Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі


-бап. Кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктері қызметінің қағидаттары



бет4/4
Дата17.07.2016
өлшемі324.5 Kb.
#205049
1   2   3   4

55-бап. Кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктері қызметінің қағидаттары

Кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің қызметі мынадай қағидаттарға:

1) барлық кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң теңдiгiне;

2) мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарына сәйкес келмейтін шешімдердің қабылдаңуына жол бермеуге;

3) кәсіпкерлер субъектілері бірлестіктерінің заңды жүзеге асыратын қызметін шектеуге жол бермейтін тәуелсіздігіне;

4) қызметінің ашықтығына, өз мүшелері алдында есеп берушілігіне, жауаптылығына;

5) шешімдер қабылдауда және оларды іске асыруда тиімділікке, жүйелілікке және шапшаңдыққа негізделеді.
56-бап. Кәсіпкерлердің өзін-өзі реттейтін ұйымдары

1.Кәсіпкерлердің өзін-өзі реттейтін ұйымдары мынадай жағдайлар сақталған кезде жұмыс істейді:

1)кемінде үш субъектінің белгілі бір салада (салада) өзін-өзі реттейтін ұйым құрамында оған мүше ретінде бірігуі;

2) өзін-өзі реттейтін ұйымдардың барлық мүшелері орындауға міндетті кәсіпкерлік қызметтің стандарттары мен қағидаларының болуы;

3) өзін-өзі реттейтін ұйымдардың өзінің әрбір мүшесінің өндірілген тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) тұтыншылар алдындағы қосымша мүліктік жауаптылығын қамтамасыз етуі.

2. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің Ұлттық палатаға міндетті түрде мүше болуын қоспағанда, кәсіпкелердің өзін-өзі реттейтін ұйымдары кәсіпкерлік қызметі субъектілерін ерікті түрде біріктіреді.

3. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, коммерциялық емес ұйымның қызметін өзін-өзі реттейтін ұйымдар ретінде жүзеге асыруы үшін өзін-өзі реттейтін ұйымдар мүшелерінің кәсіпкерлік қызметтің стандарттары мен қағидаларының талаптарын сақтауына бақылауды және өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелеріне қатысты өзін-өзі реттейтін ұйымның ішкі құжаттарында көзделген жауаптылық шараларын қолдау туралы істі қарауды жүзеге асыратын арнайы органдар құрылуға тиіс.

4. Коммерциялық емес ұйымдарды кәсіпкерлердің өзін-өзі реттейтін ұйымдары деп тану үшін оларға қойылатын талаптар, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, міндетті болып табылады.

Қазақсан Республикасының заңдарында кәсіпкерлік қызмет субъектілерін біріктіретін коммерциялық емес ұйымдарға оларды өзін-өзі реттейтін ұйымдар деп тану үшін өзге талаптар белгіленуі мүмкін.
57-бап. Кәсіпкерлердің өзін-өзі реттейтін ұйымдарының стандарттры мен қағидалары
1. Кәсіпкерлердің өзін-өзі реттейтін ұйымдары кәсіпкерлік қызметтің стандарттары мен қағидаларын (бұдан әрі – өзін-өзі реттейтін ұйымның стандарттары мен қағидалары) әзірлейді және бекітеді, олар өзін-өзі реттейтін ұйымдардың барлық мүшелері орындауға міндетті кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға қойылатын талаптар деп түсініледі. Қазақстан Республикасының заңдарында өзге талаптар, стандарттар мен қағидалар, сондай-ақ өзін-өзі реттейтін ұйымдар стандарттары мен қағидаларын ұстаудың, әзірлеудің және белгілеудің ерекшеліктері белгіленуі мүмкін.

2. Өзін-өзі реттейтін ұйымдардың стандарттары мен қағидалары заңдарға және соларға сәйкес қабылданған өзге де нормативтік актілерге сәйкес келуге тиіс. Өзін-өзі реттейтін ұйымдардың стандарттары мен қағидалары кәсіпкерлік қызметтің белгілі бір түріне қосымша жоғары талаптар белгілеуі мүмкін.

