Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қ аулыс ы



бет5/5
Дата12.07.2016
өлшемі449.5 Kb.
#193008
1   2   3   4   5



6-қосымшаны толтыру бойынша нұсқау
1. 3, 6, 12-бағандары мынадай тәртіппен сегіз цифрды көрсету арқылы толтырылады: күні, айы, жылы.

2. 5-баған келісімшарттың осындай деректемесі болған жағдайда келісімшарттың нөмірін көрсету арқылы толтырылады.

3. 4- баған мынадай белгілер ескеріле отырып толтырылады: 1 - егер келісімшарт экспорт бойынша болса және 2 - егер келісімшарт импорт бойынша болса.

4. 7-баған, егер 9-бағанда «1» деген белгі көрсетілсе, 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап экспортердің немесе импортердің БСН көрсету арқылы, ал 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін экспортердің немесе импортердің заңды тұлғалар үшін сегіз мәнді болып табылатын немесе заңды тұлғалардың филиалдары және өкілдіктері үшін он екі мәнді болып табылатын ҚҰЖЖ кодын көрсету арқылы толтырылады.

5. 8-баған, егер 9-бағанда «2» деген белгі көрсетілсе, 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап экспортердің немесе импортердің СТН-ін көрсету арқылы, ал 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін экспортердің немесе импортердің СТН-ін (жеке кәсіпкерлер үшін) көрсету арқылы толтырылады.

6. 9-бағанда, егер экспортер немесе импортер БСН-і бар заңды тұлға (заңды тұлғаның филиалы немесе өкілдігі) немесе жеке кәсіпкер болып табылса, «1» деген белгі немесе өзге жағдайда «2» деген белгі көрсетіледі.

7. 11-баған Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларды декларациялау мақсаты үшін кедендік органдар пайдаланатын жіктеушіге сәйкес кедендік рәсімінің цифрлық белгісін көрсету арқылы толтырылады.

8. 13-бағанда тауардың статистикалық құны АҚШ доллары бірлігінде көрсетіледі.

9. 14-бағанда тауардың фактуралық құны жеткізу валютасының бірлігінде көрсетіледі.

10. 15-бағанда ҚР МЖ 07 ИСО 4217 - 2001 «Валюталар мен қорларды белгілеуге арналған кодтар» мемлекеттік жіктеушісіне сәйкес жеткізу валютасын әріппен белгілеу арқылы көрсетіледі.

11. 16-бағанда фактуралық құнға қайта есептеу үшін пайдаланылған және тауар декларациясында көрсетілген валюта бағамы көрсетіледі.»

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы «__»__________

№___ қаулысына 6-қосымша

«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 17 тамыздағы № 86 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын жүзеге асыру ережесіне 7-қосымша


_____/_____/__ Банктік бақылаудың жеке карточкасы

_________жылғы _____________есептік ай

(есептік айдың аяғындағы жағдай бойынша)

  



Банктік бақылаудың жеке карточкасы бойынша ақпараттың атауы



Жолдың коды

Банктік бақылаудың жеке карточкасы бойынша ақпарат



1.

Банктік бақылаудың жеке карточка-

сын жіберуге негіз:

10

 

2.

Экспортер немесе

импортер бойынша ақпарат:



20

 

3.

Атауы немесе аты-жөні

21

 

4.

БСН/ҚҰЖЖ коды

22

 

5.

ЖСН/СТН

23

 

6.

Белгісі – заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер

24

 

7.

Мекенжайы

25

 

8.

Облыстың коды

26

 

9.

Мәміле паспорты:

30

 

10.

Нөмірі

31

 

11.

Күні

32

 

12.

Мәміле паспорты банкінің БСН/ҚҰЖЖ коды


40

 

13.

Келісімшарт бойынша ақпарат:


50

 

14.

Белгісі – экспорт немесе импорт

51

 

15.

Нөмірі

52

 

16.

Күні

53

 

17.

Мың бірліктегі сома

54

 

18.

Келісімшарт валютасы


55

 

19.

Резидент емес бойынша ақпарат:

60

 

20.

Атауы немесе аты-жөні

61

 

21.

Елі

62

 

22.

Репатриациялау мерзімдері


70

 

23.

Резидент еместің келісімшарт бойынша экспортер немесе импортер алдындағы репатриациялау мерзімдерінде орындамаған міндеттемелерінің сомасы туралы ақпарат

80

 

24.

Келісімшарт валютасымен

81

 

25.

АҚШ долларымен


82

 

26.

Ескерту:

90

 



7-қосымшаны толтыру бойынша нұсқаулар
1. Банктік бақылаудың жеке карточкасының нөмірі 2012 жылғы
1 қаңтарға дейін
көлбеу сызықпен бөлінген үш бөліктен тұрады:

бірінші бөлікте уәкілетті банктің сегіз мәнді КҰЖЖ коды көрсетіледі;

екінші бөлікте келісімшарт бақылауда тұрған уәкілетті банк филиалының КҰЖЖ кодының соңғы төрт саны көрсетіледі. Егер келісімшарт уәкілетті банктің бақылауында болса, екінші бөлікте төрт ноль қойылады;

үшінші бөлікте уәкілетті банк (оның филиалдарын ескере отырып) үшін банктік бақылаудың жеке карточкасының бірегей нөмірі көрсетіледі.



Банктік бақылаудың жеке карточкасының нөмірі 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап көлбеу сызықпен бөлінген екі бөліктен тұрады:

бірінші бөлікте уәкілетті банктің БСН-і көрсетіледі;

екінші бөлікте уәкілетті банк (оның филиалдарын ескере отырып) үшін банктік бақылаудың жеке карточкасының бірегей нөмірі көрсетіледі.

2. 10 деген коды бар жол мынадай жіктеушіге сәйкес толтырылады:

1 - резидент еместің экспортер немесе импортер алдында есептік айдың соңғы күніндегі жағдай бойынша елу мың АҚШ долларына баламасынан асатын сомаға репатриациялау мерзімінде келісімшарт бойынша міндеттемелерін орындамауы;

4 – Ереженің 11-тармағына сәйкес келісімшарттың түпнұсқасын немесе нотариат куәландырылған көшірмесін іс қағазында бар көшірмемен салыстырып тексерген кезде келісімшарт тараптарының және қатысушыларының міндеттемелерді орындау мерзімдері, сомасы мен нысаны бойынша айырмашылықтың болуы;

5 – Ереженің 49-тармағында көрсетілген жағдайлар.

10 деген коды бар жолда банктік бақылаудың жеке карточкасын жіберуге бірнеше негіздер көрсетілуі мүмкін.

Егер Ұлттық Банкке осы келісімшарт бойынша банктік бақылаудың жеке карточкасын жіберу күні экспортер немесе импортер уәкілетті банкке резидент еместің осы келісімшарт бойынша міндеттемелерін орындауын растайтын құжаттарды ұсынбаса, банктік бақылаудың жеке карточкасы, 10 деген коды бар жолда 1 деген цифр көрсетіле отырып, Ұлттық Банкке жіберіледі.

3. 22 деген коды бар жол, егер 24 деген коды бар жолда 2012 жылғы
1 қаңтардан бастап экспортердің немесе импортердің БСН-ін көрсету арқылы, ал 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін экспортердің немесе импортердің заңды тұлғалар үшін сегіз мәнді болып табылатын немесе заңды тұлғалардың филиалдары және өкілдіктері үшін он екі мәнді болып табылатын ҚҰЖЖ кодын көрсету арқылы «1» деген белгі көрсетілген жағдайда толтырылады

4. 23 деген коды бар жол, егер 24 деген коды бар жолда 2012 жылғы


1 қаңтардан бастап экспортердің немесе импортердің СТН-ін көрсету арқылы, ал 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін экспортердің немесе импортердің СТН-ін (жеке кәсіпкерлер үшін) көрсету арқылы «2» деген белгі көрсетілген жағдайда толтырылады.

5. 24 деген коды бар жолда, егер экспортер немесе импортер заңды тұлға (заңды тұлғаның филиалы немесе өкілдігі) немесе БСН-і бар жеке кәсіпкер болып табылса, «1» деген белгі немесе өзге жағдайда «2» деген белгі көрсетіледі.

6. 26 деген коды бар жолда (КАТО) ҚР МЖ 11-2003 әкімшілік-аумақтық объектілерінің жіктеушісіне сәйкес экспортердің немесе импортердің нақты мекенжайының облыс кодының алғашқы 2 саны көрсетіледі.

7. 31-32 деген кодтары бар жолдар мәміле паспорты бар болған жағдайда толтырылады.

8. 32, 53 деген кодтары бар жолдар мынадай тәртіппен сегіз цифрды көрсету арқылы толтырылады: күні, айы, жылы.

9. 40 деген коды бар жол 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап мәміле паспорты банкінің БСН-ін көрсету арқылы, ал 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін уәкілетті банктер үшін сегіз мәнді болып табылатын немесе уәкілетті банктердің филиалдары үшін он екі мәнді болып табылатын мәміле паспорты банкінің ҚҰЖЖ кодын көрсету арқылы толтырылады.

10. 51 деген коды бар жолда экспорт бойынша келісімшарт үшін «1» деген белгі немесе импорт бойынша келісімшарт үшін «2» деген белгі көрсетіледі.

11. 52 деген коды бар жол келісімшарттың осындай деректемесі болған жағдайда келісімшарттың нөмірін көрсету арқылы толтырылады.

12. 55 деген коды бар жолда ҚР МЖ 07 ИСО 4217 - 2001 «Валюталар мен қорларды белгілеуге арналған кодтар» мемлекеттік жіктеушісіне сәйкес валютаны әріппен белгілеу арқылы көрсетіледі.

13. 62 деген коды бар жол коды ҚР МЖ 06 ИСО 3166.1 2001 «Елдердің және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің атауларын белгілеуге арналған кодтар. 1-бөлік. Ел коды», ҚР МЖ 06 ИСО 3166.2 - 2001 «Елдердің және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің атауларын белгілеуге арналған кодтар. 2-бөлік. Елдердің әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің кодтары», ҚР МЖ 06 ИСО 3166.3 - 2001 «Елдердің және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің атауларын белгілеуге арналған код. 3-бөлік. Елдердің атауларын белгілеу үшін бұрын пайдаланылған кодтар» мемлекеттік жіктеушілерін пайдалана отырып толтырылады.

14. 70 деген коды бар жол Ереженің 1-қосымшасын толтыру бойынша нұсқаудың 14-тармағына және 2-қосымшасын толтыру бойынша 4-тармағына сәйкес толтырылады.

15. 81 және 82 деген кодтары бар жолдар, егер 10 деген коды бар жолда 1, 5 цифрлар көрсетілген жағдайда толтырылады.

16. 81 және 82-жолдар валютаның мың бірлігімен толтырылады.

17. 90 деген коды бар жолда уәкілетті банк кез келген басқа қосымша ақпаратты көрсетеді.

18. Келісімшарт бойынша банктік бақылаудың жеке карточкасы Ұлттық Банкке алдыңғы есептілік кезеңінде жіберілген болса және есептік кезеңінде де оны жіберу үшін негіз бар болса, уәкілетті банк 20-70 деген кодтары бар жолдардағы ақпарат өзгерген жағдайларды қоспағанда, банктік бақылаудың жеке карточкасын осы кодтары бар жолдарды толтырмай, банктік бақылаудың жеке карточкасы алғашқы рет жіберілген нөмірді көрсете отырып жібереді.»

 
Қазақстан Республикасы

Ұлттық Банкі Басқармасының

2011 жылғы «__»__________

№___ қаулысына 7-қосымша

«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 17 тамыздағы

№ 86 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын жүзеге асыру ережесіне 8-қосымша
_____жылғы _____(күні)___________(айы)

төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүз мың АҚШ долларынан астам баламасына жүзеге асырған

экспортер немесе импортер туралы ақпарат
уәкілетті банктің БСН/ҚҰЖЖ коды ________________

 





Экспортер немесе импортер бойынша ақпарат

Атауы немесе аты-жөні

БСН/

ҚҰЖЖ коды



ЖСН/СТН

Белгісі –заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер

Адрес

Облыс коды

1

2

3

4

5

6

7

 




 

 

 

 

 



Кестенің жалғасы

Төлемдер және (немесе) аударымдар туралы ақпарат

Белгісі-экспорт немесе импорт

Белгісі – кіріс, шығыс

Сомасы

Ескерту

8

9

10

11

 

 

 

 

8-қосымшаны толтыру бойынша нұсқаулар


1. «Уәкілетті банктің БСН/ҚҰЖЖ коды» бағанында 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап уәкілетті банктің БСН-і, ал 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін уәкілетті банктің сегіз мәнді ҚҰЖЖ коды көрсетіледі.

2. 3-баған, егер 5-бағанда 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап экспортер немесе импортердің БСН-ін, ал 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін заңды тұлғалар үшін сегіз мәнді немесе заңды тұлғалардың филиалдары, өкілдіктері үшін он екі мәнді болып табылатын экспортердің немесе импортердің ҚҰЖЖ кодын көрсету арқылы «1» деген белгі көрсетілген жағдайда толтырылады.

3. 4-баған, егер 5-бағанда 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап экспортердің немесе импортердің ЖСН-ін, ал 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін экспортердің немесе импортердің (жеке кәсіпкерлер үшін) СТН-ін көрсету арқылы «2» деген белгі көрсетілген жағдайда толтырылады.

4. 5-бағанда, егер экспортер мен импортер БСН-і бар заңды тұлға (заңды тұлғаның филиалы, өкілдігі) немесе жеке кәсіпкер болып табылса «1» деген белгі немесе өзге жағдайларда «2» деген белгі көрсетіледі.

5. 6-бағанда экспортердің немесе импортердің нақты мекенжайы көрсетіледі.

6. 7-бағанда (КАТО) ҚР МЖ 11-2003 әкімшілік-аумақтық объектілерінің жіктеушісіне сәйкес облыс кодының алғашқы 2 саны көрсетіледі.

7. 8-бағанда экспорт жөніндегі келісімшарт бойынша - «1» деген белгі немесе импорт жөніндегі келісімшарт бойынша – «2» деген белгі көрсетіледі.

8. 9-бағанда «1» деген белгі – шығыс төлемі бойынша (шетелдік сатып алушының немесе шетелдік жеткізушінің пайдасына төлем және(немесе) ақша аударымы) немесе «2» деген белгі - кіріс төлемі бойынша (экспортердің немесе импортердің пайдасына төлем және (немесе) ақша аударымы) көрсетіледі.

9. 10-бағанда жүзеге асырылған төлемдердің және (немесе) ақша аударымдарының жалпы сомасы АҚШ долларымен көрсетіледі.

10. Ақпарат Ұлттық Банкінің уәкілетті банктермен келісілген үлгіге сәйкес электронды түрде жіберіледі.»






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет