Қазақстан республикасының Ұлттық жіктеуіші экономикалық Қызмет түрлерінің



бет137/290
Дата20.05.2022
өлшемі3.25 Mb.
#457975
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   290
ОКЭД kz

37 Ақаба суларды жинау және өңдеу

Бұл бөлімге ақаба суларды жинау, өңдеу, және ағызуды жүзеге асыратын кәріздік жүйелер және кәріздік тазалау имараттарын пайдалану кіреді.




37.0 Ақаба суларды жинау және өңдеу


37.00 Ақаба суларды жинау және өңдеу

37.00.0 Ақаба суларды жинау және өңдеу


Бұл ішкі класқа:


- кәріздік жүйелер және кәріздік тазалау имараттарын пайдалану
- бір немесе бірнеше рет пайдаланылған тұрмыстық немесе өнеркәсіптік ақаба суларды, сондай-ақ кәріздік жүйе, коллекторлар, резервуарлар және тасымалдаудың өзге де құралдары (ақаба суларды жинауға арналған көлік құралдары және т.б.) арқылы жауын суын жинау және бұру
- қазылған шұңқырлар және септикалық тұндырғылар, ақаба сулардың төгенділері мен құдықтарын тазалау және босату, химиялық зарарсыздандыруымен әжетханаларға қызмет көрсету
- химикаттар қосу, сүзу, сұйылту, елеу және т.б. сияқты механикалық, химиялық және биологиялық өңдеулердің көмегімен ақаба суларды (тұрмыстық және өнеркәсіптік ақаба суларды, жүзу бассейндерінен ақабалар және т.б. қоса алғанда) тазалау
- кәріздік құбырларды икемді сырықтармен тазалауды қоса алғанда, кәріздік жүйелерін және суағарларды тазалау және техникалық қызмет көрсету кіреді

Бұл ішкі класқа:


- ластану орындарында жоғары қабаттағы грунттық суларды дезинфекциялау, (39.00.0 қараңыз)
- ғимараттардағы кәріздік және суағарлық құбырларды тазалау және тесу кірмейді, (43.22.0 қараңыз)


38 Қалдықтарды жинау, өңдеу және жою; материалдарды кәдеге жарату (қалпына келтіру)

Бұл бөлімге қалдықтарды жинау, өңдеу және жою кіреді, сондай-ақ қалдықтарды жергілікті тасымалдау және қайталама шикізат өндірісі бойынша қондырғыларды пайдалану кіреді.




38.1 Қалдықтарды жинау

Бұл топқа қоқыс кәрзеңкелерден және жәшіктерден, дөңгелектері бар контейнерлер, бактардан, сыйымдылықтардан және т.б. тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтарды жинау кіреді. Бұл топқа қауіпсіз және қауіпті қалдықтарды, мысалы, тұрмыстық қалдықтарды, пайдаланылған батарейлерді, пайдаланылған тұрмыстық майларды, пайдаланылған мотор және машина майлары, құрылыстан және бұзудан шыққан қалдықтарды жинау кіреді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   290




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет