Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру және резиденттердің экспорт және импорт бойынша келісімшарттардың есептік нөмірлерін алу қағидаларын бекіту



бет5/5
Дата19.07.2016
өлшемі0.74 Mb.
#208966
1   2   3   4   5

20____ жылғы «_____» _______________

_____________________________

(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қол қоюға уәкілетті адамның қолы)

Мөр орны

(бар болса)

Әкімшілік деректерді жинауға арналған
«№ ________/______/______ банктік бақылаудың жеке карточкасы (есепті айдың соңындағы жағдай бойынша)» нысанға қосымша

 

 



Әкімшілік деректерді жинауға арналған «№ ________/______/______ банктік бақылаудың жеке карточкасы (есепті айдың соңындағы жағдай бойынша)» нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме





1. Жалпы ережелер

 

1. Осы түсіндірме (бұдан әрі – Түсіндірме) «№ ________/______/______ банктік бақылаудың жеке карточкасы (есепті айдың соңындағы жағдай бойынша)» нысанды (бұдан әрі – Нысан) толтыру жөніндегі талаптарды айқындайды.



2. Нысан «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 2005 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабы
3-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді.

3. Нысанды уәкілетті банк ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың соңғы күніне дейінгі мерзімде жібереді.

4. Уәкілетті банк Нысанды жасаған кезде бейрезиденттің келісімшарт бойынша экспортер мен импортердің алдында есепті айдың соңғы күніндегі жағдай бойынша елу мың АҚШ долларынан асатын баламалы сомаға репатриациялау мерзімдерінде орындалмаған міндеттемелері бойынша бар деректерді пайдаланады.
2. Нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме
5. Банктік бақылаудың жеке карточкасының нөмірі көлбеу сызықпен бөлінген екі бөліктен тұрады:

бірінші бөлікте уәкілетті банктің БСН көрсетіледі;

екінші бөлікте уәкілетті банк (оның филиалдарын ескере отырып) үшін банктік бақылаудың жеке карточкасының бірегей нөмірі көрсетіледі.

6. 10 деген коды бар жолда «1» цифрі көрсетіледі – бейрезиденттің экспортер немесе импортер алдында есептік айдың соңғы күніндегі жағдай бойынша елу мың АҚШ доллары баламасынан асатын сомаға репатриациялау мерзімінде келісімшарт бойынша міндеттемелерін орындамауы.

Ұлттық Банкке осы келісімшарт бойынша банктік бақылаудың жеке карточкасын жіберу күні экспортер немесе импортер уәкілетті банкке бейрезиденттің осы келісімшарт бойынша міндеттемелерін орындауын растайтын немесе репатриациялаудың жаңа мерзімін белгілеу үшін негіз болып табылатын құжаттарды ұсынбаса, банктік бақылаудың жеке карточкасы Ұлттық Банкке жіберіледі.



7. 22 деген коды бар жол егер 24 деген коды бар жолда «1» деген белгі көрсетілсе, экспортердің немесе импортердің БСН көрсету арқылы толтырылады. БСН болмаған жағдайда экспортердің немесе импортердің КҰЖЖ коды көрсетіледі.

8. 23 деген коды бар жол егер 24 деген коды бар жолда «2» деген белгі көрсетілсе, экспортердің немесе импортердің ЖСН көрсету арқылы толтырылады. ЖСН болмаған жағдайда экспортердің немесе импортердің СТН көрсетіледі.

9. 24 деген коды бар жолда егер экспортер немесе импортер заңды тұлға (заңды тұлғаның филиалы, өкілдігі) «1» белгісі немесе экспортер немесе импортер дара кәсіпкер болып табылса «2» белгісі көрсетіледі.

10. 26 деген коды бар жолда (КАТО) ҚР МЖ 11-2009 әкімшілік-аумақтық объектілерінің жіктеушісіне сәйкес экспортердің немесе импортердің заңды мекенжайы бойынша облыс кодының алғашқы 2 цифрі көрсетіледі.