3. Өзін-өзі реттейтін ұйымдар кез келген тұлғаның құқықтары мен заңды мүделерін қозғайын өзін-өзі реттейтін ұйымдар мүшелері қызметінің ақпараттық ашықтығын қамтамасыз етуге тиіс.

4. Өзін-өзі реттейтін ұйымдардың стандарттары мен қағидалары іскер әдептілік қағидаларына сәйкес келуге, өзін-өзі реттейтін ұйымдар мүшелерінің, олардың қызметкерлерінің және өзін-өзі реттейтін ұйымның тұрақты жұмыс істейтін алқалық басқару органы мүдделерінің жанжалдарын жоюға немесе азайтуға тиіс.

5. Өзін-өзі реттейтін ұйымдардың стандарттары мен қағидалары өзін өзі реттейтін ұйым мүшелерінің өзге кәсіпкерлік субъектілеріне зиян келтіретін қызметті жүзеге асыруына тыйым салуды белгілеуге, сондай-ақ жосықсыз бәсекелестікке, тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) тұтынушыларға және өзге тұлғаларға моральдық зиян немесе нұқсан келтіретін әрекеттерді, өзін-өзі реттейтін ұйым мүшесінің іскерлік беделіне не өзін-өзі реттейтін ұйымның беделіне нұқсан келтіретін әрекеттерді жасауға тыйым салуды белгілеуге тиіс.
58-бап. Кәсіпкерлік субъектілері мүшелерінің кәсіпкерлердің өзін-өзі реттейтін ұйымдарына мүшелігі

1. Кәсіпкерлік субъектілері мүшелерінің кәсіпкерлердің өзін-өзі реттейтін ұйымдарына мүшелігі ерікті болып табылады.

2. Қазақстан Республикасының заңдарында кәсіпкерлік субъектілері мүшелерінің кәсіпкерлердің өзін-өзі реттейтін ұйымдарына міндетті түрде мүше болуының жағдайлары көзделуі мүмкін.

3. Кәсіпкерлік қызметтің әр түрін жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектісі өзін-өзі реттейін бірнеше ұйымға мүше болуы мүмкін.

4. Кәсіпкерлік қызметтің белгілі бір түрін жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектісі кәсіпкерлік қызметтің осы түрін біріктіретін өзін-өзі реттейтін бір ғана ұйымның мүшесі болып табылуы мүмкін.

5. Өзін-өзі реттейтін ұйым орындайтын функциялар, оның құқықтары мен міндеттері, жауаптылығы және оны құру, қызметі, жұмысын тоқтатуы Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледі.


2-параграф. Кәсіпкерлік субъектілерінің нормативтік құқықтық актілерге сараптама жасауға қатысуы
59-бап. Кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiн аккредиттеу

1. Кәсiпкерлердiң мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiлердің жобаларына, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының мәтіндері мен өзге де міндеттеріне сараптама жасауға қатысуға үмiткер, осы Кодекстің 53-бабының 3-тармағында санамаланған кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері орталық мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органдарда аккредиттелуге жатады.

2. Егер бiр өңiрдi, бiр саланы бiлдiретiн екi және одан да көп бiрлестiк аккредиттелуге үмiткер болған жағдайда, осы бiрлестiктiң мүшесi болып табылатын ұйымдардағы (кәсiпкерлiк субъектiлерiндегi) қызметкерлердің жиынтығында неғұрлым көп санға ие болып отырған бiрлестiк аккредиттелуге жатады.

3. Егер бiр әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк, бiр қызмет саласын бiлдiретiн екi және одан да көп коммерциялық емес ұйым аккредиттелуге үмiткер болған жағдайда, онда азаматтардың неғұрлым көп санын бiрiктiретін коммерциялық емес ұйым аккредиттелуге жатады.

4. Кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiн аккредиттеудi жүргiзу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
60-бап. Сараптамалық кеңестер

1. Орталық мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органдар жанындағы сараптамалық кеңестерге Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлері палатасы, кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң аккредиттелген бiрлестiктерiнiң, коммерциялық емес ұйымдардың, мемлекеттiк органдардың өкiлдерi кiредi.

Сараптамалық кеңестің отырысы бір тоқсанда кемінде бір рет жүргізіледі.

2. Кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң аккредиттелген бiрлестiктерi мен коммерциялық емес ұйымдар орталық мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органдар жанындағы сараптамалық кеңестiң құрамына ұжымдық мүше ретiнде кiредi және өкiлеттiгi сенiмхатпен расталатын өз өкiлi арқылы әрекет етедi.

Орталық мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органдар жанындағы сараптамалық кеңестердiң құрамы мемлекеттiк органдар басшыларының шешiмдерiмен бекiтiледi.

3. Мемлекеттiк құпияларды құрайтын нормативтiк құқықтық актілерді қоспағанда, кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiнi әзiрлейтiн мемлекеттiк орган оны сараптамалық кеңестiң қарауына енгiзедi.

4. Сараптамалық кеңестің нормативтік құқықтық актінің жобасын, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының мәтіні мен өзге де міндеттемелерін қарауы, осы Заңның 5-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, оны сараптамалық кеңестің мүшелеріне жіберу арқылы отырыс өткізбестен жүзеге асырылуы мүмкін.

5. Егер кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын мәселе тиісті мемлекеттік органның құзыретіне жататын болса, осындай кез келген мәселе сараптамалық кеңестің қарауына шығарылуы мүмкін.

6. Сарапшылық кеңестер туралы үлгi ереженi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.

7. Сараптамалық кеңестердiң жұмысын талдауды және оның мониторингiн жүргізуді кәсіпкерлік жөніндегі уәкiлеттi органның жанынан құрылатын үйлестiру кеңесi жүзеге асырады.

Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның басшысы үйлестiру кеңесiнiң төрағасы болып табылады.

Үйлестiру кеңесiнiң құрамын уәкiлеттi органның басшысы қалыптастырады.


6-тарау. КӘСІПКЕРЛІК САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
61-бап. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің түрлері

1. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу кәсіпкерлік субъектісі өндіретін және өткізетін өнімнің адамдар өмірі мен денсаулығына қауіпсіздігін, олардың мүліктік мүдделерінің қорғалуын, қоршаған ортаға қауіпсіздігін, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін, мемлекеттің мүліктік мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз етуге бағытталған.

2. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің түрлері:

1) Қазақстан Республикасының заңдарында субъектілерге, сондай-ақ өнімдерге, процестерге талаптар белгілеу, сәйкестікті растау жөніндегі органдарды, тексеру, калибрлеу және сынақтан өткізу зертханаларын (орталықтарын) аккредиттеу;

2) өнімдердің жекелеген түрлерінің, процестердің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін міндетті түрде растау;

3) растау жөніндегі органдарды, тексеру, калибрлеу және сынақтан өткізу зертханаларын (орталықтарын) аккредиттеу;

4) кәсіпкерлікті мемлекеттік бақылау және қадағалау;

5) рұқсат беру құжаттарын беру;

6) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кәсіпкерлік субъектілерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру;

7) Қазақстан Республикасының заңдарында кәсіпкерлік субъектілерінің, мемлекеттік органдардың және олардың лауазымды адамдарының жауапкершілігін белгілеу.


62-бап. Кәсіпкерлік өнімдеріне, процестеріне қойылатын талаптарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгілеу

Мемлекет барлық жеке кәсіпкерлік субъектілері орындау үшін міндетті өнімдерге, процестерге қойылатын талаптарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгілейді.


63-бап. Өнімнің жекелеген түрлерінің, процестердің сәйкестігін міндетті түрде растау

1. Санитариялық және фитосанитариялық шараларды қоспағанда, сәйкестікті растау жөніндегі қызметті, аккредиттеуді және белгіленген талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылауды қоса алғанда өнімдерге, көрсетілетін қызметке, процестерге қойылатын міндетті және ерікті талаптарды айқындау, белгілеу, қолдану және орындау техникалық реттеу туралы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.

2. Өнімнің белгіленген тәртіппен расталған техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкестігі міндетті түрде сәйкестігі расталуға жататын оның нарықта айналысқа түсуінің қажетті шарты болып табылады.

3. Кеден одағы шеңберінде міндетті талаптар белгіленетін өнімдердің бірыңғай тізбесі мен оны енгізу тәртібін Кеден одағының Комиссиясы бекітеді.

4. Бірыңғай тізбеге енгізілмеген өнімдерге қатысты міндетті талаптарды белгілеуге жол берілмейді.
64-бап. Сәйкестiктi растау жөнiндегi органдарды, тексеру, калибрлеу және сынақ зертханаларын (орталықтарын) аккредиттеу

1. Сәйкестiктi растау жөнiндегi органдар, тексеру, калибрлеу және сынақ зертханалары (орталықтар), өлшемдердің орындалу әдістерін метрологиялық аттестаттауды жүзеге асыратын заңды тұлғалар аккредиттелуге тиіс субъектілерге жатады.

2. Сәйкестікті растау жөніндегі органдар мен зертханаларды аккредиттеу Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
65-бап.Кәсіпкерлікті мемлекеттік бақылау және қадағалау

1. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында өнімдерге, процестерге белгіленген талаптар, сондай-ақ жекелеген өнім түрлерінің, процестердің сәйкестігін растау жөніндегі талаптар мемлекеттік реттеу мақсаттарына қол жеткізу үшін жеткіліксіз болған жағдайларда, кәсіпкерлікті мемлекеттік бақылау және қадағалау белгіленеді.

2. Кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін мемлекеттік бақылау және қадағалау мынадай:

1) ұйымдастыру және жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының Заңында айқындалатын тексеру нысанында;

2) ұйымдастыру және жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалатын ескерту-алдын алу сипатындағы бақылаудың өзге де нысандарында жүзеге асырылады.

3. Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес жергілікті өкілді органдар, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейтін талаптарды қоспағанда, кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтарының, Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының деңгейінде ғана белгіленеді.



66-бап. Кәсіпкерлікті жүзеге асыруға арналған рұқсат беру құжаттары

1. Кәсіпкерліктің жекелеген түрлерін жүзеге асыру кезінде рұқсат беру құжаттарының толық тізбесі Қазақстан Республикасының заңында белгіленеді.

2. Жаңа рұқсат беру құжаттарын енгізуді, қолданыстағы рұқсат беру құжаттарының қолданылуын жоюды немесе жеңілдетуді уәкілетті органдар Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылған Рұқсат беру жүйесін жетілдіру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиямен (бұдан әрі – Ведомствоаралық комиссия) келіскеннен кейін жүзеге асырады.

3. Ведомствоаралық комиссияның шешімі ұсынымдық сипаттағы хаттамамен рәсімделеді.

4. Хаттамаға қол қойылғаннан кейін уәкілетті орган оны қажетті материалдарымен қоса шешім қабылдау үшін Қазақтан Республикасының Үкіметіне жібереді.

5. Ведомствоаралық комиссияның жұмысын ұйымдастыруды кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.


67-бап. Кәсіпкерлік субъектілерінің азаматтық-құқықтық жауаптылығын міндетті сақтандыру

Кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң азаматтық-құқықтық жауаптылығын мiндеттi сақтандыру Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленедi.



68-бап. Кәсiпкерлiк қызметті монополияға қарсы реттеу

1. Бәсекелестікті қорғау, монополистік қызметті шектеу және тұтынушылардың заңды құқықтарын қорғау саласындағы қоғамдық қатынастар Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасымен реттеледі.

2. Монополияға қарсы реттеу Қазақстан Республикасында бәсекелестікті қорғау, тауар нарықтарының тиімді жұмыс істеуі үшін жағдайлар жасау, бірыңғай экономикалық кеңістікті, тауарлардың еркін өткізілуін және экономикалық қызметтің еркіндігін қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.
69-бап. Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік реттеу

1. Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын экономиканың басымдықты секторларын дамытуды ынталандыру негізінде ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында жүзеге асырылады.

2. Индустриялық-инновациялық қызметті ынталандырудың құқықтьқ, экономикалық және ұйымдық негіздері және оны мемлекеттік қолдау шараларын айқындау Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы заңнамасына сәйкес айқындалады.
70-бап. Инвестициялық қызметті мемлекеттiк реттеу

Қазақстан Республикасындағы инвестицияларға, сондай-ақ инвестицияларды ынталандырудың құқықтық және экономикалық негіздерін айқындауға, Қазақстан Республикасында инвестицияларды жүзеге асыру кезінде инвесторлардың құқықтарын қорғауға кепілдік беруге, инвестициялық мемлекеттік қолдау шараларын айқындаумен, инвесторлардың қатысуымен дауларды шешудің тәртібімен байланысты қатынастар Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасымен реттеледі.


71-бап. Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік-жеке меншік әріптестік
1. Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік-жеке меншік әріптестік мынадай қағидаттар негізінде жүзеге асырылады:

дәйектілік қағидаты – мемлекеттік-жеке әріптестік арасындағы өзара ұзақ мерзімді қарым-қатынасты шарттық негізде қалыптастыру;

конкурстық қағидаты – жеке әріптестікті конкурстық негізде айқындау;

теңгерімділік қағидаты – қатерлерді, пайдаларды, кепілдіктерді және міндеттемелерді мемлекеттік-жеке меншік әріптестік арасында өзара ұтымды негізде бөлу;

нәтижелілік қағидаты – мемлекеттік-жеке әріптестік нәтижелеріне қол жеткізуді бағалауға мүмкіндік беретін критерийлер мен көрсеткіштерді белгілеу.

2. Мемлекеттік-жеке әріптестік институционалдық және келісімшарттық болып бөлінеді.

Институционалдық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мемлекеттің және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қатысуымен заңды тұлғалар қызметі аясында іске асырылады.

Келісімшарттық мемлекеттік-жеке меншік кәсіпкерлік концессия, мүліктік жалдау (жалға алу), мемлекеттік мүлікті сенімгерлікпен басқару шарттары және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен өзге де шарттар шеңберінде іске асырылады.


7-тарау. КӘСІПКЕРЛІК САЛАСЫНДАҒЫ ЖАУАПТЫЛЫҚ
1-параграф. Мемлекеттік бақылауды, лицензиялауды жүзеге асыру кезіндегі мемлекеттік органдар мен лауазымды

адамдардың жауаптылығы
72-бап. Кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзғаны үшiн жауаптылықтың жалпы негiздерi мен нысандары

1. Мемлекетік органдар мен олардың лауазымды адамдарының жауаптылығы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді.

2. Мемлекеттiк органдар мен олардың лауазымды адамдары осы Заңның 61-бабының 1-тармағында белгiленген мемлекеттiк реттеудің мақсатына қол жеткiзбеуге әкеп соққан мемлекеттiк бақылауды және қадағалауды, лицензиялауды жүзеге асыру кезiнде өз қызметтiк мiндеттерiн орындамаған немесе тиiсiнше орындамаған жағдайда, сондай-ақ өзге де құқыққа қайшы iс-әрекеттер (әрекетсiздiк) жасаған жағайда Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылықта болады.

Мемлекеттiк органдар мемлекеттiк бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуға кiнәлi лауазымды адамдарына қатысты қабылданған шаралар туралы құқықтары мен заңды мүдделерi бұзылған кәсiпкерлiк субъектiсiне бiр ай iшiнде жазбаша хабарлауға мiндеттi.

3. Мемлекеттiк органдар мен олардың лауазымды адамдары, соның ішінде құқық қорғау органдары кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның лауазымды адамына осы Кодексте көзделген өкілеттіктерін жүзеге асыруына кедергі келтірген жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.

4. Мемлекеттiк органдар мен олардың лауазымды адамдары кәсiпкерлiк субъектiсi туралы ақпаратты таратқаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылықта болады, ал кәсiпкерлiк субъектiсiнiң келiсiмiнсiз ақпаратты тарату нәтижесiнде оған келтiрiлген зиян өтелуге тиiс.


73-бап.Жеке кәсiпкерлiкке кедергi келтiргенi үшiн жауаптылық

1. Мемлекеттiк органдар мен олардың лауазымды адамдарының жеке кәсiпкерлiкке заңсыз кедергi келтіретін кез келген iс-әрекетi (әрекетсiздiгi) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.

2. Қызметiн мәжбүрлеп тоқтата тұру немесе оған тыйым салу олардың қызметiн реттейтiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылатын қаржы ұйымдарының, кредиттiк бюролардың кәсiпкерлiк қызметiн қоспағанда, жеке кәсiпкерлiк субъектiсiнiң қызметiн мәжбүрлеп тоқтата тұруды немесе оған тыйым салуды бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың өтiнiшi бойынша сот жүргiзедi.

3. Жеке кәсiпкерлiк субъектiсiнiң қызметiн сот шешiмiнсiз үш жұмыс күнінен аспайтын мерзiмге тоқтата тұруға немесе оған тыйым салуға, көрсетiлген мерзiмде қуыным арызды сотқа табыс етудi мiндеттей отырып, ерекше жағдайларда жол берiледi.

Бұл ретте бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк органның қызметті тоқтата тұру немесе оған тыйым салу туралы актісі соттың шешiмi шыққанға дейiн қолданыста болады.

4. Кәсiпкерлiк қызметiне заңсыз кедергi келтiру салдарынан жеке кәсiпкерлiк субъектiсi көтерген барлық шығындар мен жеке кәсiпкерлiк субъектiсiне келтiрiлген өзге де зиян өтелуге жатады.


74-бап. Кәсiпкерлiк субъектiсiн тексерудiң белгiленген тәртiбiн бұзғаны үшiн жауаптылық

1. Мемлекеттiк орган немесе оның лауазымды адамы кәсiпкерлiк субъектiсiнің қызметіне тексеру жүргiзудiң белгiленген тәртiбiн бұзған жағдайда (тексерудi негiзсiз тағайындау, актi шығармай және оны құқықтық статистика органында тiркемей тексеру жүргiзу, құжаттарды заңсыз алып қою, материалдық құндылықтарды заңсыз түгендеу, өндiрiстi тоқтата тұру, басы артық анықтамалар толтыру, негiзсiз сұрау салуларды талап ету және өзге де жағдайларда) өтелуi талап етiлетiн шығындардың көлемiне тексеруге арналған материалдарды дайындағаны үшiн кәсiпкерлiк субъектiлерінің қызметкерлерiне төленген сыйақы сомалары, өндiрiстiң мәжбүрлі түрде тоқтаған уақытына жалақы, өндiрiстi тоқтата тұру салдарынан шығарылмаған тиiстi тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзу кезiнде кәсiпкерлiк субъектiсiнiң алуы ықтимал жiберiп алған пайда енгiзiлуi мүмкiн.

2. Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен заңсыз деп танылған мемлекеттiк бақылауды және қадағалауды жүргiзу кезiнде мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдарының iс-әрекетiмен (әрекетсiздiгiмен) кәсiпкерлiк субъектiсiне келтiрiлген зиян Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өтелуге жатады.

3. Мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдарының тексеру жүргiзу кезiндегi заңсыз iс-әрекеттерi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.


2-параграф. Кәсіпкерлік субъектілерінің жауаптылығы
75-бап. Кәсiпкерлiк субъектiлерi жауаптылығының жалпы жағдайлары

Кәсiпкерлiк субъектiлерi жеке және заңды тұлғалар мен мемлекеттiң құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн сақтауға мiндеттi.

Кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.
8-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
76-бап. Осы Кодексті қолданысқа енгiзу тәртiбi

1. Осы Кодекс алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



2. «Жеке кәсiпкерлiк туралы» 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2006 ж., № 3, 21-құжат; 2006 жылғы 7 ақпандағы № 27 «Казахстанская правда») күшi жойылды деп танылсын.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет