Қазақстан республикасының Ұлттық жіктеуіші экономикалық Қызмет түрлерінің



бет142/290
Дата20.05.2022
өлшемі3.25 Mb.
#457975
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   290
ОКЭД kz

41 Ғимараттар құрылысы

Аталған бөлімге ғимараттың барлық түрлерін тұрғызу үшін жалпы құрылыстық жұмыстар кіреді. Бұған жаңа құрылыс, жөндеу, жаңғырту (модернизация) және реставрациялық жұмыстар, дайын конструкциялардан аяқталған ғимараттарды салу, сондай-ақ уақытша ғимараттардың құрылысы жатады.


Бұл бөлімге тұтас тұрғын үй кешендері, әкімшілік ғимараттар, дүкендер және басқа да қоғамдық, мемлекеттік, ауылшаруашылық ғимараттары және т.б. құрылысы кіреді.


41.1 Құрылыс жобаларын әзірлеу


41.10 Құрылыс жобаларын әзірлеу

41.10.0 Құрылыс жобаларын әзірлеу


Бұл ішкі класқа:


- одан әрі сату мақсатымен жобаларды іске асыру үшін қаржылық, техникалық құралдарды және адами ресурстарды біріктірумен тұрғын үй және тұрғын емес ғимараттар құрылысы бойынша жобаларды әзірлеу кіреді

Бұл ішкі класқа:


- ғимараттар құрылысы, (41.20 қараңыз)
- сәулет және инженерлік ізденістер саласындағы қызмет, (71.1 қараңыз)
- құрылыс жобаларын басқару бойынша көрсетілетін қызметтер кірмейді, (71.1 қараңыз)


41.2 Тұрғын және тұрғын емес ғимараттар құрылысы

Аталған топқа өз қаражаты есебінен де, сыйақыға да немесе шарттық негізде тұрғын және тұрғын үй емес ғимараттар құрылысы кіреді. Жұмыстардың бір бөлігі ал немесе барлық жұмыс түрлерін қосалқы мердігерлерге табысталуы мүмкін. Егер тек арнайы құрылыстық жұмыстары ғана орындалса, онда аталған қызмет 43-бөлімде қаралады.




41.20 Тұрғын және тұрғын емес ғимараттар құрылысы

Бұл класқа:


- құрылыс учаскелерінде құрама конструкциялардан ғимараттарды жөндеу және орнату кіреді

Бұл класқа:


- сәулет және инженерлік ізденістер саласындағы қызмет, (71.1 қараңыз)
- құрылыс жобаларын басқару кірмейді, (71.1 қараңыз)

41.20.1 Тұрғын ғимараттарының құрылысы


Бұл ішкі класқа:


- тұрғын ғимараттардың барлық типтерінің: бірпәтерлі, көппәтерлі үйлердің, соның ішінде көп қабатты ғимараттардың құрылыстары кіреді

Бұл ішкі класқа сондай-ақ:


- бар тұрғын үй құрылыстарын қайта жаңғырту немесе қалпына келтіру кіреді

41.20.2 1, 2-санаттағы стационарлық сауда объектілерін қоспағанда, тұрғын емес ғимараттар құрылысы


Бұл ішкі класқа:


- тұрғын емес ғимараттардың барлық типтерінің: өнеркәсіптік мақсаттағы ғимараттар, мысалы, зауыттар, шеберханалар, құрастыру цехтары, ауруханалар, мектептер, офистік ғимараттар, қонақүйлер, ауданы екі мың шаршы метрге дейінгі стационарлық сауда объектілері, мейрамханалар, әуежай, ғимараттары, жабық спорттық кешендер, паркингтерді қоса алғанда, гараждар, қоймалық және көліктік ғимараттар, діни мақсаттар үшін ғимараттар құрылысы кіреді

Бұл ішкі класқа:


- ғимараттарды қоспағанда, өнеркәсіптік имараттар құрылысы кірмейді, (42.99.0 қараңыз)

41.20.3 1-санаттағы стационарлық сауда объектілерінің құрылысы


Бұл ішкі класқа:


- азық-түліктік, азық-түліктік емес тауарларды өткізетін сауда, әкімшілік-тұрмыстық және қоймалық үй-жайларымен және өз аумағының шекарасы шегінде автокөлік құралдарының тұрағына арналған алаңдармен қамтамасыз етілген, он мың шаршы метрден асатын сауда алаңы бар сауда объектілері және (немесе) қоғамдық тамақтандыру объектілері, өзге де объектілер құрылысы кіреді

41.20.4 2-санаттағы стационарлық сауда объектілерінің құрылысы


Бұл ішкі класқа:


- сауда, әкімшілік-тұрмыстық, қоймалық үй-жайлар мен өз аумағының шекарасы шегінде автокөлік құралдарының тұрақтарына арналған алаңдар мен сондай-ақ қоғамдық тамақтандыру және өзге де объектілермен қамтамасыз етілген азық-түліктік, азық-түліктік емес тауарларды өткізуге мамандандырылған, екі мыңнан бастап он мың шаршы метрге дейін сауда алаңы бар сауда объектілерінің құрылысы кіреді




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   290




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет