29 Автомобильдер, тіркемелер және жартылай тіркемелер өндіру
Бұл бөлімге жолаушыларды немесе жүктерді тасымалдауға арналған автомобильдерді өндіру кіреді. Автомобильдердің әр түрлі бөлшектерін және керек- жарақтарын өндіру, сондай-ақ тіркемелер мен жартылай тіркемелерді өндіру де осы бөлімге кіреді.
Көлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу 45.20 класында жіктеледі.
29.1 Автомобильдер өндіру
29.10 Автомобильдер өндіру
Бұл класқа:
- автомобильдердің бөлшектерін және керек-жарақтарын өндіру кірмейді (29.32.0 қараңыз)
29.10.1 Автомобильдерге арналған қозғалтқыштардан басқа автомобильдерді өндіру
Бұл ішкі класқа:
- жеңіл автомобильдерін өндіру
- жүк автомобильдерді: фургондар, жүк машиналарын, жартылай тіркемелерге арналған тартқыштарды және т.б. өндіру
- автобустар, троллейбустарды өндіру
- қозғалтқышпен жабдықталған шассилерді өндіру
- басқа да автомобильдерді: қарда жүргіштер, гольф – карлар, жер бетінде-суда жүретін (амфибийлер), өрт машиналарын, суды шашыла жууға машиналар, автошеберхана, брондалған автомобильдер және т.б.; автобетон араластырғыш машиналарды өндіру
- жарыс автомобильдерін қоса алғанда, кез келген жерде жүре беретін машиналар, карттар және сол сияқты автомобильдер өндіру
- автомобильдер және электр қозғалтқышы бар моторлы көлік құралдарды өндіру кіреді
Бұл ішкі класқа:
- автомобильдерге арналған жарықтандыру жабдығын өндіру, (27.40.2 қараңыз)
- ауыл шаруашылығы тракторларын өндіру, (28.30.1 қараңыз)
- құрылыста немесе кен өндіру өнеркәсібінде пайдаланылатын тракторларды өндіру, (28.92.1, 28.92.3 қараңыз)
- кез келген жерде жүретін самосвалдарды өндіру, (28.92.2 қараңыз)
- автомобильдер үшін шанақтарды өндіру, (29.20.1 қараңыз)
- автомобильдерге арналған электрлік жабдық өндіру, (29.31.0 қараңыз)
- танктер және басқа да жауынгерлік көлік құралдарын өндіру, (30.40.0 қараңыз)
- автомобильдерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу кірмейді, (45.20 қараңыз)
29.10.2 Қозғалтқыштарды өндіру
Бұл ішкі класқа:
- автомобильдерге арналған қозғалтқыштарды өндіру
- автомобильдерге арналған қозғалтқыштардың күрделі зауыттық жөндеу кіреді
Бұл ішкі класқа:
- электрлік қозғалтқыштарды өндіру (автокөлік құралдарына арналған стартерлерден басқа), (27.11.0 қараңыз)
- піспектер, піспек сақиналарын және карбюраторларды өндіру кірмейді, (28.11.1 қараңыз)
Достарыңызбен бөлісу: |