47.1 Мамандандырылмаған дүкендердегі бөлшек саудада сату
Аталған топқа супермаркеттер немесе әмбебап дүкендер сияқты бір және сол сауда объектілерінде (мамандандырылмаған дүкендер) тауарлардың түрлі компоненттерін бөлшек саудада сату кіреді.
47.11 Мамандандырылмаған дүкендерде көбінесе тамақ өнімдерін, сусындар мен темекі өнімдерін бөлшек саудада сату
Бұл класқа:
- тауарлардың ірі ассортиментін бөлшек саудада сату, солардың ішінде тамақ өнімдері, сусындар немесе темекі өнімдері басым: негізгі тамақ өнімдері, сусындар немесе темекі өнімдерімен қатар, киім-кешек, жиһаз, тұрмыстық аспаптар, темірден жасалған бұйымдар, косметикалық тауарлар, зергерлік бұйымдар, ойыншықтар, спорт тауарлары және т.б. сияқты тауарларды сататын желісі бар әмбебап дүкендер қызметі кіреді
47.11.1 Сауда алаңы 2000 ш.м-ден кем сауда объектілері болып табылатын мамандандырылмаған дүкендерде көбінесе тамақ өнімдерін, сусындар мен темекі өнімдерін бөлшек саудада сату
47.11.2 Сауда алаңы 2000 ш.м-ден астам (2000 ш.м. және жоғары) сауда объектілері болып табылатын мамандандырылмаған дүкендерде көбінесе тамақ өнімдерін, сусындар мен темекі өнімдерін бөлшек саудада сату
47.19 Мамандандырылмаған дүкендердегі өзге де бөлшек саудада сату
Бұл класқа:
- тауарлардың ірі ассортиментін бөлшек саудада сату, солардың ішінде тамақ өнімдері, сусындар немесе темекі өнімдері анағұрлым кең таралған тауар түрлері болып есептелмейді: киім-кешек, жиһаз, тұрмыстық аспаптар, темірден жасалған бұйымдар, косметикалық тауарлар, зергерлік әшекейлер, ойыншықтар, спорт тауарлары және т.б. қосқанда, тауарлардың жалпы желісі бар әмбебап дүкендер қызметі кіреді
47.19.1 Сауда алаңы 2000 ш.м-ден кем сауда объектілері болып табылатын мамандандырылмаған дүкендердегі өзге де бөлшек саудада сату
47.19.2 Сауда алаңы 2000 ш.м-ден астам (2000 ш.м. және жоғары) сауда объектілері болып табылатын мамандандырылмаған дүкендердегі өзге де бөлшек саудада сату
Достарыңызбен бөлісу: |