2-қосымшаны толтыру бойынша нұсқау
2-қосымша мыналарды ескере отырып, 1-қосымшаға ұқсас толтырылады:
1. Қолданыстағы мәмiле паспортының бiрiншi бөлiгiнде 2 көрсетiледi.
2. «Шетел банкiнiң атауы» бөлiмiнде импортердiң шоты ашылған және мәмiле паспортында көрсетiлген келiсiмшарт бойынша ақша төлемi және (немесе) аударымы жүзеге асырылатын не заң талаптарына сәйкес пайдаланылмаған авансты қайтарған жағдайда импорт бойынша келiсiмшарт бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру үшiн резидент еместiң пайдасына импортер аударған валюта түсуi мүмкiн шетел банкiнiң толық атауы көрсетiледi.
3. «Есеп айырысу тәсiлi» бағанында есеп айырысу тәсiлдерiнiң 13, 14 кодтары мынаны бiлдiредi:
алдын ала жеткізу
|
13
|
тауарға ақы төлегеннен кейiн жеткiзу
|
14
|
4. «Репатриациялау мерзiмi» бөлiмiн импортер мыналарды ескере отырып толтырады:
Шетелдiк жеткiзушiнiң тауарды жеткiзу бойынша мiндеттемесi Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасынан өткеннен кейiн тауарды беру болса, импортер шетелдiк жеткiзушiнiң келiсiмшарт бойынша тауар жеткiзу бойынша мiндеттемелерiн орындаудың ең ұзақ мерзiмiне пайдаланылмаған авансты (келiсiмшартта ол болған жағдайда) қайтару мерзiмiне қосу арқылы репатриациялау мерзiмiн есептейдi.
Шетелдiк жеткiзушiнiң тауарды жеткiзу бойынша мiндеттемесi Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасына өткенге дейiн тауарды беру болса, импортер шетелдiк жеткiзушiнiң келiсiмшарт бойынша тауар жеткiзу бойынша мiндеттемелерiн орындаудың ең ұзақ мерзiмiне Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасына дейiн тауарды жеткiзу және тауарды Қазақстан Республикасында кедендiк ресiмдеуге қажеттi мерзiмдi (бiр күнтiзбелiк жылдан аспауы тиiс) және пайдаланылмаған авансты (келiсiмшартта ол болған жағдайда) қайтару мерзiмiн қосу арқылы репатриациялау мерзiмiн есептейдi.
Егер келiсiмшартта шетелдiк жеткiзушiнiң тауарды жеткiзу бойынша мiндеттемелерiн орындауының түрлi талаптары (тауар үшін төлем және (немесе) ақша аудару жүзеге асырылғанға дейiн тауар жеткiзу, тауар үшін төлем және (немесе) ақша аудару жүзеге асырылғаннан кейiн тауар жеткiзу) көзделсе репатриациялау мерзiмiн импортер шетелдiк жеткiзушiнiң тауар жеткiзу бойынша мiндеттемелерiн орындаудың келiсiмшартта белгiленген мерзiмдерiн ескере отырып тауар үшін ақша төлемi және (немесе) аударымы жүзеге асырылғаннан кейiн есептейдi.
Егер келiсiмшартта тауар үшін төлем және (немесе) ақша аудару жүзеге асырылғанға дейiн не төлем жүргiзiлген және (немесе) ақша аударылған күннен бастап 180 күннен аспайтын мерзiмде тауарды жеткiзу (шетелдiк жеткiзушiнiң алдын ала жеткiзуi) көзделсе, репатриациялау мерзiмiн импортер 180 күн деп көрсетедi.
Мысалдар:
1) келiсiмшартқа сәйкес шетелдiк жеткiзушiнiң тауар жеткiзу бойынша мiндеттемелерi Омбы қаласында тауар өткiзiлгеннен кейiн орындалды деп саналады. Шетелдiк жеткiзушiнiң тауарды жеткiзуi - iшiнара алдын ала жеткiзу арқылы, iшiнара – тауар үшін төлем жүргiзгеннен және (немесе) ақша аударғаннан кейiн. Шетелдiк жеткiзушi тауарды жеткiзуiнiң ең ұзақ мерзiмi - 800 күн. Импортер тауарды кедендiк ресiмдеу күнi (тауарды беру фактiсiн ресiмдеу үшiн қажеттi мерзiмдi ескере отырып) мен шетелдiк жеткiзушi тауарды Омбы қаласында өткізу күнi арасындағы болжамды мерзім - 70 күн. Пайдаланылмаған авансты қайтару мерзiмi - тауар Омбы қаласында болжамды өткізу күнінен бастап 100 күн.
Есеп: 800 күн + 70 күн + 100 күн = 970 күн, яғни 250 күн, 02 жыл.
Импортер «Репатриациялау мерзiмi» бағанында 250.02 көрсетедi;
2) келiсiмшартқа сәйкес шетелдiк жеткiзушiнiң тауар жеткiзу бойынша мiндеттемелерi Омбы қаласында тауарды өткізгеннен кейiн орындалды деп саналады. Шетелдiк жеткiзушiнiң тауарды жеткiзуi - iшiнара алдын ала жеткiзу арқылы, iшiнара – тауар үшін төлем жүргiзгеннен және (немесе) ақша аударғаннан кейiн. Шетелдiк жеткiзушi тауарды жеткiзуiнiң ең ұзақ мерзiмi - 210 күн. Импортер тауарды кедендiк ресiмдеу күнi (тауарды өткізу фактiсiн ресiмдеу үшiн қажеттi мерзiмдi ескере отырып) мен шетелдiк жеткiзушi тауарды Омбы қаласында өткізу күнi арасындағы болжамды мерзім - 70 күн деп. Пайдаланылмаған авансты қайтару мерзiмi келiсiмшартта белгiленбеген.
Есеп: 210 күн + 70 күн = 280 күн, яғни 280 күн, 00 жыл.
«Репатриациялау мерзiмi» бағанында импортер 280.00 көрсетедi;
3) келiсiмшартқа сәйкес шетелдiк жеткiзушiнiң тауарды жеткiзу бойынша мiндеттемелерi тауар 1-Алматы станциясында өткізiлгеннен кейiн орындалды деп саналады. Шетелдiк жеткiзушiнiң тауарды жеткiзуi - iшiнара алдын ала жеткiзу, iшiнара – тауар үшін төлем жүргiзгеннен және (немесе) ақша аударғаннан кейiн жеткiзу. Шетелдiк жеткiзушiнiң тауарды жеткiзуiнiң ең ұзақ мерзiмi - 100 күн. Пайдаланылмаған авансты қайтару мерзiмi - 100 күн
Есеп: 100 күн + 100 күн = 200 күн, яғни 200 күн, 00 жыл.
«Репатриациялау мерзiмi» бағанында импортер 200.00 көрсетедi;
4) келiсiмшартқа сәйкес тауар жеткiзу бойынша шетелдiк жеткiзушiнiң мiндеттемесi тауар 1-Алматы станциясында өткiзiлгеннен кейiн орындалды деп саналады. Шетелдiк жеткiзушiнiң тауарды жеткiзуi - iшiнара алдын ала жеткiзу, iшiнара - тауар үшін ақша төлегеннен және (немесе) аударғаннан кейiн. Шетелдiк жеткiзушiнiң тауарды жеткiзуiнiң ең ұзақ мерзiмi - 100 күн. Пайдаланылмаған авансты қайтару мерзiмi келiсiмшартта белгiленбеген.
«Репатриациялау мерзiмi» бағанында импортер 180.00 көрсетедi;
5) келiсiмшартқа сәйкес шетелдiк жеткiзушi тауарды толық көлемде алдын ала жеткiзудi жүзеге асырады.
«Репатриациялау мерзiмi» бағанында импортер 180.00 көрсетедi;
6) келiсiмшартқа сәйкес шетелдiк жеткiзушiнiң тауар жеткiзуiнiң ең ұзақ мерзiмi - 160 күн.
«Репатриациялау мерзiмi» бағанында импортер 180.00 көрсетедi.».
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2011 жылғы «__»__________
№___ қаулысына 3-қосымша
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 17 тамыздағы № 86 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын жүзеге асыру ережесіне 4-қосымша
_____ жылғы ____айдағы
мәміле паспорттары бойынша міндеттемелерді орындау туралы ақпарат
Уәкілетті банктің БСН/КҰЖЖ коды ________________
№
|
Қолданыстағы
мәміле
паспортының деректемелері
|
Ақша/тауарлар жіберуші
|
№
|
Күні
|
Атауы немесе аты-жөні
|
БСН/
КҰЖЖ коды
|
ЖСН/
СТН
|
Белгісі –
заңды тұлға немесе жеке тұлға
|
Елі
|
Облыс-тың
коды
|
Рези-денттік коды
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
кестенің жалғасы
Ақша/тауарлар алушы
|
Атауы немесе аты-жөні
|
БСН/
КҰЖЖ коды
|
ЖСН/
СТН
|
Белгісі –
заңды тұлға немесе жеке тұлға
|
Елі
|
Облыстың
коды
|
Резиденттік коды
|
11
|
12
|
13
|
14
|
15
|
16
|
17
|
|
|
|
|
|
|
|
кестенің жалғасы
Төлем және (немесе) ақша аударымы немесе
міндеттемелердің өзгеше орындалуы туралы ақпарат
|
Сомалар жаңа мәміле
паспортына ауыстырылған жағдайда
|
Күні
|
Мың бірліктегі сома
|
Есеп айырысу валютасы
|
Есеп айырысу тәсілінің коды
|
Белгісі – шығыс, кіріс
|
Есепке алуға неме-се басқаға беруге немесе өзгеше орындауға арналған негіздеме
|
Жаңа мәміле паспорты-ның күні
|
Жаңа мәміле паспортының нөмірі
|
№
|
дата
|
18
|
19
|
20
|
21
|
22
|
23
|
24
|
25
|
26
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
4-қосымшаны толтыру бойынша нұсқау
1. «Уәкілетті банктің БСН/КҰЖЖ коды» бағанында 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап уәкілетті банктің БСН-ы, ал 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін уәкілетті банктің 9 белгіден тұратын КҰЖЖ коды көрсетіледі.
2. 2, 3-бағандарында қолданыстағы паспорттың деректемелері көрсетіледі, яғни:
егер мәміле паспортына Ереженің 47 және 49-тармақтарына сәйкес жаңа нөмір мен күн берілген болса, онда жаңа нөмір мен күн көрсетіледі;
егер берілмесе – ескі нөмір мен күн көрсетіледі (Ереженің 49-тармағында көрсетілген мерзімдер аяқталғанша жол берілмейді).
3. 3, 18, 24, 25-бағандар сегіз цифрды көрсету арқылы мынадай тәртіппен толтырылады: күні, айы, жылы.
4. «Ақша/тауарлар жіберуші» және «Ақша/тауарлар алушы» бағандарында тауарларды жеткізу тәсілімен мәміле паспорттары бойынша міндеттемелердің орындалуы туралы ақпаратты жіберу кезінде тиісінше экспортер немесе импортер туралы мәліметтер көрсетіледі.
5. Егер 7, 14-бағандарда «1» белгісі көрсетілген жағдайда, 5, 12-бағандар 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап ақша/тауарлар жіберушінің немесе ақша/тауарлар алушының БСН-ы, ал 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін ақша/тауарлар жіберушінің немесе ақша/тауарлар алушының заңды тұлғалар үшін 8 белгіден немесе заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері үшін 12 белгіден тұратын КҰЖЖ коды көрсетіле отырып толтырылады.
6. 5, 6, 12, 13-бағандар, егер ақша/тауарлар жіберуші немесе ақша/тауарлар алушы резиденттер болып табылса, толтырылады.
7. 6, 13-бағандар егер 7, 14-бағандарда «2» белгісі көрсетілген жағдайда, 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап ақша/тауарлар жіберушінің немесе ақша/тауарлар алушының БСН-ы, ал 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін ақша/тауарлар жіберушінің немесе ақша/тауарлар алушының СТН-ы көрсетіле отырып толтырылады (дара кәсіпкерлер үшін).
8. 7, 14-бағандарда, егер ақша/тауарлар жіберуші немесе ақша/тауарлар алушы заңды тұлға (заңды тұлғаның филиалы, өкілдігі) немесе БСН-ы бар дара кәсіпкер болып табылса, «1» белгісі немесе өзге жағдайларда «2» белгісі көрсетіледі.
9. 8, 15-бағандар «Елдердің және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің атауларын белгілеуге арналған кодтар. 1-бөлік. Ел коды» ҚР МЖ 06 ИСО 3166.1 2001, «Елдердің және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің атауларын белгілеу үшін кодтар. 2-бөлік. Елдердің әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің кодтары», ҚР МЖ 06 ИСО 3166.3 - 2001 «Елдердің және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің атауларын белгілеуге арналған код. 3-бөлік. Елдердің атауларын белгілеу үшін бұрын пайдаланылған кодтар» ҚР МЖ 06 ИСО 3166.2 - 2001 мемлекеттік жіктеушілерін пайдалана отырып толтырылады.
10. 9, 16-бағандарда (егер ақша/тауарлар жіберуші немесе ақша/тауарлар алушы резидент болған жағдайда) ҚР МЖ 11-2003 әкімшілік-аумақтық объектілердің жіктеушісіне (ӘАОЖ) сәйкес ақша/тауарлар жіберушінің немесе ақша/тауарлар алушының нақты мекенжайының облыс кодының алғашқы 2 цифры көрсетіледі.
11. 10, 17-бағандар төлем мақсатының бірыңғай жіктеушісінің мемлекеттік жіктеушісінің мақсаттары үшін пайдаланылатын резиденттік анықтамалығына сәйкес толтырылады.
12. 20-бағанда «Валюталар мен қорларды белгілеуге арналған кодтар» ҚР МЖ 07 ИСО 4217 - 2001 мемлекеттік жіктеушісіне сәйкес валютаның әріптік мәні көрсетіледі.
13. 21-баған Ереженің 1-қосымшасын толтыру бойынша нұсқаудың 8-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген жіктеуішке және Ереженің 2-қосымшасын толтыру бойынша нұсқаудың 3-тармағына сәйкес толтырылады.
14. 22-баған мынадай белгілер ескеріле отырып толтырылады: 1 - шығыс (яғни шетелдік сатып алушының немесе шетелдік жеткізушінің пайдасына ақша төлемі және (немесе) аударымы) және 2 – кіріс (яғни экспортердің немесе импортердің пайдасына ақша төлемі және (немесе) аударымы).
15. 23, 24-бағандар, егер 21-бағанда 21-23 сандары көрсетілсе, 23-бағанда валюта шартының (келісім-шарттың осындай деректемесі болған жағдайда) нөмірін, ал 24-бағанда валюта шартының күшіне ену күні, болмаған жағдайда – валюта шарты жасалған күнді көрсету арқылы толтырылады.
16. Толтырылған 25, 26-бағандар мәміле паспортының сомалары Ереженің 35-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген жағдайларда жаңа мәміле паспорты бойынша ескерілетінін білдіреді.»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2011 жылғы «__»__________
№___ қаулысына 4-қосымша
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 17 тамыздағы № 86 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын жүзеге асыру ережесіне 5-қосымша
жылғы _____(күні)___________(айы)
мәміле паспорттары және мәміле паспорттарына қосымша парақтары бойынша ақпарат
Мәміле паспорты банкінің БСН/КҰЖЖ коды _______________
№
|
Мәміле паспортының
деректемелері
|
Экспортер немесе импортер бойынша ақпарат
|
Бұрынғы
|
Қолданыстағы
|
Атауы немесе аты-жөні
|
БСН/КҰЖЖ коды
|
ЖСН/СТН
|
Белгі - заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер
|
Облыс-тың
коды
|
№
|
Күні
|
№
|
Күні
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
кестенің жалғасы
Келісімшарт бойынша ақпарат
|
Белгісі –
экспорт немесе импорт
|
Нөмір
|
Күні
|
Төлем
валютасы
|
Келісімшарттың мың бірліктегі сомасы
|
Келісімшарт-тың
валютасы
|
Валютаны
келісу
|
Соңғы күні
|
11
|
12
|
13
|
14
|
15
|
16
|
17
|
18
|
|
|
|
|
|
|
|
|
кестенің жалғасы
Резидент емес
|
Репатриациялау мерзімдері
|
Есептеу тәсілінің коды
|
Мәміле паспортына қосымша парақтың деректемелері
|
Мәміле паспортын жабу
|
Атауы және аты-жөні
|
Елі
|
№
|
Күні
|
Күні
|
Негіздеме
|
19
|
20
|
21
|
22
|
23
|
24
|
25
|
26
|
|
|
|
|
|
|
|
|
5-қосымшаны толтыру бойынша нұсқау
1. «Мәміле паспорты банкінің БСН/КҰЖЖ коды» бағанында 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап мәміле паспорты банкінің БСН-ы, ал 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін мәміле паспорты банкінің 12 белгіден тұратын КҰЖЖ коды көрсетіледі.
2. Мәміле паспортын ресімдеу туралы ақпаратты жіберу кезінде 4-22-бағандар толтырылады.
3. Ереженің 47 және 49-тармақтарында белгіленген жағдайларда мәміле паспортына қосымша парақты ресімдеу туралы ақпаратты жіберу кезінде 2-24-бағандар толтырылады. Осындай мәміле паспорты бойынша келесі ақпаратты жіберу кезінде 4 және 5-бағандарда мәміле паспортының қолданылып жүрген нөмірін және күнін көрсету қажет.
4. Өзге жағдайларда мәміле паспортына қосымша парақты ресімдеу туралы ақпаратты жіберу кезінде 2,3 немесе 4, 5, сондай-ақ мәліметтері нақтылануы тиіс бағандар толтырылады. Бұл ретте 2 және 3-бағандар Ереженің 47 және 49-тармақтарына сәйкес жаңа нөмірі мен күні әлі берілмеген мәміле паспортына қосымша парақ ресімделген жағдайда толтырылады (Ереженің 49-тармағында көрсетілген мерзімдер аяқталғаннан кейін рұқсат етілмейді).
5. Мәміле паспортын Ереженің 35-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген жағдайларда ресімдеген кезде 2-22-бағандар толтырылады.
6. Мәміле паспортын жабу туралы ақпаратты жіберу кезінде 2, 3 немесе 4, 5, сондай-ақ 25, 26-бағандар толтырылады.
7. 3, 5, 13, 18, 24, 25-бағандар мынадай тәртіппен сегіз цифрды көрсету арқылы толтырылады: күн, ай, жыл.
8. 7-баған, егер 9-бағанда «1» белгісі көрсетілген жағдайда, 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап экспортердің немесе импортердің БСН-ы, ал 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін экспортердің немесе импортердің заңды тұлғалар үшін 8 белгіден немесе заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері үшін 12 белгіден тұратын КҰЖЖ коды көрсетіле отырып толтырылады.
9. 8-баған, егер 9-бағанда «2» белгісі көрсетілген жағдайда, 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап экспортердің немесе импортердің ЖСН-ын, ал 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін экспортердің немесе импортердің СТН-ын көрсету арқылы толтырылады (дара кәсіпкерлер үшін).
10. 9-бағанда, егер экспортер немесе импортер алушы заңды тұлға (заңды тұлғаның филиалы, өкілдігі) немесе БСН-ы бар дара кәсіпкер болып табылса, «1» белгісі немесе өзге жағдайларда «2» белгісі көрсетіледі.
11. 10-бағанда ҚР МЖ 11-2003 әкімшілік-аумақтық объектілердің жіктеушісіне (ӘАОЖ) сәйкес экспортердің немесе импортердің нақты мекенжайының облыс кодының алғашқы 2 цифры көрсетіледі.
12. 11-баған мынадай белгілер ескеріле отырып толтырылады: егер келісімшарт экспорт бойынша болса –1 және егер келісімшарт импорт бойынша болса –2.
13. 12-баған келісімшарттың осындай деректемесі болған жағдайда келісімшарттың нөмірін көрсету арқылы толтырылады.
14. 14, 16-бағандарда ҚР МЖ 07 ИСО 4217 - 2001 «Валюталар мен қорларды белгілеуге арналған кодтар» мемлекеттік жектеушісіне сәйкес валютаны әріппен белгілеу көрсетіледі.
15. 15-баған келісім-шарт валютасымен толтырылады.
16. 17-баған Ереженің 1-қосымшасын толтыру бойынша нұсқаудың 8-тармағының 7) тармақшасына сәйкес толтырылады.
17. 18-баған Ереженің 1-қосымшасын толтыру бойынша нұсқаудың 8-тармағының 8) тармақшасына сәйкес толтырылады.
18. 20-баған «Елдердің және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің атауларын белгілеуге арналған кодтар. 1-бөлік. Елдің коды» ҚР МЖ 06 ИСО 3166.1 2001, «Елдердің және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің атауларын белгілеуге арналған кодтар. 2-бөлік. Елдердің әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің кодтары» ҚР МЖ 06 ИСО 3166.2 - 2001, «Елдердің және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің атауларын белгілеуге арналған кодтар. 3-бөлік. Елдердің атауларын белгілеуге арналған бұрын пайдаланылған кодтар» ҚР МЖ 06 ИСО 3166.3 - 2001 мемлекеттік жіктеуіштерін пайдалана отырып толтырылады.
19. 21-бағанда Ереженің 1-қосымшасын толтыру бойынша нұсқаудың 14-тармағына және 2-қосымшасын толтыру бойынша нұсқаудың 4-тармағына сәйкес репатриациялау мерзімі көрсетіледі.
20. 22-баған Ереженің 1-қосымшасын толтыру бойынша нұсқаудың 8-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген жіктеуішке және 2-қосымшасын толтыру бойынша нұсқаудың 3-тармағына сәйкес толтырылады (есептеудің бірнеше тәсілі көрсетілуі мүмкін).
21. 23-бағанда мәміле паспортына қосымшасы парақтың рет нөмірі көрсетіледі.
22. 26-баған мынадай жіктеуіш ескеріле отырып толтырылады:
1 – тараптардың келісімшарт бойынша міндеттемелерін толық орындауы не резидент еместің немесе резиденттің елу мың АҚШ доллары сомасынан аспайтын берешек қалдығының болуы, оның ішінде борышкер мен кредитор бір тұлға болған, растайтын құжаттар және экспортердің немесе импортердің келісімшарт бойынша тараптардың міндеттемелерін тоқтату туралы растама хаты болған кезде мемлекеттік органның актісінің шығуы салдарынан орындауға мүмкін болмаған жағдайда жеңілдік, есепке алуды ұсыну арқылы міндеттемелерді тоқтату;
2 – резидент емеске бұрын алынған тауарды қайтару не импортердің осы келісімшартты тоқтату туралы жазбаша растамасын алған кезде импортерге пайдаланылмаған авансты қайтару;
3 – резидент емес тауарға ақы төлеу бойынша міндеттемелерін орындамаған жағдайда бұрын тиеп жіберілген тауарларды экспортерге қайтару не экспортердің осы келісімшарттың қолданылуын тоқтату туралы жазбаша растамасы болған кезде тауарды жеткізу бойынша экспортер міндеттемелерін орындамаған жағдайда экспорт бойынша келісімшартқа ақы төлеуге экспортер алған валютаны резидент емеске қайтару;
4 – экспортер немесе импортер резидент еместің алдында өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда экспортер немесе импортер алдында өз міндеттемелерін толық орындаған резидент еместің тарапынан шағым-талап болмайтынын растайтын құжаттарды ұсыну;
5 – уәкілетті органның жеке кәсіпкер ретінде тіркелген экспортердің немесе импортердің Қазақстан Республикасынан тыс тұрақты тұратын жерге кетуі туралы растамасы;
6 – келісімшарт мерзімінің аяқталуы және тараптар міндеттемелерін балама орындау немесе резидент еместің не резиденттің елу мың АҚШ долларына балама болатын сомадан аспайтын берешек қалдығының болуы шартымен тараптар міндеттемелерін орындаған соңғы күннен бастап бір күнтізбелік жыл ішінде мәміле паспорты бойынша ақша немесе тауар қозғалысының болмауы;
7 – резидент еместі тарату немесе банкрот деп тану туралы сот шешімінің не шетел мемлекетінің басқа уәкілетті мемлекеттік органы құжатының болуы;
8 – экспортерді немесе импортерді құқықтық мұрагері болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тарату;
9 – резидент еместің міндеттемелерін орындамау тәуекелін сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру жағдайы басталған кезде экспортердің немесе импортердің сақтандыру төлемін алуы;
10 – экспортердің немесе импортердің банктік шотына ақшалай талап етуді (факторинг) бере отырып қаржыландыру шарты шеңберінде ақшаның түсуі;
11 – мәміле паспорты банкінің банктік және өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензиясын тоқтата тұру не айыру;
12 – тараптар келісімшарт бойынша өз міндеттемелерін толық орындаған не резидент еместің елу мың АҚШ долларына балама болатын сомадан аспайтын берешек қалдығы болған кезде келісімшарт бойынша есеп айырысу үшін импортер шығарған, резидент емес ұсынған вексельді уәкілетті банктің есепке алуы;
13 – резидент еместің келісімін растайтын құжаттар негізінде және экспортердің немесе импортердің мәміле паспортының банкіне ұсынған осы келісімшарттың қолданылуын тоқтату туралы жазбаша өтініші болған кезде экспортердің немесе импортердің келісімшарт бойынша резидент емес алдындағы өз борышын басқа тұлғаға аударуы;
14 – Ереженің 35-тармағын ескере отырып, осы келісімшарттың қолданылуын тоқтату туралы экспортердің немесе импортердің жазбаша өтініші және растайтын құжаттар (талап ету құқығын беру шарты, өзара міндеттемелер бойынша салыстыру актісі, тауарларды қабылдау-өткізу актісі, тауармен бірге жүретін құжаттар және басқалары) болған жағдайда экспортердің немесе импортердің резидент емеске талап ету құқығын басқа тұлғаға беру немесе аудару;
15 – дара кәсіпкер ретінде тіркелген экспортердің немесе импортердің қайтыс болуы, құқықтық мұрагері болмаған жағдайда;
16 – Ереженің 38-тармағында көзделген жағдайлар;
17 – экспортердің немесе импортердің Ереженің 26-тармағының талаптарын ескере отырып, мәміле паспорты ресімделген келісімшартқа қызмет көрсететін мәміле паспорты банкін өзгертуі;
18 – Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4417 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 17 тамыздағы № 86 қаулысының 4-тармағында көзделген жағдайлар;
19 – мәміле паспорты ашылған сәттен бастап күнтізбелік бір жыл ішінде ақша және тауарлар қозғалысының мәміле паспортының болмауы;
20 – экспортердің немесе импортердің мәміле паспортын жабу туралы жазбаша өтініш болған кезде мәміле паспорты ашылған сәттен бастап ақша және тауарлар қозғалысының мәміле паспортының болмауы;
21 – олардың арасындағы бастапқы міндеттемені сол тұлғалар арасындағы орындаудың өзге мәнін немесе тәсілін көздейтін басқа міндеттемемен ауыстыра отырып резидент еместің келісімшарт бойынша міндеттемелерін тоқтату;
22 – келісімшартқа экспорттың немесе импорттың мақсаттары үшін Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы тауарлар алып өтуді болдырмайтын өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
23 – соттың немесе өзге мемлекеттік органның, төрелік соттың резиденттің пайдасына резидент еместің келісімшарт бойынша резидент алдындағы берешегінің бүкіл сомасын өтеу бойынша шешімінің болуы.
23. Ұлттық Банк Ереженің 41-тармағына сәйкес кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органға осы Ереженің 1-8, 12, 13, 29-32-бағандарында көрсетілген ақпаратты жібереді.»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2011 жылғы «__»__________
№___ қаулысына 5-қосымша
«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 17 тамыздағы № 86 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын жүзеге асыру ережесіне 6-қосымша
_____жылғы _____(күні)___________(айы)
мәміле паспорттары бойынша тауарлардың
қозғалысы туралы ақпарат
№
|
Мәміле паспортының деректемелері
|
Белгісі – экспорт немесе импорт
|
Келісімшарт деректемелері
|
Экспортердің немесе импортердің деректемелері
|
№
|
Күні
|
Нөмірі
|
Күні
|
БСН/ ҚҰЖЖ коды
|
ЖСН/СТН
|
Белгісі – заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
кестенің жалғасы
Тауар декларациясының нөмірі
|
Тауар декларациясында көрсетілген кедендік рәсім
|
Тауарды шығару күні
|
Тауардың құны
|
Статистикалық
|
Фактуралық
|
Жеткізу валютасы
|
Валюта бағамы
|
10
|
11
|
12
|
13
|
14
|
15
|
16
|
|
|
|
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |