне сертификаттық тексеруді азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган сертификаттық тексерулер мен тұрақты қадағалау үшін мемлекеттік авиация инспекторларына арналған нұсқамалық материалды пайдалана отырып жүзеге асырады. Нұсқамалық материал Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасының, Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандартары негізінде әзірленеді және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен бекітіледі.

5. Сертификаттық тексеру кезінде өтініш беруші қызметтің сұратылып отырған түрлеріне байланысты функцияларды орындау үшін қажетті қабілеті мен құралдарын, сондай-ақ қаржы-экономикалық және құқылық жағдайын көрсетуге міндетті.

Сертификаттық тексеру нәтижелері өтініш берушілерге таныстырылу үшін ұсынылады.

Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган өтініш берушіге сертификаттық талаптарға сәйкес болған және ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікке тікелей ықпал ететін сертификаттық тексеру кезінде анықталған сәйкессіздіктерді олар жойған кезде сертификат (куәлік) береді.

6. Сертификаттық тексеру кезінде анықталған сертификаттық талаптарға сәйкессіздік үш санатқа бөлінеді: 1-санат, 2-санат және 3-санат.

1-санатқа қызметті жүзеге асыруға кедергі жасамайтын және оларды өндірісті жетілдіру кезінде жоюға жататын ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікке болмашы ықпалы бар сертификаттық талаптарға сәйкессіздіктер жатады.

2-санатқа азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган келіскен мерзімде оларды жою немесе шектеулер енгізу жағдайы кезінде қызметті жүзеге асыруға кедергі жасамайтын ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікке елеулі ықпалы бар сертификаттық талаптарға сәйкессіздіктер жатады.

3-санатқа қызметті жүзеге асыруға кедергі жасайтын және ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікке айтарлықтай ықпалы бар сертификаттық талаптарға сәйкессіздіктер жатады.

Сәйкессіздіктерді әртүрлі санаттарға жатқызу сертификаттық тексерулер мен тұрақты қадағалау кезінде қолданылатын нұсқамалық материалда көзделеді.

7. 3-санаттағы сәйкессіздік өтініш берушінің техникалық және қаржылық мүмкіндігіне қарағанда адамның өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаны, ұшу қауіпсіздігін және авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге өтініш берушінің қабілетсіздігімен сипатталады.

3-санаттақы сәйкессіздік кезінде азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган сертификат (куәлік) беруден бас тартады не Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайда және тәртіпте өтініш беруші анықталған сәйкессіздіктерді жойған сәтке дейін сертификаттың (куәліктің) қолданысын шектейді.

8. 2-санаттағы сәйкессіздік кезінде азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган:

1) анықталған сәйкессіздіктерді жою үшін сәйкессіздік анықталған кезден бастап үш айдан аспайтын мерзім белгілейді. Өтінім беруші анықталған сәйкессіздіктерді жою жөніндегі түзету іс-қимылдарының жоспарын әзірлейді және сертификаттық тексеріс нәтижесімен танысқан сәттен бастап он күндік мерзімде азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға ұсынады;

2) өтініш беруші ұсынған анықталған сәйкессіздіктерді жою жөніндегі шараларды бағалау негізінде түзету іс-қимылдарының жоспарын бекітеді не оны негіздемесімен қоса пысықтауға қайтарады.

Іс-қимылдары жоспарында көрсетілген мерзімдер өтініш беруші оларды өзгерту қажеттігі туралы негіздемені ұсынған жағдайда азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен ұзартылуы мүмкін.

9. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган өтініш берушінің түзету іс-қимылдарының жоспарын ұсынуын және (немесе) жоспарда белгіленген мерзімдерде түзету іс-қимылдарын орындауын, қажет болған жағдайда инспекциялық тексеру жүргізу жолымен, бақылайды.

Егер өтініш беруші тиімді түзету іс-қимылдарының жоспарын ұсынбаса және (немесе) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган қабылдаған немесе ұзартқан мерзімдерде түзету іс-қимылдарын орындамаса 2-санаттағы сәйкессіздік 3-санаттағы сәйкессіздікке айналады және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган сертификатты (куәлікті) қайтарып алу бойынша шаралар қабылдайды.

1-санаттағы сәйкессіздік кезінде түзету іс-қимылының жоспары талап етілмейді.

10. Егер:

1) осы баптың 7-тармағында көзделген сәйкессіздіктер анықталса;

2) өтініш берушіге қатысты қызметтердің осы түрлерін көрсетуге тыйым салатын сот шешімі болса сертификатты (куәлікті) беруден бас тарту жүргізіледі.

11. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) басқа мүше-мемлекетінің құзыретті авиациялық билік органдары берген сертификаттардың (куәліктердің) күшін таниды.

Сертификаттау аясын нақтылау мақсатында, өйткені ИКАО мен осы Заңның талаптарына сәйкес сертификаттауға коммерциялық тасымалдарды жүзеге асыратын пайдаланушылар, авиациялық жұмыстар, сондай-ақ әуежай қызметімен айналысатын пайдаланушылар жатады.

Сонымен қатар сертификаттауға әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді жүзеге асыратын ұйымдар, аэронавигациялық қызмет көрсетуді жеткізушілер, сондай-ақ авиация персоналын оқытумен және даярлаумен айналысатын ұйымдар жатады.


Заңның кіріспесіндегі енгізілетін өзгерістерге байланысты редакциялық нақтылау.

ИКАО құжаты Doc 8335 Пайдаланушылық инспекциясы, сертификаттау және тұрақты қадағалау рәсімдері жөніндегі нұсқаулыққа (3-тарау, 3.5.1-тармақ) сәйкес мемлекет ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бақылау жүйесінің 8 сыни элементті қамтитын реттеудің мемлекеттік жүйесін жасауға міндетті. Сыни элементтердің бірі болып техникалық нұсқамалық материалдарды әзірлеу мен сыни тұрғыдан қарағанда ұшу қауіпсіздігі ақпараттарын беру табылады. Нұсқамалық матеиалдардың болуы мемлекеттің куәліктер, сертификаттар мен әртүрлі рұқсаттар беруге байланысты мемлекеттің міндеттерін орындауға байланысты келесй сыни элементке өтуге мүмкіндік береді.

Сертификаттық тексеру кезінде санатарды енгізу укілетті органның барлық сәйкессіздіктерді анықтау және олардың адам өміріне және денсаулығына қауіптілік дәрежесін айқындауға, қоршаған ортаға және бүтіндей алғанда ұшу қауісізігін қаматамасыз етуге бағытталған.

ИКАО құжаты Doc 8335 (6-тарау) сәйкес қадағалау жүргізу кезіндегі қортындылардың елеулілік деңгейінің үлгісі және оған байланысты елеусіз, маңызды және елеулі деп үшке бөлінетін іс әрекеттер келтірілген. Сертификаттау мен қадағалау мемлекеттің реттеудің бір нысаны болып табылады. Сертифиткаттық тексеру кезіндегі тексеруге жататын позиция пайдаланушылар мен ұйымдардың қызметіне тұрақты қадағалау мен бақылауды жүргізу кезіндегі позициялармен үндес болуы тиіс.

Сондықтанда санаттарды енгізу уәкілетті органның жұмысын тәртіпке келтіреді және айқындалған сәйкессіздіктерді өтініш берушінің белгіленген мерзімде жоюына немесе уәкілетті органның сертификаттың немесе куәліктің күшін тоқтатау немесе оны беруден бас тарту бойынша шешім қабылдау мүмкіндігін береді.

Бұл норма ИКАО талаптары мен халықаралық тәжірибеге сәйкес және уәкілетті органның АА пайдаланушылары мен ұйымдарына сертификаттық тексерулер жүргізу кезінде сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуге бағытталған.

ИКАО 8335 құжаттың 5.3.13-тармағына сәйкес сертификаттау бойынша уәкілетті орган белгілеген қанағаттандырылмайтын жағдай түзету әрекеттерін қабылдау үшін өтініш берушіге мағлұмат ретінде берілгені жөн. Өтініш берушіге жұмысқа кірісуден бұрын ұшу қауіпсіздігіне ықпал ететін кезкелген ақауларды жоюға мүмкіндік беру қажет. Барлық ауытқаулар мен сақтамау аспектілерін түзету немесе шешу қажет, бұл жерде уәкілетті орган ондай түзету әрекеттері олар үшін өндірістік қызмет басталғанға дейін қолайлы түрде құжатпен ресімделгеніне көз жеткізуі тиіс.

Конвенцияның 33-бабына сәйкес ұшу жарамлдылың куәлігі мен біліктілік туралы куәлік, сондай-ақ әуе кемесі тіркелген келісуші мемлекет берген немесе қолданыс күшін таныған куәліктер ондай куәліктер беруді немесе күшін тануды көздейтін, уақыт өте келе осы Конвенцияға сәйкес белгіленуі мүмкін немесе олардан асып түсетін минимальды стандарттарға сәйкес келетін талаптар жағдайында басқа келісуші мемлекетпен күші бар деп танылуы мүмкін.





16-1-баптың атауы


16-1-бап. Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тұрақты қадағалау

16-1-бап. Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және авиациялық қауіпсіздікке тұрақты қадағалау

Тұрақты қадағалау сондай-ақ авиациялық қауіпсіздік саласында да жүзеге асырылады.



16-1-баптың

1-тармағы




16-1-бап. Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тұрақты қадағалау
1. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган жеке және заңды тұлғалардың ұшу қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуіне тұрақты қадағалауды жүзеге асырады.

Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тұрақты қадағалауға азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган сертификаттаған азаматтық авиация пайдаланушылары мен ұйымдары жатады.

..............


16-1-бап. Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және авиациялық қауіпсіздікке тұрақты қадағалау
1. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган жеке және заңды тұлғалардың ұшу қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуіне және авиациялық қауіпсіздікке тұрақты қадағалауды жүзеге асырады.

Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету және авиациялық қауіпсіздік үшін тұрақты қадағалауға азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган сертификаттаған азаматтық авиация пайдаланушылары мен ұйымдары жатады.

.............


Тұрақты қадағалау сондай-ақ авиациялық қауіпсіздік саласында да жүзеге асырылады.






16-1-баптың

3-тармағының

1) тармақшасы


16-1-бап. Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тұрақты қадағалау
.............

3. Осы баптың 2-тармағында көзделген тексеру:

1) тұрақты қадағалауды жүргізу жөніндегі мемлекеттік авиация инспекторлары үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган әзірлеген нұсқамалық материал пайдаланыла отырып жүзеге асырылуы;

..............



16-1-бап. Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және авиациялық қауіпсіздікке тұрақты қадағалау
...............

3. Осы баптың 2-тармағында көзделген тексеру:

1) осы Заңның 16-бабының 4-тармағына көзделген нұсқамалық материал пайдаланыла отырып жүзеге асырылуы;
.............

Редакциялық айқындау





16-1-баптың

3-тармағының

2) тармақшасы


16-1-бап. Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тұрақты қадағалау
.............

3. Осы баптың 2-тармағында көзделген тексеру:

................

2) тексерілетін жеке және заңды тұлғаларға ұшу қауіпсіздігін қадағалаудың тиісті нәтижелерін беруі;




16-1-бап. Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және авиациялық қауіпсіздікке тұрақты қадағалау
...............

3. Осы баптың 2-тармағында көзделген тексеру:

......................

2) тексерілетін жеке және заңды тұлғаларға ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету және авиациялық қауіпсіздік бойынша олардың қызметіне қадағалаудың тиісті нәтижелерін беруі;



Редакциялық айқындау






16-1-баптың

3-тармағының

3) тармақшасы


16-1-бап. Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тұрақты қадағалау
.............

3. Осы баптың 2-тармағында көзделген тексеру:

.............

3) бұрынғы қадағалаудың нәтижелеріне және азаматтық авиация пайдаланушылары мен ұйымдарының ұшу қауіпсіздігін басқарудың белгіленген жүйесі шеңберінде ұшу қауіпсіздігі саласындағы басымдықтарға негізделуі;




16-1-бап. Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және авиациялық қауіпсіздікке тұрақты қадағалау
...............

3. Осы баптың 2-тармағында көзделген тексеру:

................

3) бұрынғы қадағалаудың нәтижелеріне және азаматтық авиация пайдаланушылары мен ұйымдарының ұшу қауіпсіздігін және авиациялық қауіпсіздікті басқарудың белгіленген жүйесі шеңберінде ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздігі саласындағы басымдықтарға, соның ішінде перрондық және жоспардан тыс тексерулерге негізделуі;



Редакциялық айқындау






16-1-баптың

4 -тармағы



16-1-бап. Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тұрақты қадағалау
.............

4. Тұрақты қадағалауды жүргізу тұрақты қадағалауды қамтамасыз ету жөніндегі бағдарлама шеңберінде азаматтық авиация пайдаланушылары мен ұйымдарын жоспарлы тексеру арқылы жүзеге асырылады.

..............



16-1-бап. Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және авиациялық қауіпсіздікке тұрақты қадағалау
...............

4. Тұрақты қадағалау азаматтық авиация пайдаланушылары мен ұйымдарына инспекциялық тексерулер жүргізу жолымен жүзеге асырылады.

.............



Редакциялық айқындау





16-1-баптың

5-тармағы



16-1-бап. Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тұрақты қадағалау
.............

5. Азаматтық авиация саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының шегінде немесе одан тыс жерлерде азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган берген сертификаттар (авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлік) негізінде өз қызметін жүзеге асыру кезінде сертификаттау талаптарын үнемі сақтайтынын растайтын ақпаратты, құжаттарды береді және мемлекеттік авиация инспекторларының өздерінің қарауындағы жерлер мен аймақтарда сертификаттау нысанасы болып табылатын ақпараттарға, құжаттарға, бұйымдарға, бөліктер мен жабдықтарға қолжетімділігін қамтамасыз етуге міндетті.

..............


16-1-бап. Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және авиациялық қауіпсіздікке тұрақты қадағалау
...............

5. Азаматтық авиация саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының шегінде немесе одан тыс жерлерде азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган берген сертификаттар (куәліктер) негізінде өз қызметін жүзеге асыру кезінде сертификаттау талаптарын үнемі сақтайтынын растайтын ақпаратты, құжаттарды береді және мемлекеттік авиация инспекторларының өздерінің қарауындағы жерлер мен аймақтарда сертификаттау нысанасы болып табылатын ақпараттарға, құжаттарға, бұйымдарға, бөліктер мен жабдықтарға қолжетімділігін қамтамасыз етуге міндетті.

.............

Редакциялық айқындау






16-2-баптың

1-тармағы




16-2-бап. Тұрақты қадағалауды қамтамасыз ету жөніндегі бағдарлама
......................

1. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган жыл сайын тұрақты қадағалауды қамтамасыз ету жөніндегі бағдарламаны қабылдайды, ол сертификатталған азаматтық авиация пайдаланушылары мен ұйымдарының сертификаттау талаптарына сәйкестігін ұстау бойынша азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган жүргізетін іс-шаралар кешенін білдіреді.



16-2-бап. Тұрақты қадағалауды қамтамасыз ету жөніндегі бағдарлама
......................

1. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган жыл сайын тұрақты қадағалауды қамтамасыз ету жөніндегі бағдарламаны қабылдайды, ол сертификатталған азаматтық авиация пайдаланушылары мен ұйымдарының сертификаттау талаптарына және Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына сәйкестігін ұстау бойынша азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган жүргізетін іс-шаралар кешенін білдіреді.



Редакциялық айқындау




16-2-баптың

3-тармағы




16-2-бап. Тұрақты қадағалауды қамтамасыз ету жөніндегі бағдарлама
......................

3. Тұрақты қадағалауды қамтамасыз ету жөніндегі бағдарлама тексерулерді жоспарлауды, қадағалау мәселелері бойынша азаматтық авиацияның пайдаланушылары мен ұйымдарының лауазымды адамдарымен өзара іс-қимыл жасауды және жүргізілген тексерулер нәтижелерін есепке алуды қамтиды.



16-2-бап. Тұрақты қадағалауды қамтамасыз ету жөніндегі бағдарлама
......................

3. Тұрақты қадағалауды қамтамасыз ету жөніндегі бағдарлама азаматтық авиацияның пайдаланушылары мен ұйымдарының қызметтерін сертификаттың (авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәліктің) әрекет ету мерзімі ішінде барлық аспекттерін ескере отырып тексерулерді жоспарлауды, қадағалау мәселелері бойынша азаматтық авиацияның пайдаланушылары мен ұйымдарының лауазымды адамдарымен өзара іс-қимыл жасауды және жүргізілген тексерулер нәтижелерін есепке алуды қамтиды.



Пайдаланушылық инспекциясы, сертификаттау және тұрақты қадағалау рәсімдері жөніндегі нұсқаулыққа (Doc 8335) 1.5-тармағына сәйкес ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша пайдаланушы қызметіне қадағалау ПС қолданыс мерзімі белгіленгеніне қарамастан үзіліссіз негізде жүргізілуі тиіс. Ондай жұмыс қызметтің барлық аспекттеріне мерзімді ішінара иснпекторлық тексеру нысанында жүргізілуі тиіс.



16-3-баптың

2-тармағының бірінші бөлігі



 16-3-бап. Тұрақты қадағалауды жүзеге асыру кезінде анықталған, белгіленген талаптарды бұзушылықтар деңгейі және бұзушылықтарды жою жөніндегі шаралар
.................

2. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды ұшу қауіпсіздігіне тікелей қатер төндіретіндей елеулі бұзушылықтар бірінші деңгейдегі бұзушылықтарға жатады.

.............


16-3-бап. Тұрақты қадағалауды жүзеге асыру кезінде анықталған, белгіленген талаптарды бұзушылықтар деңгейі және бұзушылықтарды жою жөніндегі шаралар
.................

2. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды ұшу қауіпсіздігіне және авиациялық қауіпсіздікке тікелей қатер төндіретіндей елеулі бұзушылықтар бірінші деңгейдегі бұзушылықтарға жатады.

.............

Редакциялық айқындау





16-3-баптың

6-тармағы



 16-3-бап. Тұрақты қадағалауды жүзеге асыру кезінде анықталған, белгіленген талаптарды бұзушылықтар деңгейі және бұзушылықтарды жою жөніндегі шаралар
.............................

6. Екінші деңгейдегі бұзушылықтар болған кезде азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган:

1) анықталған бұзушылықтарды жою үшін бұзушылық анықталған кезден бастап үш айдан аспайтын мерзім белгілейді. Азаматтық авиация пайдаланушысы немесе ұйымы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган белгілеген мерзімдерде анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі түзету іс-қимылдарының жоспарын әзірлейді. Бұзушылықтарды жою үшін белгіленген мерзім бекітілген түзету іс-қимылдары жоспарының мерзімдерін өзгерту қажеттігін негіздеу шартымен ұзартылуы мүмкін;

2) азаматтық авиация пайдаланушысы немесе ұйымы ұсынған анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі шараларды бағалау негізінде түзету іс-қимылдарының жоспарын бекітеді не оны негіздемесімен қоса пысықтауға қайтарады.

................


16-3-бап. Тұрақты қадағалауды жүзеге асыру кезінде анықталған, белгіленген талаптарды бұзушылықтар деңгейі және бұзушылықтарды жою жөніндегі шаралар
.............................

6. Екінші деңгейдегі бұзушылықтар болған кезде азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган:

1) анықталған бұзушылықтарды жою үшін бұзушылық анықталған кезден бастап үш айдан аспайтын мерзім белгілейді. Азаматтық авиация пайдаланушысы немесе ұйымы анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі түзету іс-қимылдарының жоспарын әзірлейді және инспекторлық тексеріс нәтижесімен танысқан немесе инспекторлық нұсқама алған сәттен бастап он күндік мерзімде азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға ұсынады;

2) азаматтық авиация пайдаланушысы немесе ұйымы ұсынған анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі шараларды бағалау негізінде түзету іс-қимылдарының жоспарын бекітеді не оны негіздемесімен қоса пысықтауға қайтарады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет