Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне



бет5/9
Дата17.06.2016
өлшемі0.57 Mb.
#141539
1   2   3   4   5   6   7   8   9

2. Мыналар:

1) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның лицензиясы негізінде банкпен немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен жасалатын ипотекалық тұрғын үй қарызының шарты;

2) сыйақы сомасы айқын көрсетіле отырып, ипотекалық тұрғын үй қарызын өтеу кестесі;

3) осындай қарыз бойынша сыйақының өтелгенін растау құжаты сыйақылар бойынша салық шегерімін қолдану үшін растау құжаттары болып табылады.

156-11-бап. Сақтандыру сыйлықақылары бойынша салық шегерімі

1. Сақтандыру сыйлықақылары бойынша салық шегерімін Қазақстан Республикасының резидент жеке тұлғасы жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларын (мерзiмдi сақтандыру жарналарын) төлеуге арналған шығыстар бойынша қолданады.

2. Мыналар:

1) жинақтаушы сақтандыру шарты;

2) сақтандыру сыйлықақыларын төлеу кестесі;

3) жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларын (мерзiмдi сақтандыру жарналарын) төлеу фактісін растау құжаты сақтандыру сыйлықақылары бойынша салық шегерімін қолдану үшін растау құжаттары болып табылады.

156-12-бап. Басқа да шегерімдерді ауыстыру

1. Егер басқа да шегерімдердің жалпы сомасы басқа да шегерімдерді ауыстыру бойынша есепті кірістен асып кетсе, жұмыс беруші басқа да шегерімдерді ауыстыруды қолданады, ол мынадай тәртіппен айқындалады:

жұмыскердің салық салуға жататын, міндетті зейнетақы жарналары сомасына азайтылған кірісінің сомасы

алу

осы Кодекстің 156-бабының 1-тармағында көзделген жеке табыс салығы бойынша түзету сомасы

алу

осы Кодекстің 156-1-бабына сәйкес айқындалған жеке табыс салығы бойынша түзетуді алдыңғы салық кезеңінен ауыстыру сомасы

алу

осы Кодекстің 156-4-бабына сәйкес белгіленген тәртіппен және мөлшерлерде айқындалған стандартты шегерім сомасы

алу

осы Кодекстің 156-5-бабына сәйкес айқындалған стандартты шегерімді ауыстыру сомасы.

Басқа да шегерімдерді ауыстыру бойынша есепті кірістің теріс мәні шыққан кезде басқа да шегерімдерді ауыстыру бойынша есепті кіріс нөлге тең деп есептеледі.

2. Күнтізбелік жыл ішінде басқа да шегерімдерді келесі салық кезеңіне ауыстыру мөлшері басқа да шегерімдер сомасы мен басқа да шегерімдерді ауыстыру бойынша есепті кіріс арасындағы оң айырма ретінде айқындалады.

3. Басқа да шегерімдерді ауыстыру мөлшері осы Кодекстің 156-2-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген рет-ретімен басқа да шегерімдердің сомасы бойынша және осы Кодекстің 156-2-бабының 2-тармағында белгіленген салық шегерімдерінің мөлшерлері шегінде бөлінеді.»;

33) 157 және 159-баптар алып тасталсын;

2-тармақтың 34) тармақшасы 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

34) мынадай мазмұндағы 159-1-баппен толықтырылсын:

«159-1-бап. Жеке табыс салығы бойынша асып кету

Осы Кодекстің 172 және 173-баптарында көзделген кірістерді қоспағанда, осы Кодекстің 19-тарауында айқындалған төлем көзінен салық салуға жататын кірістердің төлем көзінен ұсталған жеке табыс салығының сомасы мен осы Кодекстің 178-бабында көзделген тәртіппен жеке тұлғаның дербес салық салуына жататын кірістерден есептелген жеке табыс салығының сомасы арасындағы оң айырма жеке табыс салығы бойынша асып кету деп танылады.»;

35) 19-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:



«19-тарау. Төлем көзiнен салық салуға жататын кірістер»;

36) 160-бап мынадай редакцияда жазылсын:



«160-бап. Жалпы ережелер

1. Төлем көзiнен салық салуға жататын кірістерге мынадай кіріс түрлерi жатады:

1) жұмыскердiң кірісі;

2) жеке тұлғаның салық агентiнен алатын кірісі;

3) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетiн зейнетақы төлемдерi;

4) дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар түрiндегi кіріс;

5) стипендиялар;

6) жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша кіріс.

2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген кірістерге жеке тұлғаның дербес салық салуына жататын, осы Кодекстің 177-бабында айқындалған кірістер жатпайды.

3. Жұмыскердiң салық салуға жататын кірісіне осы баптың 1-тармағының 2), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетiлген кірістер жатпайды.

4. Жеке тұлғаның салық агентінен алатын, салық салуға жататын кірісіне осы баптың 1-тармағының 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетiлген кірістер жатпайды.

5. Заңды тұлға өз шешiмiмен өзінің құрылымдық бөлiмшесiн төлем көзiнен салық салуға жататын, осындай құрылымдық бөлiмшесi есепке жазған (есепке жазуға жататын), төлеген (төлеуге жататын) кірістер бойынша жеке табыс салығын есептеу, ұстау және аудару міндеттері бойынша салық агентi деп тануға құқылы.

Заңды тұлғаның шешiм қабылдауы немесе мұндай шешiмнiң күшiн жою осындай шешiм қабылданған тоқсаннан кейiнгi тоқсанның басынан бастап қолданысқа енгізіледi.

Егер жаңадан құрылған құрылымдық бөлiмше салық агентi деп танылса, онда заңды тұлғаның осындай тану туралы шешiмi осы құрылымдық бөлiмше құрылған күннен бастап немесе осы құрылымдық бөлiмше құрылған тоқсаннан кейiнгi тоқсанның басынан бастап қолданысқа енгiзiледi.

6. Резидент заңды тұлғаның шешiмiмен салық агенттерi деп танылған құрылымдық бөлiмшелер осы Кодекстiң 12-бөлiмiнiң мақсаттары үшiн әлеуметтiк салықты дербес төлеушiлер деп танылады.»;

37) мынадай мазмұндағы 160-1-баппен толықтырылсын:



«160-1-бап. Салық кезеңі және есепті кезең

1. Күнтiзбелiк ай салық агенттерiнiң төлем көзiнен салық салуға жататын кірістерден жеке табыс салығын есептеуi үшiн салық кезеңi болып табылады.

2. Күнтiзбелiк тоқсан осы Кодекстiң 67-бабының 2-тармағында көрсетілген салық декларацияларын толтыру үшін есепті кезең болып табылады.»;

38) 161-бап мынадай редакцияда жазылсын:



«161-бап. Салықты есептеу, ұстау және төлеу

1. Төлем көзiнен салық салуға жататын кірістер бойынша жеке табыс салығын есептеудi салық агентi салық салуға жататын кірісті есепке жазу кезінде жүргiзедi.

2. Егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, жеке табыс салығын ұстауды салық агентi төлем көзiнен салық салуға жататын кірісті төлеу күнiнен кешiктiрмей жүргiзедi.

3. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, салық агентi төленген кірістер бойынша жеке табыс салығын аударуды кірісті төлеу жүзеге асырылған ай аяқталғаннан кейiн күнтiзбелiк жиырма бес күннен кешiктiрмей өзiнiң орналасқан жерi бойынша жүзеге асырады.

4. Салық агентiнiң құрылымдық бөлiмшелерi жұмыскерiнiң кірістері бойынша жеке табыс салығын аудару құрылымдық бөлiмшелердiң орналасқан жерi бойынша тиiстi бюджеттерге жүргiзiледi.

5. Оңайлатылған декларация негiзiнде шағын бизнес субъектiлерi үшiн арнаулы салық режимiн немесе шаруа немесе фермер қожалықтары үшiн арнаулы салық режимiн қолданатын салық агенті жеке табыс салығын аударуды осы Кодекстің 438 және 446-баптарында белгіленген мерзімдерде жүзеге асырады.

6. Депозитарлық қолхаттар бойынша кірістерден салықты есептеудi және ұстауды осындай депозитарлық қолхаттардың базалық активiнiң эмитентi жүргiзедi.»;

39) 162-баптың 1 және 1-1-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:



«1. Осы Кодекстің 67-бабының 2-тармағында көзделген жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларация (Қазақстан Республикасының азаматтары бойынша) есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірілмей, салық төленетін жер бойынша салық органдарына ұсынылады.

1-1. Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияны (шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар бойынша) салық агенті тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей, салық төленетін жер бойынша салық органдарына ұсынады.»;

40) 19-тарау мынадай мазмұндағы 162-1-баппен толықтырылсын:



«162-1-бап. Салық агентінің жеке тұлғамен есеп айырысу туралы анықтаманы беру тәртібі

1. Күнтізбелік жыл ішінде жеке тұлғаға төлем көзінен салық салуға жататын кіріс есепке жазылған және (немесе) төленген жағдайда салық агенті жеке тұлғамен есеп айырысу туралы анықтаманы беруге міндетті.

2. Жеке тұлғамен есеп айырысу туралы анықтамада:

1) төлем көзінен салық салуға жататын кірістің;

2) жеке табыс салығы бойынша түзетудің;

3) жеке табыс салығы бойынша түзетуді ауыстырудың;

4) есептелген міндетті зейнетақы жарналарының;

5) қолданылған салық шегерімдерінің;

6) салық шегерімдерін ауыстырудың;

7) жеке тұлғаның салық салынатын кірісінің;

8) есептелген жеке табыс салығының;

9) төленген кірістің сомалары туралы ақпарат қамтылуға тиіс.

3. Жеке тұлғамен есеп айырысу туралы анықтаманың нысанын уәкілетті орган бекітеді.

4. Осы баптың 5-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, жеке тұлғамен есеп айырысу туралы анықтаманы салық агенті жеке тұлғаға кіріс есепке жазылған және (немесе) төленген жылдан кейінгі жылдың 20 ақпанынан кешіктірмей береді.

5. Салық агенті жеке тұлғамен есеп айырысу туралы анықтаманы жеке тұлғаға кіріс есепке жазылған және (немесе) төленген күнтізбелік жыл ішінде:

1) жұмыскер:

жұмыс берушінің еңбек шартының қолданылуын тоқтату туралы актісі шыққаннан;

мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді жұмыстан босату туралы бұйрық шыққаннан;

мемлекеттік саяси қызметшілер отставкаға шыққаннан кейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей жұмыстан босатылған;

2) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес мынадай құжаттардың:

орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер туралы актінің;

төлем құжатының соңғысы ресімделген күннен кешіктірілмей, жеке тұлғаның салық агентінен алатын кірісі есепке жазылған және (немесе) төленген;

3) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес жасалған зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың қолданылуы тоқтатылған күннен кешіктірілмей, осындай шарттың қолданылуы тоқтатылған;

4) кіріс төленген күннен кешіктірілмей дивидендтер, ұтыстар төленген;

5) банк салымы шартының қолданылуы тоқтатылған күннен кешіктірілмей, осындай шарттың қолданылуы тоқтатылған немесе мерзімі өткен;

6) білім алушы (тәрбиеленуші) оқудан шығарылған немесе білім туралы құжат тапсырылған күннен кешіктірілмей, стипендиялар түріндегі кірісті төлеу жүргізілген оқу аяқталған;

7) жинақтаушы сақтандыру шартының қолданылуы тоқтатылған күннен кешіктірілмей, осындай шарттың қолданылуы тоқтатылған немесе мерзімі өткен жағдайда береді.

6. Осы баптың 5-тармағында белгіленген жағдайларда жеке тұлға жеке тұлғаға кіріс есепке жазылған және (немесе) төленген күнтізбелік жыл өткеннен кейін жеке тұлғамен есеп айырысу туралы анықтаманы беру талабымен салық агентіне жүгінуге құқылы, ал салық агенті мұндай анықтаманы жеке тұлға жүгінген күннен кейін күнтізбелік он бес күн ішінде беруге міндетті.»;

41) 163-бап мынадай редакцияда жазылсын:



«163-бап. Жұмыскердің кірісі

1. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес жұмыс берушінің бухгалтерлік есебінде шығыстар (шығындар) ретінде танылған, жұмыс беруші есепке жазған мынадай кірістер:

1) еңбек қатынастарының болуына байланысты жұмыс берушінің жұмыскер меншігіне беруіне жататын, қолма-қол және (немесе) қолма-қол емес нысандағы ақша;

2) осы Кодекстің 164-бабына сәйкес жұмыскердiң заттай нысандағы кірістері;

3) осы Кодекстің 165-бабына сәйкес жұмыскердiң материалдық пайда түрiндегi кірістері жұмыскердің салық салуға жататын кірістері болып табылады.

2. Жұмыскердің салық салынатын кірісі мынадай тәртіппен айқындалады:

жұмыскердің ағымдағы салық кезеңінде салық салуға жататын, ағымдағы салық кезеңінде аударуға жататын міндетті зейнетақы жарналарының сомасына азайтылған кірісінің сомасы

алу

осы Кодекстің 156-бабының 1-тармағында көзделген ағымдағы салық кезеңіндегі жеке табыс салығы бойынша түзету сомасы

алу

осы Кодекстің 156-1-бабына сәйкес айқындалған жеке табыс салығы бойынша түзетуді алдыңғы салық кезеңінен ауыстыру сомасы

алу

осы Кодекстің 156-4-бабында белгіленген тәртіппен және мөлшерлерде ағымдағы салық кезеңінде көзделген стандартты шегерім сомасы

алу

осы Кодекстің 156-5-бабының 2-тармағына сәйкес айқындалған стандартты шегерімді алдыңғы салық кезеңінен ауыстыру сомасы

алу

осы Кодекстің 156-6-бабына сәйкес көп балалы отбасы үшін салық шегерімінің сомасы

алу

осы Кодекстің 156-7-бабына сәйкес ерікті зейнетақы жарналары бойынша салық шегерімінің сомасы

алу

осы Кодекстің 156-8-бабына сәйкес оқуға арналған салық шегерімінің сомасы

алу

осы Кодекстің 156-9-бабына сәйкес медицинаға арналған салық шегерімінің сомасы

алу

осы Кодекстің 156-10-бабына сәйкес сыйақылар бойынша салық шегерімінің сомасы

алу

осы Кодекстің 156-11-бабына сәйкес сақтандыру сыйлықақылары бойынша салық шегерімінің сомасы

алу

осы Кодекстің 156-12-бабының 3-тармағына сәйкес айқындалған басқа да салық шегерімдерін алдыңғы салық кезеңінен ауыстыру сомасы.»;

42) мынадай мазмұндағы 165-1-баппен толықтырылсын:



«165-1-бап. Жұмыс берушінің салық шегерімдерін қолдану тәртібі

1. Салық шегерімдері (осы Кодекстің 156-2-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында белгіленген салық шегерімін қоспағанда):

1) жұмыскердің уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салық шегерімдерін қолдану туралы өтінішінің;

2) салық шегерімдерін қолдану үшін растау құжаттарының;

3) күнтізбелік жыл ішінде жұмыс беруші өзгерген кезде - салық шегерімдері қолданылатын күнтізбелік жыл ішінде осы Кодекстің 162-1-бабында белгіленген тәртіппен алдыңғы жұмыс берушілер берген жеке тұлғамен есеп айырысу туралы анықтаманың негізінде жұмыскер кірісінің есебіне жазудың әрбір айы үшін қолданылады.

2. Жұмыс берушінің қайта ұйымдастырылу жағдайларын қоспағанда, күнтізбелік жыл ішінде ол өзгерген кезде алдыңғы жұмыс берушіде қалыптасқан қолданылмаған салық шегерімінің сомасы жаңа жұмыс берушіде есепке алынбайды.

3. Егер жеке тұлға күнтізбелік ай ішінде күнтізбелік он алты күннен аз уақыт жұмыскер болса, онда жұмыскердің кірісін айқындау кезінде осындай жұмыс берушіде стандартты салық шегерімі қолданылмайды.

4. Жұмыскер болып табылатын (табылған) жеке тұлға салық шегерімдерін қолдану үшін растау құжаттарын кіріс төленген күннен кейін ұсынған жағдайда жұмыс беруші осы Кодекстің 156-2-бабының 1-тармағында көзделген салық шегерімдерін осындай салық шегерімдерін қолдануға негіз бар салық кезеңіндегі кіріске қолданады.

5. Осы Кодекстің 156-2-бабының 1-тармағында белгіленген салық шегерімдерін бір жұмыс беруші қолданған жағдайда басқа жұмыс берушінің осындай салық шегерімдерін қайталап қолдануына тыйым салынады.»;

43) 166-бап алып тасталсын;



44) 167, 168, 169, 170, 171 және 172-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

«167-бап. Салықты есептеу және ұстау

Жеке табыс салығының сомасы осы Кодекстің 158-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшерлемені жұмыскердің осы Кодекстің 163-бабына сәйкес айқындалатын салық салынатын кірісінің сомасына қолдану жолымен есептеледі.

168-бап. Жеке тұлғаның салық агентінен алатын кірісі

1. Мыналар:

1) жеке тұлғаның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық агентімен жасасқан азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кірісі;

2) жеке тұлға кірісінің төлемі, оның ішінде:

жеке тұлға салық агентінен немесе үшiншi тұлғалардан алған тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құнын салық агентінің жеке тұлғаға немесе үшінші тұлғаларға төлеуі;

берешекті өтеу есебінен және (немесе) өтеусіз негізде жүргізілген жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету;

борышты кешіру;

мәміле шарттарының өзгеруіне байланысты есептен шығарылған тұрақсыздық айыбын қоспағанда, борышкерге қойылған талаптар мөлшерін азайту;

репо операциялары бойынша сыйақы төлемі жеке тұлғаның салық агентінен алатын, салық салуға жататын кірісі болып табылады.

2. Жеке тұлғаның салық агентінен алатын, салық салынатын кірісі мынадай тәртіппен айқындалады:

жеке тұлғаның салық агентінен алатын, ағымдағы салық кезеңінде салық салуға жататын кірісінің сомасы

алу

осы Кодекстің 156-бабының 1-тармағында көзделген ағымдағы салық кезеңіндегі жеке табыс салығы бойынша түзету сомасы

алу

осы Кодекстің 156-1-бабына сәйкес айқындалған жеке табыс салығы бойынша түзетулерді алдыңғы салық кезеңінен ауыстыру сомасы.

169-бап. Салық сомасын есептеу

Жеке табыс салығының сомасы осы Кодекстің 158-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшерлемені жеке тұлғаның салық агентінен алатын, осы Кодекстің 168-бабына сәйкес айқындалатын салық салынатын кірісінің сомасына қолдану жолымен есептеледі.

170-бап. Зейнетақы төлемдері түріндегі кіріс

1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары:

1) салық төлеушілердің:

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті зейнетақы жарналары;

2014 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болған, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары;

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары;

ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт талаптарына сәйкес ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зейнеткерлік жасқа толған және Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұратын жеріне кеткен Қазақстан Республикасының резидент жеке тұлғаларына;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зейнеткерлік жасқа толмаған және Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұратын жеріне кеткен Қазақстан Республикасының резидент жеке тұлғаларына;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мұраға қалған зейнетақы жинақтары түрінде жеке тұлғаларға жүзеге асыратын төлемдер салық салуға жататын зейнетақы төлемдері түріндегі кіріске жатады.

2. Зейнетақы төлемдері түріндегі салық салынатын кіріс мынадай тәртіппен айқындалады:

1) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан:

салық салуға жататын зейнетақы төлемдері түріндегі кіріс сомасы

алу

осы Кодекстің 156-бабының 1-тармағында көзделген жеке табыс салығы бойынша түзету сомасы

алу

осы Кодекстің 156-1-бабына сәйкес айқындалған жеке табыс салығы бойынша түзетуді ауыстыру сомасы

алу

осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларда және мөлшерлерде зейнетақылық салық шегерімдерінің сомасы;

2) салық салуға жататын зейнетақы төлемдері түріндегі кіріс мөлшерінде ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет