31.03 Матрастар өндіру
31.03.0 Матрастар өндіру
Бұл ішкі класқа:
- матрас: ішкі негізі көмекші материалдан жасалған серіппесі бар немесе тығыздалған матрастар; кеуекті резеңкеден немесе пластмассадан қапталмаған матрастар өндіру
- матрастардың қаңқаларын өндіру кіреді
Бұл ішкі класқа:
- үрлемелі резеңке матрастарды өндіру, (22.19.1 қараңыз)
- су кереуетке арналған резеңкеден жасалған матрастар өндіру кірмейді, (22.19.1 қараңыз)
31.09 Өзге де жиһаздар өндіру
31.09.0 Өзге де жиһаздар өндіру
Бұл ішкі класқа:
- дивандар, диван-керуерттер, жұмсақ жиһаздың жинақтамаларын және т.с.с. өндіру
- бақ орындықтарын және отыруға арналған басқа да жиһаз өндіру
- жатын бөлмеге, қонақ бөлмеге, баққа және т.б. арналған жиһаз өндіру
- тігін машиналарына, тумбалар, теледидарларға және т.б. арналған тумбалар, тұғырықтар өндіру кіреді
Бұл ішкі класқа сондай-ақ:
- орындықтарды және отыруға арналған басқа жиһаздары қаптау сияқты әрлеу
- пульверизация, бояу, жылтырату және қаптау сияқты жиһазды әрлеу кіреді
Бұл ішкі класқа:
- жастықтарды, жұмсақ орындық, диван жастықтарын, сырып тігілген және мамық көрпелерді өндіру, (13.92.0 қараңыз)
- қыштан, бетоннан және тастан жиһаз өндіру, (23.42.0, 23.69.0, 23.70.0 қараңыз)
- жарықтандыру құралдарын немесе шамдар өндіру, (27.40 қараңыз)
- автомобиль отырғыштарын өндіру, (29.32.0 қараңыз)
- теміржол көлігіне арналған отырғыштар өндіру, (30.20.0 қараңыз)
- әуе ұшу аппараттары үшін отырғыштар өндіру, (30.30 қараңыз)
- жиһазды қайта тарту және қалпына келтіру кірмейді, (95.24.0 қараңыз)
32 Өзге де дайын бұйымдар өндіру
Бұл бөлімге осы жіктеуіштің басқа бөлімдеріне енгізілмеген әр түрлі бұйымдар өндіру кіреді. Түрлі өндірістік процестерді пайдаланумен түрлі материалдардан өндірілген қолданылуы әр түрлі бұйымдар өндіру болуы мүмкін. Аталған бөлімде қызметті жіктеу үшін жіктелімнің түрлі белгілері пайдаланылады.
Достарыңызбен бөлісу: |