6. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы «Теміржол көлігі туралы» Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 23, 315-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 18, 110-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 13, 87-құжат; № 14, 89-құжат; № 16, 99-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009ж., № 2-3, 18-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2014 жылғы 7 қарашадағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 2014 жылғы 8 қарашада «Казахстанская правда» және «Егемен Қазақстан» газеттерінде жарияланған):
1) мазмұнында:
9-баптың тақырыптамасы мынадай редакцияда жазылсын:
«9-бап. Жылжымалы құрамды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) және Мемлекеттік тізімінен шығару»;
32-3-баптың тақырыптамасы мынадай редакцияда жазылсын:
«32-3 бап. Теміржол көлігіндегі жұмыс істеу ретін айқындайтын Қазақстан Республикасының заңнамалық талаптарын сақтау мақсатында магистралдық, стансалық және кірме жолдардағы апаттар, авариялар, жолдан шығып кету және соқтығысулар оқиғасы бойынша тексеріс жүргізу реті»;
66-1-баптың тақырыптамасы мынадай редакцияда жазылсын:
«66-1-бап. Жолаушылар поездарда жолаушылар, багаж және жүк-багаждарды тасымалдау қағидасын сақталуына бақылау жүргізу реттілігі»;
2) 1-бапта:
32-3) тармақшасымен толықтырылсын:
«32-3) қауіпсіздік сертификаты – құжат, темір жол көлігіндегі қауіпсіздік ережесімен тасымалдау процессіне қатысушыларының қауіпсіздік басқару жүйесіне сәйкес келетін куәлік;»;
54-2) тармақшасымен толықтырылсын:
«54-2) тасымалдаушы – жүкті, жолаушыларды, багажды, жүк-багажын және пошта жөнелтілімдерін тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын, тиісті лицензиясы бар, меншік құқығында не өзге де заңды негізде тартқыш көлік құралдарын қоса алғанда, жылжымалы составты иеленуші теміржол көлігінің ұйымы;»;
62-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«62-1) техникалық құралдар – теміржол көлігіндегі жылжымалы құрамдарда және арнайы жылжымалы құрамдарда (соның ішінде пайдалану, күтіп-ұстау және жөндеу үшін), қозғалыс басқармасында, құрылыс пайдалынымдарында жабдық, сайман, қай-қайсы жүйесі, бөлігі, компоненті немесе программалық қамсыздандыруы, инфрақұрылымда, белгі беру, байланыста, орталықтандыру және бұғаттауды, электрмен қамтамасыз етуді пайдаланатындар;»;
3) 9-баптың тақырыптамасы және 9-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«9-бап. Жылжымалы құрамды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) және Мемлекеттік тізімінен шығару
Жылжымалы құрам мен жылжымалы құрамның кепілі уәкілетті орган белгілеген тәртiппен мiндеттi мемлекеттік тiркеуге жатады.
Тартқыш, сондай-ақ моторвагонды жылжымалы құрамның және жылжымалы құрамның кепілін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексінде (Салық кодексі) айқындалатын тәртіппен және мөлшерде алым алынады.
Мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) бас тарту негізі болып табылатындар:
1) Тартқыш, сондай-ақ моторвагонды жылжымалы құрамдарды мемлекеттік тіркеу үшін бюджетке төленген алымды растайтын құжаттың ұсынылмауы;
2) меншік құқығын растайтын мүліктік жалдау (жалға алу), лизинг немесе мүлікті сенімгерлік басқару шартын растайтын құжаттың ұсынылмауы;
3) жылжымалы құрамының әрбір бірлігіне берген зауыт-өндірушінің техникалық паспортының (формуляры) ұсынылмауы;
4) ұсынылған құжаттарда өшiрулер, қолжазбаларында, машина жазбаларында түзетулер, көшiрмелердi куәландыратын қолы және оларды растауды талап ететін даналарында мөрi болмаған және (немесе) мәліметтің жоқтығы және (немесе) электронды өтініш толтыру кезінде талап етілетін мәліметтерде қателердің болуы;
5) мемлекеттік тіркеуге (қайта тіркеуге) жататын, соның ішінде сенімгерлік басқаруда, мүліктік жалдау (жалға алу) не лизингте тұрған инвентарлық парктегі жылжымалы құрамдар тізімінің ұсынылмауы;
6) Заң тәртібінде белгіленген сот қабылдаған шешiмге сәйкес және (немесе) жылжымалы құрамға тыйым салынған жағдайларда;
Жылжымалы құрам келесі кезде жылжымалы құрамның мемлекеттік тізімінен шығарылады:
1) жылжымалы құрамды есептен шығару, оның зақымдалуы қайта қалыптаспауы;
2) жылжымалы құрамды тіркеген заңды тұлғаның және (немесе) жеке кәсіпкердің қызметі таратылуы не тоқтатылуы;
3) меншік құқығын растайтын құжаттың не мүліктік жалдау (жалға алу), лизинг, мүлікті сенімгерлік басқару шартын растайтын құжат қызметінің тоқтатылуы;»;
4) 14-бапта:
2-тармақта:
5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) темiржол көлiгiнiң жұмыс iстеу, оларды бұзушылықты анықтау мен жолын кесу жөнiнде шаралар қабылдау тәртiбiн айқындайтын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің талаптарын жеке және заңды тұлғалардың сақтауын мемлекеттiк бақылау;»;
31) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«31) Қазақстан Республикасының аумағында теміржол көлігіндегі апаттарда, аварияларда және басқа да жолдан шығып кетуде, соқтығысуда қызметтік тергеуді жүргізу;»;
34-13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«34-13) теміржол көлік саласында жүк, жолаушы, багаж, жүк - багаж және почталық жөнелту тасымалдарының қызметін ұсынушыларға квалификациялық талаптар бекіту;»;
34-14) тармақшасы алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 34-27), 34-28), 34-29), 34-30), 34-31), 34-32), 34-33), 34-34), 34-35), 34-36), 34-37) және 34-38) тармақшаларымен толықтырылсын:
«34-27) қауіпсіздік сертификатын беру;
34-28) тартқыш және моторвагонды жылжымалы құрамның пайдалану, техникалық қызмет көрсетуі, жөндеу және күтіп-ұстау қағидасын бекіту;
34-29) жасанды құрылыстарды (мостар, тоннельдер, жолөткізулер, трубалар) пайдалануы, техникалық қызмет көрсетуі, күтіп-ұстауы, жөндеуі және ахуалын бағалау қағидасын бекіту;
34-30) темір жол жолының жоғарғы құрылысын пайдалану, күтіп-ұстау және жөндеу қағидасын бекіту;
34-31) технологиялық жол бойын және темір жол өткелдеріне күтіп-ұстау және жөндеу, құрал-жабдықтар, жабдықтау және қызмет көрсету қағидасын бекіту;
34-32) теміржол көлігі саласында сигнал беру, байланыс, орталықтандыру және бұғаттауларға техникалық қызмет көрсету, пайдалану және жөндеу ережесін бекіту;
34-33) теміржол көлігі саласында электрмен жабдықтау объектілері құрылғылары және пайдалану ережесін бекіту;
34-34) теміржол көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау ережесін бекіту;
34-35) вагондарды пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет ету ережесін бекіту;
34-36) арнайы жылжымалы құрамды пайдалану, техникалық қызмет ету және жөндеу ережесін бекіту;
34-37) теміржол көлігі саласында комиссия мүшелерін анықтау және заңнамалардың біліктілігі сынағына жататын, лауазым және профессия талаптарын бекіту;
34-38) Қазақстан Республикасының аумағында теміржол көлігіндегі апат, авария және де басқа жолдан шығып кету, соқтығысуда қызметтік тергеу жүргізу Қағидасын бекіту;».
5) 30-бап 2-1 тармағымен толықтырылсын:
«2-1. Теміржол көлігі саласында қызметін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар Теміржол көлігіндегі қауіпсіздік қағидасымен бекітілген тәртіппен және мерзімде уәкілетті органға магистралдық, станциялық және кірме жолдарда қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылуы жөнінде ақпараттандыруға міндетті;»;
6) 32-1-бабтың 2-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді пайдаланушылар мен вагондар (контейнерлер) операторларын қоспағанда, тасымалдау процесіне қатысушылар қауіпсіздікті басқару жүйесін әзірлеуге және енгізуге міндетті, оған қойылатын талаптарды Теміржол көлігіндегі қауіпсіздік қағидалары айқындайды.»;
7) 32-3-бабымен толықтырылсын:
«32-3 бап. Теміржол көлігіндегі жұмыс істеу ретін айқындайтын Қазақстан Республикасының заңнамалық талаптарын сақтау мақсатында магистралдық, стансалық және кірме жолдардағы апаттар, авариялар, жолдан шығып кету және соқтығысулар оқиғасы бойынша тексеріс жүргізу реті;
1. Теміржол көлігіндегі жұмыс істеу ретін айқындайтын Қазақстан Республикасының заңнамалық талаптарын сақтау мақсатында, теміржол көлігі саласындағы қызметті жүзеге асыратын магистралдық, стансалық және кірме жолдардағы апаттар, авариялар, жолдан шығып кету және соқтығысулар оқиғасы бойынша тексеріс құзіретті органның лауазымды тұлғалармен жүзеге асырылады.
2. Лауазымды тұлғалармен теміржол көлігі саласындағы қызметті жүзеге асыратын магистралдық, стансалық және кірме жолдардағы апаттар, авариялар, жолдан шығып кету және соқтығысулар оқиғасы бойынша тексеріс, келесі тізбекте жүзеге асырылады:
1) Лауазымды тұлғалар тексеріс басталмас бұрын тексерілетін субъектіге тексеріс жүргізу туралы актті және қызметтік куәлікті ұсынады;
2) Қажет болған жағдайда, режимді объектілерге қатысу үшін, компетентті органның келісімін ұсынады;
3) Тексеру қорытындысы бойынша тексеру акті толтырылады, Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген талаптарының бұзушылыктары анықталған фактілер негізінде, тексерілген субъектіге анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама беріледі, сондай-ақ, тыйым салу – шектеу қою шарасы қолданылады;
Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына сәйкес, құқықбұзушылықтарға жол берген тексерілетін субъектілерге және лауазымды тұлғаларға қатысты шара қолданылады;
Тексерілетін субъектілерге тексеру жүргізу мерзімі отыз жұмыс күннен аспау керек.».
8) 56-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Кiрме жолдар, олардың құрылыстары мен құрылғылары құрылыс нормалары мен ережелерiнiң талаптарына сай келуге, Темір жол көлігін техникалық пайдалану қағидасы, Кірме жолдарды пайдалану қағидасы, Поездардың қозғалысы және темір жол көлігіндегі маневрлік жұмыс жөніндегі нұсқаулығы, Темір жол көлігіндегі сигнализация туралы нұсқаулығы, теміржол жолдардың жоғарғы құрылысын пайдалану, күтіп-ұстау және жөндеу қағидасы, технологиялық жол бойын және темір жол өткелдеріне күтіп-ұстау және жөндеу, құрал-жабдықтар, жабдықтау және қызмет көрсету қағидасы, теміржол көлігінде белгі беруде, байланыста, орталықтандыруда және бұғаттауға техникалық қызмет көрсету, пайдалану және жөндеу қағидасы және жасанды құрылысты (мосттар, тоннельдер, жол өтпелері, трубалар) пайдалану, техникалық қызмет көрсету, күтіп-ұстау жөндеу және ахуалын бағалау қағидасы жылжымалы құрамды магистралдық жолдарда рұқсат етiлетiн техникалық жүктеме нормасымен өткiзудi қамтамасыз етуге тиiс.»;
9) 66-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«66-2-бап. Жолаушылар поездарда жолаушылар, багаж және жүк-багаждарды тасымалдау қағидасын сақталуына бақылау жүргізу реттілігі
1. Жол жүру кезінде Қазақстан Республикасының аумағында өтетін жолаушылар поездарда жолаушылар, багаж және жүк-багаждарды тасымалдау қағидасын сақталуына уәкілетті органмен жүргізіледі.
2. Теміржол көлігінде жолаушылар, багаж және жүк-багаждарды тасымалдау қағидасының тасымалдаушымен сақталуы, тексерісті тағайындау акті негізінде тексеріс жүргізуге құзіретті лауазымды тұлғамен (тұлғалармен) тексеріледі,
Тексеру тағайындау актісінде:
акттің күні мен нөмірі:
уәкілеттік органның атауы:
3) тексерісті жүргізетін уәкілетті тұлғаның (тұлғалардың) тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және лауазымы;
4) жолаушылар поездарына тексеріс тағайында актілерін тіркеу журналында (бұдан әрі – журнал) тіркелген күні мен нөмірі;
5) тексерілетін субъектінің атау мен жолаушылар поездардың нөмірі;
6) идентификациялық нөмірі (ЖСН/БСН);
7) тексерістер сұрақтары;
8) тексеріс жүргізу мерзімі;
9) актке қол қоюға уәкілетті тұлғаның қолы және уәкілетті органның мөрі көрсетіледі;
3. Тексерісті тағайындау актісі теміржол көлігінде жолаушылар поездарының нөмері көрсетілген, жолаушылар, багаж және жүк-багажды тасымалдауымен айналысатын әрбір тексерілетін субъектіге жасайды
Тексерісті тағайындау актісі журналда тіркеледі.
Журналда:
реттік нөмірі;
тексерісті тағайындау актінің күні мен нөмірі;
3) тексерісті тағайындаған уәкілетті органның атауы, тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты және лауазымы;
4) тексерісті жүргізуге уәкілетті тұлғаның (тұлғалардың) тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және лауазымы;
5) тексерілетін субъектінің атауы және жолаушылар поездарының нөмірі;
6) тексеріс жүргізу мерзімі көрсетіледі.
Журнал нөмірленген, тігілген және мөрмен куәландырылған болу керек.
Онда жазулар толық, анық, ұқыпты енгізіледі, түзетулер мен тазартулар жіберілмейді.
Қате жазулар айтылып өтеді және жауапты тұлғаның қол қоюмен куәландырады.
4. лауазымды тұлғалармен жолаушылар поездарға тексеріс жүргізу келесі жүйелілікпен жүргізіледі:
1) уәкілетті органның лауазымды тұлғалары жолаушылар поездарының тексерудің алдында жолаушылар поезының бастығына (аға жолсерікке, вагон ресторанының директорына, багаж вагонының қабылдап-алушыға, қызметтік вагонның жолсерігіне) қызметтік куәлікті және аталған поезға тексеру тағайындау актіні көрсетеді, бұл ретте қол қойдыртып, таныстырады;
2) уәкілетті органның лауазымды тұлғалары жолаушыларды, багажды және жүк-багажды тасымалдау қағидасын сақталуына жолаушылар поезы жүргеннен кейін тексеруге кіріседі;
3) жолаушыларды, багажды және жүк-багажды тасымалдау қағидасының сақталуын тексеру тексерудегі жолаушы поездағы барлық вагондарда жүзеге асады;
4) барлық түрдегі жолаушы вагондарда жолаушыларды, багажды және жүк-багажды тасымалдау қағидасының бұзушылықтар анықталған кезде, уәкілетті органның лауазымды тұлғаларымен тексеру қорытынды актісі жасалады;
5. Жол бойында жолаушылар поезын түнгі уақыттағы тексерісте жолаушылар аз алаңдаушылықпен болу керек;
6. Тексеру нәтижесі туралы акт екі данада жасалады.
Тексеру нәтижесі туралы актісінде көрсетіледі:
1) тексерістің күні, уақыты және учаскесі;
2) уәкілетті органның атау;
3) тексеру жүргізуге негіз болған, тексеріс тағайындау актісінің күні мен нөмірі;
4) тексеріс жүргізген тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) және лауазымы;
5) Тексерілетін субъектінің атауы, жолаушылар поезының нөмірі мен катынасы, тексеру жүргізгенде қатысқан поез бастығының (аға жолсерігінің, вагон ресторан директорының, багаж вагонң қабылдап-алушының, қызметтік вагон жолсерігінің) тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда):
6) Тексеру қорытындысы туралы мәлімет, соның ішінде анықталған бұзушылықтар туралы;
7) Тексеру жүргізгенде қатысқан поез бастығының (аға жолсерігінің, вагон ресторан директорының, багаж вагон қабылдап-алушының, қызметтік вагон жолсерігінің) тексеру қорытынды актісімен танысқан немесе бас тартқан туралы, қол қоюы немесе қол қоюдан бас тарту туралы мәлімет;
8) тексеріс жүргізген лауазымды тұлғаның (тұлғалардың) қолы;
Тексеру қорытынды актісіне, тексеру қорытындысына қатысты, болған жағдайда, құжаттар немесе олардың көшірмесі қоса ұсынылады;
6. Тексеріс қорытындысы бойынша ескерту және (немесе) қарсылық оқиғасы бар болғанда, оны тексеру жүргізгенде қатысқан поез бастығы (аға жолсерігі, вагон ресторан директоры, багаж вагон қабылдап-алушы, қызметтік вагон жолсерігі) жазбаша түрде баяндайды.
Ескерту және (немесе) қарсылық, тіисті белгі қойылып, тексеру қорытынды актісіне тіркеледі.
7. Танысу және анықталған бұзушылықтарды жою үшін шара қолдануға, тексеру жүргізу кезінде қатысқан поез бастығына (аға жолсерігіне, вагон ресторан директорына, багаж вагон қабылдап-алушыға, қызметтік вагон жолсерігіне) тексеру қорытынды актінің бір данасы ұсынылады.
8. Қазақстан Республикасының аумағында жүретін жол бойындағы жолаушылар поездарына жолаушылар, багаж және жүк-багажын тасымалдау қағидасының сақталуына бақылау жүргізгенде, уәкілетті органның лауазымды тұлғалары құқылы:
1) тексерілетін жолаушылар поезының құрамындағы барлық түріндегі жолаушылар вагондарына бөгетсіз мүмкіндігі;
2) тексеру сұрақтарына сәйкес, қағаз жүзінде құжаттар (мәліметтер) немесе олардың көшірмелерін тексеру қорытынды актісіне тіркеу үшін алуға;
3) мемлекеттік органдардың немесе ведомоствалық бағынысты мекемелердің мамандарын, кеңесшілерін және сарапшыларын қатыстыруға;
9. Тексеріс жүргізудегі уәкілетті органның лауазымды тұлғаларына, тексеріс сұрақтарына қатысты емес ұсыныстарды талап етуге және өтінішпен жүгінуге тыйым салынады.
10. Бақылау жүргізгенде уәкілетті органның лауазымды тұлғаның міндеті:
1) Қазақстан Республикасының заңнамаларын, тексерілетін субъектілердің құқықтары мен заңды мақсатын сақтауға;
2) нағыз Заңмен белгіленген негізінде және қатаң ретте тексеріс жүргізуге;
3) тексеру жүргізу кезінде қатысқан поез бастығына (аға жолсерікке, вагон ресторан директорына, багаж вагон қабылдап-алушыға, қызметтік вагон жолсерікке) тексеру жүргізілу аяқталған сәтте, тексеру қорытынды актісін тапсыру.
11. поез бастығы (аға жолсерік, вагон ресторан директоры, багаж вагон қабылдап-алушы, қызметтік вагон жолсерік) уәкілетті орган бақылау жүргізген кезде, құқылы:
1) тексеру жүргізуге келген уәкілетті органның лауазымды тұлғаны жібермеу керек, егерде:
Тексерісті тағайындау актісінде көрсетілген мерзім артып не өтіп кеткен кезде;
Тиісті құзіреті жоқ тұлғалармен тексеріс жүргізуге тапсырысы.
12. Жолаушылар поездарына жолаушылар, багаж және жүк-багажын тасымалдау қағидасының сақталуына тексеріс жүргізу кезінде, жолаушы поезының поез бастығы (аға жолсерігі, вагон ресторан директоры, багаж вагон қабылдап-алушы, қызметтік вагон жолсерігі) міндетті:
1) нағыз Заңның 66-2 бап 4 тармақ 1) тармақшасының талаптарын сақтау кезінде, тексерілетін жолаушылар поезының құрамындағы барлық түріндегі жолаушылар вагондарына бөгетсіз мүмкіндігімен қамтамасыз;
2) уәкілетті органның лауазымды тұлғасына тексеру сұрақтарына сәйкес, қағаз жүзінде құжаттар (мәліметтер) немесе олардың көшірмелерін тексеру қорытынды актісіне тіркеу үшін, ұсынуға;
3) тексеру тағайындау актісімен танысқан туралы белгі қоюға;
4) жүргізілген тексеру қорытынды актісінің екінші данасы алған туралы белгі қоюға;
10) 88-1-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Темiржол көлiгi саласындағы мемлекеттік бақылау (бұдан әрі – көлiктiк бақылау) темiржол көлiгiнің жұмыс істеу тәртібін айқындайтын Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын, жеке және заңды тұлғаларымен бұзушылықтардың алдын алу шараларын анықтау және қабылдаудың сақтауына жүргiзiледi.»;
11) 88-2-бабты 3, 4, 5 және 6-тармақтарымен толықтырылсын:
«3. Бақылаудың өзге де нысандарын жүргізу кезінде:
1) осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, бақылау органдарына бақылау субъектілеріне (объектілеріне) баруға тыйым салынады;
2) құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда тіркелу және тексерілетін субъектіні алдын ала хабардар ету талап етілмейді;
3) бұзушылық анықталған жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғамастан, бірақ тексерілетін субъектіге осы бұзушылықты жою тәртібі міндетті түрде түсіндіріле отырып, бақылаудың өзге де нысандарының қорытындылары бойынша олардың түріне қарай қорытынды құжаттар (анықтама, нұсқама, қорытынды және басқалары) жасалады.
4) уәкілетті орган жеке және заңды тұлғалардан уәкілетті орган құзыретіне кіретін қажетті ақпараттарды, материалдарды, анықтамалық деректерді сұратады.
4. Бақылау субъектісіне (объектісіне) барумен бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандары тексерілетін субъект рұқсат беру құжаттарын алумен байланысты емес өз қызметінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі туралы қорытындыны (ақпаратты) алуы үшін бастамашылықпен жүгінген.
5. Бақылаудың өзге де нысандарын бару арқылы жүргізу кезінде тексерілетін субъект (объект) тұрған жердегі құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі органдарды оларды жүргізгенге дейін хабардар етеді.
6. Бақылаудың өзге де нысандарын талдау нәтижелері ішінара тексеру жүргізу үшін бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) іріктеуге негіз болып табылады.»;
12) 88-4-бап 2)-тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) темiржол көлiгiнде тасымалдау және басқа да қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың қызметiн, соның ішінде, бақылауды бақылау-өлшеу техникалық құралдарымен қолдануымен, олардың:».
5. Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 2, 16-құжат; 2004 ж., № 20, 116-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 11, 36-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 18, 143-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 14, 95, 96-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат):
1) мазмұнында:
15-баптың тақырыптамасы мынадай редакцияда жазылсын:
«15-бап. Кемелерді, палубалы шағын көлемді кемелерді және қозғалтқыш күші 37 киловаттан асатын шағын көлемді кемелерді (гидроциклдардан басқа) техникалық байқау, куәландыру және оларды сыныптау»;
2) 1-бапта:
25-1) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«25-1) Кеме қатынасының тіркелімі - кемелерді, палубалы шағын көлемді кемелерді және гидроциклдардан басқа қозғалтқыш күші 37 киловаттан асатын шағын көлемді кемелерді сыныптайтын және олардың техникалық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын;»;
61) тармақшамен толықтырылсын:
«61) палубалы шағын көлемді кеме - борттарға, аралықтар мен пиллерстерге сүйенетін төсеніш пен кеме корпусының жиынтығынан жасалынған кеменің тұмсығынан артқы жағына дейін суды өткізбейтін көлденеңінен жапқышы бар шағын көлемді кеме;»;
3) 4-бапта:
3-тармақта:
32) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«32) жеке және заңды тұлғалардың су көлiгiнiң жұмыс iстеу тәртiбiн айқындайтын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын сақтауын мемлекеттiк бақылау және қадағалау, оларды бұзушылықты анықтау және жолын кесу жөнiндегі шараларды қабылдау;»;
49-1) тармақшамен толықтырылсын:
«49-1) кемелерді, палубалы шағын көлемді кемелерді және қозғалтқыш күші 37 киловаттан асатын шағын көлемді кемелерді (гидроциклдардан басқа) сыныптау және техникалық куәландыру қағидаларын бекіту;»;
55-26) тармақшасы алып тасталсын;
4) 8-3-бапта:
4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Палубалы шағын көлемді кемелер, қозғалтқыш күші 37 киловаттан асатын шағын көлемді кемелер (гидроциклдардан басқа) кемелерді, палубалы шағын көлемді кемелерді және қозғалтқыш күші 37 киловаттан асатын шағын көлемді кемелерді (гидроциклдардан басқа) сыныптау және техникалық куәландыру қағидаларының талаптарына сәйкес болуы тиіс;»;
5-тармағы алып тасталсын;
5) 15-бапта:
тақырыптамасы мынадай редакцияда жазылсын:
«15-бап. Кемелерді, палубалы шағын көлемді кемелерді және қозғалтқыш күші 37 киловаттан асатын шағын көлемді кемелерді (гидроциклдардан басқа) техникалық байқау, куәландыру және оларды сыныптау»;
4-тармағымен толықтырылсын:
«4. Кемелерді, палубалы шағын көлемді кемелерді және қозғалтқыш күші 37 киловаттан асатын шағын көлемді кемелерді (гидроциклдардан басқа) сыныптау және техникалық куәландыру кеме иесі есебінен уәкілетті органмен белгіленген бағалар бойынша Кеме қатынасы тіркелімімен іске асырылады.».
Достарыңызбен бөлісу: |