28.94 Тоқыма, тігін, үлдір және былғары бұйымдары үшін машиналар мен жабдықтарды өндіру
28.94.1 Тоқыма өнеркәсібіне арналған машиналар мен жабдықтарды өндіру
Бұл ішкі класқа:
- тоқыма бұйымдарын жасауға арналған машиналар мен жабдықтар: тоқыма талшықтарын, тоқыма материалдарын немесе жіптерді дайындауға, өндіруге, қалыптау, созу, текстурлеу немесе кесу үшін машиналар; тоқыма талшықтарын дайындау үшін жабдықтар: мақта тазалайтын құрылғылар, иіру машиналары, алдын-ала түту, сабау машиналары, мақтаға арналған бөлшектеу машиналары, жүнді жуу, жүнді карбондау, тарақпен және кардпен түту машиналары және т.с.с.; тоқыма жіптерін дайындауға арналған машиналар: орау, арқау шыбық өткізетін машиналар және т.с.с. машиналар; қол станоктарын қоса алғанда, тоқыма станоктары; тоқу машиналары; торлы жаймалар, тюльдер, шілтерлер, ызбалар және басондар және т.с.с. дайындау үшін машиналар өндіру
- тоқыма өнеркәсібіне арналған көмекші машиналар немесе жабдықтар: ремиздік кәсектер, жаккардтық механизмдер, автоматты сөнетін механизмдер, қайықтар, ұршықтар және т.с.с. ауыстыру механизмдерді өндіру
- матаға суретті басуға арналған машиналар мен жабдықтарды өндіру
- матаны өңдеуге арналған машиналар: маталарды жуу, ағарту, бояу, аппреттеу, әрлеу, төсемдер жабу немесе сіңдіруге арналған жабдықтар мен машиналарды өндіру
- киіздер немесе өзге де тоқымалы емес материалдарды өндіру, өңдеу немесе әрлеу үшін жабдықтар мен машиналарды өндіру кіреді
Бұл ішкі класқа:
- жаккардтық тігу станоктарына пайдалану үшін қағаз және қатырма перфокарталарды өндіру, (17.29.0 қараңыз)
- каландрларды өндіру кірмейді, (28.29.9 қараңыз)
28.94.2 Тігін және тоқыма өнеркәсібіне арналған машиналар мен жабдықтарды өндіру
Бұл ішкі класқа:
- маталарды орауға, тарқатуға, бүктеуге, кесуге немесе тесіктер жасауға, бүрмелеуге арналған машиналар және жабдықтар өндіру кіреді
Бұл ішкі класқа:
- түптеу машиналар өндіру кірмейді, (28.99.5 қараңыз)
28.94.3 Тігін машиналарын өндіру
Бұл ішкі класқа:
- тігін машиналарын, бастиектер және тігін машиналарына арналған инелер (тұрмыстық және өнеркәсіптік) өндіру кіреді
28.94.4 Аяқкиім, тері, былғары және былғары галантереялық өнеркәсіп үшін машиналар мен жабдықтарды өндіру
Бұл ішкі класқа:
- терілер, былғары үлбірлерді өңдеуге арналған машиналар мен жабдықтар: теріні және былғарыны дайындау, илеу немесе өңдеу үшін машиналар мен жабдықтар; аяқкиімдерді немесе теріден, былғарыдан және терісінен жасалған басқа да бұйымдарды жасауға немесе жөндеуге арналған машиналар мен жабдықтар өндіру кіреді
28.94.5 Тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорны үшін арнайы жабдықтарды өндіру
Бұл ішкі класқа:
- кір жуатын жерлерге арналған жабдықтар мен машиналар: үтіктеу баспағын қоса алғанда, үтіктеу машиналарын, өндірістік кір жуу және кептіру машиналары үшін машиналар, құрғақ тазалауға арналған жабдықтар өндіру кіреді
Бұл ішкі класқа:
- тұрмыстық кір жуу және кептіру машиналарын өндіру кірмейді, (27.51.1 қараңыз)
28.94.6 Химиялық талшықтарды алу үшін жабдықтарды өндіру
Бұл ішкі класқа:
- химиялық тоқыма талшықтары, тоқыма материалдары немесе жіптерді өндіруге немесе қалыптауға созуға, текстурилеуге немесе кесуге арналған машиналар өндіру кіреді
Достарыңызбен бөлісу: |