Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі


-бап Дара кәсіпкердің қызметін өз атынан жүзеге асыру



бет2/4
Дата17.07.2016
өлшемі324.5 Kb.
#205049
1   2   3   4

18-бап Дара кәсіпкердің қызметін өз атынан жүзеге асыру

1. Дара кәсiпкер өз атынан кәсiпкерлiк қызметпен айналысады, құқықтар мен мiндеттер алады, оларды жүзеге асырады.

2. Азамат өзiнiң кәсiпкерлiк қызметiне байланысты мәмiлелер жасаған кезде, егер бұл мәмiле жасау жағдайының өзiнен анық туындамаса, өзiнiң жеке кәсiпкер ретiнде әрекет жасайтындығын көрсетуге тиiс.

3. Мұндай көрсетудiң болмауы дара кәсiпкердi тәуекел етуден және жеке кәсiпкердiң өз мiндеттемелерi бойынша жауаптылықтан босатпайды.

4. Дара кәсiпкер өз қызметiн жүзеге асыру кезiнде осы адам дара кәсiпкер екенiн мәтiндерi мейлiнше айқын куәландыруы тиіс iскерлiк құжаттаманың дербес бланкiлерiн, мөрдi, мөртабандарды пайдалануға құқылы.
19-бап Дара кәсіпкерді әлеуметтік қорғау

1. Дара кәсіпкер әр түрлі әлеуметтік қамсыздандыру, әлеуметтік және медициналық сақтандыру жүйелерін пайдалануға құқығы бар

2. Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасына сәйкес төлемдерді төлеп тұрған жағдайда дара кәсіпкерлік қызмет зейнетақы тағайындау үшін жұмыс өтіліне есептеледі.
20-бап. Дара кәсіпкерлердің борыштары бойынша олардың мүлкінен өндіріп алу

1. Дара кәсіпкерлер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өндіріп алынбайтын мүлікті қоспағанда, өзінің міндеттемелері бойынша өзінің барлық мүлкімен жауаптылықта болады.

2. Жеке адам дара кәсіпкерлікті жүзеге асырғанда, өзінің барлық мүлкімен, оның ішінде, қолданыстағы заңнамаға сәйкес өндіріп алынбайтын мүлікті қоспағанда, ерлі-зайыптылардың ортақ меншігіндегі үлесімен жауапты болады.

3. Егер жеке адам дара кәсіпкерлікті жүзеге асыру үшін ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін пайдаланған жағдайларда, оның борыштары бойынша өндіріп алу ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкіне де қолданылуы мүмкін.

Жеке кәсiпкер болып табылмайтын ерлі-зайыптылардың әрқайсысының мүлкi өзiндiк кәсiпкерлiктi жүзеге асырушы жұбайының бiреуiнiң борыштары бойынша өндiрiп алу нысанасы бола алмайды

4. Ерлі-зайыптылар кәсіпкерлікті жүзеге асырғанда кәсіпкерлікті жүзеге асыруға байланысты ерлі-зайыптылардың борыштары бойынша өндіріп алу олардың қайсысының іскерлік айналымда іс-қимыл жасайтынына қарамастан, ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкіне қолданылуы мүмкін.

5. Дара кәсіпкер өз қызметін жүзеге асырғанда, іскерлік құжаттың дербес бланкілерін, мөр, мөртабандарды пайдалануға құқылы.

21-бап. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы

Кәсіпкерлік субъектілерінің заңды тұлғаларын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.


22-бап. Дара кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркеу

1. Заңды тұлға құрмастан, дара кәсіпкерлікті жүзеге асырушы жеке адамдарды мемлекеттік тіркеу салық органында (бұдан әрі - тіркеуші орган) мемлекеттік тіркеу кезінде дара кәсіпкер ретінде тіркелген, тұрғылықты жері бойынша дара кәсіпкер ретінде есепке тұруы болып табылады.

2. Мына шарттардың біреуіне сай келетін:

1) тұрақты негiзде жалдамалы жұмыскерлердiң еңбегiн пайдаланатын;

2) жеке кәсiпкерлiктен Қазақстан Республикасының заңдарында жеке тұлғалар үшiн белгiленген салық салынбайтын жылдық жиынтық табыстың мөлшерiнен асатын мөлшерде Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес есептелген жылдық жиынтық табысы бар дара кәсiпкерлер мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатады.

Осы баптың 3-тармағында аталған адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, тізбеленген дара кәсiпкерлердiң қызметiне мемлекеттiк тiркеусiз тыйым салынады.

3. Қызметкерлердiң еңбегiн тұрақты негiзде пайдаланбайтын жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген мынадай табыстарды:

1) төлем көзiнен салық салынатын;

2) мүлiк табыстарын;

3) өзге де табыстарды алу кезiнде дара кәсiпкер ретiнде тiркелмеуге құқылы.


23-бап. Дара кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркеу тәртібі

1.Жеке адамды дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу үшін тіркеуші органға:

1) Қазақстан Республикасы бекіткен нысан бойынша салықтық өтінішті;

2) дара кәсiпкерлердi мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым сомасының бюджетке төленгенiн растайтын құжатты;

3) дара кәсiпкердiң орналасқан жерiн растайтын құжатты ұсынады.

Мекенжай анықтамасы не жылжымайтын мүлікке немесе оны пайдалануға меншік құқығын растайтын құжат дара кәсiпкердiң орналасқан жерiн растайтын құжат болып табылады.

Осы тармақта көрсетілген құжаттар келу тәртібінде ұсынылған кезде жеке адам жеке басын куәландыратын құжатты көрсетеді.

Салықтық өтінішті электрондық түрде «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы ұсынған кезде, осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген құжатты ұсыну талап етілмейді. Дара кәсiпкерлердi мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым сомасын бюджетке төлеу «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүргізіледі.

Дара кәсiпкерлердi мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым сомасын бюджетке немесе банк операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банк немесе ұйымдар арқылы төлеген жағдайда, электрондық түрде ұсынылған салықтық өтiнiшке сұрау салуда төлем құжатының деректемелерiн көрсеткен кезде «электрондық үкiметтiң» веб-порталында қалыптастырылатын «электрондық үкiметтiң» төлем шлюзiнiң хабарламасы қоса берiледi.

Өтiнiш берушi кәмелет жасына толмаған жағдайда, жоғарыда аталған құжаттарға - заңды өкілдердің келiсiмi, ал мұндай келiсiм болмаған кезде кәмелет жасына толмаған адамды толығымен iс-әрекетке қабiлеттi деп жариялау туралы сот шешiмi қоса берiледi.

Өзге құжаттарды талап етуге тыйым салынады.

2. Жеке адам осы баптың 1-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынған кезден бастап, тіркеуші орган бір жұмыс күні ішінде дара кәсіпкерді (бірлескен дара кәсіпкерлікті) мемлекеттік тіркеуді жүргізеді не мұндай тіркеуден бас тартады.

Салық органы егер:

1) өтiнiш берушi әрекетсiз заңды тұлғалардың жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы) және (немесе) басшысы болып табылған және (немесе) әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектеулi деп танылған және (немесе) хабарсыз кеттi деп танылған және (немесе) қайтыс болды деп жарияланған және (немесе) оның Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 192, 216 және 217-баптары бойынша қылмыстары үшiн жойылмаған немесе алынбаған соттылығы болған;

2) салықтық өтiнiште көрсетiлген жеке басты куәландыратын құжаттың деректерi сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерiнде қамтылған мәлiметтерге сәйкес келмеген;

3) салықтық өтiнiште көрсетiлген орналасқан жерi «Мекенжай тiркелiмi» ақпараттық жүйесiнде жоқ болған жағдайда, дара кәсiпкердi (бiрлескен дара кәсiпкерлiктi) мемлекеттiк тiркеуден бас тартуды жүргiзедi.

3. Мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті беруге өтініште көрсетілген деректер өзгерген жағдайда, сондай-ақ бірлескен қызмет туралы (жай серіктестік шартында) шартта, дара кәсіпкер (бірлескен дара кәсіпкерліктің уәкілетті адамы) тіркеуші органға осы орган белгілеген нысан бойынша өзгерістер туралы хабарлауға міндетті.

4. Дара кәсіпкер ретінде тіркеу үшін өтініш беруші келу тәртібінде тіркеуші органға қағаз жеткізгіште не «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы электрондық түрде ұсынуға құқылы

Кәмелет жасына толмаған жеке адам дара кәсіпкер ретінде тіркелген жағдайда салықтық өтініш келу тәртібімен қағаз жеткізгіште ұсынылады.

5. Бiрлескен дара кәсiпкерлiктi тiркеу кезiнде өтiнiштi үшiншi тұлғалармен және мемлекеттiк органдармен қатынастарда оның мүдделерiн бiлдiретiн уәкiлеттi тұлға бередi.


24-бап. Дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік

1. Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік заңды тұлға құрмастан, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын азаматты жекелеу тәсілі болып табылады.

2. Дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (бірлескен дара кәсіпкерлік) мерзімсіз болып табылады тіркеуші органның лауазымды адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында ұсынылады.

Бірлескен дара кәсіпкерлікті мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке тіркеуші орган басшысы бекіткен бірлескен дара кәсіпкерлік мүшелерінің тізімі қоса беріледі.

3. Дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нысанын (бірлескен дара кәсіпкерліктің) Қазақстан Республикасы Үкіметі бекітеді.

4. Мемлекеттік тіркеу туралы куәлікте көрсетілген деректер өзгерген кезде дара кәсіпкер (бірлескен дара кәсіпкерліктің уәкілетті адамы) қайта тіркеуден өтуге және жаңа куәлік алуға міндетті.

5. Дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің күші жалған кәсіпкерліктің жасалу фактісін анықтаған, заңды күшіне енген сот үкімінің немесе қаулысының не қылмыстық қудалау органының күші жойылмаған қаулысының негізінде жойылуға жатады.
25-бап. Жеке кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік тіркеу үшін (қайта тіркеу) алым

Мемлекеттік тіркеу үшін (қайта тіркеу) алым төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен айқындалады.


26-бап. Заңды тұлғаны қайта құру және жою

Заңды тұлға болып табылатын жеке кәсіпкерлік субъектілерін қайта құру және жою нақты ұйымдастырушылық-құқықтық нысан үшін белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.


27-бап. Дара кәсіпкерлер қызметін тоқтату

1. Дара кәсіпкерлер қызметі ерікті не мәжбүрлі тәртіпте, сондай-ақ осы Кодекспен көзделген міндеттер басталған жағдайда тоқтатылуы мүмкін.

Дара кәсіпкерлер қызметі ерікті тәртіпте бірлескен кәсіпкерлік кезінде барлық қатысушылармен бірлесе, өзіндік кәсіпкерлік кезінде дара кәсіпкер өз бетінше қабылдаған шешімнің негізінде кез келген уақытта тоқтатылады.

Дара кәсіпкер қызметін ерікті тоқтату үшін тіркеуші органға кәсіпкерлік қызметінің тоқтатылғаны туралы өтініш береді.

Бірлескен кәсіпкерліктің тоқтатылғаны туралы шешім, оның жартысынан аз қатысушылары ол үшін дауыс берген болса, егер олардың арасындағы келісімде өзгеше көзделмесе, қабылданған болып саналады.

2. Дара кәсіпкерлер қызметі мәжбүрлі тәртіпте мына жағдайларда:

1) оны банкрот деп танығанда;

2) дара кәсіпкердің тіркелуін жарамсыз деп тану жоюға болмайтын сипаттағы Қазақстан Республикасының заңнамасын тіркеу кезінде жіберілген бұзушылықтарға; .

3) Қазақстан Республикасының заңнамасын календарлық жыл ішінде бірнеше рет немесе өрескел бұзушылықтармен қызметін жүзеге асырған,

4) өлімі немесе қайтыс болды деп жарияланған,

5) оны хабар-ошарсыз кетті деп тануға байланысты соттың шешімі бойынша тоқтатылады.

3. Дара кәсіпкерлік қызметі осы бапта көзделген негіздермен қатар, мынандай;

1) өзіндік кәсіпкерлік – дара кәсіпкер әрекетке қабілетсіз деп танылған, қайтыс болды немесе оны қайтыс болған деп жариялаған;

2) отбасылық кәсіпкерлік және жай серіктестік – егер осы тармақтың 1) тармақшасында санамаланған міндеттердің болуы салдарынан бірлескен кәсіпкерліктің қатысушысының біреуі қалған немесе бірде бірі қалмаған жағдайда, сондай-ақ некені бұзуға байланысты мүлікті бөлу кезінде тоқтатылады.

4. Дара кәсiпкердiң қызметi оның өтiнiшi немесе соттың заңды күшiне енген шешiмi негiзiнде тiркеушi органда дара кәсiпкер ретiнде тiркеу есебiнен шығарылған кезден бастап тоқтатылған болып есептеледi.

Дара кәсiпкер ретiнде тiркеу есебiнен шығару дара кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктi тiркеушi органға тапсырғаннан кейiн және кәсiпкерлiк қызметпен байланысты салық мiндеттемелерiн орындағаннан кейiн жүргiзiледi.

5. Белгiленген жағдайларда тiркеусiз дара кәсiпкерлiктi жүзеге асыру кезiнде оны тоқтату ерiктi сипатта болса - нақты тоқтатылған кезден бастап, мәжбүрлеп тоқтату кезiнде тиiсiнше соттың шешiмi заңды күшiне енген кезден бастап ол тоқтатылды деп есептеледi.

6. Орындалмаған мiндеттемелерi жоқ және мемлекеттiк органдар төмен немесе орташа дәрежедегi тәуекел санатына жатқызған шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында қайта құрудың және ерiктi таратудың оңайлатылған тәртiбi белгiленедi.


28-бап. Кәсiпкерлiк субъектiлерiн оңалту және банкроттығы

1. Кәсiпкерлiк субъектiсi борышкердің сотқа өтiнiшi немесе кредитордың, ал Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда өзге адамдардың сотқа өтiнiшi негiзiнде сот шешiмiмен банкрот деп жарияланады.

2. Дара кәсiпкердiң банкроттық рәсiмi оңалту және банкроттық туралы заңнамасында көзделген тәртіпте жүзеге асырылады.

29-бап. Кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң құқықтары мен мiндеттерi

1. Кәсiпкерлiк субъектiлерi:

1) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, кәсiпкерлiктiң кез келген түрiн жүзеге асыруға;

2) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жалдамалы еңбектi пайдалана отырып, кәсiпкерлiктi жүзеге асыруға;

3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiпте филиалдар мен өкiлдiктер құруға;

4) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларды қоспағанда, өндiрiлген тауарлар (жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер) бағасын өз бетінше белгiлеуге;

5) тауарлар (жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер) сапасы үшін өз бетінше бақылау жасауға;

6) кәсiпкерлiк субъектiлерiне өтеулi негiзде қаражат (қарыз) беруге;

7) өзiнiң құқықтық қабiлетi шегiнде сыртқы экономикалық қызметтi жүзеге асыруға;

8) кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiн құруға;

9) кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң аккредиттелген бiрлестiктерi, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы арқылы сарапшылық кеңестердiң жұмысына қатысуға;

10) бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын құқық қорғау және мемлекеттiк органдарға кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң құқықтарын бұзуға кiнәлi адамдарды жауапқа тарту мәселелерi бойынша жүгiнуге;

11) өз құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау үшiн сот органдарына жүгiнуге;

12) кәсiпкерлiктi қолдау және қорғау мәселелерi жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердiң орындалмауына немесе тиiсiнше орындалмауына септiгiн тигiзетiн себептер мен жағдайларды жою туралы ұсыныстарды мемлекеттiк органдардың қарауына енгiзуге;

13) бизнестiң әлеуметтiк жауапкершiлiк шаралары ретінде әлеуметтiк, экономикалық және экологиялық салалардағы жобаларды iске асыруға қатысуға құқылы.

14) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

2. Кәсiпкерлiк субъектiлерi:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн сақтауға;

2) өндiрiлетiн өнiмнiң (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестiгiн қамтамасыз етуге;

3) Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңына сәйкес лицензиялануға жататын кәсiпкерлiк түрлерiн жүзеге асыруға лицензиялар алуға;

4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктi мiндеттi сақтандыруды жүзеге асыруға мiндеттi.

30-бап. Кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғау және дауларды реттеу

1. Кәсіпкерлік субъектілерінің бұзылған немесе даулы құқықтарын қорғауды Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерінде көзделген әдістерді қолданумен, заңнамада белгіленген ведомстволық бағыныстылыққа сәйкес сот, аралық сот, халықаралық коммерциялық төрелік сот жүзеге асырады.

2. Кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғау заңнамалық актілермен арнайы көзделген жағдайларда, құқығы бұзылған (өзі-өзі қорғау) субъектінің тікелей нақты және заңды әрекеттерімен жүзеге асырылуы мүмкін.

3. Кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын әкімшілік тәртіпте қорғау заңнамада көзделген жағдайларда жүзеге асырылады. Әкімшілік тәртіпте қабылданған шешімді сотқа шағымдануға болады.

4. Тараптар арасындағы дауды заңнамамен және шартпен соттан тыс тәртіпте (медиация, корпоративтік омбудсмен және басқалары) реттеу көзделуі мүмкін.
31-бап. Жосықсыз бәсекенi жүзеге асыруға жол бермеу

Кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген еркiн бәсекелестiкке басқа кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң құқықтарын бұзу жолымен бәсекелестiктi шектеуге немесе жоюға бағытталған iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) тыйым салынады.


32-бап. Iшкi нарықты қорғау

1. Iшкi нарықты қорғау Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кедендік-тарифтiк және тарифтiк емес реттеу шараларымен жүзеге асырылады.

2. Қорғау шаралары Қазақстан Республикасы заңдарында көзделген тәртіпте Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде қолданылады.
33-бап. Кәсiпкерлiк субъектiсi туралы ақпаратты қорғау

1. Коммерциялық құпияны қорғау коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты заңсыз алуға, таратуға не пайдалануға тыйым салудан тұрады.

2. Кәсiпкерлiк субъектiсi коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратқа еркiн қол жеткiзу құқығы бар адамдар тобын айқындайды және оның құпиялылығын қорғауға шаралар қолданады.

3. Ақпаратты қолжетiмдiлiк санатына жатқызу тәртiбiн, коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты сақтау және пайдалану шарттарын кәсiпкерлiк субъектiсi айқындайды.

4. Коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты заңсыз әдiстермен алған, жария еткен немесе пайдаланған адамдар келтiрiлген залалды Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өтеуге мiндеттi.

5. Кәсiпкерлiк субъектiсi немесе ол уәкiлеттiк берген адам өз қызметкерлерiнен коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты жария етпеу туралы қол қоюын талап етуге, ал оны тексерудi жүзеге асыратын адамдарға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершiлiк туралы ескертуге құқылы.

6. Мiндеттi түрде жариялануға не акционерлердiң, шаруашылық серiктестiк қатысушыларының немесе өзге де белгiлi бiр адамдар тобының назарына мiндеттi түрде жеткiзуге жататын ақпараттың тiзбесi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кәсiпкерлiк субъектiсiнiң құрылтай құжаттарымен белгiленедi.

7. Кәсiпкерлiк субъектiсi тiркеу, бақылау функцияларын орындау кезiнде және басқа да iс-әрекеттер жасау кезiнде мемлекеттiк органдарға және лауазымды адамдарға оларға жүктелген функцияларды iске асыру үшiн қажеттi ақпараттан басқа, коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты бермеуге құқылы.

8. Мемлекеттік орган өзiне жүктелген функцияларды iске асыру барысында алынған кәсiпкерлiк субъектiсi туралы кез келген ақпарат, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ақпаратты басқа мемлекеттік органға беру жағдайларын қоспағанда, жария етуге және таратуға жатпайды.

9. Құқық қорғау органдары прокурор санкциясы, тергеу органдарының қылмыстық iс қозғау туралы қаулысы негiзiнде не сот қаулысының негiзiнде кәсiпкерлiк субъектiсiнен де, мұндай ақпаратқа ие мемлекеттiк органдардан да қажеттi ақпаратты, соның iшiнде коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты сұратуға және алуға құқылы.

10. Заңды күшiне енген сот шешiмi бар ақпаратты қоспағанда, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты кәсiпкерлiк субъектiсiнiң келiсiмiнсiз жария етуге болмайды.

11. Нақты кәсiпкерлiк субъектiсiнiң қызметі туралы мәлiметтердi ашпайтын жинақталған ақпарат жалпыға қолжетiмдi болып табылады.


34-бап. Алғашқы статистикалық және әкімшілік деректер

1. Кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң алғашқы статистикалық деректерi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк статистика саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес табыс етiледi.

Мемлекеттiк органдардың дара кәсіпкерлерге қатысты алғашқы статистикалық деректерді, оның ішінде оларға бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру кезінде пайдалануға жол берілмейді.

2. Мемлекеттік органдар қалыптастырған әкімшілік деректер мемлекеттiк статистика саласындағы уәкілетті органмен келісілуге тиіс.


35-бап. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бухгалтерлiк есепті жүргiзу мен қаржылық есептiлiк жасау тәртiбi

1. Осы Заңның 22-бабына сәйкес мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын дара кәсiпкерлердi қоспағанда, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бухгалтерлiк есеп мен қаржылық есептiлiк жасауы Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасында айқындалған тәртiппен жүзеге асырылады.

2. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасы бойынша бухгалтерлiк есепті жүргізу мен қаржылық есептiлiк жасаудың оңайлатылған нысанын қолдануға құқылы.
3-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК ОРГАНДАРДЫҢ КӘСIПКЕРЛIКТI ДАМЫТУ МЕН ҚОЛДАУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰЗЫРЕТI
36-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретi

Қазақстан Республикасының Үкiметi:

1) кәсiпкерлiктi қолдау мен дамыту саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлейдi;

2) кәсiпкерлiктi қолдаудың негізгі бағыттарын қалыптастырады;

3) кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау көрсету тәртібін айқындайды;

4) Үкiмет жанынан кәсiпкерлiк мәселелерi жөнiндегi консультативтiк-

кеңесшi органдар құрады және таратады;

5) орталық мемлекеттiк, жергілікті өкілдік және атқарушы органдар әзiрлейтiн, кәсiпкерлiк мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiлердiң, халықаралық шарттар мәтіндерінің және Қазақстан Республикасының өзге де міндеттемелері жобаларын сарапшылық кеңестердiң қарауын ұйымдастырады;

6) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнен сатып алынатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) номенклатурасын және олардың көлемiн (проценттiк көрiнiстегi) бекiтедi;

7) өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызметтер көрсету саласын дамыту үшiн меншікке кейіннен өтеусіз бере отырып, мемлекеттік меншіктің пайдаланылмайтын объектілерін және олардың алып жатқан жер учаскелерін шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне мүліктік жалға (жалдауға) немесе сенiмгерлiк басқаруға беру қағидаларын бекітеді;

8) бәсекеге қабiлеттi салаларды құру мен жетiлдiрудi, кәсiпкерлiк субъектiлерiн дамытуды және олар шығаратын өнiмнiң сапасын арттыруды ынталандыратын мемлекеттiк саясатты айқындайды және iске асырады;

9) бәсекелестiктiң дамуына және инновацияларға, материалдық активтерге, сондай-ақ ұзақ мерзiмдi инвестицияларға инвестициялар салуды ынталандыруға септiгiн тигiзетiн нормативтiк құқықтық актiлер әзiрлейдi;

10) экономиканың жекелеген секторларында кластерлер құруды ынталандырады;

11) кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң дамуы үшiн кедергiлердi жою мақсатында экономика салаларының жұмыс істеуіне талдау жүргiзедi;

12) Қазақстан Республикасының экономикасына инвестицияларды ұлғайту және инновациялар ендiрудi жеделдету мақсатында ұлттық даму институттарын құрады;

13) осы салаларда кәсiпкерлiк субъектiлерi арасындағы бәсекелестiктi дамыту үшiн жағдайлар жасай отырып, жекелеген салаларды кедендік-тарифтiк және тарифтiк емес әдiстермен уақытша қорғауды жүзеге асырады;

14) ұлттық экспорттаушыларға қатысты басқа елдер орнатқан кедергiлердi жоюға шаралар қабылдайды;

15) кәсiпкерлiк субъектiлерiн келiсiмдi бiрлескен экспорттық саясатты жүргiзуге ынталандырады;

16) кәсiпкерлiк субъектiлерiне iшкi және сыртқы нарықтардың жай-күйi туралы экономикалық ақпарат берудi ұйымдастырады;

17) сапа менеджментiнiң жүйесiн ендiрудi ынталандыру жолымен ұлттық өнiмнiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыруға жағдайлар жасайды;

18) ұлттық экспорттаушылардың басқа елдердiң аумағындағы мүдделерiн қолдау арқылы сыртқы сұранысқа жағдай жасайды;

19) Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің және жұмыс берушiлердiң бірлестіктерімен өзара әрекет етеді;

20) саланың немесе кластерлердiң проблемаларын шешу үшiн ғылыми-зерттеу ұйымдарын құрады, iргелi және қолданбалы ғылыми-зерттеулердi қаржыландырады;

21) халықтың әлеуметтiк қорғалмаған топтарын кәсiпкерлiкке тарту жөнiнде шаралар әзiрлейдi;

22) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу және пайдалану қағидаларын бекітеді;

23) қызметкерлердің жылдық орташа санының және жылдық орташа табыс есептеу қағидаларын бекітеді;

24) жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiн аккредиттеудi жүргiзу тәртiбiн айқындайды;

25) кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сарапшылық кеңестер туралы үлгiлік ереженi бекiтедi;

26) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет