85 Білім беру
85.1 Мектепке дейінгі білім беру
85.10 Мектепке дейінгі білім беру
85.10.0 Мектепке дейінгі білім беру
Бұл ішкі класқа:
- мектепке дейінгі білім беру немесе "кіші жастағы балаларға білім беру" (ХСБЖ 0 деңгейі) кіреді. Мектепке дейінгі білім беру танымдық, физикалық, әлеуметтік эмоционалды дамытуды қолдау үшін және отбасылық жағдайдан бөлек ұйымдастыра оқытумен кіші жастағы балаларды таныстыру үшін кешенді тәсіл негізінде әзірленеді.
Бұл ішкі класқа:
- күндізгі уақытта балаларды күтіп қарау қызметі кірмейді, (88.91.0 қараңыз)
85.2 Бастауыш білім беру (1-ші деңгей)
85.20 Бастауыш білім беру (1-ші деңгей)
85.20.0 Бастауыш білім беру (1-ші деңгей)
Бұл ішкі класқа тарих, география, жаратылыстану және қоғамдық ғылымдар, өнер және музыка сияқты басқа да пәндерді жалпы түсінумен қатар, оқуды, жазуды және математиканы оқытуды көздейтін бастауыш білім беру кіреді.
Бастауыш білім беру деңгейіне сондай-ақ, мазмұнының күрделілігі бойынша бастауыш білім беру бағдарламаларына ұқсас және бірінші деңгей оқушыларының әдеттегі жасынан үлкен ересектер мен жасөспірімдерге арналған формальды және формальды емес білім беру шеңберінде сауатсыздықты жою бойынша бағдарламалар
(мысалы, ересектерге арналған сауаттылық бағдарламалары) жатады.
Бұл ішкі класқа:
- 85.5 тобында айқындалғандай, ересектерге арналған білім беру
- күндізгі уақытта балаларды күтіп қарау бойынша қызметі кірмейді, (88.91.0 қараңыз)
85.3 Орта білім беру (2-ші және 3-ші деңгейлер)
Осы топқа жалпы орта білім, техникалық және орта кәсіптік білім беруді ұсыну кіреді.
Аталған топқа:
- 85.5 тобында айқындалғандай, ересектерге арналған білім беру кірмейді
85.31 Негізгі және жалпы орта білім беру
85.31.0 Негізгі және жалпы орта білім беру
Бұл ішкі класқа адамның бүкіл өмір бойы оқуы мен дамуы үшін іргетас болатын және одан әрі білімін жалғастыруына мүмкіндік беретін білім беруді ұсыну кіреді. Осындай білім беретін оқу орындары үлкен пәндік бағдарлау бағдарламаларын ұсынады, онда мамандандырылған бірнеше ұстаз өздерінің арнайы пәндері бойынша сабақтар өткізеді.
Осы деңгейдегі пәндік мамандану, тіпті жалпы бағдарлама негізінде оқитындарға да біршама жиі әсер ете бастайды. Мұндай бағдарламалар оқушылардың техникалық және кәсіби білім алу немесе белгілі бір мамандануды таңдау қажеттілігінсіз жоғары оқу орнына түсуіне дайындауға арналған.
Бұл ішкі класқа:
- мектептегі міндетті оқу кезеңіне сәйкес келетін осы немесе басқа да шамадағы бастауыш жалпы орта білім беру
- негізінен жоғары оқу орнына түсуге даярлайтын жалпы орта білім беру кіреді
Достарыңызбен бөлісу: |