28.93 Азық-түлік өнімдерін, сусындар және темекі өнімдерін өндіруге және қайта өңдеуге арналған машиналар мен жабдықтарды өндіру
28.93.0 Азық-түлік өнімдерін, сусындар және темекі өнімдерін өндіруге және қайта өңдеуге арналған машиналар мен жабдықтарды өндіру
Бұл ішкі класқа:
- ауыл шаруашылығы кептіргіштерін өндіру
- сүт өнімдері өндірісіне арналған машиналар мен жабдықтар: сүт сепараторлары; сүт өңдеуге арналған машиналар мен жабдықтар (мысалы, гомогенизирлеуші жабдық); сүт өңдеуге арналған машиналар мен жабдықтар (мысалы, сары май өндіруге, өңдеуге және қалыптауға арналған); сыр өндіру үшін машиналар және жабдықтар (мысалы, гомогенизирлеуші жабдық, қалыптаушы сипаттар, баспақтар) және т.б. өндіру
- ұн тарту өнеркәсібіне арналған жабдықтар мен машиналар: дәнді, тұқымдарды немесе құрғақ бұршақ дақылдарын тазалауға, сұрыптауға немесе майдалауға арналған машиналар мен жабдықтар (қауыз ұшырғыштар, елеуіштер, сұрыптау аппараттары, тазалағыштар және т.б.), ірі тартылған және ұсақ тартылған ұнды өндіруге арналған машиналар мен жабдықтар (диірмендер, мөлшерлегіштер, елеу машиналары, кебектен тазалайтын машиналар, араластырғыштар, күрішке арналған кептіретін машиналар, бұршаққа арналған ыдыратушы машиналар) өндіру
- шарап, сидр, жеміс шырындарын өндіру үшін пайдаланылатын баспақтарды, ұсатқыштарды және т.б. өндіру
- нан пісіру өнеркәсібіне арналған немесе макарон, спагетти немесе осы сияқты өнімдерді өндіруге арналған машиналар мен жабдықтар: нан пісіру пештері, қамыр илеу машиналары, бөлу қалыптаушылар, қамырды мөлшерлеу үшін машиналар, тортшалар пісіруге арналған жабдықтарды және т.б. өндіру
- әр түрлі азық – түлік өнімдерін жасауға арналған машиналар мен жабдықтар: кондитерлік заттарды, какао, шоколад, қант өндіруге арналған жабдық; сыра қайнату зауыттарына арналған жабдық; етті және құс етін өңдеу үшін жемістерді, жаңғақтарды немесе жемістерді өңдеу; үшін балықтар, былқылдақ денелілер, шаян тәрізділерді және басқа да теңіз өнімдерін өңдеу; үшін сүзгіден өткізу және тазалау; үшін азық-түлік өнімдері немесе сусындарды өнеркәсіптік өңдеу немесе өндіруге арналған басқа да жабдық өндіру
- мал немесе өсімдік майларын өндіруге арналған машиналар мен жабдықтар өндіру
- темекі өнімдерін дайындауға арналған және сигареттер, сигаралар және темекі тарту түтіктеріне арналған темекіні, шайнау және иіскеу темекілерін дайындауға арналған машиналар мен жабдықтар өндіру
- қонақ үйлерде және мейрамханаларда тамақ өнімдерін жасауға арналған машиналар мен жабдықтар өндіру кіреді
Бұл ішкі класқа:
- азық – түлік өнімдерін оның ішінде сүтті өнімдерін сәулеленумен өңдеу үшін жабдық өндіру, (26.60.0 қараңыз)
- буып-түю, орау және өлшеу машиналар мен жабдықтар өндіру, (28.29.1, 28.29.4 қараңыз)
- жұмыртқалар, жемістер немесе басқа да дақылдарды (тұқымдарды, дәндерді және құрғақ бұршақ дақылдарынан басқа) тазалау және сұрыптау және калибрлеу үшін машиналарды өндіру кірмейді, (28.30.2, 28.30.3 қараңыз)
Достарыңызбен бөлісу: |