Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қ аулыс ы



бет3/5
Дата12.07.2016
өлшемі449.5 Kb.
#193008
1   2   3   4   5
    Бұл бет үшін навигация:
  • Атауы

Есеп айырысудың құрама тәсiлдерiн қолдануға жол берiледi, мұндайда екi және одан да көп код қойылады. Есеп айырысудың тәсiлiн өзге тәсілдермен көрсету мақсаты үшін міндеттемелерді орындау тауарларды Кедендік одақтың ішкі кеден аумағында тауарларды өткізу резидент емеске талап қою құқығын басқа резидентке есептеу, беру, резиденттің борышын басқа тұлғаға аудару, вексельді беру, бағалы қағаздарды беру, резидент еместер міндеттемелерін орындамау тәуекелін сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру жағдай басталған кезде сақтандыру төлемін алу, жұмысты (қызмет көрсетуді) орындау, бонустар, айыппұлдар, тұрақсыздық айыбы, айыппұлдар және келісімшарттың талаптарында көзделген міндеттерді орындаудың басқа да тәсілдері болып табылады;

6) «Келiсiмшарт бойынша валюта» бағанында ҚР МЖ 07 ИСО 4217 - 2001 «Валюталар мен қорларды белгiлеу үшiн кодтар» мемлекеттiк жiктеушiсiне сәйкес келiсiмшарт сомасы валютасының әрiптiк мәнi көрсетiледi;

7) «Валютаны келiсу» бағанында келiсiмшарт бойынша валюта бағамының төлем валютасына есеп айырысу тәсiлi көрсетiледi («Келiсiмшарт бойынша валюта» және «Төлем валютасы» сәйкес келмеген жағдайда ғана толтырылады);

8) «Соңғы күнi» бағанында келiсiмшарт қолданылатын күнге дейiнгi күн көрсетiледi. Келiсiмшартта осындай талап болған жағдайда толтырылады.

9. «Алдыңғы мәмiле паспортының деректемелерi» бөлiмi Ереженiң 35-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген жағдайларда толтырылады. Бұл ретте оның орнына жаңа мәмiле паспорты ресiмделген алдыңғы мәмiле паспортының нөмiрi мен күнi көрсетiледi.

10. «Уәкiлеттi тұлғалардың қолдары» бөлiмiн:

1) мәмiле паспорты банкiнiң және үшiншi тұлғаның банкi атынан - мәмiле паспортын ресiмдеудi жүзеге асыратын қызметкер;

экспортердiң атынан - экспортердің басшысы;

үшiншi тұлғаның атынан - үшiншi тұлғаның басшысы толтырады;

2) экспорт бойынша барлық мәмiле паспорттары мәмiле паспорты банкiнiң, экспортердiң және қажет болған жағдайда үшiншi тұлғаның және үшiншi тұлғаның банкiнiң мөрлерiмен бекiтiледi.

11. «Репатриациялау мерзiмi» бөлiмi нүктемен бөлiнген екi бөлiктен тұрады:

бiрiншi бөлiкте репатриациялау мерзiмiнiң күн саны көрсетiледi;

екiншi бөлiкте репатриациялау мерзiмiнiң жыл саны көрсетiледi.

Егер экспортердiң тауар жеткiзу бойынша мiндеттемесi Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасынан өткеннен кейiн тауарды беру болса, экспортер репатриациялау мерзiмiн келiсiмшарт бойынша шетелдiк сатып алушы тауарға ақы төлеу бойынша мiндеттемелерiн орындаудың ең ұзақ мерзiмiне бiр күнтiзбелiк жылдан аспайтын тауарды беру орнына дейiн Қазақстан Республикасында кедендiк тiркелгеннен кейiн тауарды жеткiзу үшiн қажеттi мерзiмдi қоса отырып есептейдi.

Егер экспортердiң тауар жеткiзу бойынша мiндеттемесi Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасынан өткенге дейiн тауарды беру болса, экспортер репатриациялау мерзiмi ретiнде шетелдiк сатып алушының тауарға ақы төлеу бойынша мiндеттемелерiн орындаудың келiсiм-шарт бойынша ең ұзақ мерзiмiн көрсетедi.

Егер келiсiмшартта шетелдiк сатып алушының тауарға ақы төлеуi бойынша мiндеттемелерiн орындауының түрлi талаптары көзделсе (тауарға экспортер тауарды тиегенге дейiн ақы төлеу, тауарға экспортер тауарды тиегеннен кейiн ақы төлеу), репатриациялау мерзiмi экспортер тауарды тиегеннен кейiн келiсiмшартта белгiленген шетелдiк сатып алушының тауарға ақы төлеуi бойынша мiндеттемелерiн орындаудың мерзiмдерiн ескере отырып, есептейдi.

Егер келiсiмшартта экспорт бойынша валюта түсiмiнiң экспорт күнi болғанға дейiн (шетелдiк сатып алушының алдын ала ақы төлеуi) не 180 күннен аспайтын мерзiмде түсуi көзделсе, репатриациялау мерзiмiн экспортер 180 күн деп көрсетедi.

Репатриациялау мерзiмiн есептеу мақсаты үшiн күнтiзбелiк күн пайдаланылады, бұл ретте 30 күн мерзiмi бiр ай болып, 360 күн - бiр күнтiзбелiк жыл болып қолданылады.