11. 31-32 деген кодтары бар жолдар келісімшарттың немесе мәміле паспортының есепке алу нөмірі бар болған жағдайда толтырылады.

12. 32, 53 деген кодтары бар жолдар мынадай тәртіпте сегіз сан көрсетіле отырып толтырылады: күні, айы, жылы.



13. 40 деген коды бар жол келісімшарттың есепке алу тіркеу банкінің БСН көрсету арқылы толтырылады.

14. 51 деген коды бар жолда экспорт бойынша келісімшарт үшін «1» белгісі немесе импорт бойынша келісімшарт үшін «2» белгісі көрсетіледі.

15. 52 деген коды бар жол келісімшарттың нөмірі бар болған кезде келісімшарттың осындай деректемесін көрсету арқылы толтырылады.

16. 55 деген коды бар жолда ҚР МЖ 07 ИСО 4217 - 2001 «Валюталар мен қорларды белгілеуге арналған кодтар» мемлекеттік жіктеушісіне сәйкес валютаны әріппен белгілеу көрсетіледі.

17. 62 деген коды бар жол ҚР МЖ 06 ИСО 3166.1 2001 «Елдердің және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің атауларын белгілеуге арналған кодтар. 1-бөлік. Ел коды», ҚР МЖ 06 ИСО 3166.2 - 2001 «Елдердің және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің атауларын белгілеуге арналған кодтар. 2-бөлік. Елдердің әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің кодтары», ҚР МЖ 06 ИСО 3166.3 - 2001 «Елдердің және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің атауларын белгілеуге арналған код. 3-бөлік. Елдердің атауларын белгілеу үшін бұрын пайдаланылған кодтар» мемлекеттік жіктеушілерін пайдалана отырып толтырылады.

18. 70 деген коды бар жол осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес экспортер немесе импортер есептеген репатриациялау мерзімін көрсету арқылы толтырылады.

19. 81 және 82 жолдар валютаның мың бірлігімен толтырылады.

20. 90 коды бар жолда уәкілетті банк басқа кез келген қосымша ақпаратты көрсетеді.

21. Келісімшарт бойынша банктік бақылаудың жеке карточкасы алдыңғы есепті кезеңдерде жіберілген болса және есепті кезеңде оны жіберу үшін негіз бар болса, уәкілетті банк алғашқы рет 20-70 деген кодтары бар жолдарды толтырмай, осы жолдардағы ақпарат өзгерген жағдайларды қоспағанда, банктік бақылаудың жеке карточкасы жіберілген нөмірді көрсете отырып, банктік бақылау жеке карточкасын жібереді.

22. «Қол қоюға уәкілетті адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы)», «Тегі, аты, әкесінің аты(бар болса) және «Мөр орны (бар болса)» бағандары Нысанды қағаз тасығышта ұсынған жағдайда толтырылады.

Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының

2015 жылғы___ _______ № ___ қаулысына

7-қосымша


Қазақстан Республикасында

экспорттық-импорттық валюталық бақылауды

жүзеге асыру және резиденттердің экспорт және

импорт бойынша келісімшарттардың есептік

нөмірлерін алу қағидаларына

8-қосымша


 

«Жүз мың АҚШ доллары баламасынан асатын сомада ақша төлемін



және (немесе) аударымын жүзеге асырған экспортер

немесе импортер туралы ақпарат»

әкімшілік деректерді жинау үшін арналған нысан
Есепті кезең: ____ жылғы _____ айы үшін
Индекс: EICC_5

Кезеңділігі: ай сайын

Ұсынады: уәкілетті банк

 

Нысан қайда ұсынылады: Ұлттық Банк



 

Ұсыну мерзімі – ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың он бесінші күніне дейінгі мерзімде.


Нысан
Уәкілетті банктің БСН ________________




Экспортер немесе импортер бойынша ақпарат

Атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

БСН

ЖСН

Белгісі – заңды тұлға немесе дара кәсіпкер

Мекенжайы

Облыстың коды

1

2

3

4

5

6

7






















кестенің жалғасы

Төлемдер және (немесе) ақша аударымдары туралы ақпарат

Белгісі – экспорт немесе импорт

Белгісі – шығыс, кіріс

Сомасы

Ескерту

8

9

10

11












20____ жылғы «_____» _______________

_____________________________

(қол қоюға уәкілетті адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)


Мөр орны

(бар болса)

«Жүз мың АҚШ доллары баламасынан асатын сомада ақша төлемін және (немесе) аударымын

жүзеге асырған экспортер немесе импортер туралы ақпарат»

әкімшілік деректерді жинау үшін

арналған нысанға қосымша
 

«Жүз мың АҚШ доллары баламасынан асатын сомада ақша төлемін



және (немесе) аударымын жүзеге асырған экспортер

немесе импортер туралы ақпарат»

әкімшілік деректерді жинау үшін арналған нысанды

толтыру бойынша түсіндірме



1. Жалпы ережелер
1. Осы түсіндірмеде (бұдан әрі ­– Түсіндірме) «Жүз мың АҚШ доллары баламасынан асатын сомада ақша төлемін және (немесе) аударымын жүзеге асырған экспортер немесе импортер туралы ақпарат» әкімшілік деректерді жинау үшін арналған нысанды (бұдан әрі ­– Нысан) толтыру бойынша талаптар айқындалған.

2. Нысан «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы»


1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 56-бабының бірінші бөлігінің 11) тармақшасына сәйкес әзірленді.

3. Уәкілетті банк Нысанды жасаған кезде он мың АҚШ долларынан бастап елу мың АҚШ доллары баламасына дейінгі сомада жасалған және Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы экспорт немесе импорт үшін (осы Қағидалардың 29-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда) тауарлар қозғалысын көздейтін келісімшарттар бойынша ақша төлемдері және (немесе) аударымдары бойынша бар деректерді пайдаланады.


2. Нысанды толтыру бойынша түсіндірмелер
4. Егер 5-бағанда «1» белгісі көрсетілсе, 3-баған экспортердің немесе импортердің БСН көрсету арқылы толтырылады.

5. Егер 5-бағанда «2» белгісі көрсетілсе, 4-баған экспортердің немесе импортердің ЖСН көрсету арқылы толтырылады.

6. 5-бағанда егер экспортер немесе импортер заңды тұлға (заңды тұлғаның филиалы) болып табылса «1» белгісі көрсетіледі немесе егер экспортер немесе импортер дара кәсіпкер болып табылса, «2» белгісі көрсетіледі.

7. 6-бағанда экспортердің немесе импортердің заңды мекенжайы көрсетіледі.

8. 7-бағанда (КАТО) ҚР МЖ 11-2009 әкімшілік-аумақтық объектілерінің жіктеушісіне сәйкес заңды мекенжайы бойынша экспортердің немесе импортердің облыс кодының алғашқы 2 саны көрсетіледі.

9. 8-бағанда экспорт бойынша келісімшарт үшін «1» белгісі немесе импорт бойынша келісімшарт үшін «2» белгісі көрсетіледі.

10. 9-бағанда шығыс төлемі (шетел сатып алушысының немесе шетел жеткізушісінің пайдасына ақша төлемі және (немесе) аударымы) үшін «1» белгісі немесе кіріс төлемі (экспортердің немесе импортердің пайдасына ақша төлемі және (немесе) аударымы) үшін «2» белгісі көрсетіледі.

11. 10-бағанда жүзеге асырылған ақша төлемдерінің және (немесе) аударымдарының АҚШ долларымен жалпы сомасы көрсетіледі.



12. «Қол қоюға уәкілетті адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы)», «Тегі, аты, әкесінің аты(бар болса) және «Мөр орны (бар болса)» бағандары Нысанды қағаз тасығышта ұсынған жағдайда толтырылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет