84.23 Әділет және сот төрелігі саласындағы қызмет
84.23.0 Әділет және сот төрелігі саласындағы қызмет
Бұл ішкі класқа:
- азаматтық және қылмыстық істер бойынша соттардың, әскери трибуналдар мен сот жүйесінің жұмысын басқару және жұмыс істеуі, соның ішінде қызмет көрсетулерді үкімет көрсеткен жағдайда, үкімет атынан немесе басқа тұлғалар атынан ұсынылатын соттарда өкілдік ету және консультация беру
- үкімдерді шығару және заңды түсіндіру
- азаматтық істер бойынша дауларды төрелікте талқылау
- түрмелерді басқару және оңалту қызметтерін қоса алғанда, сыйақы немесе шарт негізінде мемлекеттік немесе жеке мекемелер мен ұйымдар көрсететін түзету іс-шаралары саласында қызметтер көрсету кіреді
Бұл ішкі класқа:
- азаматтық, қылмыстық және басқа да істерде консультация беру және өкілдік ету, (69.10 қараңыз)
- түзету мекмелерінің аумағында орналасқан білім беру мекемелерінің қызметі, (85-бөлімді қараңыз)
- бас бостандығынан айыру орындарындағы ауруханалар қызметі кірмейді, (86.10.1 қараңыз)
84.24 Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қызмет
84.24.0 Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қызмет
Бұл ішкі класқа:
- мемлекеттік билік органдары қаржыландыратын тұрақты және қосалқы полиция күштерін, сондай-ақ порттық, шекаралық күштерді, жағалау күзеті күштерін және жол қозғалысын реттеуді, шетел азаматтарын тіркеуді, қамауға алуды қоса алғанда, басқа да арнайы полиция күштерінің жұмысын басқару және жұмыс істеуі
- бейбіт уақытта болатын төтенше жағдайлар кезінде халықты бірінші кезектегі қажетті заттармен қамтамасыз ету кіреді
Бұл ішкі класқа:
- сот зертханаларын қызметі, (71.20 қараңыз)
- қарулы күштерге байланысты мәселелерді басқару және реттеу кірмейді, (84.22.0 қараңыз)
84.25 Төтенше жағдайларда қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қызмет
84.25.0 Төтенше жағдайларда қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қызмет
Бұл ішкі класқа:
- өрт сөндіру және өрттің алдын алу: өрттің алдын алу, өрт сөндіру, адамдар мен жануарларды құтқару, дүлей зілзалаларда, су тасқыны, жол-көлік оқиғалары кезінде көмек көрсету және т.б. айналысатын тұрақты және қосалқы өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметтерін басқару және жұмыс істеуі кіреді
Бұл ішкі класқа:
- өртпен күресу және өртке қарсы орманды қорғау бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсыну, (02.40.0 қараңыз)
- мұнай және газ кен орындарда өртті сөндіру бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсыну, (09.10.0 қараңыз)
- мамандандырылмаған кәсіпорындар көрсететін әуежайларда өрт сөндіру және өртке қарсы шаралар бойынша көрсетілетін қызметтер кірмейді, (52.23.2 қараңыз)
Достарыңызбен бөлісу: |