Мысалдар:

1) келiсiмшартқа сәйкес экспортердiң тауарды жеткiзу бойынша мiндеттемесi тауар Омбы қаласында өткiзiлгеннен кейiн орындалды деп саналады. Шетелдiк сатып алушының тауарға ақы төлеуi: iшiнара - алдын-ала ақы төлеу, iшiнара - экспортер тауарды тиегеннен кейiн ақы төлеу арқылы. Шетелдiк сатып алушы тауарға ақы төлеуiнiң ең ұзақ мерзiмi - 210 күн. Тауарды кедендiк ресiмдеу күнi мен шетелдiк сатып алушының тауарды Омбы қаласында өткiзу күнi арасындағы экспортер болжайтын мерзiм (тауарды өткiзу фактiсiн ресiмдеу үшiн қажеттi мерзiмдi есептей отырып) - 30 күн

Есеп: 210 күн + 30 күн = 240 күн, яғни 240 күн, 00 жыл.

Экспортер «Репатриациялау мерзiмi» бағанында 240.00 көрсетедi;

2) келiсiм-шартқа сәйкес тауар жеткiзу бойынша экспортердiң тауар жеткiзу бойынша мiндеттемесi тауар 1-Алматы станциясына өткiзiлгеннен кейiн орындалды деп саналады. Шетелдiк сатып алушы тауарға ақыны экспортер тауарды тиегеннен кейiн төлейдi. Тауарға ақы төлеудiң ең ұзақ мерзiмi - 210 күн.

Экспортер «Репатриациялау мерзiмi» бағанында 210.00 көрсетедi;



3) келiсiмшартқа сәйкес шетелдiк сатып алушы тауарға толық көлемде алдын ала ақы төлейдi.

Экспортер «Репатриациялау мерзiмi» бағанында 180.00 көрсетедi;



4) келiсiмшартқа сәйкес шетелдiк сатып алушы тауарға ақы төлеуiнiң ең ұзақ мерзiмi  - 160 күн.

Экспортер «Репатриациялау мерзiмi» бағанында 180.00 көрсетедi.



12. «Мәмiле паспорты банкiнiң ерекше белгiлерi» бөлiмiнде мәмiле паспортының бөлiмдерiнде көрiнбеген, алайда Ережеде көзделген ақпаратты немесе мәмiле паспорты банкiнiң оңайлатылған жұмысын көрсетедi.».

Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының

2011 жылғы «__»__________

№___ қаулысына 2-қосымша

«Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының

2006 жылғы 17 тамыздағы



№ 86 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын жүзеге асыру ережесіне 2-қосымша
Импорт бойынша мәмiле паспорты
Мәмiле паспортының бұрынғы нөмiрi мен күнi 
«___»__________ жылғы ____________________
Мәмiле паспортының қолданыстағы нөмiрi мен күнi
«___»__________ жылғы 2/_____________/________/_________


Мәмiле паспортының банкi бойынша ақпарат:






Атауы


_______________________

БСН/ КҰЖЖ коды

_______________________







 Шетелдік банктің атауы

 _______________________







Импортер жөнінде ақпарат:

 

Атауы немесе аты-жөні

_______________________

БСН/ КҰЖЖ коды

_______________________

ЖСН/СТН

_______________________

Мекенжайы

_______________________

 

 

Үшінші тұлға жөніндегі ақпарат

 

Атауы немесе аты-жөні

_______________________

БСН/ КҰЖЖ коды

_______________________

ЖСН/СТН

_______________________

Мекенжайы

_______________________

 

 

Шетелдік сатып алушы жөніндегі ақпарат:

 

Атауы немесе аты-жөні

_______________________

Елі


_______________________

Мекенжайы

_______________________

 

 

Келісімшарт бойынша ақпарат:

 

Нөмірі

_______________________

Күні

_______________________

Сомасы

_______________________

Төлем валютасы  

_______________________

Есеп айырысу тәсілдері

_______________________

Келісімшарт бойынша валюта

_______________________

Валютаны келісу

_______________________

Соңғы күні

_______________________

 

 

Алдыңғы мәміле паспортының деректемелері:


_______________________







Уәкілетті тұлғалардың қолдары:

 

мәміле паспорты банкінің атынан

импортердің атынан

________________________

_______________________

 

 

Аты-жөні, лауазымы

Аты-жөні, лауазымы

Мөрдің орны

Мөрдің орны

 

 

үшінші тұлғаның банкі атынан

________________________

 

_______________________

 

 

Аты-жөні, лауазымы

Аты-жөні, лауазымы

Мөрдің орны

Мөрдің орны

 

Репатриациялау мерзімі:

 

Ескерту. Резиденттің ұлттық және шетел валютасын репатриациялауды қамтамасыз етпеуі және Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын жүзеге асыру ережесінің 5 және 5-2-тармақтарына сәйкес құжаттарды ұсынбауы (уақтылы ұсынбауы) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 187 және 180-баптарында көзделген жауапкершілікке алып келеді.



 

_______________________ 







Импортердің атынан қойылатын қол

_______________________




 

Аты-жөні, лауазымы

 

Мөрдің орны







Мәміле паспорты банкінің ерекше белгілері:

 

_______________________________________________________________


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет