Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көліктік бақылау саласын реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы


жылғы 4 шілдедегі «Автомобиль көлiгi туралы» Қазақстан Республикасының Заңы



бет3/3
Дата29.02.2016
өлшемі435.98 Kb.
#31735
1   2   3

6. 2003 жылғы 4 шілдедегі «Автомобиль көлiгi туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 15, ж 134-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; 2006 ж, № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007ж., № 2, 18-құжат; № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж, № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 8, 44-құжат; № 9, 51-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 75, 87-құжаттар; 2014 жылғы 7 қарашадағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 2014 жылғы 8 қарашада «Казахстанская правда» және «Егемен Қазақстан» газеттерінде жарияланған):

1) мазмұнында:

19-7-баптың тақырыптамасы мынадай редакцияда жазылсын:

«19-7-бап. Көлiктiк бақылау функциялары»

мынадай мазмұндағы тақырыптамасымен толықтырылсын:

«19-12. Арнайы автоматтандырылған өлшеу құралының операторы»;

2) 1-бапта:

9-4)-тармақшасымен толықтырылсын:

«9-4) арнайы автоматтандырылған өлшеу құралының операторы – арнайы автоматтандырылған өлшеу құралын орнатуды, ұстауды және жұмыс істеуді жүзеге асыратын және меншiк құқығымен немесе өзге де заңды негiздерде арнайы автоматтандырылған өлшеу құралына иелiк етушi заңды тұлға;»;

17-1)-тармақшасымен толықтырылсын:

«17-1) жүк көлік құралдарын өлшеудің халықаралық сертификаты – қатаң есептегі бланкі болып табылатын және халықаралық автомобильмен тасымалдауда пайдаланатын автокөлік құралының салмақтық параметрлері туралы деректерді ұстайтын құжат;»;

23-1)-тармақшасы алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 23-3)-тармақшасымен толықтырылсын:

«23-3) өлшеу стансасы – өлшеуді жүргізетін және көлік құралының салмақтық параметрлерін анықтайтын сертификатталған салмақ өлшеу құралымен жабдықталған пункт;»;

3) 9-бапта:

3-тармақта:

мынадай мазмұндағы 7), 8) және 9)-тармақшаларымен толықтырылсын:

«7) цифрлы тахографтарға карточкаларын тіркеуді (кейіптеуді) жүргізу тәртібін;

8) сертификаттау орталығын және оларға қойылатын талаптар тәртібін анықтау;

9) электрондық (цифрлы) тахографтар жүйесінің біріңғай дерекқорды ұйымдастыру тәртібін;»;

4) 13-бапта:

8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«8) осы Заңның 19-4-бабында белгiленген жағдайларды қоспағанда, автомобиль көлiгiнің жұмыс істеу тәртібін айқындайтын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің талаптарының сақталуын бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;»;

11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«11) Өлшеу стансаларын ұйымдастыру және Қазақстан Республикасының аумағында жүк көлігі құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын қолдану қағидасын бекітеді;»;

13-1)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«13-1) Арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарын жұмыс істеу және қолдану қағидаларын бекітеді;»;

14) тармақшасы алып тасталсын;

23-17) тармақшасы алып тасталсын;

23-19), 23-20), 23-21) және 23-22) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«23-19) жүк көлігі құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын беруді жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалар тізілімін жүргізеді;

23-20) автомобиль жолдарында арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарымен жабдықталуға жататын учаскелер тізімін анықтайды;

23-21) арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарға талаптарды бекітеді;

23-22) арнайы автоматтандырылған өлшеу құралының операторлар қызметін төлеу өлшемін анықтайды;»;

5) 19-4-бапта:

1-тармақтағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүріп өтуін көліктік бақылау Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде, шекара маңындағы ынтымақтастық халықаралық орталықтарында және кедендік транзит рәсімін жүргізу кезінде кедендік бақылау аумағында, сондай-ақ арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдары арқылы автокөлік құралдары жүріп өткен кезде жүзеге асырылады.»;

1-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1-1. Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттерінде және кедендік транзит рәсімін жүргізу кезінде кедендік бақылау аумағында автокөлік құралдарының жүріп өтуін көліктік бақылауды Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асырады.»;

6) 19-5-баптың 1-тармағының 2)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) бөлінбейтін жүктерді тасымалдайтын Қазақстан Республикасының автомобиль жолдары бойынша iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты көлiк құралдарының жүріп өтуіне арнайы рұқсаттардың болуын;»;

7) 19-7-бапта:

тақырыптамасы және бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«19-7-бап. Көлiктiк бақылау функциялары

Көлiктiк бақылау функциялары:»;

бірінші бөлігінде:

«9) автокөлiк құралдары жабдығының автокөлiк құралында тахографтың болуы және оның ақаусыздығы тұрғысынан халықаралық шарттар талаптарына сәйкестiгiн бақылау;»;

12) және 13) тармақшалары алып тасталсын;

16) тармақшасы алып тасталсын;

екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

«Осы баптың бірінші бөлігінің 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 10-1) және 15-1) тармақшаларында көзделген бақылау функцияларын Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде және шекара маңында ынтымақтасудың халықаралық орталықтарында Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асырады. Осы баптың бірінші бөлігінің 3)-тармақшамен (шетелдік тасымалдаушыда рұқсат құжатының бар болуына бақылау бөлігінде) көзделген бақылау функциясы Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс органдарымен кедендік бақылау аумағында кедендік транзит рәсімін жүргізу кезінде жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарында осы баптың бірінші бөлігінің 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 10-1) және 11) тармақшаларында көзделген бақылау функцияларын Қазақстан Республикасының жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.»;

мынадай мазмұндағы төртінші бөлігімен толықтырылсын:

«Аталған баптың бірінші бөлігіндегі 11), 15-1) және 16) тармақшаларынан басқа функциялар уәкілетті органмен жүзеге асырылады.»;

8) 19-9-бап мынадай мазмұндағы 3 және 4-тармақтармен толықтырылсын:

«3. Шетелдік тасымалдаушы Қазақстан Республикасының аумағы бойынша халықаралық тасымалдауларды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының аумағына кіруге дейін көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті органның интернет-қорында тіркеуге міндетті.

4. Халықаралық тасымалдауды жүзеге асыру кезінде шетелдік тасымалдаушыны интернет-қорда тіркеу тәртібі көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті органмен бекітіледі.»;

9) 19-10-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:

«4. Шет мемлекеттің құзыретті органмен Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларымен шет мемлекеттің көлік саласындағы заңнаманың талаптарын бұзуды анықталғаны туралы ақпараттандыру жағдайында (жағдайларында) көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті орган:

1) Қазақстан Республикасының тасымалдаушысына халықаралық тасымалдауларды орындау кезінде шет мемлекеттің көлік саласындағы заңнама талаптарын орындау қажеттілігі туралы жазбаша ескертеді;

2) бұзушылық жіберілген шет мемлекет аумағына халықаралық тасымалдауды орындауға шетелдік рұқсатты беруден бас тартады.»;

10) 19-11-бапта:

1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша отандық және шетелдiк iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралдарының жүрiп өтуі рұқсат беру құжатының – ауыр салмақты және (немесе) iрi көлемдi автокөлiк құралдарының жүрiп өтуіне арналған арнайы рұқсаттың (бұдан әрi – арнайы рұқсат) негiзiнде жүзеге асырылады.

2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Арнайы рұқсатты қозғалыс маршруты белгіленгеннен және автомобиль жолдары бойынша уәкілетті органмен белгіленген Қазақстан Республикасының аумағымен ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралдарының жүріп өтуге арнайы рұқсатты беру үшін төленгеннен кейін Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық операторы береді.»;

мынадай мазмұндағы 3-тармағымен толықтырылсын:

«3. Егер жүгi бар немесе жүксiз автокөлік құралының уәкілетті орган белгiлеген Қазақстан Республикасының автомобиль жолдары бойынша жүруге арналған автокөлiк құралдарының жол беретін параметрлерінен көлемi, салмағы және (немесе) осьтiк жүктемелерi бойынша артықшылығы болса, сондай автокөлік құралына арнайы рұқсат тек тасымалдау кезінде жүктің тағайындығын ауыстырусыз, шамадан тыс шығындарсыз немесе олардың бұзылу тәуекелісіз екі немесе одан көп бөліктерге бөлуге мүмкіндік жоқ бөлінбейтін жүктерді тасымалдау жағдайында беріледі.

Уәкілетті органмен белгіленген Қазақстан Республикасының автомобиль жолдары бойынша жүруге арналған автокөлiк құралдарының жол беретін параметрлерін бұзумен автокөлік құралының жүріп өту фактісі анықталса тасымалдаушылар Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген жауапкершілікті тартады.»;

11) мынадай мазмұндағы 19-12-баппен толықтырылсын:

«19-12. Арнайы автоматтандырылған өлшеу құралының операторы

1. Арнайы автоматтандырылған өлшеу құралының операторы міндетті:

1) автомобиль жолдарында арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарымен жабдықталуға жататын учаскелер тізіміне сәйкес арнайы автоматтандырылған өлшеу құралын орнату;

2) «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес арнайы автоматтандырылған өлшеу құралына тексеруді жүргізу;

3) арнайы автоматтандырылған өлшеу құралының жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз ету;

4) арнайы автоматтандырылған өлшеу құралының жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз ету, соның ішінде арнайы автоматтандырылған өлшеу құралымен тіркелген Қазақстан Республикасымен белгіленген талаптарды бұзумен жүріп өткен автокөлік құралдары бойынша орындалған жұмыс актісін беру;

5) арнайы автоматтандырылған өлшеу құралын уәкілетті органмен белгіленген талаптарға сәйкес жабдықтау.

2. Уәкілетті орган арнайы автоматтандырылған өлшеу құралы операторының қызметін төлеуге міндетті.

3. Арнайы автоматтандырылған өлшеу құралының қызметін көрсету туралы келісім-шарт Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамаға сәйкес жасалады.

Осы Заңмен арнайы автоматтандырылған өлшеу құралы операторы мен уәкілетті орган арасында реттелмеген құқықтық қатынастар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамамен реттеледі.»;

12) 38-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Бөлінбейтін iрi көлемдi және ауыр салмақты жүктердi тасымалдау жағдайларды қоспағанда Қазақстан Республикасының аумағында iрi көлемдi және ауыр салмақты жүктердi автомобильмен тасымалдауға жол берілмейді.»;

13) 38-1-бабы алып тасталсын;

14) 43-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Шет мемлекетке кіру немесе шет мемлекеттен шығу жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасы облысының елді мекендер арасында отандық тасымалдаушылармен жолаушыларды және багажды тасымалдауды қоспағанда жолаушылар мен багажды халықаралық қатынаста тұрақты тасымалдауды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының аумағындағы пункттердің арасында жолаушылар тасымалдауға тыйым салынады.»;

15) мынадай мазмұндағы 45-1-баппен толықтырылсын:

«19-12. Арнайы автоматтандырылған өлшеу құралының операторы

1. Жеке кәсіпкерлер немесе заңды тұлғалар жүк көлігі құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын беру бойынша қызметті жүзеге асыруды бастар алдында «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті органға мынадай құжаттарды қоса беріп хабарлама жіберуге міндетті:

1) дайындаушы зауытпен беретін өлшеу құралдардың бірінші тексеру мерзімі көрсетілген төлқұжаттың көшірмелері, және (немесе) өлшеу құралдарына тексеру өткізуді растайтын құжаттардың көшірмелері;

2) өтініш берушімен ұсынылатын Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген нұсқа бойынша өлшеу стансасын ұйымдастыру үшін өлшеу құралдары туралы ақпарат.

2. Көлік құралдарын өлшеу бойынша қызметті жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер немесе заңды тұлғалар міндетті:

1) стационарлы типтік сертификатталған салмақты өлшейтін құралдарда көлік құралдарына өлшеу жүргізуді;

2) өлшеу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген талаптарды сақтауға;

3) электронды түрде берілген жүк көлігі құралдарын өлшеудің халықаралық сертификаттар бойынша есеп жүргізуге;

4) көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті органға берілген жүк көлігі құралдарын өлшеудің халықаралық сертификаттар бойынша мәліметтер беруге;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген басқа да талаптарды сақтауға.

3. Өлшеу стансаларын ұйымдастыру және жүк көлігі құралдарын өлшеудің халықаралық сертификаттарды беру қағидаларымен мыналар белгіленеді:

1) өлшеу стансаларын ұйымдастыру тәртібі;

2) өлшеу стансаларына қойылатын талаптар;

3) жүк көлігі құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын беру жөніндегі қызметтің жүзеге асырылуының басталғандығы туралы хабарлама берген жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалардың тізілімін жүргізу тәртібі;

4) жүк көлігі құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын беру тәртібін.

4. Жүк көлігі құралдарын өлшеудің халықаралық сертификаты тасымалдаушыға көлік құралын өлшеуден кезінен бастап жиырма минут ішінде беріледі.».

7. Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі «Iшкi су көлiгi туралы» Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 15, 88-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 23, 141-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат, № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж. № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат. № 19-II, 96-құжат, 2004 жылғы 20-21 шілдеде «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған):

1) 1-бапта:

10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«10) кеме – ішкі суларда жүзетін кеме, кеме қатынасы мақсатында пайдаланылатын өздігінен жүзетiн немесе өздігінен жүзбейтiн жүзбелi құрылғы, оның iшiнде «өзен-теңiзде» жүзетiн кеме, паром, техникалық флот кемесі, сонымен қатар шағын көлемді кемелер болып табылмайтын кемелер (су түбiн тереңдетушi және су түбiн тазартушы снарядтар, жүзбелi кран және басқа да осы сияқты техникалық құрылғылар);»;

17) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«17) Кеме қатынасының тіркелімі - кемелерді, палубалы шағын көлемді кемелерді және гидроциклдардан басқа қозғалтқыш күші 37 киловаттан асатын шағын көлемді кемелерді сыныптайтын және олардың техникалық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын;»;

25) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«25) қарап шығу - уәкiлеттi органның объектiнi қауiпсiз пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкестiгi тұрғысынан тексеруi;»;

29) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«29) мемлекеттiк көлiктiк бақылау және қадағалау (бұдан әрi - көлiктiк бақылау және қадағалау) - жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын сақтауын тексеру мақсатында уәкiлеттi орган жүргізетiн iс-шаралардың жиынтығы;»;

41) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«41) техникалық қадағалау - Қазақстан Республикасының сауда мақсатында теңiзде жүзу және iшкi су көлiгi туралы заңнамасының сақталуын кезең-кезеңмен тексерудi қамтитын кемелердiң, палубалы шағын көлемді кемелердің және қозғалтқыш күші 37 киловаттан асатын шағын көлемді кемелердің (гидроциклдардан басқа) техникалық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге бағытталған сыныптау қызметiнiң құрамдас бөлiгi;»;

мынадай мазмұндағы 46) тармақшамен толықтырылсын:

«46) палубалы шағын көлемді кеме - борттарға, аралықтар мен пиллерстерге сүйенетін төсеніш пен кеме корпусының жиынтығынан жасалынған кеменің тұмсығынан артқы жағына дейін суды өткізбейтін көлденеңінен жапқышы бар шағын көлемді кеме;»;

2) 9-бапта:

1-тармақта:

11) тармақшасы алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшасымен толықтырылсын:

«13-1) кемелерді, палубалы шағын көлемді кемелерді және қозғалтқыш күші 37 киловаттан асатын шағын көлемді кемелерді (гидроциклдардан басқа) сыныптау және техникалық куәландыру қағидаларын бекіту;»;

26-28) тармақшасы алып тасталсын;

3) 9-баптың 2-тармағының 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

2. Уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiнiң (бұдан әрi – аумақтық бөлiмше) құзыретіне:

10) шағын көлемді кемелерге қадағалауды жүзеге асыру;».

4) 15-4-бапта:

3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Палубалы шағын көлемді кемелер, қозғалтқыш күші 37 киловаттан асатын шағын көлемді кемелер (гидроциклдардан басқа) кемелерді, палубалы шағын көлемді кемелерді және қозғалтқыш күші 37 киловаттан асатын шағын көлемді кемелерді (гидроциклдардан басқа) сыныптау және техникалық куәландыру қағидаларының талаптарына сәйкес болуы тиіс.»;

4-тармағы алып тасталсын;

5) 16-бапта:

2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Сыныптауға, техникалық қадағалауға және куәландыруға ішкі суларда жүзетін кемелер, «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелер, палубалы шағын көлемді кемелер және қозғалтқыш күші 37 киловаттан асатын шағын көлемді кемелер (гидроциклдардан басқа) жатады.»;

мынадай мазмұндағы 4-тармағымен толықтырылсын:

«4. Палубалы шағын көлемді кемелерді және қозғалтқыш күші 37 киловаттан асатын шағын көлемді кемелерді (гидроциклдардан басқа) сыныптау және техникалық куәландыру кеме иесі есебінен уәкілетті органмен белгіленген бағалар бойынша Кеме қатынасы тіркелімімен іске асырылады.»;

6) 17-баптың 14) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«14) шағын көлемді кемелерге қадағалауды жүргiзу;».

8. Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 9, 51-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 8, 45-құжат; № 9, 46-құжат; 2015 жылғы 15 маусымдағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сумен жабдықтау және су бұру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты кредиттеу және субсидиялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 2015 жылғы 17 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған):

1) 1-қосымшада:

жол, реттік нөмірі 76 мынадай редакцияда жазылсын:

«Теміржол көлігі саласындағы жолаушы, багаж, жүк-багаж және почталық жөнелту тасымалдауға лицензия.»;

2) 2-қосымшадағы кестеде:

жол, реттік нөмірі 14 алынып тасталсын;

жол, реттік нөмірі 75 алынып тасталсын;

жол, реттік нөмірі 183 алынып тасталсын;

жол, реттік нөмірі 207 алынып тасталсын.

3) 3-қосымша 36-тармақпен толықтырылсын:

«36. Жүк көлігі құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын беру жөніндегі қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама.».

9. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кодексі «Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі» (2015 жылғы 03 қарашадағы «Казахстанская правда», № 210 (28086)):

140-бапта:

3-тармақта:

4)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«4) көліктегі қауіпсіздік талаптарын сақтау нысанасында автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүріп өтуіне;»;

мынадай мазмұндағы 26) тармақшасымен толықтырылсын:



«26) Қазақстан Республикасының заңнама талаптарымен теміржол көлігіндегі функционалды ретін анықтайтын магистралдық, стансалық және кірме жолдарда жылжымалы құрамдардың апаттар, авариялар, жолдан шығып кетулері және соқтығысу оқиғаларына тексеріс жүргізуге;».

2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының

Президенті Н. Назарбаев

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет