2-бап. 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 178-бабының қолданысы тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұрған кезеңде осы бап мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«178-бап. Жеке тұлғаның дербес салық салуына жататын кірістер бойынша жеке табыс салығын есептеу
1. Егер осы Кодекстің осы бабында және 182-бабында өзгеше белгіленбесе, жеке тұлғаның дербес салық салуына жататын кірістер бойынша жеке табыс салығын есептеу осы Кодекстің 158-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшерлемені, осы баптың 4 және 5-тармақтарында көрсетілген салық төлеушілерді қоспағанда, жеке тұлғаның дербес салық салуына жататын тиісті кірістің салық салынатын сомасына қолдану жолымен салық кезеңі үшін жүргізіледі.
Есептелген жеке табыс салығының сомасы жеке табыс салығының осы Кодекстiң 223-бабына сәйкес есепке жатқызу жүзеге асырылатын сомасына азайтылады.
Жеке тұлғаның дербес салық салуына жататын тиісті кірістің салық салынатын сомасы осы Кодекстің 156-бабында көзделген түзетулерді ескере отырып, салық салуға жататын кіріс пен осы бөлімде белгіленген салық шегерімдері арасындағы айырма ретінде айқындалады.
2. Жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, адвокаттардың, кәсіби медиаторлардың кірістерін қоспағанда, салық төлеушіде жеке тұлғаның дербес салық салуына жататын кірістердің бірнеше түрі болған кезде жеке табыс салығын есептеуді салық төлеуші осы Кодекстің 158-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшерлемені жеке тұлғаның дербес салық салуына жататын барлық кіріс түрлерінің сомасына қолдану жолымен дербес жүргізеді.
3. Осы бөлімде белгіленген салық шегерімдері, егер көрсетілген шегерімдер жұмыскердің кірісін айқындау кезінде жүргізілмеген болса, жеке тұлғаның дербес салық салуына жататын кірістердің жиынтық сомасы бойынша жеке табыс салығын есептеу кезінде қолданылады.
4. Осы баптың 5-тармағында көрсетілгендерден басқа дара кәсіпкерлер салық кезеңі үшін дара кәсіпкердің кірістері бойынша салықты есептеуді дербес жүргізеді. Салық сомасы осы Кодекстің 158-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшерлемені дара кәсіпкердің осы Кодекстің 133-бабында көзделген кірістер мен шығыстар сомасына, сондай-ақ осы Кодекстің 137-бабына сәйкес ауыстырылатын шығындар сомасына азайтылған кірісіне қолдану жолымен есептеледі.
Есептелген жеке табыс салығының сомасы жеке табыс салығының осы Кодекстiң 223-бабына сәйкес есепке жатқызу жүзеге асырылатын сомасына азайтылады.
5. Патент немесе оңайлатылған декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер көрсетілген арнаулы салық режимдері шеңберінде салық салынатын кірістер бойынша жеке табыс салығын есептеуді осы Кодекстің 61-тарауына сәйкес жүргізеді.».
3-бап. 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 187-1, 187-2, 187-3, 187-4, 187-5, 187-6 және 187-7-баптарының қолданысы мыналар:
1) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жауапты мемлекеттiк лауазымды атқаратын адамдар, мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілетті адамдар немесе соларға теңестiрiлген адамдар, сондай-ақ олардың жұбайлары (зайыптары);
2) мынадай талаптарға сай болған кезде:
жұмыскердің лауазымы Қазақстан Республикасының құқықтық актілеріне сәйкес әкімшілік персоналға жатса;
жұмысы вахталық әдіспен жүзеге асырылмаса немесе жүріп-тұру сипатында болмаса;
Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтің және ұлттық компанияның орналасқан жері республикалық, облыстық, аудандық маңызы бар қала болып табылса, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтің және ұлттық компанияның осы тармақшада көрсетілмеген жұмыскерлері;
3) мемлекеттік мекеменің, мемлекеттік кәсіпорынның осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілмеген жұмыскерлері болып табылмайтын жеке тұлғаларға қатысты тоқтатыла тұрсын.
4-бап. 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап 2020 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 67-бабы мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«67-бап. Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша салық есептілігін белгілеу ерекшеліктері
1. Уәкілетті орган жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша декларацияның мынадай нысандарын осы декларацияға қосымшалармен қоса бекітеді:
1) мыналар:
салық агенттері;
Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агенттер;
Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес әлеуметтік аударымдарды төлеушілер;
«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған аударымдарды және жарналарды есептеу, ұстау, аудару, төлеу жөніндегі міндет жүктелген тұлғалар болып табылатын салық төлеушілер үшін жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларация (Қазақстан Республикасының азаматтары бойынша);
2) мыналар:
салық агенттері;
Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агенттер;
Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес әлеуметтік аударымдарды төлеушілер;
«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған аударымдарды және жарналарды есептеу, ұстау, аудару, төлеу жөніндегі міндет жүктелген тұлғалар болып табылатын салық төлеушілер үшін жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларация (шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар бойынша).
2. Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларация (Қазақстан Республикасының азаматтары бойынша):
1) мыналар:
жеке табыс салығы;
міндетті зейнетақы жарналары, оның ішінде өз пайдасына;
жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары;
міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары;
әлеуметтік салық;
әлеуметтік аударымдар, оның ішінде өз пайдасына;
міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған жарналар;
міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған аударымдар есептелетін, ұсталатын және аударылатын салық салу (есептеу) объектілері;
2) мыналардың;
жеке табыс салығының;
міндетті зейнетақы жарналарының;
жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының;
міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының;
әлеуметтік салықтың;
әлеуметтік аударымдардың;
міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған жарналардың;
міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған аударымдардың есептелген сомалары туралы ақпаратты көрсетуге арналған.
Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияға қосымшалар салық органдары салықтық бақылау мақсаттары үшін пайдаланатын салық міндеттемесін есептеу туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған.
3. Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияға қосымшалардың нысандары:
1) кірістер алушы болып табылатын әрбір жеке тұлға - Қазақстан Республикасының азаматы бойынша мынадай мәліметтерді:
жеке тұлға туралы сәйкестендіру деректерін;
төлем көзінен салық салуға жататын есепке жазылған кірістер сомасын;
салық салудан босатылатын кірістер сомасын;
қолданылған салық шегерімдерінің сомасын;
салық салынатын кірістер сомасын;
есептелген жеке табыс салығының сомасын;
төленген кірістер сомасын;
төленген кірістер сомасының есепке жазылған кірістер сомасына үлес салмағын;
жеке табыс салығының ұстауға жататын сомасын;
аударылған жеке табыс салығының сомасын көрсете отырып, жеке табыс салығы сомаларын есептеу, ұстау және аудару;
2) заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері бойынша:
жеке табыс салығының;
әлеуметтік салықтың;
міндетті зейнетақы жарналарының;
жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының;
міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының;
әлеуметтік аударымдардың;
міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған жарналардың;
міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған аударымдардың сомаларын есептеу туралы;
3) салық төлеушілердің жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір келісімшарт шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша әлеуметтік салықты есептеуі туралы ақпаратты қамтуы мүмкін.
4. Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларация (шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар бойынша):
1) мыналар:
жеке табыс салығы;
міндетті зейнетақы жарналары, оның ішінде өз пайдасына;
жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары;
міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары;
әлеуметтік салық;
әлеуметтік аударымдар, оның ішінде өз пайдасына;
міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған жарналар;
міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған аударымдар есептелетін, ұсталатын және аударылатын салық салу (есептеу) объектілері;
2) мыналардың:
жеке табыс салығының;
міндетті зейнетақы жарналарының;
жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының;
міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының;
әлеуметтік салықтың;
әлеуметтік аударымдардың;
міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған жарналардың;
міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған аударымдардың есептелген сомалары туралы ақпаратты көрсетуге арналған.
Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияға қосымшалар салық органдары салықтық бақылау мақсаттары үшін пайдаланатын салық міндеттемесін есептеу туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған.
5. Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияға қосымшалардың нысандары:
1) кіріс алушылар болып табылатын әрбір жеке тұлға - шетелдік және азаматтығы жоқ адам бойынша мынадай мәліметтерді:
жеке тұлға туралы сәйкестендіру деректерін;
төлем көзінен, оның ішінде халықаралық шарттарға сәйкес салық салуға жататын есепке жазылған кірістер сомасын;
салық салудан, оның ішінде халықаралық шарттарға сәйкес босатылатын кірістер сомасын;
қолданылған салық шегерімдерінің сомасын;
төлем көзінен салық салынатын кірістер сомасын;
салық мөлшерлемелерін;
есептелген жеке табыс салығының сомасын;
төленген кірістер сомасын;
төленген кірістер сомасының есепке жазылған кірістер сомасына үлес салмағын;
жеке табыс салығының ұстауға жататын сомасын;
аударылған жеке табыс салығының сомасын;
халықаралық шарттардың қолданылуын;
Қазақстан Республикасында қызметті жүзеге асыру кезеңін көрсете отырып, резиденттер және бейрезиденттер болып табылатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың кірістерінен жеке табыс салығын есептеу, ұстау және аудару туралы және жеке табыс салығын және әлеуметтік салықты, оның ішінде құрылымдық бөлiмшелер бойынша есептеу;
2) құрылымдық бөлімшелер бойынша:
жеке табыс салығының;
әлеуметтік салықтың;
міндетті зейнетақы жарналарының;
жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының;
міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының;
әлеуметтік аударымдардың;
міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған жарналардың;
міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған аударымдардың сомаларын есептеу туралы ақпаратты қамтуы мүмкiн.
6. Дара кәсіпкерлердің жеке табыс салығы бойынша декларацияны, шаруа немесе фермер қожалықтары үшін, патент немесе оңайлатылған декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимдерін қолданатындарды қоспағанда, дара кәсіпкерлер ұсынады.
Осы декларация салық төлеушілердің:
жылдық жиынтық кіріске енгізілген кірістерді;
шегерімге жатқызылған шығыстарды;
кірістер мен шегерімдерді түзетулерді;
салық салынатын кірісті (шығынды);
салық салынатын кірісті азайтатын кірістер мен шығыстарды;
шеккен шығындарды, есептелген салық сомасын декларациялауына арналған.
Жеке табыс салығы бойынша декларацияға қосымшалар салық органдары салықтық бақылау мақсатында пайдаланатын салық міндеттемесін есептеу туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған.
Жеке табыс салығы бойынша декларацияға қосымшалардың нысандары мынадай:
1) осы Кодекстің 65-бабы 2-тармағының 1) - 6), 8) - 10), 12) - 15) тармақшаларында көрсетілген;
2) осы Кодекстің 18-тарауында белгіленген салық шегерімдері туралы ақпаратты қамтуы мүмкін.
7. Жеке тұлғалардың басқа санаттары үшін жеке табыс салығы бойынша декларацияны осы Кодекстің 185-бабы 1-тармағының 2) - 6) тармақшаларында көрсетілген жеке тұлғалар ұсынады.
Осы декларация:
1) жеке тұлғаның дербес салық салуына жататын кірістерді (дара кәсіпкердің кірісін қоспағанда);
2) салық шегерімдерін;
3) жеке табыс салығы сомасын есептеуді;
4) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі шетелдік банктердегі банк шоттарын, сондай-ақ осындай шоттардағы ақшаны;
5) меншік құқығындағы мынадай мүлікті:
шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шет мемлекеттің құзыретті органында мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге (есепке алуға) жататын жылжымайтын мүлікті (ол бойынша құқықтарды және (немесе) мәмілелерді);
эмитенттері Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде тіркелген бағалы қағаздарды;
Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде тіркелген заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы қатысу үлесін декларациялауға арналған.
Декларацияға қосымшалар кірістердің түрлері мен сомалары туралы, салық органдары салықтық бақылау мақсатында пайдаланатын салық міндеттемесін есептеу туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған.
Декларацияға қосымшалардың нысандары мынадай:
1) мүліктік және өзге де кірістер бойынша;
2) жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың кірісі бойынша;
3) шет мемлекеттердегі көздерден алынған кірістер бойынша, оның ішінде жеңілдікті салық салынатын елде алынған кірістер бойынша, сондай-ақ төленген шетелдік салық сомасы және шетелдік салықты есепке жатқызу сомасы бойынша ақпаратты қамтуы мүмкін. Осы қосымшаның нысаны осындай кірістер солардан алынған тұлғалар бөлігінде белгіленуі мүмкін;
4) халықаралық шарттарға сәйкес салық салудан босатылуға жататын кірістер бойынша;
5) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі шетелдік банктердегі банк шоттары бойынша, сондай-ақ осындай шоттардағы ақша туралы;
6) осы тармақтың екінші бөлігінің 5) тармақшасында көрсетілген мүлік бойынша ақпаратты қамтуы мүмкін.».
5-бап. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап 2017 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 185-бабының 2-тармағы мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«2. «Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес декларация ұсыну міндеті жүктелген Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, судьялар, сондай-ақ жеке тұлғалар салық салу объектісі болып табылатын кірістері және Қазақстан Республикасының аумағында да, одан тысқары жерлерде де орналасқан мүлкі туралы декларацияны ұсынады.».
6-бап. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап 2017 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 186-бабының 1-тармағы мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, «Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексiнде және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, жеке табыс салығы бойынша декларация орналасқан (тұрғылықты) жеріндегi салық органына есептi салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрiлмей ұсынылады.».
7-бап. 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап 2020 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 186-бабының 1-тармағы мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, жеке табыс салығы бойынша декларация орналасқан (тұрғылықты) жеріндегi салық органына есептi салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрiлмей ұсынылады.».
8-бап. Салық органдары активтер мен міндеттемелер туралы және кірістер мен мүлік туралы декларацияларды ұсынған мынадай жеке тұлғаларға:
1) 2017 - 2019 жылдар бойына - 2017 жылы активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну жөніндегі міндет жүктелген жеке тұлғаларға;
2) 2020 - 2022 жылдар бойына - осы баптың 1) тармақшасында көрсетілмеген жеке тұлғаларға қатысты іріктеп салықтық тексерулер жүргізуді жүзеге асыруға құқылы емес деп белгіленсін.
9-бап. Осы Заңның 8-бабында көрсетілген тұлғалар жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияда көрсетілген мүлікті сатып алудың (оның туындауының) заңдылығы бөлігінде салық органдарының тексеруіне жатпайды деп белгіленсін.
10-бап. 2017 жылғы 31 желтоқсанда тіркелген салықты, ойын бизнесі салығын төлеушілер болып табылатын салық төлеушілер 2018 жылғы 1 қаңтарда тіркелген активтердің бастапқы құнын амортизацияның есеп айырысу сомасына азайтылған активтерді сатып алу құны ретінде айқындайды деп белгіленсін.
Осы баптың мақсаттары үшін негізгі құралдарды сатып алуға, өндіруге, салуға, реконструкциялауға, жаңғыртуға арналған шығыстардың, жылжымайтын мүлікке инвестициялардың, кіріс алуға бағытталған қызметте пайдаланылған материалдық емес және биологиялық активтердің, сондай-ақ, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 115-бабының 1), 2), 3), 4), 5) және 7) тармақшаларында көрсетілген шығындардан (шығыстардан) басқа, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес осындай активтердің құнын ұлғайтатын басқа да шығыстардың жиынтығы активті сатып алу құны болып табылады.
Амортизацияның есеп айырысу сомасы мынадай тәртіппен айқындалады:
осы бапқа сәйкес айқындалған, активті сатып алу құны
көбейту
техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген сыныптауышқа сәйкес актив жатқызылатын тіркелген активтер тобы үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 120-бабының 2-тармағында көзделген амортизацияның шекті нормасы
көбейту
осындай салық төлеушінің активті пайдаланған толық жылдарының саны.
11-бап.
1. Осы Заң:
1) 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабының 2-тармағы 30) тармақшасының он бесінші, он алтыншы, он жетінші абзацтарын;
2) 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы 2-тармағының 1) тармақшасын, 3) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші және бесінші абзацтарын, 52) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 53) тармақшасының тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші және он үшінші абзацтарын, 70), 74) және 94) тармақшаларын;
3) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы 2-тармағы 2) тармақшасының сексен жетінші және сексен сегізінші абзацтарын, 14), 22) және 24) тармақшаларын, 26) тармақшасының екінші абзацын, 71), 75), 76), 77), 83), 84), 85) және 86) тармақшаларын, 6-тармағы 2) тармақшасының он төртінші абзацын;
4) 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы 2-тармағы 2) тармақшасының төртінші, бесінші, елу алтыншы - алпыс үшінші, алпыс алтыншы, сексен бірінші, сексен екінші және сексен үшінші абзацтарын, 15) және 17) тармақшаларын, 23) тармақшасының төртінші - он бірінші абзацтарын, 26) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтарын, 31) тармақшасының жиырма бірінші және жиырма екінші абзацтарын, 48) тармақшасының алтыншы және сегізінші абзацтарын, 56), 57), 58) және 59) тармақшаларын, 60) тармақшасының сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші абзацтарын, 62) тармақшасының бірінші және үшінші абзацтарын, 63), 67), 68) және 80) тармақшаларын;
5) 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы 2-тармағы 2) тармақшасының жиырма тоғызыншы, отызыншы, тоқсан бірінші - тоқсан жетінші абзацтарын, 4) және 5) тармақшаларын, 8) тармақшасының екінші абзацын, 9) тармақшасының екінші абзацын, 34), 51), 90), 91) және 92) тармақшаларын, 6-тармағының 1) және 3) тармақшаларын, 7 және 8-тармақтарын қоспағанда, 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
2. Осы Заңның 1-бабы 6-тармағы 2) тармақшасының жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші абзацтары 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2015 жылғы қарашаның 18-і.
№ 412-V
Достарыңызбен бөлісу: |