Қазақстан республикасының Ұлттық жіктеуіші экономикалық Қызмет түрлерінің


Қағазды және картонды дайындауға арналған машиналар мен жабдықтарды өндіру



бет112/290
Дата20.05.2022
өлшемі3.25 Mb.
#457975
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   290
ОКЭД kz

28.95 Қағазды және картонды дайындауға арналған машиналар мен жабдықтарды өндіру

28.95.0 Қағазды және картонды дайындауға арналған машиналар мен жабдықтарды өндіру


Бұл ішкі класқа:


- қағаз масса және целлюлоза дайындауға арналған машиналар мен жабдықтар өндіру
- қағазды және картонды дайындау үшін машиналар мен жабдықтар өндіру
- қағаздан және картоннан жасалған бұйымдарды дайындауға арналған машиналар мен жабдықтар өндіру кіреді


28.96 Резеңкені және пластмассаларды өңдеуге арналған машиналар мен жабдықтар өндіру

28.96.0 Резеңкені және пластмассаларды өңдеуге арналған машиналар мен жабдықтар өндіру


Бұл ішкі класқа:


- жұмсақ резеңкені немесе пластмассаны өңдеуге арналған машиналар және жабдықтар немесе аталған материалдардан бұйымдарды: экструдерлер, қалыптайтын және пішінге келтіретін машиналар, пневматикалық шиналарды жасау немесе қалпына келтіруге арналған жабдық немесе ерекше резеңке немесе пластмасса бұйымдарды дайындауға арналған басқа да машиналар өндіру кіреді


28.99 Басқа топтамаларға енгізілмеген арнайы мақсатқа арналған өзге де машиналар мен жабдықтар өндіру

Осы класқа басқа бөлімдерде жіктелмеген арнайы мақсаттағы машиналар және жабдықтар өндіру кіреді.


Бұл класқа:


- тұрмыстық құралдар өндіру, (27.5 қараңыз)
- құю жабдықтар өндіру кірмейді, (28.91.0 қараңыз)

28.99.1 Мұнай кәсіпшілігінің және геологтық барлаудың бұрғылау жабдықтарын өндіру


28.99.2 Мұнай – газды қайта өңдеу жабдықтарын өндіру


28.99.3 Электрондық өнеркәсіп үшін арнайы технологиялық жабдықтарды өндіру


Бұл ішкі класқа:


- электрондық шамдар, түтіктер немесе қатты қыздыру шамдарын жинауға арналған жабдықтар өндіру
- изотоптарды бөлуге арналған техникалар немесе аппараттар өндіру кіреді
28.99.4 Шыны өндірісіне арналған технологиялық жабдықтарды өндіру

Бұл ішкі класқа:


- шыныны немесе шыны бұйымдарын, шыны талшықты немесе шыны жіптерді жасауға немесе ыстықтай өңдеуге арналған жабдықты өндіру кіреді

Бұл ішкі класқа:


- қатты резеңкені, қатты пластамассаны өңдеуге немесе суықтай шыныны өңдеуге арналған машиналар немесе жабдық өндіру кірмейді, (28.49.1 қараңыз)

28.99.5 Полиграфиялық өнеркәсіпке арналған технологиялық жабдықтарды өндіру


Бұл ішкі класқа:


- полиграфиялық және брошюралық-түптеу жабдығы, түрлі материалдарда басуға арналған жабдықтарды өндіру кіреді

Бұл ішкі класқа:


- көшіру машиналарын және т.б. өндіру кірмейді, (28.23.0 қараңыз)

28.99.6 Әткеншектер, алтыбақандар, тирлер және басқа да аттракциондар өндіру


Бұл ішкі класқа:


- әткеншектер, алтыбақандар, тирлер және басқа да ойын-сауық жабдығын өндіру
- боулингке арналған автоматты жабдықты өндіру (мысалы, кегельдерді орнату үшін құрылғы) кіреді

28.99.9 Арнайы мақсаттағы басқа машиналар өндіру


Бұл ішкі класқа:


- ағаш, қағаз массасы және целлюлоза, қағаз немесе картон және басқа да материалдар (ауылшаруашылық өнімдері және тоқыма бұйымдары үшін қоспағанда) үшін кептіргіштерді өндіру
- тақташалар, кірпіштер, қыш бұйымдарын, құбырларды, графиттен электродтар, мектеп тақталарына арналған борлар және т.б. дайындауға арналған жабдық өндіру
- жартылай өткізгіштерді жасауға арналған жабдықтарды өндіру
- көпмақсатты арнайы тапсырмаларды орындау үшін өнеркәсіптік роботтар өндіру
- шиналарды геометриялауға және баланстауға арналған жабдық; баланстау жабдығын өндіру (дөңгелектерді баланстауға арналған жабдықтан басқа)
- орталықтандырылған майлау жүйелерін өндіру
- іске қосу, катапульциялау және осы жабдықпен байланысты жабдықты өндіру
- солярийлерді өндіру кіреді

Бұл ішкі класқа:


- тұрмыстық құралдарды өндіру, (27.5 қараңыз)
-қалыптарды өндіру кірмейді, (28.91.0 қараңыз)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   290




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет